Аудит жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 15:38, курсовая работа

Описание

Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттерді қарастыруға болады:
- аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлерін;
- аудиторлық қызметті жүзеге асыруды;
- аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін т.б. зерттеу.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
І. Аудит жүргізуді ұйымдастыру
1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері...........................................5
1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палатасы...............................9
1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау................................................................................................................11
1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия беру...........................12

ІІ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
2.1 Аудит жүргізу шартты, аудиттің стандарттары...............................................14
2.2 Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі...........................................................................................................15
2.3 Аудит жүргізу құқығын шектеу.........................................................................16
2.4 Аудит жүргізу сатылары.....................................................................................18

ІІІ. Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі
3.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................21
3.2 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың жақын шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................24

Қорытынды.................................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Курстық Жұмыс Умбетова Г..doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)

Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері:

1) тәуелсіздік;

2) объективтілік;

3) кәсіби біліктілік;

4) құпиялылық.

Аудит және оның түрлері

Аудит дегеніміз жүргізілген қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыстығын және олардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестігін бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі - аудиттелетін субъектілердің) қаржылық есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексеруге болып табылады.

Аудиттің түрлері - міндетті аудит және бастамашылық аудит.

Міндетті аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.

Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша аудиттелетін субъекті пен аудитордың, аудиторлық ұйымның арасындағы аудит жүргізуге арналган шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

 

1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палатасы

 

Аудитор

1. Аудитор - Біліктітік комиссиясы аттестаттаған, "аудитор" біліктігінің берілуі туралы куәлік алған жеке тұлға.

2. Аудитор аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.

Аудиторлық ұйым

1. Аудиторлық ұйым - ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым.

2. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды-Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жагдайда ғана жүзеге асыра алады.

Аудиторлар палатасы

1. Аудиторлар палатасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

2. Аудиторлар палатасы заңды тұлға болып табылады және онын мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғы негізінде әрекет жасайды.

3. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

4. Аудиторлар палатасының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен белгіленеді.

5. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында конференцияда (жиналыста) құрылатын, осы аумақта аудиторлық қызметпен айналасушы адамдардың кемінде елу процентінің ағынан өкілдік ететін аудиторлардың бір палатасы ғана құрылуы мүмкін.

6. Республикалық аудиторлар палатасын құру, оның жарғысын қабылдау және оның жұмыс органдарын бекіту туралы шешімдер Қазақстан Республикасының аудиторлық кызметпен айналысатын аудиторларының кемінде елу процентінің атынан өкілдік ететін аудиторлардың Республикалық конференциясында (жиналысында) қабылданалы.

Аудиторлар палаталарының өкілеттігі

1. Аумақтық аудиторлар палаталары:

1) аудиттың дамуына, оның тиімділігін арттыруға аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіріп отыруға жәрдемдеседі;

2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен аудит стандарттары талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

3) аудиторлардың аудиторлық ұйымдардын және аудиттелетін субъектілердің аулиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларын қарайды;

4) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды аудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы-ның заң актілерімен және әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етеді;

5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжірибесіне талдау жасайды, оларды қорытып, таратады;

6) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүдделерін бекітеді;

7) заңдарға және харықаралық шарттарға қайшы келмейтің өзге де қызметті жүзеге асырады.

 

1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау

Аттестациялау деп Біліктілік комиссиясының уәкілетті орган бекітетін біліктілік талаптардың негізінде емтихандар өткізу арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін айкындауы ұғынылады.

2. Аттестациялауға жоғары білім әрі экономика, қаржы, есеп-талдау, бақылау-ревизия немесе құқық салаларында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар жіберіледі.

3. Аттестациялаудан өткен адамдар аудитор біліктілігі берілгені туралы куәлік және біліктілік куәлігінің нөмірі керсегілген аудитордың жеке мөрін алады.

Біліктілік комиссиясының "аудитор" біліктілігі берілгені туралы шешімі баспасозде жарияланады.

1. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі білікгілік комиссиясы оның құрылтайшылары болып табылатын аудиторлар палаталарының Республикалық конференциясында ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.

2. Біліктілік комиссиясының құрамына аудиторлардың әрбір палатасынан бір өкілден кіреді.

3. Біліктілік комиссиясының торағасы болып оның мүшелерінің ішінен аудитор сайланады.

4. Біліктілік комиссиясы ол туралы аудиторлар палаталарының Республикалық конференциясында бекітілетін ереже негізінде әрекет жасайды.

5. Біліктілік комиссиясының қызметін қаржыландыруды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 105-бабына сәйкес жүзеге асырады.

Аудитордың біліктілік куәлігінің күшін жоюы

1. Аудитордың біліктілік куәлігінің:

1) біліктілігік куәлігін беруге негіз болған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған;

2) сот тәртібімен аудитор әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе оның әрекетке қабілеті шектелген;

3) көрінуі жалған аудиторлық қорытынды берген:

4) аудит стандарттарының негізгі талаптарын сақтамаған және заңдарды өзгедей де бұзған жағдайларда күші жойылады.

2. Біліктілік куәлігінің күшін Біліктілік комиссиясы жояды. Біліктілік комиссиясының шешімі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия берген мемлекеттік органға хабарланып, баспасөзде жарияланады.

3. Аудитор Біліктілік комиссиясының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

 

1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия беру

1. Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді.

Банк қызметінің аудитін жүргізуге лицензияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк береді.

2. Аудиторлық ұйымдар құрамында жұмыс істейтін аудиторларға лицензиялар қажет емес.

3. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензия тұрақты болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

4. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия тізбесі лицензиялау туралы заңдармен белгіленетін құжаттар негізінде беріледі.

5. Лицензия беру үшін өзге құжаттар табыс етуді талап етуге және қосымша шарттар белгілеуге тыйым салынады.

6. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізілімінде көрсетіледі.

7. Лицензиялар беруді, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар тізілімін жүргізуді, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың берілуі, кері қайтарып алынуы және күшінің тоқтатыла тұруы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарыңда жариялауды лицензиар болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

Лицензияны қайтарып алудың және оның күшін тоқтата тұрудың негіздері

1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияларды лицензиялар заңдарда белгіленген тәртіппен кері қайтарып алуы мүмкін.

2. Лицензиялар тоқтатыла тұру себебін көрсете отырып, лицензияның күшін заңдарға сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

3. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар лицензия беруден бас тарту, оның- қайтарып алынуы мен күшін тоқтата тұру туралы шешімге сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру

2.1 Аудит жүргізу шарты, аудиттің стандарттары

 

Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт негізінде қалыптасады.

Аудит жүргізу және (немесе) аудиторлық қызмет бейімі бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзімі, тиісті қызметтер көлемі, ақы төлеу молшері мен шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көзделеді. Тараптардың келісуімен шартта, сондай-ақ өзге жағдайлар да көзделуі мүмкін.

        Аудиторлық қорытынды

1. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды жасалады, ол аудиттің стандарттарына сәйкес болуға тиіс.

2. Аудиторлық қорытынды зандарға сәйкес аудит жүргізуге міндетті аудиттелетін субъектілердің қаржылық есептілігінің ажырамас бөлігі болып табылады.

3. Жеке кәсіпкер болып табылатын аудитор жасаған аудиторлық қорытындысына қол қойып, оны жеке мөрімен куәландырады.

4. Аудиторлық ұйымның аудиторлық қорытындысына атқарушы-аудитор қол қойып, оны жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы бекітіп, ұйымның мөрімен куәландырылады.

Аудитке бірыңғай талаптар белгілейтін және халықаралық  стандарттарға  сәйкес  аудитті  өткізудің  принциптерін тәртібін және өзге де қызметтерді айқындайтын нормативтік құжаттар аудит стандарттары деп ұғылады.

Аудиттің стандарттары Республикалық аудиторлар палатасының конференциясында (жиналысында) қабылданып, оны уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

 

2.2  Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

 

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың:

1) аудит жүргізу әдістерін өз бетімен белгілеуге;

2) шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де қаржы-шаруашылық қызмет құжаттамасын, алуға және тексеруге;

3) осы Заңның 20-бабында аталған адамдарды қоспағанда, түрлі саладағы мамандарды аудит жүргізуге қатысуға шарттық негізінде тартуға;

4) аудиттелетін субъект аудит жүргізуге жасалған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргізуден не аудиторлық қорытынды беруден бас тартуға құқылы.

2. Мемлекеттік органдардың, аудиттелетін субъектілердің және кез келген үшінші тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуына жол берілмейді.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың міндеттері

1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың:

1) осы Заңның 20-бабында аталған мән-жайлардың салдарынан аудит жүргізудің мүмкін еместігі туралы хабарлауға.

2) аудиттелетін субъектіден алынған және аудит процесінде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

3) аудиттелетін субъектіге қаржылық есептілік пен өзге де құжаттардың заңдарға сәйкессіздігі анықталғаны туралы хабарлауға;

4) аудит нәтижелерінің, сондай-ақ аудит жүргізу кезінде, алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясының нысанасын құрайтын, мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті.

2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйым үшін аудиттелетін субъектінің шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау міндетті.

Аудиторлар    мен    аудиторлық    ұйымдардын жауапкершілігі

Аудиторлық қызмет туралы зандарды, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

2.3 Аудит жүргізу құқығын шектеу

Аудиторлық қызметті жүзеге асыру кезіңде: құрылтайшылары, қатысушылары, несие берушілері болып табылатын аудит жүргізуге тапсырысшылардың, не құрылтайшысы, қатысушысы, несие берушісі аудиторлық ұйым болып табылатын аудит жүргізуге тапсырысшылардың аудиторлық ұйымына;

тапсырыс берушіге соңғы екі жыл ішінде бухгалтерлік есепті жолға қою, қалпына келтіру, жүргізу женінде, соңдай-ақ қаржылық есептілік жасау жөнінде аудит қызметтерін көрсеткен аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға;

аудиттелетін субъект басшысының, сондай-ақ аудиттелетін субъектінің жарғылық капиталының 10 проценттен астамын иеленген құрылтайшының немесе қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары (ата-аналары, жұбайлары, аға-ініәлері, апа-сіңлілері, балалары, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және балалары) болып табылатын аудиторларға;

аудиттелетін субъектінің қызметкерлері, қатысушылары. Лауазымды адамдары арасынан шыққан, онда жеке мүліктік мүдделері бар аудиторларға аудит жүргізуге тыйым салынады.

Информация о работе Аудит жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері