Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 21:28, реферат

Описание

Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті реформалау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сыртқы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы экономикалық қызметке экономикалық қызығушылықтарының артуы бойынша министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтарын кеңейтуде алғашқы қадамдар жасалды.

Работа состоит из  1 файл

реферрр.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)

2. Қазақстанда сыртқы экономикалық   қызметті басқаруды ұйымдастыру 

2.1. Мемлекет деңгейінде  сыртқы экономикалық  қызметті басқару  

    Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті реформалау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сыртқы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы экономикалық қызметке экономикалық қызығушылықтарының артуы бойынша министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтарын кеңейтуде алғашқы қадамдар жасалды. 

      Республиканың министрліктері мен  ведомстволары және аса ірі бірлестіктер мен кәсіпорындар экспортты жоғары сапалы өнімдермен маңызды түрде қамтамасыз етуді жүзеге асыра бастады. Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өкілеттіктер мен құқықтар орталық органдардан алынып, жергілікті жерлерге көбірек қосымша өкілеттіктер беріле бастады.

    1989 жылдың сәуір айынан бастап  барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға сыртқы нарыққа өз бетімен шығу және коммерциялық қызметті жүргізу құқы берілуі нәтижесінде, кәсіпорындар, республикадағы сыртқы экономикалық кешеннің басты буынына айналды. 1988-ші жылдан іс жүзінде кез келген мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар сыртқы нарыққа шыға алады. Дегенмен, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру негізінде валюталық өз шығынын өзі өтеу қағидалары (принциптері) қаланды.

    Республикада  сыртқы экономикалық қызметті дамытудың алғашқы сәтінен бастап СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленген болатын, нақтысында:

  • сыртқы экономикалық байланысқа қатысушылардың тіркелуі;
  • мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктер туралы мәлімдеу;
  • лицензиялауды қоса отырып, жалпы мемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорт және импорт тәртібі және т.б.

    Дегенмен, барлық қолданылған шаралар кәсіпорындардың, кооперативтер мен ұйымдардың өз бетімен сыртқы нарыққа шығудағы мүмкіндіктерін төмендетуге әкелді. Сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) алғашқы кезден әкімшілік әдістермен басқару, әсіресе экспорт бойынша іс-қимыл жасау, тікелей өнім өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің экспорт-импорт операцияларын маңызды түрде шектеді, сондай-ақ оларды орталықтандырылған басқару органдарына тәуелді етіп қойды.

    Қазақстанның  егемендік алуымен республикадағы сыртқы экономикалық қызметті түбегейлі демократияландыру, осы саладағы барлық меншік нысандарындағы, оның ішінде тұтыну кооперацияларындағы кәсіпорындардың дербестігін маңызды түрде кеңейту бойынша шаралар іске асырылды. 

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері негізінде Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқару жүйесін одан әрі дамыту жалғастырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тізім бойынша экспортқа мемлекеттік монополия өнімдердің жекелеген түрлеріне ғана белгіленеді.

    ҚР  Конституциясымен қаралған, мемлекеттік  билік органдарының жүйесіне, биліктің үш тармағы: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі кіреді.

    Ұйымдар мен кәсіпорындар сыртқы нарықта  жұмыс істеу кезінде өздерін кең түрде көрсете алуына мүмкіндіктері бар. Дегенмен, олардың дербестігі шексіз емес, олар үш билік тармағы мен жер-жердегі басқару органдарының ықпалды әсерінде болады. Қазақстан Республикасындағы заң билігі, екі палатадан тұратын ҚР парламенті атынан жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасындағы жоғары сот билігі Конституциялық Кеңеспен, Жоғары сотпен және Жоғары Төрелік сотпен жүзеге асырылады. Сот жүйесінің негізгі тағайындалуы сыртқы экономикалық қызмет аясындағы – отандық, сол сияқты шетелдік кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің заңмен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын қарайды.

    Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызмет пен оны басқару заң актілерімен реттеледі. Заң актілерімен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР үкіметінің, яғни атқарушы биліктің қаулылары мен жарғылары бірінші кезектегі маңызға ие.

    Сыртқы  экономикалық қызметті басқаруда Қазақстанда атқарушы билік органдары маңызды рөл атқарады:

  1. ҚР сыртқы экономикалық байланыстар Министрлігі мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының шешімдеріне сәйкес, мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатты жасау және оны жүзеге асырумен, СЭҚ-ті үйлестіру және реттеумен айналысады.

    Сыртқы  экономикалық байланыстар министрлігі  ҚР сыртқы сауда және төлем баланстарына болжамдар жасауды әзірлеуге, халықаралық экономикалық ұйымдар мен үкіметаралық комиссиялардың жұмысына қатысады, халықаралық шарттар жасау туралы ұсыныстар әзірлейді және ҚР Үкіметінің тапсыруы бойынша шарттар жасайды.

    Сыртқы  экономикалық байланыстар министрлігі (СЭБМ) сауда өкілдіктерінің, сауда  Кеңесшілері аппараттарының және Қазақстан Республикасы елшіліктерінің сауда-экономикалық мәселелері бойынша атташесі қызметіне басшылықты жүзеге асырады. 

  1. Сауда экономикасы министрлігі мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асырады. Мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен сыртқы экономикалық саясатты қалыптастыру, СЭБ-ті дамыту, экономикалық байланыстар мәселелері бойынша үкіметаралық шарттар жасау бойынша ұсыныстарды әзірлейді.
  2. ҚР Мемлекеттік кеден комитеті (МКК) республиканың кеден саясатын жасау және оны жүзеге асыруға қатынасушы, сыртқы экономикалық қызмет аясындағы орталық құқыққорғау органы болып саналады.
  3. ҚР Ұлттық банкі республиканың бас банкі болып саналады және соның меншігінде болады. Ол мемлекеттік биліктің басқарушы және атқарушы органдарына тәуелсіз және өзінің қызметінде Ұлттық банкі туралы Заңды және басқа заң актілерін басшылыққа алады. Республика Ұлттық банкі шетел валютасындағы кез келген операцияны шетелде, сондай-ақ республиканың өзінде жүзеге асыруға құқы бар.
  4. Сыртқы істер министрлігі.
  5. ҚР мемлекеттік салық қызметі.
  6. ҚР білім және ғылым министрлігі және атқару билігінің басқа министрліктері (мысалы, отын, энергетика, көлік министрлігі және т.б.).
 
 

2.2. Аймақтар деңгейінде  сыртқы экономикалық  қызметті басқару 

    Қазақстанның  мемлекеттік құрылысының жалпы  қағидаларына (принциптеріне) сәйкес заң актілері, ҚР Президентінің жарлықтары мен өкімдері, атқарушы билік органдарының нормативтік актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген тәртіпте қолданылады.  Осылардың барлығы, республика аймақтарының шетелдегі мемлекеттермен, олардың фирмаларымен сыртқы қатынастар аясында ешқандай құқы жоқ дегенді білдірмейді.

    Мәселен, аймақтық билік органдарының келісімінсіз, қандай да бір аймақтық мүдделерін қозғайтын, мемлекеттік деңгейде, сыртқы экономикалық қызметтер аясында маңызды бір жақты шешімдер қабылдау мүмкін емес, өйткені барлық салмақ пен ауырлық сол аймақтардың өздеріне түседі.

    Енді, Қазақстанның аса ірі өнеркәсіпті  аймақтарының бірі – Қарағанды облысының  сыртқы экономикалық қызметін қалай басқару, қалай ұйымдастыруға болатындығын қарастырып көрелік.

    Қазақстанның  басқа аймақтарындағы сияқты, Қарағанды облысында да биліктің үш тармағы өз билігін жүргізеді. Заң билігі – биліктің өкілетті органы болып саналатын, облыстық маслихат; атқарушы билік – облыс әкімшілігі, әкімият, сот билігі соттар жүйесі арқылы таныстырылған. Облыс орталығы – Қарағанды қаласы. Қалалық мәслихат, қала әкімшілігі, соттар билік жүргізеді. ҚР Конституциясымен анықталатын өздерінің өкілеттіктері, басқа заң актілері шеңберінде, аймақтық биліктің әрбір тармақтары облыс аумағында орналасқан сыртқы экономикалық байланыс жасауға қатысушылардың қызметін бақылау мен басқаруды жүзеге асырады.

    Облыс әкімшілігі мен оның халықаралық  және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі құрылымдық бөлімінің облыс деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті жедел басқарудағы маңызы зор. Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі облыс әкімшілігі бөлімінің негізгі қызметі:

  • сыртқы экономикалық қызметтің басым бағыттарын анықтау және облыстың халықаралық байланыстарын дамыту;
  • шетел инвестицияларын тарту туралы мәселелерді үйлестіру, шетел капиталын қатыстырумен ірі экономикалық жобаларды жүзеге асыруға бақылау жасау;
  • облыстың экспорттық әлеуетіне (потенциалына) талдау жасау, оны пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу, шетел делегацияларын қабылдау, олардың облысты аралауын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен мәдени және басқа байланыстар орнату;
  • облыстың валюталық қорына қаржылардың түсуі мен оның жұмсалуына, сыртқы экономикалық қызмет аясындағы заңдардың сақталуына бақылау жасау;
  • облыстың сыртқы экономикалық қызметінің мәселелері бойынша заң актілерінің жобасын әзірлеу, көрмелер, семинарлар, таныстырулар, оқу мен тәжірибе-сынақтардан өтуді ұйымдастыру;
  • облысқа берілген өкілеттіктер шеңберінде экспорт пен импортты квоталау мен лицензиялауды жүзеге асыру;
  • облыс аумағына шет ел капиталын қатыстыратын инвестициялық жобаларға сараптық баға беру;
  • облыстағы сыртқыэкономикалық қызмет пен халықаралық байланыстардың (кеңестер, конференциялар, келіссөздер, таныстырулар және т.б.) болашақ және ағымдағы жоспарларын даярлау;
  • облыс аумағында біртұтас сыртқы экономикалық саясат жүргізу мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының әкімшіліктерімен сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру.

        Қарағанды облысындағы сыртқы  экономикалық қызметті басқару жөніндегі бүкіл жұмыстар облыстық мәслихатпен, қалалар әкімшіліктерімен, Қарағанды сауда-өнеркәсіп палатасымен және Қарағанды кеден басқармасымен, ірі банктермен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен тығыз байланыста жүргізіледі. 

2.3. Кәсіпорындар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру  

    Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес, кәсіпорындар сыртқы нарықтағы  жұмыстарының формаларын, әдістерін  және көлемін өз беттерімен анықтау құқына ие. Сыртқы экономикалық қызметті жеке-дара иемденуді жою (демонополиялау) жағдайында, кәсіпорындар, республикадағы бүкіл сыртқы экономикалық кешенінің дербес әрекет етуші шаруашылық жүргізу субъектісі болып саналады.

    Кәсіпорындар  деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру формалары маңызды шекте, олар шешуге тиісті міндеттермен және мақсаттармен анақталады.

    Сыртқы  экономикалық байланыстар Министрлігінің мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдары сыртқы экономикалық қызметті басқаруда айтарлықтай тәжірибе жинақтаған.

    Белгілі бір тауарлармен сауда жасауға  маманданған фирмалар сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) жетекші құрылымдық бірліктері болып саналады. Фирмаларды директор немесе оның орынбасары басқарады.

    Мамандандырылған  фирмалар мен сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) функционалдық бөлімдері мен  қызметтерін үш топқа бөлуге болады:

  1. Жоспарлауды жүзеге асырушы топтардың бөлімдері:

    а) жоспарлау-экономикалық бөлімі;

    б) валюта-қаржылық бөлімі;

    в) көлік бөлімі;

    г) бухгалтерия.

  1. Маркетингпен айналысатын топтардың бөлімдері:

    а) конъюнктуралар және бағалар бөлімі;

    б) жарнамалар және көрмелер бөлімі;

    в) инженерлік-техникалық бөлім;

    г) бірлескен кәсіпорындар бөлімі;

    д) техникалық қызмет көрсету бөлімі.

  1. Басқару шешімдерін қабылдау мен пайдалануды

          қамтамасыз етуші топтардың бөлімдері:

    а) дамыту бөлімі;

    б) АСУ, ВУ бөлімі;

    в) шетел іс сапарлары бөлімі;

    г) канцелярия, заң, хаттама бөлімдері;

    д) әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

    А.М. Прибульский өзінің еңбегінде (А.М. Прибульский, Стратегия и тактика ведения внешнеэкономической деятельности в условиях долговременного экономического кризиса в переходный период. Караганды, 1996) Қазақстанның мұнайхимия кәсіпорындары шеңберіндегі сыртқы экономикалық қызметті жүргізу тәжірибесін жинақтап қорытты. Жұмыс ашық әлемдік нарық жағдайында сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің дәстүрлі сыни тұрғыдан баға береді.

Информация о работе Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру