Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 21:28, реферат

Описание

Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті реформалау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сыртқы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы экономикалық қызметке экономикалық қызығушылықтарының артуы бойынша министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтарын кеңейтуде алғашқы қадамдар жасалды.

Работа состоит из  1 файл

реферрр.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)

2.4. Леонтьев Парадоксы.

  Хекшер-Олин теориясының негізгі  қорытындылары эмпирикалық  тексеріске душар  болды. Статистикалық  деректер Хекшер-Олиннің  теориясын даттады. Әйгілі зерттеу 1977ж американ экономисті Леонтьевпен жүргізіледі. Оның есептеуі бойынша американдық экспортта салыстырмалы түрде еңбекті көп қажет ететін тауарлар көп, ал импорт құрамында капиталды көп қажет ететін тауарлар. Оның зерттеулерінің нәтижесі халықаралық сауданың неоклассикалық түсінігін даттап, экономика ғылымына «Леонтьев Парадоксы» атымен кірген.

  Леонтьев  Парадоксына сәйкес еңбекті толық  елдер капиталды  көп қажет ететін өнімді экспорттап, ал капитал толық  елдер еңбекті  көп қажет ететін тауарды экспорттайды.

  Леонтьев Парадоксы Хекшер-Олин теориясын тікелей қолдануға маңызды ескерту болып табылады және қосымша жағдайларды есепке алуды қажет етеді. Олар:

  - біліктілік бойынша  ерекшеленетін жұмыс  күшінің әркелілігі, осы себеп бойынша  өндірістік дамыған  елдер экспортында салыстырмалы жоғарғы білікті жұмыс күшінің артықтылығы көрсетіледі, ал импортта салыстырмалы білікті емес жұмыс күшінің жеткіліксіздігі көрсетіледі. Бұл уақытта дамуына елдер білікті емес жұмыс күшін көп қажет ететін өнімді экспорттайды.

  - бірлесудің қажеттілігі, әсіресе табиғи ресурстарды өндіру саласының үлкен капитал мөлшерлерімен бірлесу, сондықтан көптеген дамушы елдерде бай табиғи ресурстары мен экспорттау капиталды көп қажет етеді, бірақта капитал бұл елдерде мол өндіріс факторлары болып табылмайды. Бұл АҚШ-тың шикізатты импорттай отырып, капиталды көп қажет ететін тауарды импорттайды.

  - импортты шектейтін  және өндірісті  ынталандырумен өндірістің  дефицит факторларын  қолданатын сала  өнімін экспорттайтын  халықаралық саудаға  сыртқы сауда саясатының әсер етуі.

2.5. Халықаралық сауданың балама теориялары.

  Халықаралық сауда балама теорияларының  ең әйгілісі болып  технологиялық үзіліс моделі табылады. Осы  теория бойынша елдер  тек өндірістік ресурстардың бар болуымен ғана ерекшеленеді, сонымен қатар техникалық  даму деңгейіменде ерекшеленеді.

  Бұл модельдің негізгі  алғаш рет 1961 ж  ағылшын экономисті М.Познердің еңбегінде  салынды. Оның концепциясына  сәйкес елдер арасындағы сауда бір сауда  елінде пайда болған технологиялық өзгерістерден тууы мүмкін.

  Нәтижесінде техникалық жаңалығы бар немесе жоқ  елдер арасында технологиялық  үзіліс пайда болады. Сол үзілістің  алдын алғанша  елдер арасындағы сауда жалғаса  береді.

  Масштаб эффект теориясы. 80жылдардың басында П,Крюгман, К.Ланкастер Халықаралық саудаға классикалыққа балама ретінде масштаб эффектісі негізінде түсініктеме ұсынды. Бұл теорияға сәйкес елдерге өзара саудаласқан пайдалы,  егерде жалпы өндіріс эффектісі бар болса.Ал ол төменгі шығынмен өнім шығаруға, сәйкесінше төмен бағамен, мүмкіндік береді.

  Масштаб эффект теориясы сауданы  жалпы тауар айналымда  үлес салмағы өсіп келе жаткан ұқсас  тауарлар мен негіздейді, елдер арасындағы сауданы шамамен  бірдей үлестірілген өндіріс факторлармен түсіндіреді, жетілдірілмеген  бәсеке нарығын ұсынады.

  “Өнімнің өмірлік циклі” теориясы 1966 ж Вернонмен жасалды. Онда әлемдік сауданың дамуын дайын өнімдермен олардың өмірлік кезеңдері негізінде түсіндіруге тырысқан. Бұл теорияға сәйкес, әрбір жаңа өнім өзіне 4 кезеңді қосатын өнімнің өмірлік циклынан өтеді. Олар: енгізу, кеңейту, жетілу, ескіру.

  Салаішілік  мамандану теориясы. Бэл Баласспен жасалған және интеграциялық бірлестік негізінде дамыған елдер бір-бірімен бір саланың дифференцияланған тауарларды сату жағдайын түсіндіреді. Мысалы: неміс автомобильдері шетелге сатылып, оның орнына япониялықтар сатылып алынады.

  Салаішілік  сауда  - елдер  арасындағы бір саланың  дифференциялық тауарлармен  айырбас. Оны келесі себептерімен түсіндіруге  болады:1) бір тауар  тобының шегінде  үлкен таңдауда қажет  ететін тұтынушылардың түрлі таңдауының болуы; 2) елдер көлемді нарығы бар өндіріс тауарларын экспорттайды; 3) масштаб эффектісі; Салаішілік сауда бірдей немесе өте ұқсас факторлар мен қамтамасыз ету жағдайында дамиды, тауарлардың дифференциясы көрсетіледі, экономикалық масштабтылығы  теориясымен түсіндіріледі, өндірістің барлық факторлары бойынша кірістің өсуіне әкеледі. Бір-бірімен басымды дамыған елдер саудаласады, сауда да басымды бөлімдер мен тауарлы компоненттер және дифференциалданған тауарлар.

  Столпер Самуэльсон теорисы. Столпер-Самуэльсон теориясның мәні - Халықаралық сауда бағасы өсіп жатқан тауар өндірісі үшін салыстырмалы ен интенсивті қолданылатын фактордың бағасының өсуіне және бағасы түсіп жатқан тауар өндірісі үшін салыстырмалы ең интенсивті қолданылатын фактор бағасының түсуіне әкеледі. Теория келесі алғы шарттарға негізделеді: ел екі өндіріс факторын қолдана отырып екі тауар шығарады; бірде-бір тауар басқа бір өндіріс үшін қолданылмайды; абсолюттік бәсеке бар;факторлар ұсынысы тапсырылған: 1-ші тауар еңбекті көп қажет етеді, ал 2-ші тауарды өндіргенде жер көп қолданылады;екі факторда секторлар арасында еркін қозғалады, бірақ елдер арасында.

2.6. Майкл Портер бӘсекелестік артықшылық теориясы.

  М.Портер ойы бойынша салыстырмалы артықшылық теориясы әртүрлі елдердің экономикасының масштабтылығын, тұрмыс нарықтары бойынша тауарлар дифференциясын ескермейді;сонымен қатар барлық жерде өндіріс технологиясын бірдей дейді және білікті жұмыс күші мен капитал сияқты факторлардың орын ауыстыруын жоққа шығарады дейді.

  М.Портердің  ойынша халыкаралық сауданың жаңа теориясы бәсекенің-динамикалық және даму процесінен шығу керек. Халықаралық сауда сферасында елдер бәсекелеспейді, керісінше, белгілі инновациялық мүмкіндіктері бар фирмалар бәсекелеседі.

  Әлемдік нарықта жеңіске  жету үшін елдің бәсекелестік артықшылықтарымен фирманың дұрыс таңдалған бәсекелік стратегиясының бірлестіру қажет. М.Портер елдің бәсекелестік артықшылықтарының 4 детерминанттын бөліп көрсетеді:

  1. Елдің өндіріс  факторларымен қамтамасыз  етілуі.

  2. Масштаб эффектісін  қолдануға мүмкіндік беретін, берілген саланың өніміне ішкі сұраныс параметрлері.

  3. Елде бәсеке қабілетті  жабдықтаушы саланың  және ұлттық бәсеке  қабілетті салалардың  кластерин қалыптастыру  мен технология  және сервис маркетингі  салаларында өзара  қатынас үшін өзара толықтырушы өнім шығаратын салалардың болуы;

  4. Стратегияның, құрылымының  және бәсеке фирмалар  мен ішкі нарық  бәсекесінің сипатының  ұлттық ерекшеліктері.

  5. Бәсеке артықшылығының 4 детерминанты ұлттық  «ромбты» құрайды.  Ұлттық «ромб»  – өзара күшейіп отыратын компоненттер жүйесі және әрбір детерминант басқаларына әсер етеді. 
 
 
 
 

§2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАР, ОЛАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.

ЖОСПАР.

2.1. Халықаралық  сауданың классикалық теориясы.

2.2. Өндірістің  балама шығындар теориясы.

2.3. Хекшер-Олиннің  халықаралық сауда теориясы.

2.4. Леонтьев  парадоксы.

2.5. Халықаралық  сауданың балама теориясы.

2.6. Майкл  Портердің бәсекелестік артықшылық  теориясы.

СЕМИНАР ЖОСПАРЫ.

1-сабақ.

1. Халықаралық  сауданың меркантилистік теориясы.

2. Абсолюттік артықшылық теориясы.

3. Салыстырмалы артықшылық теориясы.

2-сабақ.

1. Хекшер-Олин теориясы.

2. Хекшер-Самуэльсен теориясы.

3. Өндіріс факторларынын сәйкес келу теориясын тестілеу. Леонтьев парадоксы.

3-сабақ.

1. Технологиялық үзіліс моделі.

2. Тауардың өмірлік цикл теориясы.

3. Масштаб эффект теориясы.

4-сабақ.

1. Салаішілік мамандану тоериясы.

2. Столпер-Самуэльсон теориясы.

3. М.Портердің бәсекелестік артықшылық теориясы. Детерминанттар және бәсекелестің артықшылық динамикасы. 

§2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАР, ОЛАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.

ЖОСПАР.

2.1. Халықаралық  сауданың классикалық теориясы.

2.2. Өндірістің  балама шығындар теориясы.

2.3. Хекшер-Олиннің  халықаралық сауда теориясы.

2.4. Леонтьев  парадоксы.

2.5. Халықаралық  сауданың балама теориясы.

2.6. Майкл Портердің  бәсекелестік артықшылық теориясы.

СЕМИНАР ЖОСПАРЫ.

1-сабақ.

1. Халықаралық  сауданың меркантилистік теориясы.

2. Абсолюттік артықшылық теориясы.

3. Салыстырмалы артықшылық теориясы.

2-сабақ.

1. Хекшер-Олин теориясы.

2. Хекшер-Самуэльсен теориясы.

3. Өндіріс факторларынын сәйкес келу теориясын тестілеу. Леонтьев парадоксы.

3-сабақ.

1. Технологиялық үзіліс моделі.

2. Тауардың өмірлік цикл теориясы.

3. Масштаб эффект теориясы.

4-сабақ.

1. Салаішілік мамандану тоериясы.

2. Столпер-Самуэльсон теориясы.

3. М.Портердің бәсекелестік артықшылық теориясы. Детерминанттар және бәсекелестің артықшылық динамикасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері

Сарапшылардың болжамы  бойынша 2005 жылдан 2030 жылға дейін  әлемдік экономика көлемі 35 трлн. АҚШ долларынан 72 тлрн. долларға дейін өседі. Ал енді өршіл нұсқа бойынша 2020 жылға дейін-ақ ол 100 трлн. долларға жетеді. АҚШ-тағы жоғары қарқын, Қытайдың серпінді өсуі әлемдік ІЖӨ-нің соңғы 30 жыл бойы байқалмаған жеделдікпен артуына жол ашты. Бұл елдер осынау аса маңызды көрсеткіштің 40% өсімін қамтамасыз етті. 2020 жылға дейінгі кезеңге жалпы әлемдік өсімнің жартысынан астамын американ, қытай және үнді экономикалары қамтамасыз етеді.  

Әлемнің аса ірі  экономикалары

(халықтың сатып  алу қабілеті бойынша) 

АҚШ 12457 1 28830 2

Қытай 8200 2 29590 1

Жапония 4008 3 6795 4

Үндістан 3718 4 13363 3

Германия 2426 5 4857 5

Ұлыбри- 1962 6 4189 6

тания     

Франция 1905 7 3831 7

Бразилия 1636 8 3823 8

Италия 1630 9 2884 10

Ресей 1542 10 3793 9 

Дерек көз: Economіst Іntellіgence Unіt. 

ХХІ ғасырда әлемдік  экономикада АҚШ-пен қатар жаһандануға, өңірленуге, сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері “әлеует кіндіктеріне” айналады деп болжануда. Олардың маңызы артуын аса ірі шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы, инвестициялау көлемінің ұлғаюы, ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорындардың құрылуы көрсетіп отыр.

Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар  бойынша, 2050 жылға қарай алты әлемдік  жетекші экономикалар клубына АҚШ  және Жапониямен қатар Қытай, Үндістан, Ресей және Бразилия кіреді. ХВҚ, Бүкіл әлемдік банк, Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің, ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында болды. 2007 жылы шешуші макроэкономикалық көрсеткіш 11 трлн. 880 млрд. теңге (99 млрд. доллар) деңгейінде болжанып отыр. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 3,5 есе ұлғайып, республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші орынды қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру