Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 21:28, реферат
Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті реформалау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сыртқы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы экономикалық қызметке экономикалық қызығушылықтарының артуы бойынша министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтарын кеңейтуде алғашқы қадамдар жасалды.
Электрондық сауда (несиелік карталар, телефондық банкинг, интернет дүкендер) жоғары қарқынмен дамып отыр. Әлемде электронды коммерция көлемі 1999 жылғы 98,4 млрд. доллардан 2004 жылғы 6800 млрд. долларға дейін өсті. 150 миллионнан астам америкалық, 100 миллионнан астам еуропалық оның қызметін пайдаланады. АҚШ-та ғана бұл бизнеске 820 мың компания тартылған.
Қазіргі кезде 1,3 миллиардтан
астам пластикалық төлем
Қазақстанда төлем карттарын 4 миллионнан астам адам пайдаланады. 20 банкі карттар шығарады. 2006 жылы 2,3 мың банкомат, 10,7 мың РОS терминалдар болды. Республикада 30-ға жуық интернет-дүкендер ашылған. Төлем карттарды пайдалану арқылы жасалған операциялардың жалпы көлемі 2003 жылғы 396,1 млрд. теңгеден 2006 жылғы 1428 млрд. теңгеге дейін артты. Өсу қарқыны орташа әлемдік деңгейден жоғары.
Ғарыштық экономика дамып келеді. “Galіleo” жүйесінің навигациялық қызмет көрсету рыногы болжам бойынша 2020 жылға қарай 250 млрд. еуроға жетпек, оның табыстары бұл жүйені құруға кеткен шығындардан 5 есе артық болады. Спутниктік операторлардың айналымы 86,8 млрд. долларға жетіп отыр.
Қазақстанда ғарыштық
бағдарлама жасалып қабылданған
және іске асырылуда. Маманданған ұйымдар
құрылып, алғашқы отандық спутник ұшырылды,
Ақкөлде басқару орталығы ашылды. Таяудағы
болашақта қашықтықтан оқытуды, спутниктік
навигациялық жүйені және байланысты
жаңаша пайдалану жолға қойылады. Сондай-ақ
ғарыштан жерді және оның атмосферасын
зондтау қызметін пайдалану мүмкін болады.
Бұл міндеттерді шешуге “Бәйтерек” зымырандық-ғарыштық
кешені көмектесетіні анық.
Информация о работе Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру