Қазақстанның инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;

Содержание

І. Кіріспе ..................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық ой және инвестиция ........................................... 4
2. Қазақстанның инвестициялық саясаты ...................................... 9
3. Тікелей шет ел инвестициялары ................................................ 17
4. Инвестициялық қорлардың бөлінуі............................................. 20
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі............

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 53.65 Кб (Скачать документ)

 Экспорттың жетілдірілуі.

 Шетелдік инвестиция  көбіне көрші елдердің базарларынан халықаралық корпорацияның штаб-пәтері орналасқан қабылдаушы-елдерге әкелінетін экспорттың көптеп әкелінуіне ықпалын тигізеді. Бұл экспорт тұрақты экономканың өсуіне игі ықпалын тигізетін қатты валютаның болуын қамтамасыз етеді. Қатты валюта сыртқы қарыздарды өтеуге, сырттан заттар сатып алуды қаржыландыруға және ішкі инвестицияны қаржыландыруға аса қажет. Рас, экспорттың есебінен алынған қатты валютаны пайдалануға деген ниет бұл елдердің сауданы шектеуін азайтып, сол арқылы элемдік экономикағы кіруіне көмектеседі. Шет ел инвестициясының елдерге өз экспортының номенклатурасының көбеюіне мүмкіндік беруінің де маңызы аз емес. Дәстүрден тыс өнім деп аталатын өнімнің сапалық өсуі шикізат өнімдерін (кофе, қант, банан) дәстүрлі экспортқа шығарып, дамып келе жатқан елдер үшін де аса маңызды қызмет атқарады. Экспорттық өнімдер номенклатурасының ұлғаюы елдегі шикізат өнімдері құнының төмендеуі секілді бүлдіргіш әсерді азайтады.

 Нақ осы ойлар дамып келе жатқан елдерді өздерінің өнеркәсібін қорғауға және оны қатал бәсекеден сақтай отырып дамуға мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны шектеу арқылы сауда мен саясат жүргізетін ізденістерге жетеледі. Өнеркәсіптің көптеген салаларында шетелдік инвестицияға түгелдей тиым салынды, өйткені, бұл салалар ұлттық мүдде үшін өте маңызды саналады және тұтастай мемлекеттік секторға көшірілді. Мәселен, Мексика конституциясы мұнай өнрекәсібін шетелдіктердің инвестициялауына тиым салған. Мексика экономикасында, шетелдік инвестицияға қойылған көптеген шектеуді қоса есептегенде, шапшаң қарқын мен еріктендіру көлемінің өсуі бұрынғы қалпында қала береді.

 Шетелдік инвестицияға тікелей тиым салудан басқа да көптеген шектеулер қойылды. Мысалы, ұлттық компаниялардағы шет ел қаржысының қоры шектелуі, рұхсат алудың күрделі де қиын тәртіптері енгізілді, шет ел инвестициясынан түсетін пайдаға салынатын салық мөлшері ұлғайды, тағы да қабылдаушы-елден алған пайданы әкету бұрынғыдан бетер болды, іске жұмсаған қаржыны (Әсіресе, өз валюта қорын сақтауға тырысқан елдерде) қайтырып алу тәртібі күрделілене түсті.

 Бұл секілді саясат ұлттық өнеркісіптің гүлденуіне қол жеткізе отырып, кейбір елдерде аз уақыттық болса да табыс әкелді. Алайда мұндай саясаттың орташа және ұзақ мерзімдік болашағында үкіметке де, жеке адамға да қымбатқа түсетін тиімділігі аз және бәсекеге қабылетсіз өнеркәсіп құрылысы болып есептеледі. Бұл тұрғыда, Латын Америкасының алпысыншы және жетпісінші жылдардағы тәжірибелері көрсетуге татырлық. Бұл мерзімде көтермешілік саясаттың арқасында ішкі базарда өнеркәсіп қаулап өсті. Анд пактісі мен Орталық Американың көпшілік базарындағы келісімдерге сай шетелдік инвестиция мен еркін саудаға қатал шектеу қойылды. Бұл елдер экономикалық өсудің таң қаларлық көресткіштеріне қол жеткізсе де, халықаралық базарда бәсекеге түсердей олардың индустриялық негізі болған жоқ. Енді сауда және инвестициялық бөгеттер жойылғанда, келісімге қол қойған көптеген елдер үлкен қиындықтармен жаңа жағдайларға икемделуде.

 Инвестор өзіне қабылдауға әзір инвестициялық мақсаттар мен тәуекел деңгейіне және инвестордың бейнесіне қарап шет ел инвестициясының да түрі анықталды. Соңғы жылдары шет ел инвестициясының жүзеге асырылу құралдарына сай олардың өздері де әрқилы болатынды шығарды. Бұл дүние жүзі базарларының байланыстарын нығайтатын және көптеген инвестициялық жаңа механизмдерді дамытуға мүмкіндік беретін электронды коммуникация саласындағы табыстарға тікелей байланысты. Төменде дүние жүзінің дамышу және дамыған елдерінің көбінде пайдаланылатын инвестиция түрлерінің шолуы беріледі.

 “Елдер қоры…” былайша айтқанда, жекелеген елдердің экономикасына салынатын құнды қағаздар. Мұндай қорлар инвесторлардың кейбір елдердегі күрт дамып келе жатқан корларына қатысу үшін құрылды. Бұл қорлар шет ел компанияларының акциялар мен жергілікті қор биржаларын біріктіреді. Бұл қорлардың қаржылары нақтылы бір елде, болмаса дамып келе жатқан елдердің тұтас бір аймақтарында. Мысалы Азия немесе Латын Америкасында құнды қағаздың ауқымын кеңейту (диверсифицировать), сол арқылы жеке әр елде тәукелдын азайту мақсатында пайдаланылады.

 Инвесторлар бұл қормен қуана-қуана пайдаланады. Соңғы жылдары осындай қорлар санының өсуі және олардың қызмет аясының кеңеюі көрініс беруде. Кейбір инвесторларды жергілікті биржалардың жағдайы тез өзгергіш және болжап болмайтындықтан жаңа базарлардан тездетіп кету қызықтырып тұрады. Чили секілді басқа елдерде шет ел инвесторларына акцияны тікелей сатып алуға шектеу қойылған, сондықтан “ел қоры” құнды қағазы олардың базарға шығуына бірден-бір мүмкіндік тудырады. Бұл секілді жақсы ұйымдастырылған қор дамушы елдер биржаларында жағдайлардың өзгеруі туралы хабарлар алудың қиндықтарынан құтқарады. Биржа жағдайы өзгергенде “ел қоры” инвесторлардың жергілікті акциялардан тез құтылуына мүмкіндік беретін болғандықтан, инвесторлардың дамушы елдер банктерінің есеп-шотына салған қаражаттары секілді бұл құнды қағаздарды “ыстық ақшы” деп атайды. Мұндай есеп-шоттар, әдетте, бұл елдердің экономикалық қызметі хауіп-қатерге толы болғандықтан және құнсыздануға сай қаржы саясатының күшінің арқасында үлкен өсім процентін әкелді. Ал, проценттік көтерілуі азайған шақты инвесторлар есеп-шоттарын дереу жабады.  
 

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты