Қазақстанның инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;

Содержание

І. Кіріспе ..................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық ой және инвестиция ........................................... 4
2. Қазақстанның инвестициялық саясаты ...................................... 9
3. Тікелей шет ел инвестициялары ................................................ 17
4. Инвестициялық қорлардың бөлінуі............................................. 20
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі............

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 53.65 Кб (Скачать документ)

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЛЫҚ САЯСАТЫ  

 Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:

 • үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).

 Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:

 • тікелей  шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;

 • донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;

 • елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;

 • тікелей  шетел инвестициялары іскерлік  және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.

 Мұның барллығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

 • біріккен  және төл кәсіпорындарды құру;

 • шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;

 • акционерлеу  жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатасуын кеңейту;

 • банктік  мекемелерді инвестициялу.

 Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:

 • Біріккен  кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып алу қызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық сектордаұлғаюы.

1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды.

 Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.

 • Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.

 Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

 Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін қатерлердің пайда болуына жағдай жасайды.

 Олар мыналар: 

1. Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды болып табылатын мұнай-газ саласы, қара және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде олар халық шаруашылығындағы жекелеген салалардың дамуындағы алшақтықтың ұлғаюына ықпал етеді.

 Шетел инвестицияларын  осылайша орналастыру шетел инвесторларының (темекі, кондитерлік, маргарин өндірісі және т.б.) қызмет етуін монополиялық тұрғыда бекітілуіне ықпал етті.

2. Шетелдік тікелей  инвестициялар құрылымында үлкен үлесті – несиелер, займдар, ссудалар алып жатыр. Оларды негізгі инвестор кәсіпорыннан филиалдар мен еншілес компаниялар алады. Мұндай фирмааралық инвестициялау қияндап бара жатыр. Соның салдарынан фирмааралық қарыздар қалыптасуда және ұсынудың қатаң жағдайлары кезінде клммерциялық несиелеу кеңейтілуде.

3. Фирмааралық несиелерді қолдану, сонымен бірге бас компаниядан қаржылану көп жағдайда инвестициялаудың өзінің көлеміне тең емес пайданың ауысуына әкеліп соғады.

 Мысалы, әлемдік тәжірибедегі шынайы салым жоспарланған инвестициялар сомасыныың 20%-нен асқан жоқ, ал пайданы қайта инвестициялаудың бұдан кейінгі процесі бухгалтерлік және басқа да әдістерсіз қаржылардың негізсіз ағылып кетуіне әкеліп соғады.

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты