Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 17:21, курсовая работа
Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;
І. Кіріспе ..................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық ой және инвестиция ........................................... 4
2. Қазақстанның инвестициялық саясаты ...................................... 9
3. Тікелей шет ел инвестициялары ................................................ 17
4. Инвестициялық қорлардың бөлінуі............................................. 20
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі............
- Кәсіби басқару – акцияларды таңдау процедурасы мен қор нарығындағы жұмысқа ұсақ жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді, бірақ олар акциялар мен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық алғылары келеді:
- Диверсификация – портфельді басқаруда диверсификация қауіптілікті төмендетеді. Бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің шығыны көп болуына байланысты және аз акция санымен бұған экономикалық жолмен қол жеткізе алмайды;
- Шығындарды төмендету – көп санды ұсақ инвестицияны бір үлкен портфель ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебінен үнемге жетуге болады. Осыдан ұсақ инвесторлар басқару төлемінің аздығынан тиімділікке қол жеткізулеріне болады;
- Сенімділік – барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар ұсақинвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі болып табылғандықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс деңгейде басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатынына сенімді болуы керек.
Инвестициялық қорлар бағалы қағаздар нарығына оң әсерін тигізеді. Халықтың, институтталынған инвесторлардың, жарналық қорлардың уақытша бос ақша қаражаттары инвестициялық сұранысты көбейтіп, бағалы қағаздардың айналымын ынталандырып, ақырында инвестициялық ресурстардың өндіріске құйылуына мүмкіндік туғызады. Инвестициялық қорлардың қызметі «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралың заңмен реттелініп, инвестициялық қорларды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгілеп, бағалы қағаздар уәкілетті органның нормативтік актілерімен реттеледі. Инвестициялық қорлар ашық акционерлік қоғам түрінде құрылады және қаражаттарын болашақта бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында өз акцияларын шығарып, оны ашық орналастырып ақшалай қаражаттарды тарту арқылы ерекше қызметті жүзеге асырады. Инвестициялық қорлар бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығара алмайды. Акционерлермен өзара қарым-қатынасына байланысты инвестицияық қорлар төмендегідей болады:
- Өзара инвестициялық қорлар - бұл ашық инвестициялық қорлар, олар өздерінің эмитенттелінген акцияларын заңмен белгіленген бағамен кері сатып алуға міндетті. Олар дамыған елдерде кең тараған, ол соңғы жылдары неғұрлым динамикалық жолмен дамитын қаржылық институттар болып табылады.
- Инвестициялық компаниялар – бұл жабық инвестициялық қорлар, акционерлер қорынан өзі эмиссияланған акцияларды кері сатып алуға міндетті емес.
Инвестициялық қорлар типі қорлардың жарғысында көрсетілуі керек. Инвестициялыққорлардың типтерінің өзгеруі заңға сәйкес уәкілетті органға тіркеледі. Инвестициялық қорлардың құрылуы мен қызметі ашық акционерлік қоғам құруға арналған заңдамамен және «Қ.Р-ғы инвестициялық қорлар туралың Заң ережелерін есепке ала отырып реттеледі. Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік қоғамдар оны басқаруға қатысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды шектеу заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Инвестициялық қорлардың акционерлері кез-келген тұлға бола алады.
Жарғылық капиталдың мөлшері өзара инвестициялық қорлар (ӨИҚ) үшін 50000 есептік көрсеткіштен, инвестициялық компаниялар үшін 30000 есептік көрсеткіштен кем болмау керек. Инвестициялық қордыңқұрылтайшылар жиналысында міндетті түрде инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағытын, бағалы қағаздар портфелінің диверсификациялау нормаларын және басқа да шектеулерді анықтайтын инвестициялық декларация (ИД) бекітіледі. Өзара қорлардың инвестициялық декларациясында портфелінің бағалы қағаз өтімділігі жөнінде шектеулер жазылады. Өзара қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті мәміле жасалар кезде орын алып отырған бағасы, олардың нарықтық құнының он пайызынан аспайтын мерзімде сатуға болатын бағалы қағаздар ғана енгізілуі мүмкін. Инвестициялық қорлардың ол шектеулері:
- инвестициялық қордың еншілес кәсіпорындарын құруға және осы қордың аффилирлендірілген тұлғаларымен мәміле жасауға;
- алты айдан артық мерзімге қарыз қаражаттарын тартуға;
- инвестициялық қорлардың акциясы бойынша табысты, сонымен қатар портфельдегі бағалы қағаздардың өтіділігін щектейтін, инвестициялық қорлардың жарғысына және Қ.Р. заңдарына қайшы келетін міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
- бағалы қағаздардың портфелінде өзара қорлар үшін 10% және инвестициялық компаниялар үшін 20%-дан аспайтын бір элементтің бар болуына;
- инвестициялық қорлардың , аффилирлендірілген тұлғалардың, өздерінің кастодиалдары мен тіркеушілерінен бағалы қағаздарды алуға;