Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 23:28, контрольная работа
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айыр-машылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капита-лына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алу-шысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады
Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері
Ноябрь 21, 2011 · Экономика
Бағалы қағаздар
(Ациялар), олардың түрлері. Акция акционерлік қоғамның
капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын
жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін
бағалы қағаз.
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті
акция сомасына сәйкес салынған капиталына
белгілі бір дивидент алуға құқық береді.
Акцияны иеленуші акционер деп аталады.
Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз
иесінен айыр-машылығы, ол акцияны сатып
алу барысында қоғам капита-лына қатынасады,
ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алу-шысы
болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз
төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор
болып табылады. Акционер АҚ-ның несие
берушісі болып саналмайды және сондықтан
да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент
төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда
оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды.
Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері)
шамасы баланста көрсетілетін пайдаға
тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында
бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент
нысанында пайданың үлесін анықтау және
төлеу сұрақтары шешіледі.
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп
отырса, онда акционерлерлік капиталды
ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ
акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға
ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан
шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары
бар. Кез келген акционер өзінде бар «ескі»
акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар
сатып ала алады.
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте
қор бир-жасында бір кәсіпорынның акциялары
бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында
ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ
әр түрлі бағаға (бағамға) ие болуы мүмкін.
АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді:
оның бір бөлігі акционерлер арасында
бөлінеді, екіншісі – акционерлік компанияның
резервіне бағытталып және оның капиталын
ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға
не дағадарысқа ұшыраған кезде дивидент
төлеуге қызмет етеді.
Әдетте АҚ, резервтер немесе «заемдық
резервтер» деп аталатын қорды құру саясатын
жүргізеді. Сөйтіп, жинақтал-ған қор таусылғанда
ғана акционерлік компания дивидент-терді
қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның
жақын арадағы құлдырауы туралы белгісін
білдіреді. Акцияны иеленушілер болса,
аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға
тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның
акцияларынан құтылуға тырысуы, акция
бағамының төмеңдеуіне жол береді. Егер
акционерлік қоғам қызметін толық тоқтатса,
акция иелері акционерлік қоғамға қосқан
қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция
ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады.
Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс
жасауы бары-сында акцияның иелері өздерінің
акцияларына тиісті диви-денттерді алады.
Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені
құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге
дивидент бұл акционерлердің акцияеы
бойынша 12% жылдық табысын білдіреді. Акцияньщ
номиналдық бағасы бойынша акционерлік
қоғамның қалыптасуы негіңде сатылып,
кейіннен олар біршама жоғары бағаммен
сатылады. Бұл жағдайда табыстың нақты
деңгейі (рендит) мына формула бойынша
есептеледі:
Дивидент
Рендит = ———————— 100.
Сатып алу бағасы
Егер де 50 теңгелік номиналдық құны бар
акция 250 теңге бағамы бойынща сатып алыңса
және ол бойынша 10 теңге дивидент төленетін
болса, онда жылдық табыс көрсеткіші келесідей
болады:
100
10 ————– = 4%
250
Бірақ бұл көрсетілген акция табысын салым
иесі үшін тартымды деп айту қиын. Ол үшін
акция бағасының өсуін тосу бұл маңызды
себебі, ондай акцияны сату, ол акция бойынша
біршама табысты (пайданы) қамтамасыз
етуі мүмкін. Демек, екінші бір сәт – бұл
акция бағамының өсуін тосу, салымшыға
ең күшті ықпал етеді.
Бағалы қағаздар 343
Қор биржасындағы жәңе банктердегі акцияның
сатылу және сатып алу бағасы акцияның
бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға:
дивидент мөлшеріне және қарыздық пайыз
деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін
дивидент қаншалықты жоғары болса, солғұрлым
акция қымбат немесе оның бағамы жоғары
келеді.
Акцияны сатып ала отырып, қаражат иесі
одан алатын дивидент бойынша табысты,
өз капиталын банк немесе өнеркәсіп компаниясының
тұрақты табысы кепілдендірген облигацияны
сатып алу барысымен салыстырады. Банктегі
пайыз деңгейі – акция бағамының жоғарлауы
немесе төмендеуіне ықпал ететін фактор
болып табылады. Банктік пайыз жоғары
болса, қор биржасындағы акцияның бағамы
төмен болады немесе керісінше. Айталық
100 теңгелік номиналдық құны бар акция
жыл сайын 12 теңге мөлшерінде дивидент
алып келіп отырсын делік, ал қарыздық
пайыз деңгейі – 4% болсын. Онда бұл акцияның
биржадағы бағамы 300 теңге, себебі осындай
соманы банкіге 4% жылдық мөлшерде салатын
болсақ, одан 12 теңге сомасында табыс аламыз.
Демек, акция бағамының формуласын төмендегідей
формула көмегімен анықтайды:
Дивидент
Қарыздық пайыз
Бұл шамалар мәнінде акция бағамы сұраныс
пен ұсыныс арсындағы шекті қатынасты
өзгерістерге байланысты бір-қалыпты
ауытқып отырады. Мұндай ауытқулар әсіресе
өндіріс құлдырауы мен дағдарыс кезінде
қатты байқалуы мүмкін. Дағдарыс кезінде,
дивиденттердің мөлшерінің азай-ған кезінде
қарыздық пайыз мөлшері өзінің жоғары
шегіне жетіп акция бағамы күрт төмендейді.
Осындай ауытқулар механизмін биржалық
мәмілелер процесінде өндіріс актив-терін
иеленушілер кеңінен қолданады.
Акция бағамы әр түрлі бағыттардан туындайтын
көпте-ген факторлардың әсер етуінен құралады.
Бір жағыңан, ол қарыздық пайыз шамасына
тәуелді, себебі акцияонерлік қо-ғамның
акциясын сатып алуға жұмсалған қаражаттың
несиеге берілетін ақшалай қаражатпен
өзара ұқсастығы бар. Сондықтан да пайыз
нысанындағы сыйақы экономикалық негізделген
болып саналады. Екінші жағынан, дивидент
шамасына, сол акционерлік қоғамның кәсіпкерлік
қызметінің жетістіктері де ықпал етеді.
Мұндай жағдайда дивидент акционерлік
қоғамда түзілетін пайда сомасына тікелей
тәуелді. Аталған акция бағамының шамасына
әр түрлі бағытта әсер етеді.
Акция бағасына ықпал етуші факторлардың
ішінде, ак-цияны ұстаушылардың арасында
бөлінетін пайда шамасын және сол акционерлік
қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі
қорларын құруға бағытталған қаражат
ретінде, акционерлік қоғамда қалатын
пайданы бөліп қарауға болады.
Акция бағамының деңгейіне, сондай-ақ
бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс
сияқты қуатты факторлар да ықпал етеді.
Мұнда дүрбелеңді сұраныс және сұраныс
пен ұсынысқа басқа түрлі ыкпалдардың
болуы мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының
артында тиісті «қаржылай» ой-пікірлерді
қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген
тиімді және пайдалы іс әрекеттері тұрады.
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы
құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне
ғана емес, бір акцияға есеп-телетін барлық
таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқан-дағы
шамасына да сүйенеді. Акцияның нарықтық
құны мұндай жағдайда мынадай формуламен
анықталады: акция бағамы тең бір акцияға
есептелетін таза пайда шамасы, көбейтілген
бағам / бөлінген акцияға келетін таза
пайданың орташа қатынасына.
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі
артықшылықтар беретін акцияларды айналысқа
шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы
түрлері болады. Мәлімдеуші акция – бұл
оның иесіне компанияның акционері екендігін
заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы
акцияларды шығару барысында акционерлік
қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның
акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар
бола алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның
қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық
актілер қызмет етеді. Кейбір елдерде
мәлімдеуші акцияларға көңіл аударатын
болса, ал басқа бір елдерде атаулы акцияларға
мән береді.
Акциянын әр түрінің өзіндік артықшылықтары
мен кемшіліктері болады.
Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым
және сауда операцияларына өте колайлы.
Мұндай жағдайда компания оларды иеленушілердің
аттарын білмейді. Бұл кезде ондай акцияны
сату және сатып алу фирманың акционерлері,
оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары
үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен
әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, акциялар жай және артықшылығы
бар акцияларға бөлінеді. Жай акциялар
оны иеленушілерге қарастырлған акционерлік
құқық негізінде акционерлік коғамның
табысына сәйкес дивидент алып отыруға
құқық береді. Артықшылығы бар акциялар
жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер
үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі
бір артықшылықтарды қарастырады. Олардың
біріне артықшылығы бар акциялар бойынша
кепілденген түрде белгілі бір табыс нормасы,
яғни акционерлік қоғамның барлық акцияларына
келетін табыс шамасы белгілі болғанға
дейін төленеді.
Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар
екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, акционерлік
қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз
алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген
дивидент акциялар жатады. Артықшылығы
бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні
жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ.
Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай-ақ
олар дивиденттің өсуіне жол бермейді.
Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар
оларды сатып алуда тұрақты баға қояды.
Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері
биржадағы бағам бойынша акцияларды сату
арқылы пайданы бөлуге қатынаса алмайды.
Артықшылғы бар акциялар ішінде, яғни
тұрақты табысты, басқа да шектеулі мөлшерде
қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға
10% дегейінен асқан жай акциялардың дивидентінің
әр пункті үшін артықшылығы бар акциялар
бойынша 0,5%-дан дивиденттің ең жоғары
деңгейі 20%-ға дейінгі мөлшерде қосымша
төленеді. Артықшылығы бар акцияны иеленушілердің
келесі бір артықшылғы, ол акционерлік
қоғам жойылу барысында, оның мүлкін
346 Акша, несие, банктер
бөлісуде артықшылық құқтарды иелену
мүмкіндігімен сипатталады.
Жай акцияны өтеуден бұрын артықшылығы
бар акциялар иелеріне, олардың номиналдық
құнынан жоғары шамадағы сома төленеді
немесе олардың нарықтық бағамдары бойынша
өтеледі. Сонымен қатар, артықшылғы бар
акцияны иеленушілер үшін АҚ жойылуы барысында
орын алатын жағымсыз жақтары да бар. Акционерлік
қоғамда жай акцияларға бөлуге тиісті
заңды түрде құрылған жасырын резевтері
болады, соның нәтижесінде жай акциялардың
бағамы олардың номиналдық құнынан біршама
жоғары мөлшерде өтеледі.
Тағы рефераттар
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.
Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногі туралы” заңында (10.7. 2003) эмиссиялық құнды қағаздың шығарылуы, таратылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, сондай-ақ құнды қағаздың инвесторлары мен ұстаушыларының құқықтарын,құнды қағаз рыногінің қауіпсіз, ашық, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары белгіленген.
Бағалы қағаздар -
1. Мүліктік кұқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да
белгілердің жиынтығы.
2. Бағалы кағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы кағаздардың
Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.
3. Бағалы кағаздар шығарылым нысаны бойынша:
Толық мақаласы: Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар құқығы
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
Қазақстанда Азаматтық құқықтағы бағалы қағаздарды толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр. [1]
Мазмұны
|
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады.
Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкілі ретінде әрекет жасайды (АК-тің 132-бабы).[2]
Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжаттаумен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша керсетілген міндеті, нормалдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).
Бағалы қағаздар
зат ретінде бірнеше түрге
бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-
Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына қарап бағалы кағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың тұпнұсқасы болады, ал тұпнұсқаны ұсынушы келесітұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағапы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).
Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.
Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу — индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екінішісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді.
Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса құжатты берерде бағалы қағазды ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атьш жазуға құқылы болады.
Бланктік индоссаментке қандай да бір атауды енгізумен бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі құжатты тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.
Бағалы қағазды
тапсыру кезінде жазылатын
Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді ("Қазақстан Республикасындағы 141 вексельдік қатынастар туралы" Заңның 96-бабын қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айрылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе, кұжатты қайтаруға ликдикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.
Атаулы бағалы қағаз — бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінівде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.
Информация о работе Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері