Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 23:28, контрольная работа
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айыр-машылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капита-лына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алу-шысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады
Бағалы қағаздар нарығы түрлерінің классификациясы бағалы қағаздар класификацияларымен көп ұқсастықтары бар:
Аталған капитал салымдар нарығы арасындағы қаражат қозғалысы көп факторларға байланысты болады, олардың негізгілері болып:
Бағалы қағаздар нарығының функциялары:
ü коммерциялық функция, яғни берілген нарықта операциялардың нәтижесінде табыс алу функциясы;
ü бағалық функция, яғни нарықтық бағаны құру процесін жасайды, олардың тұрақты қозғалысын қамтамасыз етеді;
ü ақпараттық функция, яғни нарық сауда объекттерi және оның қатысушылары туралы нарықтық мәлiметтерді өз қатысушыларына дейiн өндiрiп алып жеткiзедi;
ü реттеу функциясы, яғни нарық сауда ережелерін және онда қатысу ережелерін құрайды, қатысушылар арасында дауларды шешу тәртіптерін және қадағалау органдарды бекітеді;
Басқа нарықтардан айырмашылық тудыратын озіндік функциялары:
ü бағалық және қаржылық тәуекелдерді сақтандыру функциялары;
ü ақша қаражаттарын салалар арасында және нарық қызметтерінің әр түрлі сфераларына қайта бөлу;
ü халықтың жинақтарын өндірістік емес формадан өндірістік формаға аудару
ü мемлекеттік бюджеттің дефицитін инфляциялық емес негізінде қаржыландыру, яғни айналымға қосымша ақша қаражаттарын шығармау.
Бағалы қағаздар нарығын келесі белгілер бойынша бөлуге болады – бастапқы және туынды, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған.
Бастапқы бағалы қағаздар нарығын[2], бағалы қағазды шығару және орналастыру кезінде бір жағынан эмитенттің немесе оның тапсырысымен андеррайтердің, әлде эмиссиялық консорциумнің және екінші жағынан инвесторлардың қатынастары ретінде сипаттауға болады. Бастпақы бағалы қағаздар нарығы – бұл бағалы қағаздың эмитенттен бастап бірінші сатып алушыға дейіңгі өтіп жатқан экономикалық кеңістік. Бұл кеңістіктің экономикалық деп аталуы эмитент және инвестордың қатысы болғандықтан ғана емес, сонымен қатар ол ұтымды ұйымдастырылған болып саналады, осы кеңістіктің шегінде белгілі экономикалық есепті іске асыру кезінде эмитент өзіне керекті капиталды алу мүмкіндігі бар. Бірінші сатып алушыдан соңғы сатып алушыға бағалы қағаздың бұдан былайғы қозғалысы эмитентке табыс алып келе алмайды.
Туынды бағалы қағаздар[3] – бағалы қағаздар нарығының субъектілері арасында, орналасқан бағалы қағаздардың айналымы процессінде пайда болған құқықтық қарым қатынас. Эмитенттен сатып алған бағалы қағаздың бірінші иесі акцияларын сатқаннан кейін бағалы қағаздар осы айналыс өрісіне түседі. Бұл нарық келесідей болу мүмкін:
- ұйымдастырылған[4] – бұл эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы инструменттердің айналым сферасы, мұнда мәмілелерді жасайтын қатысушыларына арналған, сауданы ұйымдастырушылармен (қор биржасы) бекітілген процедуралармен және ішкі құжаттарға сәйкес шарттармен, реттелетін нарықтың бір түрі.
Қор биржасы – ғылыми, ақпараттық және техникалық ұйымдастырылған, сонымен қатар белгілі бір қағидалар негізінде жұмыс істейтін бағалы қағаздар нарығы. Бұл қағидалар төмендегілерден тұрады:
– сатылатын бағалы қағаздардың сапасын тексеру және сенімділігін тексеру;
– бір эмитенттің бірдей бағалы қағаздарына аукцион саудасы негізінде біртұтас курсты анықтау;
– биржада орындалатын операциялардың жариялылығы.
1992 жылдың биржалық даму үдерісі кезінде массалық биржа құру сипатынан кейін биржалық сауда біршама тоқтатыла бастады. Өздеріне биржалық статусты иемденген ұйымдар, заңнамалық регламенттерінің қызметтері бойынша мемлекеттік стандарттарға сай келмей сауда үйлеріне, брокерлік ұйымдарға және мүлдем бағалы қағаздар нарығынан бас тартуға мәжбүр болған.
1996 жылдың аяқталу
кезінде Қазақстан бағалы
1997 жылдың 5 наурызында
«Бағалы кағаздар нарығы
1997 жьілы жүргізілген
тендердің нәтижесінде ¥лттық
банк пен Қазақстан кор
Сонымен бірге бағалы қағаздардың туынды нарығы ұйымдастырылмаған бола алады — бұл бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы инструменттердің айналым сферасы бірақ мұнда мәмілелерді жасайтын қатысушыларына арналған, сауданы ұйымдастырушылардың бекітілген процедуралармен және ішкі құжаттарға сәйкес шарттармен, реттелмейтін нарықтың бір түрі. Ұйымдастырлмаған бағалы қағаздар нарығы – тарихи бірінші құрылған құнды қағаздар нарығы болып саналады. Оның пайда болуы 18 ғасырдың басына жатқызуға болады, осы нарықта сатылатын бірінші құнды қағаздар болып вексельдер, коносоменттер, облигациялар және акциялар болып табылады.
Ұйымдастырылмаған нарық келесі ерекшеліктермен мінезделеді:
Бағалы қағаздар нарығын оның қатысушылары арасындағы бағалы қағаздардың шығырылымына және айналымына байланысты экономикалық қатынастар жийынтығы ретінде анықтауға болады. Қазақстан нарығында бағалы қағаздар ретінде шаруашылық субъектілерінің және ҚР Үкіметнің акциялары және облигациялары қолданылады.
Акция – шаруашылық субъектісінің дивиденд түрінде пайдаға қатысу құқығын, акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығын және оны жою кезінде субъектінің мүлік бөлігіне құқық беретін оның бағалы қағазы. Акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз.
Облигация – қоғамды басқаруға құқық бермейтін, бірақ купоy ненемес дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік беретін борыштың бағалы қағаз.
Негізінен, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы болып табылады. Акциялар – акционерлік капиталды арттыру үшін шығарылады. Облигациялар айналымдағы қорларды арттырады немесе белгілі мақсатты бағдарламаларды жүргізу үшін эмитацияланады. Мемлекеттік облигациялар – бұл мемлекет қайтарымды және ақылы негізде бюджет тапшылығын өтеу, әртүрлі мақсатты бағдарламаларды жүргізу, зейнетақы және т.б. берешектерді төлеу үшін ресурстарды тартқан жағдайдағы мемлекет борышының нысаны. Эмитент көзқарасымен корпоративтік облигациялар – облигацияларды шығару және орнықтыру арқылы белгілі мерзімге, банктік кредиттің орташа нарықтық ставкасынан төмен болып саналатын белгілі ставка бойынша ақшаларды тарту арқылы банктік кредитк баламасы.
Шектеулер инвестордың қызмет өзгешелігімен туындаған жағдайдан өзге, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар қандай да бір шектеулерсіз жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бірақ қор нарығында жұмыстарды орындау өзінің клиенттері атынан сатып алумен/сатумен айналысатын делдалдарсыз мүмкін емес. Қор нарығындағы кәсіби делдал – бұл өзінің штатында білікті мамандары бар және биржа мүшесі болып табылатын брокерлік/дилерлік қызметпен айналысуға лицензиясы бар кәсіби қатысушы брокер немесе дилер. Брокер мен оның клиентінің өзара қарым қатынастары негізгі және бір реттік сипаттағы брокерлік шарттармен реттеледі.
Инвестор тарапынан, бағалы қағаздар – банктік депозит баламасы. Оларды сатып ала отырып, инвестор уақытша бос қорларды орналастырады немесе бағалы қағаздарды өтеу мерзіміне дейін (облигация жағдайларында, себебі акциялар өтеу мерзіміне ие емес) немесе инвестордың пікірі бойынша кез келген ыңғайлы мерзімде сатумен орналастырады.
Қаржы кеңесшілері қор нарығы капиталды көбейтудің негізгі құралы деп атайды. Бірақ бағалы қағаздарға қаржы бөлу туралы шешімді қабылдай отырып, оның пайдасымен қатар жоғалтып алу қаупінің бар екендігін ұмытпау керек. Сіз ақшаларыңызды сенімді басқармаға бергеніңізге, тіпті тәуекелін өзіңіз көтергеніңізге байланыссыз. Кез келген жағдайда, қор нарығындағы инвестициялардың жемістілігі ең алдымен, сіздің «қажет» бағалы қағаздарды немесе «жақсы» басқару компаниясын таңдап алғаныңызға байланысты. Ал, бұл әркімнің жеке қаржы сауаттылығының еншісінде.
1 Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржы
* – жылдық есебі
[2]Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 02 шілдесінен №461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 1бап, 56 пункты;
2 Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 02 шілдесінен №461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 1бап, 8 пункты
[4] Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 02 шілдесінен №461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы.
Информация о работе Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері