Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:37, курсовая работа
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарығы және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 1990 жылдан, яғни егемендік алғаннан кейін құрыла бастады.
КІРІСПЕ..............................................................................................................4-5
1.Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі..........................................................6-25
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты.......................................6-8
1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі..............................................................8-11
1.3 Акционерлік қоғам бағалы қағаздарының пайда болуының негізі...............................................................................................................11-18
1.4 Бағалы қағаздардың түрлері.................................................................18-25
2. Кәсіпорындағы бағалы қағаздар есебін ұйымдастыру........................26-33
2.1 Қаржылық салымдардың түрлері...............................................26-27
2.2 Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операциялардың есебі......................................................27-29
2.3 Кәсіпорын акционерлерінің акциялары бойынша девиденттер есебі........................................................................................................29-30
2.4 Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі...........................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................36
ҚОСЫМША А...................................................................................................37
ҚОСЫМША Б....................................................................................................38
ҚОСЫМША C...................................................................................................39
ҚОСЫМША Д....................................................................................................40
а) Корпоративтік бағалы қағаздар деген эмитенттері акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар және басқа да ұйымдық-құқықтық меншік формасындағы мекемелер, сондай-ақ банктер, инвестициялық компаниялар және қорлар болатын бағалы қағаздар. Корпоративтік бағалы қағаздар қарызды үлесті және туынды бағалы қағаздар болып белінеді.
Қарызды бағалы қағаздар - ол ақша қаражатын белгілі-бір мерзімге қолдануға алып, оны қайтарғанда қарыз қаражатын қолданғаны үшін алдын-ала келісілген процент түріндегі өсімақы төлеу қажет екендігін білдіретін құжат. Қарыз қатынастарынан туындайтын корпоративтік бағалы қағаздардың түрлеріне облигациялар мен вексельдер, банктердің депозиттік және жинақ сертификаттары жатады. Үлесті бағалы қағаздар акция түрінде шығарылады, оны ұстаушы акционерлік қоғам мүлкініғ белгілі-бір үлесін иемденуге құқылы. Туынды бағалы қағаздар — ол базистік активтің (яғни осы бағалы қағаздың негізі болатын актив) бағасының өзгеруіне байланысты туындап, мүліктік құқықты білдіретін құжатсыз бағалы қағаз. Базистік активке тауарлар (астык, ет, мұнай, алтын, көмір және т.б.) және негізгі бағалы қағаздар (акция, облигация) жатады. Туынды бағалы қағаздардың түрлері: фьючерстік шарттар (тауарлы, валюталы, проценттік, индекстік және б.) және еркін айналыстағы опциондар.
Корпоративтік бағалы қағаздар;
Қалыпты жұмыс істеп тұрған қор нарығы негізгі екі нарықтан: негізінен кәсіпорындар мен банктердің акцияларынан тұратын корпоративтік бағалы қағаздар нарығы және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығынан тұрады. Бұл нарықтар көптеген елдердегі тәрізді бір-біріне 1:2 арақатынасымен біркелкі дамуы тиіс. Алайда, қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы қарқынды дамуда. Қазақстанда корпоративтік бағалы қағаздар нарығының баяу дамуының негізгі себептері - өндірістің құлдырауы және инфляцияның қарқындауы, сондай-ақ ірі отандық кәсіпорындардың акциясының бақылау бумаларын шетелдік баскарушы фирмаларға сатудың әсері. Соңгы айтылған фактіні практикалық тұрғыдан алғанда корпоративтік бағалы қағаздар нарығын қарқанды дамыту, оның басқа нышандарын дамытуға қарағанда (мыс. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігін құру, нарықты реттейтін құкықтық-нормативтік актілерді шығару және т.б.) маңыздырақ. Себебі ірі өндірістік кәсіпорындар тобының (олар көбінесе экономиканың өндіріп шығаратын секторындағы кәсіпорындар) бағалы қағаздары Қазақстан қор нарығының базасы болуы керек. Ондай кәсіпорындардың жоғары инвестициялық тартымдылығы өтімді әрі сенімді корпоративтік бағалы қағаздар шығаруға мүмкіндік береді.
Сайып келгенде корпоративтік бағалы қағаздар нарығын дамыту инвесторлардың бос қаражатын тартуға және оны ұтымды пайдалануға, сөйтіп шаруашылық салалары арасында қайта бөлуге, нәтижесінде ел экономикасын көтеруге қызмет етуі тиіс
б) Вексельдер. Корпоративтік бағалы қағаздардың түрлерін тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, вексельдер - шаруашылықта қолданылған бағалы қағаздардың ең алғашқы формасы. Ертеден вексель есеп айырысуда ең қолайлы құрал ретінде, төлем құралы және тауарды қарызға сатып алғанда несие алу құралы ретінде қолданылған. Вексель міндеттемені орындауда және қарызды қайтаруда ұтымды нарықтық құрал болып есептеледі. Вексель қарыз алушының қолхатына байланысты пайда болған. Бастапқыда вексель операцияларына қатысушылар біріне-бірі сенгендіктен қарыз қатынастарына түссе, кейіннен ол қатынастар құкықтық міндеттемелер сипатына ие болды. Сөйтіп вексель туралы алғашқы заңдар Еуропа елдерінде ХVП-ХVШ ғасырларда шыққан.
Тауарлы-ақшалы қатынастардың дамуытна және одан әрі күрделенуіне байланысты вексель бірте-бірте несиелік есептесудің әмбебап құралына айналды. Вексельмен несие қатынастары рәсімделеді, сонда ол несие ақшасы ретінде айналыста жүреді және ақшаның төлем құралы қызметін атқарады. Бағалы қағаз ретінде вексель әртүрлі мәмілелердің, яғни сатып алу-сату, есепеу, кепілдікке салу және басқа да іс-әрекеттер объектісіне айналады. Вексельді коммерциялық және банктік практикада, оның ішінде сыртқы саудада және халықаралық есеп айырысуда кең қолдану, сондай-ақ халықаралық вексельдік қатынастарда кездесетін қиындықтарды жою мақсатында әрбір елдің вексель туралы заңнамасын бір ізге келтіру қажет болды.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уакыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығару және оны пайдалануды дамыту ертеден несие - қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні -тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге сауда-саттық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы - ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші акшалай төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, я болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.
Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда қолданылатын еңбір басты қаржы құралы. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25 %-ін құрайды). Қазіргі кезде электрондық несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны бір сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі - серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару және оны айналымға түсіруге жасасқан келісімнің мәні мен маңызы зор.
Қорыта айтқанда, банктер вексель бойынша бірнеше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса, екінші жағынан өздеріне пайда түсіреді.
в) Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз (1 қосымша). Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция - қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияда жазылған сома оның көрсетілген (номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам онын нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы (курсы) деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай-ак дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады. Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі.
Жоғарыда
жазылғандай акционерлік қоғам
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді (2.3. Сурет).
г) Облигациялар. Облигация деп - эмитенттің оны ұсынушыға белгілі бір уақытта облигацияда көрсетілген құнды және осы құннан белгіленген процентті алуға құкық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Облигация шығару арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмсйді. Облигация шығару -қосымша капитал таратудың бір нысаны. Облигация – қарызды бағалы қағаз. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруга және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік - эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде - қоғам мүлкінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқығы. Облигация да акция сияқты қоғамды инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:
1.Облигация ұстаушы қогамға
несие беруші, ал облигация -қоғамды несиелеудің куәлігі.
Акционер қоғамды меншіктенуші.
Ал акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.
2.Облигация ұстаушыға процент
түрінде табыс төленеді.
Оның мөлшері алдын ала бекітіліп,
нақты анықталады. Бұл бағалы
қағаз өзінде керсетілген белгілі бір
анықталған уақыт аралығында
ғана кіріс түсіреді. Облигация
бойынша процент басқа өтелетін
дивидендтерден бұрын төленеді.
Қоғамның процентті уақытында
төлей алмауы оның банкрот деп танылуына
тең. Акционер де дивиденд түрінде табыс алады.
Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді
және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер
қоғам дивиденд
төлеу туралы хабарламаса,
демек, төлегісі келмесе, онда акционер
қоғамға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.
3.Басқа несие беруші сияқты, облигация
ұстаушының дауыс
беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына,
сонымен қатар,
қоғамды басқаруға да қатыспайды.
Оған керісінше, акция иесінің
қоғамның мүліктік мүддесін қорғауда
шешуші дауыс құқығы бар.
4.Облигация бойынша табыс
төлеу қоғамның шығынын
құрайды. Ол салық төлегеннен қалған пайдадан
төленеді. Ал дивиденд те қоғамның таза пайдасынан
өтеледі.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайына, екінші жағынан, нарықтагы әр уакытта әртурлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады.
Сонымен, егер қоғам бағалы қағаздардың екі түрін де қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін дивиденд, облигация ұстаушыға телейтін проценттен жоғары болады деген болжам басымырақ.
Негізгі бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу құқығын пайдаланудың алғашқыларының бірі - опцион.
д) Опцион - шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол белгіленген уақытта немесе одан бұрын келісілген бағамен қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық береді.Опцион биржада саудаға түседі. Әдетте, опцион қоғамның өзінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен жай акция сатып алу құқығын беретін екінші қатардағы бағалы қағаз. Опцион - заңды түрде бекітілген стандартты құжат. Онда сатылатын бағалы қағаздар саны көрсетіледі, Оның өлшемі лот деп аталады, 1 лотта 100 дана біратаулы бағалы қағаз болады. Опционный мазмұнында опциондық шартта бекітілген құқықтың орындалуы, яғни бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу күні, айналыс мерзімі, аяқталу күні, жөнелту-қабылдап алу жағдайлары және бағасы көрсетіледі.
Опционный негізі болған активтің екі бағасы болады: ағымдағы нарықтық баға, немесе спот бағасы және опционда көрсетілген оны орындау бағасы. Ал опционный өз бағасы сыйақы деп аталады. Ол опционный негізі болған активтің бағасы емес.
Құқықты бағалы қағаздардың келесі түрі - варрант.
е) Варрант - ол өз иемденушісіне белгілі-бір қоғамның анықталған акция (немесе облигация) мөлшерін алдын-ала бекітілген бағамен алдағы мерзімде сатып алу құқығын беретін екінші қатардағы бағалы қағаз. Ол - қоғамның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқығын беретін міндеттемесі. Варрант иемденушісі қолындағы варрантты белгілі бір уақыт аралығында тұрақты бағамен онда белгіленген артықшылықты акциялар және облигациялар санына айьгрбастауға кұкығы бар. Варрантты акцияға айырбастамай-ақ, қоғам оны өзіне сатып алып, жою мүмкіндігі де бар.
Варрант —ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Ол 3 жылдан 30 жылға дейін, ал кейбіреуі мерзімі шектеусіз айналыста жүреді. Әдетте, оны қоғам облигациялармен және артықшылықты акциялармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан, бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды (өтімді) етсе, екінші жағынан, қоғамның эмиссиялық шығындарын азайтады.
Варрант қоғамның басқа бағалы қағаздарымен қоса шығарылғаннан кейін, олардан бөлініп, өз алдына айналымға түседі. Ол туралы қоғамның жарғысында көрсетілген болуы керек. Варрант бөлінгеннен кейін негізгі бағалы қағаздың сатылу бағасы варрант бағасына кемиді. Екінші нарыққа түскесін варрант өзінің нарықтық курсына ие болады. Варрант бойьшша сатып алынатын бағалы қағаздың бағасы варранттын орындалу бағасы деп аталады. Кейде варрантты негізгі бағалы қағазбен бірге ұсынады, ондай жағдайда олардың бағасын біріктіріп айтады.2