Багалы кагаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание

Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарығы және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 1990 жылдан, яғни егемендік алғаннан кейін құрыла бастады.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................4-5
1.Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі..........................................................6-25
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты.......................................6-8
1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі..............................................................8-11
1.3 Акционерлік қоғам бағалы қағаздарының пайда болуының негізі...............................................................................................................11-18
1.4 Бағалы қағаздардың түрлері.................................................................18-25
2. Кәсіпорындағы бағалы қағаздар есебін ұйымдастыру........................26-33
2.1 Қаржылық салымдардың түрлері...............................................26-27
2.2 Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операциялардың есебі......................................................27-29
2.3 Кәсіпорын акционерлерінің акциялары бойынша девиденттер есебі........................................................................................................29-30
2.4 Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі...........................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................36
ҚОСЫМША А...................................................................................................37
ҚОСЫМША Б....................................................................................................38
ҚОСЫМША C...................................................................................................39
ҚОСЫМША Д....................................................................................................40

Работа состоит из  1 файл

бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі.doc

— 334.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

2.Кәсіпорындардағы бағалы қағаздар есебін ұйымдастыру

2.1. Қаржылық салымдардың түрлері

Қаржылық  салымдар - бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу, еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.

Есепте қаржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзак мерзімді болып бөлінеді.

Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен катар бір жылдан кем мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.

Бір жылдан артық  мерзімге табыстар алу үшін оларды сақтау (ұстау) ниетпен бағалы кағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес кәсіпорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артык мерзімге карызға берілген каржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.

Қаржылық салымдар құрамында ақша кұжаттары болып саналатын бағалы кағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, век-сельдер және т.б. елеулі орын алады.

Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына оньң иесіне қаржы сал-ғандығын куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданьң бір бөлігін алуға кұқық береді.

Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.

Облигациялар да олардың иесіне қаржы салғандығын куәландырады, бірақ оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйақыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетішеушілік жағдайында облигациялар бойынща сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал акциялар (пұрсатты) бойынша - сол мақсат ұшін құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.

Жинақ сертификаттары бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша қаражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін куәліктері. Бұл мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ шоттарынан мұның айырмашылығы клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатынын ролін атқаратын сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.

Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.

Соңғы уақытта бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай  көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы қағаздың иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаздың сертификаты беріледі.

2.2 Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцнялардың есебі

Жарғылық  капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін.

Бұл операциялардың есебі үшін № 1110-2010 "Ұсынылған қарыздар" шоттары пайдаланылады. Олардың кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден өтеп алынған кәсіпорындардың балансқа кіріс болған меншікті акциялары № 5210 "Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар" шотында бейнеленеді.

Кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден акционерлік қоғам өтеп алынған кәсіпорынның кіріс болған меншікті акциялардың құнына мынадай жазу жазылады:

Дт - 5210 "Алынып тасталған капитал" шоты.

Кт – 1010, 1040 "Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар" шоты.

Өтеп алынған акциялар олардың түрі, нөмірі, сериясы мен номиналды құнын көрсетумен тізім бойынша кассаға кіріс етіледі және кассадағы ақша қаражаттарының есебі үшін қолданатым тәртіпте сақталады.

Меншікті акцияларды акционерлік қоғам сату кезінде екінші тарату процесінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазулар жасалады:

Дт – 1010, 1040 "Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар" шоты.

Кт - 5210 "Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар" шоты.

Сонымен, егер меншікті акциялар олардың номиналды құнынан артық баға бойынша сатылса, онда бағалы қағаздың сату мен номиналды құнының арасындағы өткізілген айырманың сомасына мынадай жазу жазылады:

Дт – 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоты.

Кт - 5430 "Өткен жылдардағы пайда(залал)" шоты.

Меншікті акцияларды жою кезінде оларды акционерлерден өтеп алу мен барлық қажетті процедураларды орындағаннан кейін мынадай проводка жасалады:

Дт – 5010 "Жарияланған капитал" шоты.

Кт – 5210 "Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар" шоты.

Акциялардың аналитикалық есебі олардың келіп түсу көздерінен тәуелсіз есеп ведомостарында түрлері, өтеп алу мерзімдері, құны бойынша жүргізіледі.3

 

2.3 Кәсіпорын акционерлерініңмакциялары бойынша дивидендтер есебі

Кәсіпорын акционерлері меншігіндегі акциялар бойынша дивидендтер алуға құқылы. Акционерлерге дивидендтер есептеу мынадай жазумен бейнеленеді:

Дт -№ 5410, 5430 "Есепті жыл мен өткен жылдардың пайдасы (залалы)" шоттары.

Кт – 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді берешек" шоттары.

№ 5430 "Өткен жылдағы пайда (залалы)" шоты кепілдігі бар дивидендтерді (мысалы, артықшылығы бар акциялар бойынша) төлеу үшін таза табыстың мөлшері жетіспейтін жағдайда қолданылады.

Егер акционерлер  ретінде бұл қоғамның қызметкерлері болса, онда дивидендтердің есептелуі мынадай проводкалармен жасалады:

Дт - № 5410 "Есептік жылдың пайдасы (залал)" шоты.

Кг - № 3350 "Еңбекақы төлеу қысқа мерзімді берешек" шоты.

Төлем көзінен дивидендтерге  салық салынатын тәртіп болғандықтан, дивидендтердің есептелген сомасынан салықтың көлемін шегеруден кейінгі сомасы төлеуге жатады. Бұл жөнінде төмендегі жазулар жазылады:

а)есептелген салықтың сомасына:

Дт - № 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді берешек " шоттары.

Кт - № 3190 "Өзге салықтар" субшоты.

б)төленетін ақшалардың сомасына:

Дт - № 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді берешек " шоттары.

Кт - № 1010, 1040 "Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар" шоттары.

Жай акциялар бойынша дивидендтерді телеу, тиісті жыл үшін купондарды кесіп алу жолымен акция табысын алушынын оны нақты көрсетуінен соң жасалады. Бұл дивидендтер төлемінің уақытын ұзартады. Акционерлік қоғам өзінің ақша салушыларына дивидендтер төлеуді банкіге тапсыруы мүмкін. Бұл жағдайда дивидендтердің ақша салушыларға тиесілі қаражаты банкіде жеке шотка аударылып, бұл № 1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар" шотында есепке алынады;

Дт - № 1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар'1 шоты.

Кт - № 1010, 1040 "Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар" шоттары.

Төленген  дивидендтердің көлемі туралы банктің  растауын алған соң, бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:

Дт - № 3030 "Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді берешек " шоттары.

Кт - № 1070 " Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар " шоты.

Дивидендтер төлеу бойынша банктің қызметтері үшін төмендегі жазу жазылады:

Дт - № 7210 "Әкімшілік шығыстар" шоты.

Кт - №  1040 "Ағымдағы банктің шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары" шоты.

 

 

2.4 Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі

Борыштық  бағалы қағаздардың (облигациялардың, депозиттік сертификаттардың, вексельдердің және т.б.) бухгалтерлік есебі үшін № 1150 "Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар" синтетикалық шоттары қолданылады.

Борыштық міндеттемелер  оларды сатып алуға жұмсалған  нақты шығьндар бойынша кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды сатып алу кезіндегі нақты шығындардың құрамына ұқсас. Борыштық міндеттемелердің номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.

Егер бастапқы (баланстық) құн номиналды бағадан жоғары болса, онда олардың арасындағы айырма шығыс етіледі, төмен болған жағдайда - қосып есептеледі. Жабу мерзімі бір жылға дейінгі бағалы қағаздар бойынша бұл операция оларды кәсіпорынның балансынан шығыс етумен бір мезгілде жасалады.

Бір жылдан астам  мерзімге алынған облигациялар бойынша бастапқы құнның түзетілуі олардың №1150, 2040 шоттар бойынша бастапқы (баланыстық) құны облигацияларды жабу (өтеп алу) мезгіліне номиналды бағасына сәйкес келуіне негізделіп жасалады.

Бастапкы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманы шығыс ету немесе қосып есептеу кәсіпорынға тиесілі облигациялар бойынша алынатын пайыздар есебінен жасалады.

Тиесілі табысты  есептеу кезінде әрбір шығыс етілетін немесе қосып есептелетін бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бөлігі айырмашылықтың жалпы сомасы мен облигациялар бойынынша табысты белгіленген мерзімде төлеуге негізделіп анықталады. Айырманың бұл бөлігі төмендегі формула бойынша есептелуі мүмкін:

Б = (Бқ - Н) : (М х С)

бұл жерде: Б-облигацияның бастапқы құны мен номиналды бағасының

арасындағы  айырманың бөлігі;

Бқ - облигацияның бастапкы құны, яғни бағалы қағазды сатып алу бойынша нақты шығындардың сомасы;

Н -облигацияның номиналды бағасы, яғни бағалы қағаздың бланкісінде белгіленген кұн;

М -эмиссия күнінен бастап облигацияның иесі салынған ақша қаражаттарын талап етуге құқық алатын күнге дейінгі облигацияның айналым мерзімі;

 С -жыл ішінде облигация бойынша табыс төлемінің саны.

Сол немесе басқа борыштық міндеттемелерді жауапкершілігіне алу кезінде бухгалтерлік есеп шоттарында төмендегі жазулар жазылады:

а)борыштық міндеттемелері үшін қаражаттар аудару кезінде:

Дт - № 3540б, 4430б "Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу" субшоты.

Кт - № 1040, 1050 "Ағымдағы банктік және валюталық шоттарындағы ақшалар" төлем түріне байланысты.

б)сатып алу нақтылығы расталған кезде:

Дт - №1150, 2040 "Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар"

Кт - №3540б, 4430б "Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу" субшоты.

Егер облигациялар өсу пайыздарына сәйкес сатылса, онда пайыздарды төлеу күндерімен сәйкес келмейтін күндері оларды сатып алу кезінде сатушы мен сатыпалушы өздерінің арасында тиісті соманы бөліп алуы тиіс. Сатушы сатып алушыға облигацияның нарықтық құнынан басқа олардың соңғы төлемі кезінен өткен мерзімге тиесілі пайыздар төлейді. Пайыздарды төлеудің кезекті мерзімі келгенде алушы оларды толық пайыздық кезең үшін алады.

Алушының  бухгалтерлік есебінде бул операциялар  төмендегіше бейнеленеді:

а)олардың соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пайыздардың 
сомасы мен құнына қоса, облигацияның сатып алу құнына алынатын облигация үшін қаражаттардың аударылу кезінде:

Дт - № 3540с, 4430с "Сатып алу құнымен операциялар жүргізу" субшоты.

Кт - № 1040, 5010 "Ағымдағы банктік және валюталық шоттарындағы ақшалар" төлем түріне байланысты.

б)облигация сатып алушының билігіне көшу кезінде: 
Дт -№ 1150, 2040 "Қысқа және ұзақ мерзімді  қаржылық инвестициялары"

№ 1630, 2940 "Өзге қысқа және ұзақ мерзімді активтер" шоты бойынша оларды соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пайыздар үшін жазылады.

Кт - № 3540с, 4430с "Сатып алу құнымен операциялар" субшоты,

в)пайыздармен болатьш кейінгі операциялар:

Дт - № 3540с, 4430с "Сатып алу құнымен операциялар жүргізу" субшоты толық кезекті пайыздық кезеңге тиесілі пайыздар.

Кт - № 1630, 2940 "Өзге қысқа және ұзақ мерзімді активтер" шоты бойынша оларды соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пайыздар үшін жазылады.4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, қорыта келе,  бағалы қағаздар дегеніміз — әлеуметтік –экономикалық қатынастар процесінде (өндіруші мен тұтынушы арасындағы) және қаржы нарығында айналыста болатын, табыс әкелу қабілеттіліктерімен көрінетін, сонымен бірге, шаруашылықты тиімді жүргізуге қатысатын жалған өзгеше тауар болып табылады.

Информация о работе Багалы кагаздар