Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 18:14, реферат
Курстық жұмыстың мақсаты басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері қарастыру. Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Еесептік ақпараттарды қолданушыларды анықтау;
- басқарушылық есептің мақсаты мен міндеттерін қарастыру;
- басқарушылық есеп қызметтерін айқындау.
КІРІСПЕ 3
1. ЕСЕПТІК АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР 6
2.БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 9
3. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕП ҚЫЗМЕТТЕРІ 14
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
Қосымша А - Басқарушылық есептің экономикалық мазмұнын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 23
Қосымша Ә - Басқарушылық есептің мақсаттарын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 24
Қазақстан Ресубликасының Білім және ғылым министрлігі
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері
Орындаған: ________ тобының
студенті ____________________
Тексерген:
____________________________
КІРІСПЕ 3
1. ЕСЕПТІК АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР 6
2.БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 9
3. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕП ҚЫЗМЕТТЕРІ 14
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
Қосымша А - Басқарушылық есептің экономикалық мазмұнын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 23
Қосымша Ә - Басқарушылық есептің мақсаттарын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 24
Экономикасы жоғары
дамыған елдерде нарық
Басқарушылық есепті ұйымдастыру мен жүргізу ұйым басшыларының жедел және стратегиялық шешім қабылдауына керекті қаржылық және өндірістік ақпараттарды сәйкестендіру, өлшеу, талдау, дайындау, түсіндіру және ұсыну процесі болып табылады.
Бұл анықтама халықаралық стандарттарға сай және ұйымды басқару үшін есептің мәні мен мазмұнын ең толық сипаттайтын түсінік. Осыған сай басқарушылық есеп ұйымның, оның бөлімшелерінің қызметін стратегиялық басқаруды, бағалауды, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен бақылауды, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы бизнесті басқару үшін қажетті ақпаратты жедел қалыптастыру мен пайдаланудың барлық жүйесін қамтиды. Бұл жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі, оның ішінде ұйымды басқару үшін пайдаланатын бөлігі басқарушылық есебіне кіреді.
Ғалымдар мен экономисттердің арасында басқарушылық есепті бухгалтерлік есеп жүйесінде және онан тыс та қарайтын әртүрлі көзқарастар бар. Соңғы жылдары басқарушылық есеп кәсіпорын қызметінің қаржылық есебімен, яғни шығындар мен қаржылық нәтижелер, борыштық талаптар мен міндеттемелер, материалдық қорлар мен төлем тәртібін бақылаумен ғана шектеледі. Бірақ өндіріс, өткізу және жабдықтау, сонымен қатар басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау, оның ішінде кәсіпорын үшін маңызы жағынан кем түспейтін өндірістік инвестициялармен байланысты шешімдер басқарушылық есеп өрісінен тыс қалып қалады.
Басқарушылық есеп шаруашылық
қызметтерінің нәтижелері бойынша
басқарылатын әрбір объектінің есептік
жүйесі, жопарлауы, бақылауы мен шығындары
туралы мәліметтерді талдауы болып
көрінуі, соның негізінде ұзақ және
қысқа мерзімді уақытқа ұйымның
қызметін оңтайландыру мақсатында әртүрлі
тиімді басқарушылық шешімдерін жедел
қабылдау үшін ақпараттың негізі болып
саналады. Себебі бұрын бухгалтерлік
қызмет ешқашан жедел және стратегиялық
жоспарлау мен бюджеттендіру, жабдықтау,
өндіріс пен өнімді өткізуді басқару
үшін ақпараттарды дайындаумен айналыспаған.
Бірақ, соңғы кезде экономикалық
ақпаратты қалыптастырудың
«Басқарушылық есеп» түсінігі
(management aceounting) ағылшын тілінен аударылған
және біршама қарама қайшылықтарға
ие. Мәселен, басқарудың классикалық
теориясы тұрғысы бойынша кез
келген есеп басқару функциясы болып
табылады. Сондықтан бұл анықтама
басқарушылық есептің толық мазмұнын
сипаттай алмайды. Сонымен басқарушылық
есеп сұрақтарын теориялық және тәжірибелік
жағынан қарастыру кезінде
Басқарушылық есеп құрамдас
бөлік ретінде XX ғасырдың 50-ші жылдарында
құралды. Осы уақыттан бастап ол АҚШ-тың,
соңынан әлемнің басқа
Есепті-аналитикалық шетел әдебиеттерінде басқарушылық есепті ұйымдастыру теориясы мен тәжірибесіне жеткілікті көңіл бөлінген. Соңғы жылдары Қазақстанда орыс және қазақ тілдерінде біршама монографиялар, оқулықтар мен статьялар, сонымен қатар басқарушылық есеп бойынша әйгілі еңбектердің аударма басылымдары шықты.
Басқарушылық есептің принципиалды ерекшелігі шығындар мен табыстарды тек жалпы кәсіпорындар бойынша ғана емес, сонымен қатар оларды ұйым ішінде қалыптастыру орындары және жауапкершілік орталықтары бойынша анықтау болып табылады. Ол өз алдына менеджерлердің жауапкершлігін арттырып, өнімнің тиімділігіне әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жағдайда басқарушылық жұмысын бюджеттеу, жоспарлау, талдау, бақылау және жетілдіру үшін кез – келген ұйымның басқарушылық есебін жүргізудің қажеттігі мейлінше маңызды. Оның үстіне, нарықтық экономиканы қалыптастыру міндеті халықаралық рынокқа шығу үшін экономикалық дамудың көптеген пайымдамаларын халықаралық стандарттар тұрғысынан қайта қарауды қажет етеді.
Басқарушылық есепті қалыптастырудың маңыздылығы Қазақстанның әлемдік нарықтық қоғамдастыққа кіруіне және соған орай басшылықтың белгілі бір шешім қабылдауы үшін қажетті ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқарушылық есепті ұйымдастыруға жаңа талаптар қойылуына байланысты болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері қарастыру. Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Еесептік ақпараттарды қолданушыларды анықтау;
- басқарушылық есептің мақсаты мен міндеттерін қарастыру;
- басқарушылық есеп қызметтерін айқындау.
Жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып бухгалтерлік есеп саласындағы Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, отандық және шетел ғалым-экономистерінің оқулықтары, кезекті басылым мақалалары табылады.
Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші есептік ақпараттық қолданушылар және олардың түрлері қарастырылады. Ал екінші бөлімде басқарушылық есептің мақсаттары мен міндеттері анықталды.. Үшінші бөлімде басқарушылық есептің негізгі қызметтері қарастырылды.
Нарықтық экономика кезінде бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:
Кесте 1 - Есептік ақпаратты қолданушылар
Экономика түрі |
Пайдаланушылар | |
|
ішкі |
сыртқы |
Әкімшілік |
Кәсіпорын әкімшілігі |
Салықтық органдар, министрліктер, статистика органдары мен басқадай мемлекеттік органдар |
Нарыктық |
Кәсіпорынның басқару қызметкерлері |
Инвесторлар, қызметкерлер, қарыз берушілер, жабдыктаушылар, сатып алушылар, мемлекет, коғамдастык |
Ішкі пайдаланушылар - жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау кезінде есептік ақпаратты барлық деңгейде қолданатын басқару қызметкерлері; меншік иелері, құрылтайшылары, директорлар кеңесі, менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік [1,10 б].
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық мүддесі бар басқа жақтағы сыртқары пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару қызметкерлері (басшылығы) дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретін, ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады.
Бухгалтерлік есептің
тармаққа бөлінуінің қызықты концепциясын
«Бухгалтерский учет в зарубежных странах»
кітабының авторлары береді. Олардың
пікірлері бойынша, алғашқы ақпараттың
тағайындалуының өзі есептің
түрлерге бөлiнуiне негіз болады. Есептің
алғашқы өнімі болып « есеп
жүйесінің ішкі құрылымында табылатын,
ақпараттардың мазмұнынына
Сонымен қатар кәсіпорында бухгалтерлік есеп тармағын құру процесі суреттелген сызба 1-суретте берілді.
Ақпаратқа тапсырыс
Сурет 1. Ақпаратты пайдаланушылар үшін есеп өнімі ретінде [3, 25 б].
Суреттен көргеніміздей, мәлiмет шығуында құрылған ақпарат басшылар тарапынан сүзгіге (фильтрация) ұшырайды, әр бірі тек бір ғана пайдаланушының, жеке басшылардың қолдануына рұхсат етілген және бір мезетте бір бірінен оқшауланатын, ақпараттардың жеке кесіндісінің пайда болуын шарттайды.
Осы сызбаға сүйене отырып, авторлар басқарушылық есептің экономикалық мазмұнын жүйелі тәсіл көзқарасында ашады: «Шешім қабылдау үшін, басқару аппараты қолданатын, бухгалтерлік ақпараттың бөлігі, басқарушылық есеп деп аталатын, бухгалтерлік есептің шартталған жүйесі арқылы жасалады» [3, 24 б].
Тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: бар және болуы ықтимал инвестициялар, банктер, жабдықтаушылар, жалдамалы еңбеккерлер және т.б. Қаржылық есептің мәліметтері бойынша олар ұйымның қаржылық келешегі мен төлем қабілеттілігі туралы қорытынды жасайды, мысалы:
- инвесторлар өздерінің
күрделі қаржы салымынан
- банктерге несиеленген
қаражат қайтадан өзіне
- жабдықтаушылар және
басқа кредиторлар оларға
- сатып алушылар ұйым қызметі туралы, әсіресе егер олар ұзақ мерзімді негізде байланысты болса, ақпарат алуға мүдделі;
- жалдамалы жұмысшылар
өзінің жұмыс берушісінің
Жанама қаржылық мүдделі сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: мемлекеттік және муниципиальды мүлікті басқаруға уәкілетті органдар, салықтық және қаржылық органдар, мемлекеттік статистика органдары, аудиторлық ұйымдар мен басқа пайланушылар (қоғамдық ұйымдар, қор биржалары, ғылыми кеңесшілер және т.б.).
Мемлекеттік органдар мен олардың ұйымдарын ресурстардың орналасуы ұйым қызметі қызықтырады. Оларға ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік реттеу салықтар мен салық саясатын белгілеу, әр қилы статистикалық көрсеткіштер мақсаты үшін керек.
Қоғамдастық ұйым қызметінің тұтастай экономикалық және әлеуметтік ахуалына азаматтардың өміріне (мысалы, ұйым жұмысқа қамтуда ұлғайтып, табиғат қорғау шараларын жүргізіп, аймақтың экономикалық өміріне елеулі үлес қосады) ықпал етуін бағалау үшін ақпарат алуға ынталы.
Басқа сыртқары ақпарат пайдаланушыларға карағанда, салық және қаржы органдары есептік қана емес, басқа да салық телеудің дұрыстығын тексеру үшін қажетті; ұйымның басқа да есептік ақпаратын алуға құқылы.
Басқа сыртқары пайдаланушыларға бухгалтерлік есеп мәліметтері, әдетте ұйымның қаржылық жағдайын бағалау үшін қажет. Олар бұл мәліметтерді тікелей ұйымнан немесе мемлекеттік статистика органдарынан ақы төлеп ала алады [4, 56 б].
Нарықтық экономика жағдайында толық шаруашылық және қаржылық дербестік берілген кәсіпорынды басқару процесі едәуір қиындады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп жүйесі алдындағы тұрған міндеттер де күрделенді. Әкімшілік жүйенің бухгалтерлік жүйесі бүгінде қазіргі замандағы «ақпараттық» кәсіпорынның талаптарын қанағаттандыра алмаушы еді. Жаңа айтылғандай, бухгалтерлік қызметтің дербес саласы жағдайында қаржылық және басқару делініп бөлінетін басқару есебі сөзсіз болады.
Қаржылық есепте кәсіпорынның нарық субъектісі ретіндегі шаруашылық серіктерімен, банктермен, салық жүйесімен және басқа сыртқы ұйымдарымен шаруашылық қатынастары, яғни кәсіпорын қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты сыртқы бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштері болып көрсетіледі, өңделеді және жинақтап қорытылады.
Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең алдымен кәсіпорынның ішкі операцияларында қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын, менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа тікелей кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқадай талаптар қойылады. Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның комме-циялық құпиясы болып табылады.
Сонымен қатар, баскару есебі әдетті бухгалетерлік есептен мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға (мемлекет, банк, іскер серіктерге) арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Сондықтан егер бухгалтер есеп беру мен нұсқаудың түрлерін қатаң сақтауға тиіс болса, ал басқару есебі жөніндегі маман талдаудың түрлерін, тәсілдері бастысы - кәсіпорындағы экономикалық процестер барысының мәнін дұрыс ұғыну мен басшыға уакытылы кеңес беру. Басқару есебі - жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджерлерге көмектесу мақсатымен қаржылық ақпарат беру, басқаруды ақпараттық қолдау жүйесінен басқа ештеңе емес.
Информация о работе Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері