Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 18:14, реферат

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері қарастыру. Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Еесептік ақпараттарды қолданушыларды анықтау;
- басқарушылық есептің мақсаты мен міндеттерін қарастыру;
- басқарушылық есеп қызметтерін айқындау.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЕСЕПТІК АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР 6
2.БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 9
3. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕП ҚЫЗМЕТТЕРІ 14
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
Қосымша А - Басқарушылық есептің экономикалық мазмұнын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 23
Қосымша Ә - Басқарушылық есептің мақсаттарын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 24

Работа состоит из  1 файл

Курс_Басқарушылық есеп.docx

— 74.95 Кб (Скачать документ)

Бақылау және реттеу. Бақылау  мен реттеу процесін жүзеге асыру  үшін жұмыс нәтижелері туралы есептерде  жинақталатын басқарушылық есеп мәліметтері  пайдаланылады. Мұнда өз жұмысының  нәтижелеріне жауап беретін кәсіпорын  бөлімдері ретінде анықталған болуы  мүмкін, әрбір жауапкершілік орталығы үшін нақтылы нәтижелер мен жоспарланған көрсеткіштерге салыстырмалы талдау беріледі. [12, 11б]

Бухгалтер – талдаушы өндірістің белгілі бір нәтижелерінің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу жағдайлары туралы басшылықты хабардар ете отырып, бақылау және реттеу процесінде үлкен  рөл атқарады. Ол өндірістік нәтижелерге  жедел талдау жүргізіп және өндірістің осал тұстарын анықтай отырып, бақылау  және реттеу процесін жүзеге асыруға  көмектеседі. Бұл кәсіпорын басшылығының өндірістің қай бөлімшесінде жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмай  қалу қауіпі барлығын назарда ұстауға  мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру жұмысы. Ұйымдастыру  құрылымы аясында өкілеттіктерді, бағыныштылықты және маманданушылықты бөлісу мәселелері шешіледі – бұл өндірістің тиімді жұмыс істеуі үшін қажет. Ал, басқарушылық есеп жүйесі соның нәтижесінде ол бухгалтерлік есеп жүйесі ретінде құрылып  және жұмыс істейтін жауапкершілік  орталықтары бойынша өндіріс  шығындарын анықтаумен айналысады.           

Іскерлік байланыстар (ақпараттар алмасу). Басқарушылық есеп ақпараттар алмасу мен есеп берудің тиімді жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру жолымен іскерлік байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Мысалы, жоспарлар жасалып және оны жүзеге асыруға жауап беретін басшыларға дейін жеткізіледі. Бұл ақпарат сол уақытта олардың әрбірі оның іскер әріптесі қандай жағдайда әрекет ететіндігі туралы олардың арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру көзқарасы тұрғысынан әртүрлі құрылымдық бөлімдер жетекшілері үшін пайдалы болуы мүмкін. Өндірістік жоспарлардың орындалу барысы туралы бухгалтерлік мәліметтер, басшылық жасау қаншалықты сәтті жүзеге асырылуда және қандай мәселелер егжей-тегжейлі қарастыруды талап ететіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік туғызатын, жетекшіге маңызды ақпарат береді.

Ынталандыру. Оларды пайдалану  туралы жоспарлар мен есептер  кәсіпорын персоналының қызметін ынталандыруда  үлкен рөл атқарады. Жасалған бизнес-жоспарлар  алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде  кәсіпорын жетекшісін соған ынталандыра  білетіндей етіп құрылуы тиіс. Жоспарлардың орындалуы туралы есептер, нақтылы нәтижелерді жоспармен салыстыру жолымен қандай көрсеткіштерге қол жеткізуге болатынын хабардар ете отырып, еңбек өнімділігін арттыруда қол жеткізілген жеке көрсеткіштерді дәлелдеуге шақырылған. Бухгалтер-талдаушы, егжей-тегжейлі қарастыруды талап ететін әлеуетті басқарушылық проблемалары мен басқа да бірсыпыра мәселелерді анықтауға үлкен көмек көрсете отырып, кәсіпорын персоналы қызметін ынталындыруға әсерін тигізеді. Ол жетекшінің бақылау және реттеу процесінің тиімділігін арттыру үшін негіз қалайды.

Басқарушылық есепті ұйымдастыру деп ұйым басшыларының, басқару қызметтерінің тиімді атқарулары үшін, ішкі пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында, басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесін үнемі реттеу мен жетілдіруге арналған мақсатты бағытты қызметі түсініледі.

Басқарушылық есепті ұйымдастыру, ұлттық қажеттілікке сәйкес және мақта  тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындарының салалық ерекшеліктерін есепке алатын ғылыми қағидаларға негізделуі керек.

Есепті-аналитикалық әдебиеттерде жүйелі түрде басқарушылық есепті ұйымдастыру  қағидаларына,  оның мәні, мақсаттары мен мiндеттерi сияқты көп көңіл  бөлінбеген.

Э.ғ.д., профессор К. Т. Тайгашинова  басқарушылық есебінің қағидалары туралы «ол қажеттіліктен туындайтын жеке таңдау, өйткені, басқарушылық есептің қағидалары басқарудың табиғаты мен мақсатына қарай өзгеріп отырады»,-дейді [15, 34 б].

Ал, э.ғ.к., доцент В. Л. Назарова басқарушылық есебінің қағидаларын былайша топтайды « басқарушылық есебінің қағидалары мыналар: ұйым іс әрекетінің үздіксіздігі; жоспарлау мен есептеуде бірдей өлшем бірліктерін пайдалану; құрылымдық бөлімшелер мен тұтастай ұйым қызметінің шығындары мен нәтижелерін бағалау мен жалдау; жинау, өндеу мен беру барысында бастапқы және аралық мәліметтердің жалғасты сабақтастығы мен көп мәрте қолданылатындығы; ұйым ішіндегі қатыныс жүйесін ұйымдастыру; ұйымның өндірістік және коммерциялык циклдарын көрсететін мерзімділік; шығындар мен нәтижелерді сметалық басқару» [1, 31 б].

Сондай-ақ, басқарушылық есебінің қағидаларына отандық және жақын шет ел ғалымдары: В. Е Ластовецкий, С. А Николаева, М. С Бобижанов, А. А.Сатмурзаевтардың, ғылыми еңбектерінде кеңінен талдау жасалынған. [16]

Басқарушылық есепті ұйымдастыру қағидалары, біріншіден, тұтасымен басқарушылық және есеп-қисаптық есептің өзара байланысын қамтамасыз етуі, екіншіден, осы есепке тән ерекше әдістерді, тәсілдерді сипаттауы қажет.

Есепті – аналитикалық әдебиеттердің сынақ талдауы  мақта тазалау кәсіпорындарында басқарушылық есепті ұйымдастырудың негізгі  қағидаларын  қалыптасыруға мүмкіндік  берді. Басқарушылық есепті ұйымдастырудың ұсынылатын қағидалары 2-кестеде клетірілген.

 

Кесте 2 - Басқарушылық есепті ұйымдастырудың ұсынылатын қағидалары

 

Ұйымдастыру

қағидалары

Қағида мазмұны

1

2

  Тәуелсіздік

  Қаржылық есеп қатынасында басқарушылық (өндірістік) есеп толық ұйымдастырушылық  тәуелсіздігін сипаттайды.

  Көрсеткіштердің салыстырмалылығы

  Қаржы  мен басқарушылық есеп  шығындар мен нәтижелерді өлшеу  мен бағалаудың біріңғай тәсілін  талап етеді, ол есептің екі  жүйесінде де көрсеткіштер арасындағы  логикалық және есепті байланысты  қамтамасыз етеді.

  Жүйелілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақта тазалау кәсіпорындары белгілі  жағдайда өзара және сыртқы ортамен  байланысты, бірқатар құрылымдық бөлімшелерден (элементтерден) тұратын күрделі  динамикалық ұйымдастыру жүйесі ретінде қарастырылады. Басқарушылық есепті ұйымдастыруда бұл элемент  – қаражаттарды жұмсаудың жауапкершілік  орталықтары. Бұл қағида мақта тазалау  кәсіпорындарын, жауапкершілік орталықтарының барлық ішкі және сыртқы байланыстарын, оның жекелеген элементтерінің өзара  тәуелделігі мен өзара бағынуын есепке ала отырып зерттеуді қарастырады.

  Бухгалтерлік есептің бас-тапқы  мәлметтерінің сеп-тестігі және  көп пайдала-нылуы

 

 

  Мәліметтерді бастапқы және жинақ  құжаттарында немесе өндірістік  есептерде бір рет тіркеуге  және оларды, басқарушылық қызметтің  барлық түрінде, қайта тіркеусіз  немесе есептеусіз көп рет  пайдалануға негізделеді. 

  Бұл қағиданы жүзеге асыру,  мәліметтердің минималды санынан   басқарушылық шешімдерге қажетті  мәліметтердің максималды санын  алуды көрсетеді. Осы қағида  кәсіпорында, оның көлеміне, мөлшері  мен өндірістік қызметтің сипатына  сәйкес есепке алудың ұтымды  ұйымдастыру жүйесін құруға мүмкіндік  береді

  Бюджеттеуге (жоспарлылық) бағыттылық

Ұйымдастыру құрылымының бюджеті (сметалар)  кәсіпорын қызметін және оның құрылымдық бөлімшелерінің, жауапкершілік орталықтарының қызметтерін жоспарлау-дың, бақылаудың және реттеудің құралы ретінде құру қабілетін көрсетеді

  Жеделділік 

Кәсіпорынның  құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің нәтижелерін бағалау- басқарушылық есеп жүйесін құрудың негізін  қалайтын қағидалардың бірі. Бұл  қағида  басқарушылық есептің бөлімшелерді, олардың жұмыстарының (қызметтерiнiң) тиімділігін бағалау негізінде  жедел басқару қажеттіліктеріне икемді болуы керек екендігін  көрсетеді. Соңында, бұл өндірістен өнімді өткізуге дейін, кәсіпорын пайдасын құруда әрбір бөлімшенің тенденциясы  мен болашағын анықтауға мүмкіндік  береді


2-кестенің жалғасы

  Іскерлік

Өндіріс барысына және оның нәтижесіне кері байланыс контуры арқылы дер кезінде және белсенді әсер ету мүмкіндігін анықтайды. Бұл қағида өндіріс көлеміне, жоспар мен сметаны (бюджеттер) орындаудағы  әрбір бөлімшенің меншікті шығындар мен пайдасына бақылауды ұйымдастыруды  қарастырады. Бақылаудың ішкі жүйесінің  төрт негізгі қызметі - өлшеу, коммуникация, бағалау мен мотивация - бөлімше  өз мүддесі үшiн, кәсіпорынның ұйымдастырылуы мен құрылымының ерекшеліктерін есепке алуы керек

  Тиімділік

Бұл қағидада мақта тазалау кәсіпорындарының барлық құрылымдық

бөлімшелері, жауапкершілік орталықтары, сфералары мен сегменттері бойынша  шығындарын, өнім шығаруын және нәтижелерін (пайдасы) үнемі өлшеу жүргізілетін есепті ұйымдастыру сипатталады

және осылайша олардың тиімділігі анықталады.

  Коммуникативтілік  және демократия-лық

Басқарушылық  есеп бастапқы есеп мәліметтері бойынша, ішкі есептің көрсеткіштерін, барлық басқарушылық қызметтерді орындауда  басқарудың барлық деңгейлері арасындағы коммуникациялық байланыстардың негізі болатындай етіп құруға қабілетті болуы  керек. Бұдан тағы да бір принцип  шығады - басқарушылық есепті кәсіпорын  ішіндегі коммуникация жүйесі ретінде  ұйымдастыру. Демократиялық жұмысшылар мен менеджерлердің басқару функцияларын орындау процесіне қатысуын ұйымдастыру  мүмкінділігін қарастырады

  Ақпарат жеткілік-тілігі толықтығы,  және  талдамалы-лығы

Басқарушылық  есеп жүйесінің басқарудың кез келген тармағын кез келген ақпаратқа (есепті, нормативті-анықтамалық, жоспарлы) деген  қажеттілігін қанағаттандыру, ақпаратты  талдауға ыңғайлы, қосымша аналитикалық өңдеуді қажет етпейтін етіп және көлемі бойынша басқару қызметін: жоспарлау, бақылау, бағалау және реттеу жүзеге асыруға жеткілікті көлемде  дайындау қабілетін көрсетеді

  Мерзімділік 

Құрылымның, кәсіпорынның басшылары мен менеджерлерінің  мәліметтік сұрауларының мерзімділігіне (күнделікті, апта сайын, онкүндік сайын, ай сайын және т.б.) бейім болу қажеттiлiгін сипаттайды

  Калькуляциялау әдістерінің толықтығы

Басқарушылық  есепті құру стандарт-костинг және директ-костингті пайдалану мүмкіншілігін  қамтамасыз ету керек. Бұл қағида жауапкершілік орталықтарының менеджерлері тарапынан шығындарды ауыспалы және тұрақты, реттелетін және реттелмейтін, бақыланатын және бақыланбайтын деп бөлуге, шектеу жұмыстарын алдын ала ұйымдастыруды, сонымен қатар шығындардың ұтымды мөлшерлерін дайындауды талап етеді.


2 - кестеден байқағанымыздай, көрсетіліп отырған қағидалар, басқарушылық есебінің (жоспарлау, есеп, бақылау, талдау және шығындар  мен кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау) тұтас ұйымдастыру процесін қамтып отыр.

Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқарушылық есебінің ісі болып шығады.  Басқарушылық есеп - қисап бөлімінде кәсіпорын жауапкершілік орталықтары бойынша қаражаттарды жұмсаудың қаржылық нәтижелерін анықтай алады.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

«Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері» тақырыбына жазылған курстық жұмысты қорытындылай келе, төмендегідей түйіндер жасауға болады.

Нарықтық экономика кезінде  есептік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:

ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын құрамындағы  пайдаланушылар;

сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар.

Барлық ұйымдар мен  қызметтер өз қызметінде белгілі  бір мақсатты көздейді. Оларға жету үшін бухгалтер басқару есебі жөніндегі мамандар - бухгалтер-талдаушылар ұсынатын қажетті ақпаратты білуі керек. Есептің бұл түрі - кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің бөлігі, ол басқаларға қарағанда жуықта пайда болуы, дәстүрлі қаржылық есеппен ортақ белгілері бар, алайда соңғысына қарағанда, міндетті болып табылмайды. Ол үшін жалпы қабылданған есептік принциптер маңызды емес, оның мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға емес, мүдделері жеке-жекеленген және бұрыннан белгілі болуы мүмкін, ақпаратты ішкі пайдаланушылар үшін арналған.

Басқарудан айырмашылығы, қаржылық есептің мәліметтерін ақпаратты сыртқы пайдаланушылар қолданады, сондықтан олар стандартталған және жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.

Басқарушылық есеп – бұл басқару қызметін тиімді атқаруға, атап айтқанда, шешім қабылдау, жоспарлау, талдау, бағалау, бақылау мен реттеуге қажеттi ақпаратпен  қамтамасыз ететін, басқарудың жалпы жүйесіне жекеленген және интеграцияланған бухгалтерлік есептің бөлігі. Бұл процесс фирма ішінде өздерінің қызметін атқару үшін басқарушылық аппаратқа қажетті мәліметтерді теңдестіруді, өлшеуді, жинауды, жүйелеуді, талдауды, дайындауды, интерпретациялауды, беру мен қабылдауды қамтиды

Басқару есебінің мәні - объектілер мен мәлімдемелердің өндірісті басқарудың толық процесіндегі жиынтығы.

Басқару есебінің объектілері - ұйымның шаруашылық қызметінің шығындары  мен қорытындылары; баға белгілеу, бюджеттеу  мен ішкі есептілік.

Басқару есебінің міндетті мыналар  болып табылады: есеп, жоспарлау, бақылау, үйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің шығындары мен нәтижелері туралы мәліметтерін талдау мен бағалау; қажетті басқару шешімдерін шұғыл қабылдау үшін ақпарат ұсыну.

Талдауды өңдеу үшін басқарушы есептік және ақпараттық жүйеде жиналатын мәліметтер. мынадай талаптарға сай болуы тиіс: атаулылық, оперативтілік, дер кезінде, айқын сенімділік релеванттық (ақпарттық сауал мен алынған хабар мазмүнының сай келуі), пайдалылық, мерзімінен бұрын, талдамалылығы, түсініктілік, икемділік, бастамашылдық, үнемділік, жүйелі түсу.

Басқару есебінің принциптері  мыналар: ұйым іс-әрекетінің үздіксіздігі; жоспарлау мен есептеуде бірдей өлшем бірліктерін пайдалану; құрылымдық бөлімшелер мен тұтастай ұйым қызметінің шығындары мен нәтижелерін бағалау мен жалдау; жинау, өндеу мен беру барысында бастапқы және аралық мәліметтердің жалғасты сабақтастығы мен көп мәрте қолданылатындығы; ұйым ішіндегі қатыныс жүйесін ұйымдастыру; ұйымның өндірістік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділік; шығындар мен нәтижелерді сметалық басқару.

Басқару есебінің қызметтері:

1. Кәсіпорынның болашақ дамуын болжамдау.

2. Жедел басшылық ету.

3. Жедел бақылау мен кәсіпорын жұмысын бағалау.

Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметі басқару есебінің міндетті қызмет аясына сәйкес келеді. Бұларға  мыналар кіреді: жеке бөлімшелер мен  тұтастай кәсіпорынның жоспарларын (бюджеттерін) жасауға қатысу; жоспарды орындау  туралы шынайы есептер жасау мен  жоспарланған және жеткен нәтижелерге салыстырмалы талдау жүргізу; ұйымды басқару үшін ақпараттық негіз жасау.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. -Алматы: Экономика, 2005,-298 б.
  2. Сатубалдин С.С. Учетные системы транзитной экономики.- Алматы: GAUHAR, 2003.- 206 с.
  3. Бухгалтерский учет в зарубежных странах. Учебник. /Я.В.Соколов, Ф.Ф.Бутынец, Л.Л.Горецкая, Д.А.Панков. отв.ред.Ф.Ф:Бутынец.-М.:ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-664 с.
  4. Ивашкевич В. Б. Бухгалтерский управленческий учет: Учеб.для вузов. -М.:Юристъ, 2003.- 618 с.
  5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. Пер. С англ./ под ред Я.В. Соколова.-М.: Финансы и статистика, 2000.- 465 с.
  6. Управленческий учет /Под ред. В.Палия Р.Вандер Вила. -М.: ИНФРА-М, 1997.- 658 с.
  7. Нидлз Б. и др. Принципы бухгалтерского учета / Б. Нидлз, Х. Андерсон, Д.Колдуэлл: пер. С англ./ Под ред. Я.В. Соколова.- 2-е изд., стреотип.- М.: Финансы и статистика, 2000.-425 с.
  8. Скоун Т. Управленческий учет. / Пер. См англ. Под ред. Н.Д. Эриашвили. -М.: Аудит, ЮНИТИ,1997.-623 с.
  9. Ткач В.М., Ткач М.В. Управленческий учет: Международный опыт.-М.:Финансы и статистика,1994.-758 с.
  10. Тасмағанбетов Т.А. Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. Оқу құралы. - Алматы: Дәуір, 2002.-568.
  11. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Изд.3 доп. и перераб. -Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002.-727 с.
  12. Мадиева Қ. С. Басқару есебі - 1. Оқу-әдістемелік құралы. - Қарағанды: ҚҚЭУ, 2009. – 160 бет.
  13. Сейдахметова Ф.С Бухгалтерский учет в современных условиях.- Алматы: Издательство «LEM», 2001.-356 с.
  14. Тайгашинова К.Т. Управленческий учет логистических издержек.-Алматы:,Экономика,2006, С.6-7.-205 с.
  15. Тайгашинова К. Т. Методические и теоретические основы управленческого учета (теория и методология).-Алматы,-2002- 280 с.
  16. Ластовецкий В. Е. Учет затрат по местам и центрам ответственности. // Учет и экономический анализ в условиях современных форм хозяйствования / Под ред. д.э.н., проф. А.Д. Шеремета.-Москва,1990.-140 с.

Информация о работе Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері