Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 18:14, реферат
Курстық жұмыстың мақсаты басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері қарастыру. Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Еесептік ақпараттарды қолданушыларды анықтау;
- басқарушылық есептің мақсаты мен міндеттерін қарастыру;
- басқарушылық есеп қызметтерін айқындау.
КІРІСПЕ 3
1. ЕСЕПТІК АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР 6
2.БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 9
3. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕП ҚЫЗМЕТТЕРІ 14
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
Қосымша А - Басқарушылық есептің экономикалық мазмұнын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 23
Қосымша Ә - Басқарушылық есептің мақсаттарын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 24
Басқару есебін назар үйіру деп те айтуға болады. Сонымен қатар уақыты шектеулі менеджерлерге өздері білетін немесе күтетіні жайлы тыңдайтын уақыты жок. Олар барлығын бақылай алмайды, сондыктан оларға жоспар бойынша жүріп келе жатқан істер жайлы ақпарат маңызды емес, яғни басқару есебінің мәні - түзетуді талап ететін өрісті айқындау.
Қаржылық есептің басым міндеті - алғашқы бірінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған.
Бухгалтерлік басқару есебінің міндеті - екінші және үшінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған, тікелей өндіріс ауқымындағы істердің жайы туралы нақты ақпарат болуы тиіс.
Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шыгыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.
Басқарушылық есептің экономикалық мазмұны оған тән мінездемелер арқылы ашылады, олар: икемділік; соңғы нәтижеге нақты бағыттылық; өзіндік құнның әр түрлі категориясымен қызмет; шарттылық, автономдық [5, 120 б]. Біздің пiкiрiмiзше, бұл мінездемелер кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастыру қағидаларын анықтауда ғылыми мәнге ие болады.
Белгілі қазақстандық ғалымдардың бірі, академик С. С. Сатубалдин басқарушылық есептің экономикалық мәніне, оны өндіріс шығындарын басқарумен тікелей байланыстыра отырып, ерекше анықтама береді; «басқарушылық есеп – менеджерді, ағымды және стратегиялық жоспарлау, ресурстарды тиімді пайдалану және компания мен оның бөлімшелерінің қызметін бағалау мақсатында шешімдер қабылдауға қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін, компанияның өнімінің шығындарын басқару тармағы» [2, 26 б].
Сонымен қатар С. С. Сатубалдин В. Николаевамен берген анықтамасымен, «Компаниядағы басқарушылық есеп - фирманың басқару аппаратын тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында, шешім қабылдауға қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жүйе» [2, 26 б]. Бұл басқарудың жеке жүйесі емес, шығындарды басқарудың тармағы деген түзету енгізе отырып келіседі.
Қазақ тіліндегі әдебиеттерге
келетін болсақ, ең бірінші болып
2002 жылы Т.Тасмағанбетовтың «Басқарушы
есеп, стратегиялық жоспарлау және
талдау» деп аталатын кітабы жарық
көрді. Ол «басқарушы», «басқарушылық
шешім» терминдеріне сүйене отырып «басқарушы
есебі» терминін енгізді. Ал Қазақстанның
жоғарғы оқу орындарының оқу
бағдарламаларында «
Т.Тасмағанбетов өзінің монографиясының мақсатын төмендегiдей анықтайды: «... бұл еңбекте басқарушы есепті жас экономикалық ғылым (оқу құралы) ретінде жаңаша тұрғысынан көрсетуге талпыныстар жасалып отыр» [10, 4 б]. Осы жерде басқарушылық есептің экономикалық мазмұны мен мақсатын анықтайды: «бір жағынан, басқарушы есеп - бұл шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі, басқа жағынан,-қызметтерді (жұмыстарды) жоспарлау мен шешім қабылдау үшін басшыны қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, жедел түрде басқару мен бақылауға көмек беру, белгіленген бағдарламаны орындау барысында шаруашылық субъектінің қызметкерлерін ынталандыру, ұйым ішіндегі басқару аппаратының, жеке қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін (жұмыстарын) бағалау мақсатындағы жасалатын іс әрекет. Осыдан келіп, басқарушы есептің мақсаты болып, өткен құбылыстарды талдау негізінде болашаққа ұсыныстар жасау болып табылады. Міне, сондықтан басқарушы есепті кей кезде болашаққа талдау жасау деп те айтады» [10, 4 б]. Соңғы сөйлемде осы орайда В.Палий мен Р.Вандер Вил айтқан келесі ой пікір қайталанатын сияқты: «Басқарушылық есептен міндетті түрде болашаққа және істің барысына әсер ету үшін не істеу керек екендігіне көңіл аудару талап етіледі. Өткенді өзгертуге болмайды, бірақ оны болашақта басшылыққа алу мақсатында зерттеуге болады» [6, 89 б].
Т. Тасмағанбетовтың әдебиеттерде
жиі кездесетін басқарушылық есептің:
экономикалық мазмұнына байланысты:
«Сондықтан, авторлардың көпшілігінiң
жорамалы бойынша, ең қарапайым түрде
баяндап жазғанда басқарушы есебі
жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі
кәсіпорын басқарушыларының басқару
шешімдерді қабылдауы үшін, қажет
көлемде сезімталдық тұрғысынан
жинақталған ақпараттардан
Басқарушылық есептің
мәніне қатысты әр-түрлі
Қазақстандық есепті-
Басқарушылық есебінің экономикалық мазмұны мен мақсаттарына қатысты шетелдік және отандық әдебиеттерді талдау нәтижелерін А және Ә қосымшаларын біріктіруге болады. Кестеден көріп отырғандай Ч. Хорнгрен, ДЖ. Фостер, В. Б. Ивашкевич, С. С. Сатубалдин пікірлерімен бөлшекті келісуге болады, өйткені басқарушылық есебінің экономикалық мазмұнына байланысты айтылған пікірлердің қайсы бірі біздің пікірімізбен сәйкес келеді, Ал Т. Тасмаганбетовтың пікірімен келіспеуге болады. Өйткені, біздің пiкiрiмiз бойынша басқарушылық есептің экономикалық мазмұны төмендегідей: «Басқарушылық есеп – бұл басқару қызметін тиімді атқаруға, атап айтқанда, шешім қабылдау, жоспарлау, талдау, бағалау, бақылау мен реттеуге қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ететін, басқарудың жалпы жүйесіне жекеленген және интеграцияланған бухгалтерлік есептің бөлігі. Бұл процесс фирма ішінде өздерінің қызметін атқару үшін басқарушылық аппаратқа қажетті мәліметтерді теңдестіруді, өлшеуді, жинауды, жүйелеуді, талдауды, дайындауды, интерпретациялауды, беру мен қабылдауды қамтиды». Бұл анықтама мүмкіндігінше А-қосымшасындағы кестедегі біз толығымен және бөлшектеп келіскен немесе келіспеген нұсқаларды есепке алады.
Біздің пiкiрiмiзше
Басқарушылық есептің мiндеттерiн анықтаудың әр – түрлі тәсілдерін салыстырмалы талдауға келсек, онда барлық авторлар үшін уақыт өткен сайын басқарушылық есеп мiндеттерi шеңберінің кеңейгені дау туғызбайды.
Бірқатар елдерде «шығындар есебі» түсінігі, мысалы ТМД елдерінің есепті-аналитикалық әдебиеттері мен тәжірибесіне қарағанда, кең көлемде қарастырылады және осыған орай олар шешетін тапсырмалар шеңбері де кең. Бұл түсінік тек құжаттауды, шоттарда нақты жұмсалған шығындарды сипаттау және өнімнің калькуляциясын жасау түсініктерін ғана емес, сонымен қатар ішкі басқару бойынша стратегия мен тактиканы мәліметпен қамтамасыз етуді де қамтиды. Кей кезде мұндай есеп өндірістік есеп ретінде болады.
Біздің пiкiрiмiзше, басқарушылық есептің алдында тұрған мiндеттердi шартты түрде екі топқа бөлуге болады, бұл бухгалтерлік есептің осы тармағының қалыптасу және даму ерекшеліктеріне байланысты.
Мiндеттердiң бірінші тобы әлемнің экономикалық дамыған елдерінде бухгалтерлік есептің қалыптасуы калькуляциялық (өндірістік) есеп базасында жүргізілді, сондықтан оның негізгі мазмұнын өндірістегі шығындардың есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау құрайды.
Академик С. Сатубалдин былай дейді: әлемдік тәжірибеге сүйенсек, кәсіпорынды тиімді басқарудың мәні артқан сайын, өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау (өндірістік есеп) басқарушылық есепке өзгереді [2, 25 б]. Және Чарльз Хорнгреннің көзқарасы бойынша «басқарушылық есеп өндірістік есептің көптеген кемшіліктерін жойды, осы есеп әсер ете алатын, шешімдерді пайдаланудың потенциалды мүмкіндіктері анықталады» [5, 24 б].
Сондықтан да басқарушылық есептің алдында тұрған мiндеттердiң бірінші тобына, өндірістік есептің құрамына енетін, келесі мiндеттердi енгізуді ұсынамыз:
Мiндеттердiң екінші тобы, басқарушылық есептің, басқару процесі мен есеп процесін байланыстыратынымен шартталған, кәсіпорынды басқару қызметін тиімді атқаруды қамтамасыз етеді. Осы жағдайларды есепке ала отырып, бұл топ, біздің пiкiрiмiзше келесі мiндеттердi қамтуы керек:
Осылайша, қоғам қызметі күрделенген сайын есеп те күрделенеді, қоғамның әрбір даму кезеңіне тән есептің өз жүйесі қалыптасады, оның жаңа тармақтары пайда болады. Дәстүрлі түрде, есептің ішкі тармақтарға бөлінуi, қалыптасу процесінде қаржы және басқарушылық есеп қалыптасуына әкелдi, ол ең алдымен, осы есептің түрі жасайтын мәліметтерді «сатып алушылармен» шартталған. Салық есебіне келсе, ол заң органдарының қалауы бойынша, салық жүйесінің өнімі ретінде жасанды бөлінді, оның болашағы – ғылыми негіздемеде.
Бұрынғы Кеңес Одағында
басқарушылық есеп жеке есеп
түрi ретінде қарастырылмады, ол
бiрыңғай бухгалтерлік есептің
құрамдас бөлігі ретінде болды
– шығындар есебі және жедел-
Барлық елдерде
қаржы есебін жүргізу арнайы
жалпыға бірдей қабылданған
Қаржылық есеппен
Басқарушылық есеп ұйымын, әдістері мен принциптерін енгізу қиын, күрделі және қымбат іс. Бұл қазақстанда біріңғай нормативті-құқықтық базаның және басқарушылық есептің даму концепциясының болмауынан байланысты. ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңында бухгалтерлік есепті қаржылық және басқарушылық деп бөлу қарастырылмаған. Қазіргі кезде басқарушылық есепті енгізу қиын болып отырса да, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан мұнай газ компаниялары мен басқа да шетелдік компанияларда ол кеңінен қолдануда.
ТМД елдерінің тәжірибелі экономистері компанияның өндірісіне басқарушылық есепті енгiзудiң әр түрлі нұсқаларын жасаған. Бірақ Қазақстанда қазіргі таңда мақта тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындарында басқарушылық есепті ұымдастырудың қандай да бір жобалары жоқ. Осы орайда Өзбекстанның Жуманазиев К., Масхудов Б., Джуманов А. және т.б. сияқты экономистерінің жұмыстары қызығушылық туғызып отыр.
Кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастыру оның өызметтері мен қағидаларын анықтап алудан бастады.
Сондықтан, келесі бөлімдерде басқарушылық есептің қызметтері мен қағидалары қарастырылады.
Басқару есебінің қызметтері:
1. Кәсіпорынның болашақ дамуын болжамдау.
2. Жедел басшылық ету.
3. Жедел бақылау мен кәсіпорын жұмысын бағалау.
Басқарушылық есепті жүргізу үшін басқарушылық бухгалтериясы құрылады.
Бухгалтер – талдаушылар, яғни басқарушылық функциялармен бөлінген бухгалтерлер келесідей міндеттерді орындайды:
Жоспарлау. Жоспарлау процесінде бухгалтер – талдаушы қандай нарықта, қандай бағада, қандай тауарлар сату керектігі туралы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үшін пайдаланылатын ақпараттар беру жолымен, болашаққа арналған жоспарлар жасауға қатысады. Бухгалтер – талдаушы көрсеткіштерге болжам жасау кезінде қажет болуы мүмкін, өткен кезеңдер нәтижелері туралы мәліметтер қалыптастыруға жауап береді. Одан өзге, ол жоспарлар мен жұмыс кестелерін жасау әдістемелерін белгілейді, кәсіпорынның барлық бөлімдерінің қысқа мерзімдік жоспарлар әзірлеуін үйлестіреді.
Информация о работе Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері