Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 11:27, реферат
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Салық туралы түсінік
2. Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
3. Еншілес серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
4. Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
5. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
6. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
7. Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Бухгалтерлік
және салық есептерінің
Қосылған құнға салынатын салық
Қосылған
құнға салынатын салық
Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы
Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбеақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарының инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден тускен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.
Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететінқайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:
Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты;
К-т: «бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
«Акциздік салықтар»
Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасынақосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз салығы есептегенде:
Д-т: «Алынуға тиісті борыштар» деп аталатын шоты;
К-т: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөошерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:
Д-т: «Жалпы эәне әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;
К-т: «Жер салығы»;
«Көлік құралына салық»;
«Мүлікке салық» деп аталатын оттар түрінде екі жақты жазуы жазылады.
Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:
Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен еспетелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.
|
Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың есебі «Еншілес серіктестіктеріндің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңдытұлғалардың алашағы» деп аталатын синтетикалық шоттардажүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Талдамалық есеп әрбір еншілес серіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.
Еншілес кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:
Д-т: «Материалдар» шоты;
К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістілері.
Ал еншілес кәсіпорыннан бас кәс3іпорынның алған дайын өнімдері, негізгі құралдары және материалдық емес активтеріне бас кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде:
Д-т: «Материалдық емес активтер»;
«Негізгі құралдар» және тағы да басқа шоттар;
К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Еншілес (тәуелді) кәсіпорынға бас кәсіпорынның өтеген қарызына:
Д-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістісі;
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Бас
кәсіпорын мен еншілес
Д-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері,
К-т: «Еншілес серіктестіктердің берешегі», «Тәуелді серіктестіктердің берешегі» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері. «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері.
№ | Операциялар мазмұны | Д-т | К-т | Тип |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Еншілес серіктестіктермен,
бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан
келіп түскен ақшаларын, айналымнан
тыс активтерді, тауарлық-материалдық
қорларды кіріске алуы
|
2730
2412,2523,2524 1310-1317 1030-1050 1010,1030,1420 |
3320-3330
3320-3330 |
III
III |
2 | Еншілес серіктестіктердің
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың кәсіпорынның цехтарының,
ғимараттарын жөндеу бойынша қызмет етуіне:
|
8044,7440
1420 |
3320-3330
3320-3330 |
III
III |
3 | кәсіпорынның бұрынырақта алынған банк мекемелерінің алдындағы несие қарызын, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын тұлғалардың өтелуі | 4010 | 3320-3330 | III |
4 | кәсіпорынның жабдықтаушылар мен мердігерлердің алдындағы қарызын, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың өтелуі | 3110 | 3320-3330 | II |
5 | Кәсіпорынның еншілес серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы қарызы есеп айырысу шотынан, кассадан өтелінді | 3320-3330 | 1030,1010 | IV |
6 | Кәсіпорын еншілес серіктестіктерімен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы қарыздарын дайын өнім беру жолымен өтеді | 3320-3330 | 6010 | II |
7 | Кәсіпорын еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы қарызын материалды есеп активтерді беру жолымен өтеді | 3320-3330 | 6210 | II |
8 | Салыстыру актісіне сәйкес, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек қарыздарын, олардың несиелік қарыздарының есебінен жабу. | 3320-3330 | 2120-2130 | IV |