Бюджетпен есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 11:27, реферат

Описание

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Салық туралы түсінік
2. Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
3. Еншілес серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
4. Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
5. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
6. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
7. Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Бюджетпен есеп айырысу - www.topreferat.kz.doc

— 239.00 Кб (Скачать документ)
 

     «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп  бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттарда талдамалық есеп жеке серіктестіктер бойынша жүргізіледі. 

   
  1. Алынған аванстар бойынша  есеп айырысу есебі.

   Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын  тауарлар немесе көрсетілетін қызметкер  үшін алдын-ала алынған аванс  сомалары бойынша есеп айырысу есебі  «Тауарлы-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардаесептеледі.

   Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:

   Д-т: «Ақшалар» шоты.

   К-т: «Тауарлы-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

   Ал  сатып алушыларға  босатылған тауарлар , көрсетілген қызметтер құнынан  алдын  ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:

   Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар» немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар»  деп аталатын шоттарының тиістілері;

   К-т: «Сатп алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншілем серіктестіктердің дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

   Егер  алынған аванс сомасының толық  толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге, сатып алушы  заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:

   Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар»  немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

   К-т: «Ақшалар» деп аталатын  шоты түрінде  бухгалтерлік жазуы жазылады.

   Кәсіпорынның  алған аванстарының талдамалық есебі  әрбір аванс берген ұйым бойынша  бөлек жүргізіледі. 

                       
                             Операциялар мазмұны    Дебиттелеін шот    Кредиттелетін шот Тип
                         1    2    3    4 5
                         1    Сатылатын тауарлы-материалдық қорлар немее  көрсетілетін қызметтер үшін  алдын  ала аванс ретінде алынған сомаларға    1050,1040,1010,1020    3510 III
                         2    Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғаның қарыз сомасы алдын аа алынған  аванстар сомасынан шегеріледі    3510    1210 IV
                         3    Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғалардын  аванс ретінде алынған соманың пайдаланылмаған бөлігі қайтарылғанда    3510    1010,1040,1050 IV

     

   
  1. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен  есеп айырысу есебі

   Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы  үшін уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндірушіұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

   Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті  материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын отта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысанларына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтауылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерде жабдықтаушы-мердігердің әрбір шот фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

   Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі  журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналда жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары (накладнойлары) кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазылып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады. 

   Фактураланбаған жабдықтар есебі

   Кейбір  жағдайларда келіп түскен материалдық  құндылықтардың құжаттары (шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған, яғни шот-фактураларымен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушыла бойнша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен ресімделмеген материалдармен, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Факторланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторна етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары емесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі  тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиіті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылар мен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторна етіледі (қызыл жазумен жазылады).

   Жабдықтаушылар  және қызмет  көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот бойынша  талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:

  • Құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыс бойынша есеп айырысудан;
  • Факторланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан;
  • Мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан.

   Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебу бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.

   Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардын сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салынған салық есебінсіз) акцептелген щот-фактурасынан:

   Д-т: «материалдар» немесе «тауарлар» деп  аталатын шоттардың тиістісі.

   К-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шот.

   Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты.

   К-т: «жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты түріндегі  екі жақты жазу жазылады.

   Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:

   Д-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты.

   К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндн  бухгалтерлік жазу жазылады.

   Шот фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарларды сатып алу барысында  төленген қосылған құнға  салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметтерді) сату барсында есептелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегерілгенде:

   Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот:

   К-т: «Орны толтырылатын қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады. 
 
 

6. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі

   Жалдық  міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізг құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алған үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі. 

   Төленуге  тиісті сыйақы есебі

   Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі «Төленуге тиісті сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Төлеуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде:

   Д-т: «Есептелінген сыйақы бойынша шығындар»  шоты.

   К-т: «Төленуге тиісті сыйақы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

   Есеп  айырысу шотынан есептелген пайыздар  сомасы төленген кезде:

   Д-т: «Төленуге тиісті сыйақы шоты»;

   К-т: «Ақашалар» деп аталатын шот түрінде  екі жақты жазу жазылады. 

   Жинақтаушы  зейнетақы қорымен  есеп айырысудың есебі

   Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі.  Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайларына айыппұлдар салынуы мүмкін.

   Жарналар  белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен, жарғыларымен және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілермен белгіленген  еңбеақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс  үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларғ және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралынұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.

   Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:

   Д-т: «Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша  есеп айырысу» деп аталатын шоты.

   К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен  есеп айырысу» деп аталатын шот.

   Ал  бұл есептелген  жарналар қорға  аударған уақытта:

   Д-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз қорымен  есеп айырысу деп аталатын шот;

   К-т: «Ақша қаражаттары» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.

   Кәсіпорынның  «Зейетақы қорымен қамтамасыз ету  қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы  қорына аударым қаражаттарын  уақтылы  төлемегі үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақтылы зейнетақықорына  аударылмаған жарна үшін есептелген өсім сомасына бухгалтерияда мына жазу жазылады:

   Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар»  деп аталатын  шоты;

   К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен  есеп айырысу» деп аталатын шот.

   К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

   Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп  ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аудрулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-нан кеш қалмауы керек.

   Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінде шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы»  заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбеақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Респібликасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу