Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 08:35, реферат
Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдар, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындау есебін осы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады. Бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындаудың бухгалтерлік есебі көзделген шоттар жоспары бойынша біртұтас баланс негізінде жүргізіледі.Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Қазақстан Республикасы өзге орталық өкілдік және жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментімен келісіп, қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің бюджеттік ұйымдарында бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығаруы мүмкін
Жекелеген мемориаддық ордерлер операциялардъщ жасалуына қарай, бірақ жеке құжаттардың негізінде де, бір текгі құжаттардың негізінде де, келесі күннен кешіктірмей жасалады. мемориалдық ордерде қосалқы шоттардың деректері бір қосалқы шоттың дебеті және екінші қосалқы шоттың несиесі жөніндегі немесе бір қосалқы шоттың дебеті және бірнеше қосалқы шоттың несиесі, немесе керісінше, бір қосалқы шоттың несиесі және жекеше қосалқы шоттардың дебеті жөніндегі операциялардың сипатына байланысты жазылады. Мемориалдық ордерлерге бас бухгалтер немесе оның басары мен орындаушы қол қояды"
Барлықмемориалдык ордерлер н. 308 "Бас журналында тіркеліп, тәртіп бойьшша, қосалкы шоттар жүргізіледі.
"Бас журнал" кітабы өткен жылғы қорытынды баланс сәйкес жылдың басындағы қалдық сомалары жазбаларымен аталады. Ондағы жазбалар — мемориалдык, ордерлердің жасалуына қарай, ал мемориалдық ордерлерді — жинақтаушы ведомостардың жасаған кезде — айына бір рет жүргізіледі. Мемориалдық ордерлердің сомасы басында "Ордер бойынша сома" бағанына, ал одан соң тиісті қосалқы шоттардың дебеті мен несиесіне жазылады. Дебет бойынша да, несие бойынша да, барлық косалкы шоттар жөніндегі бір айлық айналымдардың сомасы "Ордер бойынша сома" бағанының жиьштығына тең болуға тиіс. Бір айдағы айналымдардан соң екінші бағанға әрбір қосалқы шот бойынша келесі айдың басындағы қалдық шығарылады.
Таңдама есеп есептік тіркемелерде (кітаптарда, карточкаларда, жинактаушы ведомостарда, т.б.) жүргізіледі. Тіркемелердегі жазбалардың тәртібі осы нұсқаулықтың тиісті бөлімдерінде баяндалған.
Бухгалтерлік кітаптарда жазбалар басталғанға дейін барлык беттер (парақтар) беттеледі. Соңғы бетке бас бухгалтердің қолы койылып: "Бұл кітапта барлығы бет (парақ) нөмірленген" деп жазылады. Н. КО-4, н. 440 касса кітабы, еңбек кітатшаларыньң бланкілері мен оған қосылган беттерді есептейтін ф. 449 кіріс-шығыс кітабы, жіптен байланып және сүргілшен бекіті-луге, ал н. КО-4 және 440 парақтарының саны — бюджетгік ұйым басшысының және бас бухгалтердің қолымен, ал н. 449 — бюджеттік ұйым басшысьшың қолымен расталуға тиіс.
Әрбір кітаптың сыртында ұйымның, орталықтандырылған бухгалтерияның атауы және кітаптың ашылған жылы жазылады. Онда ашылған қосалқы шоттардың тақырьптары болуға тиіс. Жазбаларды кітаптың баска беттеріне ауыстырған кезде осы қосалқы шот бойынша тақырыпқа жазбаның ауыстырылғаны туралы, жаңа беттердің нөмірлері көрсетіліп, белгі қойылады.
Бухгалтерлік есеп кітаптары жыл аяқталғанда онда бос парақтар болған жағдайда келесі жылдың операциялары жазу үщін пайдаланылуы мүмкін. Мұндайда кітаптар архивке екі жылда бір рет тапсырылады.
Карточкалар (активтер жөніндегі карточкалардан басқа) әрбір есеп ұясын жеке жүргізілетін н. 279 карточкалар тізбесінде тіркеледі. . .
Карточкалар ішінде олар материалдық-жауапты тұлғалар бойынша ал орталықтандырылған бухгалтерияларда және қызмет көрсетілетін ұйымдарда қосалқы шоттар бойышпа орналастырылатын карточкаларда сақталады. Материалдарды, бағасы төмен және тез тозатын заттарды т.б. есепке алатын карточкалар жыл сайын немесе екі жылда бір рет карточкалардың тізімдерімен, тізбелерімен және баска бухгалтерлік құжаттармен бірге, тігілген күйінде архивке тапсырылады.
Ішінде нн. ОС-6, 8, 9 соңғы түгендеу карточкасы бойынша күрал-саймандардың есептен шығарылғаны туралы бежі қойылған болса, активтерді есепке алу жөніндегі н. ОС-10 түгендеу карточкасының сипаттамасы архивке тапсырылады. Түгендеу карточкаларын архивке сипаттамасыз тапсырған кезде олар жеке ведомосқа. жазылып, онда карточканың нөмірі мен есептен шыға-рылған құрал-саймандардың атаулары, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда, бұдан басқа, қызмет көрсетілетін бюджеттік ұйымның атауы жазылады.
Бухгалтерлік есеп тізімдемелеріндегі жазбалар олар алынғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей бастапқы құжаттар бойынша жүргізіледі. Әрбір ай аяқталғаннан кейін талдамалық есептің тізімдемелерінде айналыстардың қорытындылары жасалады және қосалқы шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.
Өткен жыл үшін
бухгалтерлік есептің
а) бухгалтерлік балансты тапсыру сәтіне дейінгі осы есепті кезеңде байқалған, аталтан мемориалдық ордердің өзгертілуін талап етпейтін кателер дұрыс емес сомалар мен мәтінді, сызылып қалған жазбаларды оқуға болатындай етіп, жіңішке сызықпен сьізып тастау арқылы түзетіледі және сызыкгың үстіне түзеткен мәтінмен сома жазылады. Сонымен бірге осы арада тиісті жолдың тұсына бас бухгалтердін қолымен "түзетілді" деп жазылады;
б) бухгалтерліх балансты тапсыратын сәтке дейін байкалған, мемориалдық ордердегі қатеден пайда болған қателікті жазба оньің сипатьша байланысты қосымша мемориалдық ордер мен емесе "қызыл сторно" тәсілі бойынша түзетіледі; баланс беріліп койған, сол есепті кезендегі бухгалтерлік есептің жазбаларында байқалған барлық жағдайларда кателер дәл осылай түзетіледі. Қателерді тузету жөніндегі қосымша бухгалтерлік жазбалар, сон-дай-ақ "қызыл сторно" тәсіліндегі түзетулер мемориаддық ордерлермен рәсімделеді, оларда, әдеттегі реквизитерден басқа, аталған мемориалдық ордер арқылы түзетілетін мемориалдық ордердің нөміріне және уақытына сілтеме жасалады.
Синтетикалык және аналитикалық есеп шоттары бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығына бақылау жасау үшін тиісті синтетихалық шоттармен біріктіріжен аналитикалық шоттардың әрбір тобы бойынша нн. М-44, 285 және 326 айналыс ведомостары жасалады. Айналыс ведомостарының әрбір аналитикалық шоттары бойынша айналыстар мен калдықтардың қорытындылары н. 308 "Бас журнал" кітабының осындай қосалқы шоттары айналыстарының және қалдықтарынын қорытындыларымен салыстырылады.
Айналыс ведомостары — ай сайын, ал активтер мен арзан құнды және тез тозатын заттар бойынша тоқсан сайын жасалады. Н.326 айналыс ведомосыыдағы жазбалар қажет болған кезде бірнеше жыл бойы жүргізіледі.
Жаңа қаржылық жылда
синтетикалық және аналитикалық шоттар
бойынша бухгалтерлік тізІмдемелерде
қалдықтардың сомалары қорытынды баланспен
және өткен жылғы есептік тізімдемел
Егер жоғары тұрған ұйымдар — жылдық есепті бекіткен кезде немесе қаржылық орган қабылдаған кезде қорытынды балансқа түзетулер жасалса, онда тиісті жазбаша өкімнін негізінде бұл түзетулер өткен қаржылық жылдың тізімдемелеріне де (бухгалтерлік жазбаны түзету жолымен), ағымдағы жылдың тізімдемесіне де (кіріс қалдықтарын өзгерту жолымен) енгізіледі.
Әрбір есепті ай біткен соң барлық мемориалдық ордерлер, мемориалдық ордер-жинактаушы ведомостар олар басқа құжаттармен бірге мерзімдік тәртіішен іріктеліп, жинақталуға тиіс. Құжаттардың саны аз болған жағдайда жинауды бір папкаға үш ай бойы жүргізуге болады. Мүкабаның сыртына: бюджеттік ұйымның немесе орталықтандырылған бухгалтерияньң атауы; парақтың, істің атауы мен рет нөмірі; есепті кезең — жылы мен ай; мемориадцық ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірлері; істегі парақтардың саны жазылады.
Бастапкы құжаттардың,
есеп тізімдемелершің,
Бастапқы құжаттар, есеп тізімдемелері, бухгалтерлік есептер мен баланстар оларды архивке тапсырғанға дейін бас бухгалтер өкілеттік берген тұлғалардың жауапкершілігімен бухгалтерияда арнаулы бөлмеде немесе жабылатын шкафтарда сақталуға тиіс.
Істер бюджеттік ұйымның бухгалтерлік архивінде белгіленген мерзім ішінде сақталады. Сақтау мерзімі біткеннен кейін істер белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік архивке тапсырылады. Архивке істердің тапсырылғанын растайтын құжаттар бухгалтерлік қызметте тұрақты сақталады.
Бюджеттік ұйымдардың
Бюджеттік ұйымның тиісті лауазымды тұлғалары шығарып алуды жүзеге асырған органдар өкілдерінің рұксатымен және қатысуымен, кұжаттарды алудың негіздері мен уақытын көрсете отырып, олардың көшірмелерін түсіріп ала алады.
Егер кұжаттардьң толық рәсімделмеген (тігілмеген, нөмірленбеген және с.с.) томдары шығарып алынса, бюджетгік ұйымның тиісті лауазымды тұлғалары бұл томдарды толтырып рәсімдей алады (сипаттама жасайды, парактарды нөмірлейді, жіппен тігеді, мөрлеп жабады, өз қолымен, мөрімен растайды).
Бастапқы құжаттар жоғалған немесе жойылған жағдайда бюджеттік ұйымның басшысы жоғалудың немесе жойылудың себептерін қызметте тергеу жөнінде өз бұйрығымен комиссия тағайындайды.
Қажет болған жағдайларда комиссияның жұмысына қатысу үшін тергеу, күзет және Мемлекеттік өрт қадағалау органдарының өкілдері шақырылады.
Комиссия жұмысының нәтижелері актімен хатталады, оған комиссияның мүшелері қол қояды және бюджеттік ұйымның басшысымен расталады.
Министліктер, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен мерзімде және тәртіппен жылдық, тоқсандық және мерзімдік есептемелер жасауға және тапсыруға міндетті.
Бухгалтерлік есепті жүргізу және бухгалтерлік есепті жасау үшін бюджеттік ұйымды нұскаулық құжаттармен камтамасыз етуді жоғары түрган ұйымдар жузеге асырады.