Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 21:56, курсовая работа
Аудит стандарттарының ерекшелігі. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс - тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді, әрі оңтайландырады.
Кіріспе
I. Халықаралық аудит стандарттары
1.1 Халықаралық аудит стандарттарының мәні
1.2 Жалпы қабылданатын стандарттар
1.3 Жұмыс және есеп беру стандарттары
II. Аудиттің халықаралық стандарттарының құрылымы
2.1 Аудиттің халықаралық стандарттарының сипаттамасы
2.2 Кіріспе аспектілері, жауапкершілік және жоспарлау
2.3 Ішкі бақылау, аудиторлық дәлелдеулер және басқалардың жұмысын пайдалану стандарты
2.4 Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну және мамандандырылған салалар
2.5 Ілеспе қызметтер және өзіндік ерекшелігі бар стандарттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
I. Халықаралық аудит стандарттары
1.1 Халықаралық аудит стандарттарының мәні
1.2 Жалпы қабылданатын стандарттар
1.3 Жұмыс және есеп беру стандарттары
II. Аудиттің халықаралық стандарттарының құрылымы
2.1 Аудиттің халықаралық стандарттарының сипаттамасы
2.2 Кіріспе аспектілері, жауапкершілік және жоспарлау
2.3 Ішкі бақылау, аудиторлық дәлелдеулер және басқалардың жұмысын пайдалану стандарты
2.4 Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну және мамандандырылған салалар
2.5 Ілеспе қызметтер және
өзіндік ерекшелігі бар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бұл курстық жұмыста, аудиттің халықаралық стандарттары мен олардың құрамына сипаттама берілген.
Аудит стандарттарының ерекшелігі. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс - тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді, әрі оңтайландырады.
Аудиторлық стандарттар
әрбір тексеруші органға
Аудит стандарттары – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар
палатасының Республикалық
Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.
ХБФ аясында аудиторлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғни одан басым түспейді.
I. Халықаралық аудит стандарттары
1.1 Халықаралық аудит
Аудит стандарттары – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар
палатасының Республикалық
Аудит стандарттарының ерекшелігі. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді, әрі оңтайландырады.
Аудиторлық стандарттар
әрбір тексеруші органға
Стандарттардан айырмашылығы
аудит нормалары негізгі
Аудиторлық стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқада өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.
Аудит стандарттарының маңызын айқындайды:
1.2 Жалпы қабылданатын стандарттар
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты төрт тізбекті бөлімнен тұрады:
Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.
Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:
Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:
- даярлығы
- құзіреттілігі
- тәуелсіздігі
- ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жаауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.
Жалпы стандарттар – аудитор өзінің алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейде орындауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже (ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көңіл бөлу талап етіледі).
1.3 Жұмыс және есеп беру стандарттары
Жұмыс стандарттары – бұл қағидалар мен талаптар, мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нормативтік маңызын, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібін белгіленген сападағы мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуға құқығын қамтамасыз ететін, орындалуы міндетті өзге де нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт, яғни тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.
Олардың құрамына мыналар кіреді:
- аудиторлық тексеруге дайындалу;
- қадағалауды жүзеге асыру;
- анық айғақтармен сенімді мәліметтерді жинау;
- ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.
Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады, әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасымен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.
Мақсаттарымен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына фирмаларда жасалады:
ескерту – шағандау фирмалармен кәсіпорындардың дирекциясы үшін.
Есеп берулердің мақсаты
– елеулі қателіктерге ықтимал есеп
және бақылау жүйесіндегі
Есеп берулерде келтірілген ақпаратар дәл әрі анық, сенімді әрі құзіретті, тәуелсіз әрі обьективті және сындарлы болып, басшылықты іс қимылмен қамтамасыз етілуі керек.
Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөр және күні көрсетілуі қажет. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақытылы өткізілуі стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсатарымен ауқымы көрініс табуы қажет.