Халыкаралык аудит стандарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание

Аудит стандарттарының ерекшелігі. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс - тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді, әрі оңтайландырады.

Содержание

Кіріспе
I. Халықаралық аудит стандарттары
1.1 Халықаралық аудит стандарттарының мәні
1.2 Жалпы қабылданатын стандарттар
1.3 Жұмыс және есеп беру стандарттары
II. Аудиттің халықаралық стандарттарының құрылымы
2.1 Аудиттің халықаралық стандарттарының сипаттамасы
2.2 Кіріспе аспектілері, жауапкершілік және жоспарлау
2.3 Ішкі бақылау, аудиторлық дәлелдеулер және басқалардың жұмысын пайдалану стандарты
2.4 Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну және мамандандырылған салалар
2.5 Ілеспе қызметтер және өзіндік ерекшелігі бар стандарттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Курстык жумыс.docx

— 55.45 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Кіріспе аспектілері,  жауапкершілік және жоспарлау

100 – 199 – “Кіріспе аспектілері”

100  Аудиттің халықаралық  стандарттары мен жалғас қызметтерге кіріспе. Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитет туралы ақпарат келтірілген. Халықаралық аудит стандарттарының заңдық күштері және халықаралық аудиторлық практика жөніндегі ережелер көрсетілген. Бұл ережелердің стандарттыкындей заңдық күші жоқ. Ерекше жағдайларда аудиттің мақсатына қол жеткізу үшін аудиторға халықаралық аудит стандарттарының талаптарынан ауытқып кетуге рұқсат етіледі, бірақ оның себебі дәлелденуі тиіс. Халықаралық аудит стандартынтек елеулі маңызы бар мәселелерге қолдану керек.

110  Терминдерге Глоссарий. Халықаралық аудит стандарттарында, олардың мазмұнын аша отырып, қолданылатын терминдердің тізімінен тұрады.

120  Халықаралық аудит стандарттарының концептуалдық негіздері. Халықаралық аудит стандартының құрылымы аудитке жалғас қызметтердің жіктемесімен бірге келтірілген.

200 – 299  - “Жауапкершілік”

200  Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты мен оны реттеущі принциптер. Аудиттің мақсаты және тәуелсіз аудитор кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебіне аудит жүргізген кезде басшылыққа алынатын принциптер айқындалған. Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты аудиторға қаржылық қорытынды есептің барлық маңызды аспектілері бойынша оны дайындап тапсырудың белгіленген негіздеріне сәйкес дайындалғандығы жөнінде өзінің ой – пікірін білдіруге мүмкіндік беру болып табылады. Тексеру жүргізу процесінде аудитор қаржылық қорытынды есепте елеулі бұзушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде сенімді болуға тиісті.

210  Аудит жөніндегі келісімшарттары. Аудит өткізуге келісімі туралы аудитор хаттарының мазмұны және нысаны келтірілген. Ол аудитордың тағайындалуының тиімділігін, аудиторлық тексерудің көлемін, аудитордың жауапкершілігін және аудитор дайындап өткізетін қорытынды есептің нысанын құжат түрінде растауға тиісті.

220  Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау. Кәсіби стандарттарды жоғары деңгейде көтеріп ұстап тұру үшін аудитор жұмысының сапасына бақылау жасау процедураларының саясатына көрсетілген. Нақты аудиторлық тексерудің сапасына бақылау жасау мен аудиторлық фирма көрсететін қызметтердің сапасына жалпы бақылау жасаудың арасындағы өзара байланысқа көңіл аударылады. Сапаға жалпы бақылау жасау нақты аудиторлық тексерулердің сапасына бақылау жасауды арасындағы айырмашылықтар айқындалған. Бақылау жасаудың екі түрінің арасындағы өзара байланысқа көңіл аударылады. Сапаға жалпы бақылау жасау нақты аудиторлық тексерулердің сапасына бақылау жасауды толықтырады. Аудиторлық фирмалардың жұмыстарының сапасына бақылау жасау процедураларына мысал келтірілген. Кәсіби талаптар; Біліктілік және кәсіби терең білімділік; Тапсырма беру; Кеңес беру.

230  Құжаттау. Аудитті түсіну үшін жұмыс құжаттарын дайындау жөнінде ұсыныстар және аудитордың жұмыс қағаздарында болуға тиісті ақпараттар берілген. Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және оларға иелік ету мәселелері қарастырылған.

«Аудиторлық  құжаттар»  – жүргізілген аудиторлық рəсімдердің, аудитордың қол жетерлік аудиторлық дəлелдемелерінің, қорытындылардың  жазбалары (кейде жұмыстық құжаттар термині қолданылады).

 Аудиторлық файл — Құжатты және электронды түрде аудиторлық жазбалардың папкалары немесе басқа ақпараттық сақтаушылары.

«Тəжірибелі  аудитор» төмендегі  мәселелерді жеткілікті дəрежеде түсініп  білетін тұлға:

  • аудит процесін,
  • АХС пен қолданылатын заңнамалық талаптар,
  • бизнес-ортаны, жəне
  • субъектінің саласымен қатысты аудиторлық жəне қаржылық есеп мəселелерін.

 

240  Алаяқтық және қателер. Алаяқтық және қателер түсініктеріне анықтама берілген. Клиенттің алаяқтық немесе қате іс –әрекеттер жасағандығы жайында аудиторда негізгі күдік пайда болған жағдайда, оған пайдалануға болатын процедуралар көрсетілген. Ондай іс –әрекеттерді болдырмау клиент басшылығына жүктеледі. Аудитор өзінің жұмысын аудит өткізу барысында алаяқтық немесе қате іс –әрекеттердің кесірінен ақпараттардың елеулі бұрмаланғандығын айқындайтын саналы мүмкіндік болатындай етіп жоспарлауға міндетті. Алаяқтық және қателік жіберу фактілері жөніндегі қорытынды есепті дайындап тапсыру бойынша ұсыныстар келтірілген.

Қаржылық есептіліктегі  бұрмаланулар алаятықтың немесе қателіктің орын алуы себептерінен туындауы мүмкін. Алаяқтықты қателіктен айырудың факторы - қаржылық есептіліктегі бұрмалануларды тудыратын алдын-ала ойластырылған  немесе алдын-ала ойластырылмаған  əрекет.

3.      Алаяқтық ауқымды заңдық анықтама болғанымен, осы АХС-ның мақсатында аудитор қаржылық есептілікте елеулі бұрмалануларды тудыратын алаяқтықты қарастырады. Алдын-ала ойластырылған бұрмаланудың екі түрі аудиторға қатысты салыстырмалы болып табылады: бұрмаланған қаржылық есептіліктен туындайтын бұрмаланулар жəне активтерді заңсыз пайдаланудан туындайтын бұрмаланулар. Аудиторлар алаяқтықтың іс-жүзінде пайда болуына заңдық анықтама бермейді немесе айрықша жағдайларда береді.

250  Қаржылық қорытынды есеп беру аудитін өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру. Субъектінің шаруашылық қызметінің қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуіне оның басшыларының жауапкершілігі, сонымен бірге аудитордың қаржылық қорытынды есеп беру аудитін өткізу кезінде заңдық және нормативтік актілерді қолдана білу жауапкершілігі айқындалған. Аудитті жоспарлау кезінде, аудиторлық тексеру жүргізу барысында тексеру нәтижелерін бағалау және тексеру нәтижесі бойынша қорытынды есеп құру кезінде аудитор қаржылық қорытынды есептің дұрыстығына әсерін тинізуі мүмкін, кәсіпорындағы нормативтік актілердің талаптарын сақтамаудың барлық фактілерін есепке алуға тиісті. Ондай фактілерді анықтау кезінде олардың маңыздылық дәрежесіне қарамастан, олар кәсіпорын басшылығы мен жұмыскерлерінің репутациясына, сондай – ақ аудиторлық тексеру жүргізу барысына қалай әсер ететіндігіне баға беру керек. Аудитор ең алдымен кәсіпорын әрекет ететін құқықтық ортаның қандай екендігін, оның нормативтік актілердің талаптарын сақтауын қандай механизм қамтамасыз ететіндігін түсінуге тиісті. Содан кейін кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебіне әсерін тигізетін нормативтік актілердің талаптарын бұзушылық фактілерін анықтауға, сонымен бірге нормативтік актілердің талаптарының сақталғандығына жеткілікті дәлелдеулер алуға мүмкіндік беретін процедураларды жүзеге асыруға тиісті. Бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, қолдануға тиісті процедуралар келтірілген.

Бұл АХС талаптары аудиторға  заңдар немесе нормативтік актілерге  сай келуінен туындайтын елеулі бұрмалануларды анықтау кезінде көмектесуге  аранап әзірленген. Бірақ, аудитор сəйкес еместік фактілерін болдырмау жəне анықтауға жауапты бола алмайды  және заңдар немесе нормативтік актілер  барлығына сай келмеуін анықтамауы мүмкін.

300 – 399 – “Жоспарлау”

300  Жоспарлау. Жоспарлау аудиттің болады деп күтілетін сипатына, мерзімдеріне және көлеміне байланысты жалпы стратегияны және нақты тәсілдерді  дайындауды білдіреді. Аудитор аудит өткізуді тиімді және өз уақытында өткізілетіндей етіп жоспарлайды. Аудиторлық тексеруді жоспарлау процесіне сипаттама берілген, аудиттің жалпы жоспарын жасау кезінде аудитор қарастыруға тиісті сұрақтар анықталған.

310  Бизнес туралы білім. Қаржылық қорытынды есеп беру аудитін орындау кезінде аудиторда өзінің пікірі бойынша қаржылық қорытынды есепке, тексеруге немесе аудиторлық қорытындыға елеулі әсер етуі мүмкін оқиғаларды, операцияларды және қабылданған тәжірибені айқындауға және оларды түсіну үшін жеткілікті көлемде клиент бизнесі жөнінде білім болуға тиісті. Бизнес жөнінде білім алу, қарастылуға жататын білімдерді және сұрақтарды қолдану жолдары көрсетілген. Тіркемеде тиісті процедураларды орындау кезінде ескерілуге тиісті сұрақтардың тізімі берілген.

320  Аудиттегі маңыздылық. Аудиттегі маңыздылық концепциясының түсіндірмесі берілген, маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдіктің өзара байланысы және маңыздылық түсінігінің аудиторлық тексеруді жоспарлау мен жүргізу және олардың нәтижелеріне баға беру барысында қолданылуы суреттелген. Егер ақпараттардың қалдырылып кетуі немесе бұрмалануы қаржылық қорытынды есеп негізінде қабылданған ақпарат пайдаланушыларының экономикалық шешімдеріне әсер ете алатын болса, онда ол ақпараттар маңызды болып есептелінеді. Маңыздылық баптардың шамасына немесе белгілі бір жағдайларда олардың қалдырылып кетуі немесе бұрмалануына қатысты пікір қабылданатын қателердің шамасына байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Ішкі бақылау, аудиторлық  дәлелдеулер және басқалардың  жұмысын пайдалану стандарты

     400 – 499 – “Ішкі бақылау”

400  Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау. Қаржылық қорытынды есепке аужит жүргізу кезіндегі тәуекелдіктерге сипаттама берілген, тәуекелдіктерді түсіну және бағалауды бейнелейтін құжаттар көрсетілген. Есеп және қорытынды есеп беру жүйесі, олардың элементтері, мақсаты мен міндеттері, ішкі бақылау жүйелерінің шектелуі және ол жүйелерді зерттеу мен бағалау бойынша аудит процедуралары суреттелген. Тіркемеде аудиторлық тәуекелдіктердің компоненттері арасындағы өзара байланыстардың иллюстрациясы келтірілген.

401  Компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайындағы аудит. Аудитор аудиторлық процедураларды қолмен орындай алады немесе аудиттің компьютерлендірілген тәсілдерін қолдана алады, не болмаса жеткілікті көлемде дәлелдеулер алу үшін оларды құрамдастыра алады. Мәліметтерді электрондық өңдеу жүйесі бар болған кезде қажетті процедуралар ашып көрсетілген. Бұл жұмыстарды орындау үшін аудиторлардың біліктілігіне және оларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар айқындалған.

402  Қызмет көрсетуші ұйымдардың қызметін пайдаланушы субъектілердегі аудит мәселелері. Бухгалтерлі есепті жүргізуді және қаржылық қорытынды есепті дайындауды қызмет көрсетуші ұйымдарға жүктейтін субъектілер аудитінің мәселелері қарастырылған. Аудитор қызмет көрсетуші ұйымдар жұмыстарының экономикалық субъект үшін де,  аудит және оған байланысты тәуекелдіктер үшін де қаншалықты маңызы бар екендігін анықтауға тиісті.

500 – 599  - “Аудиторлық дәлелдеулер”

500  Аудиторлық дәлелдеулер. Аудиторлық дәлелдеулердің анықтамасы берілген, дәлелдеулер алудың мақсаты көрсетілген. Дәлелдеулер алу әдістері, сонымен бірге оларға қойылатын талаптар қарастырылған.

501  Аудиторлық дәлелдеулер – нақты баптарға қатысты қосымша мәселелер. Қаржылық қорытынды есептің нақты сомаларына қатысты аудиторлық дәлелдеулер алу үшін қажетті процедулар қарастырылған: тауарлы – материалдық босалқыларға түгендеу жүргізу кезінде аудитордың қатысуы, дебиторлық борыштарды тікелей растау, клиенттің заңгерлерімен тікелей байланысқа түсу және т.б.

510  Алғашқы келісімдер – бастапқы сальдо. Бастапқы сальдода ағымдағы есепті кезеңнің қаржылық қорытынды есебіне елеулі әсерін тигізетін бұрмалаушылықтың жоқ екендігіне жеткілікті дәлелдеулер алу процедуралары анықталған. Тиісті аудиторлық дәлелдеулер алудың жеткіліктігіне әсерін тигізетін факторлар көрсетілген. Қаржылық қорытынды есепке аудиторлық тексеру бірінші рет жүргізілген немесе өткен жылы оны басқа аудитор тексерген жағдайда, аудитордың шоттар бойынша бастапқы қалдық үшін жауапкершілігі қарастырылған. Егер жеткілікті ақпарат жинау мүмкін болмаса, ал алдыңғы тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды сөзсіз болмаған болса, аудитордың қорытындысын құрудың қандай ерекшеліктері болатындығы айтылған.

520  Талдамалық процедуралар. Аудит өткізуде пайдаланылатын талдамалық процедуралардың сипаты және мақсаты ашылған. Талдамалық процедуралардың мақсатын, міндеттерін және оларды өткізу мерзімдерін, сонымен бірге, аудиторлық тексеру жүргізу кезінде, яғни, аудитті жоспарлау кезінде, аудитке жалпы шолу жасау кезінде талдамалық процедуралардың нәтижелеріне сенім білдіру жәрежесін анықтау бойынша ұсыныстар келтірілген.

530  Аудиторлық таңдау және басқа таңдалған тестілеу процедуралары. Аудиторлық іріктеудің,аномалдық қатенің, болуы мүмкін қатенің, іріктеу тәуекелдігінің, стратификацияның және т.б. түсінігі берілген. Аудиторлық тексеру жүргізу барысында іріктеу жасау кезінде және қолданылған аудиторлық процедураларды бағалау кезінде аудитор ескеруге тиісті факторлар анықталған. Аталмыш стандартпен белгіленген ережелер статистикалық та статистикалық емес те іріктеулерге қатысты. Іріктеудің көмегімен дәлелдеулер алу жөнінде ұсыныстар берілген.

540  Бухгалтерлік бағалаулардың аудиті. Бухгалтерлік бағалаудың сипаты, оны дайындау процесі, мәліметтерді бағалау мен жорамалдарды қарастыру анықталған, қаржылық қорытынды есептің жекелеген баптары бойынша дәл бағалау мүмкін емес болжамды сомалар бағалау бағалау мәліметтері болып табылады. Өткен немесе болашақта болуы ықтимал оқиғалардың алдын – ала болжанбаған тиімділігі жөніндегі пікірлерге негізделген бағалау мәліметтерін айқындау жауапкершілігі кәсіпорын басшылығына жүктеледі. Аудитор ондай бағалаудың негізділігін талдағаны үшін жауап береді. Бағалау мәліметтері аудитінің негізгі кезеңдері белгіленген. Ондай бағалаулардағы қателерді анықтау бойынша ұсыныстар берілген.

550  Байланысқан тараптар. Орындалу аудиторлық дәлелдеулер алу үшін қажетті, байланысқан тараптарды ашып көрсету процедуралары берілген. Бұл стандартта қарастырылған процедураларды өткізу аудиторларға байланысқан тараптармен қарым –қатынастардың және олармен жасалған келісімдердің бар екендігі жөніндегі ақпараттардың сәйкестік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Аудитордың қорытынды пікірлерін субъект басшылығына тапсыру қарастырылады.

560  Кезекті оқиғалар. Аудиторлық қорытынды есепті дайындап болғаннан кейінгі оқиғалар, сонымен бірге барлық оқиғалардың аудитордың есеп беру мерзіміне дейін ұқсастырылғандығына жеткілікті дәлелдеулер алуға арналған процедуралар қарастырылады. Аудитордың есебінің өткізілу мерзімін анықтау тәртібі айқындалған.

Қаржылық қорытынды есептің  мазмұнына елеулі әсерін тигізетін  келешектегі оқиғаларды анықтау  үшін алдын –ала есеп жасауға қажетті  аудитордың іс – әрекеттері суреттелген.

Аудитордың есебі жасалған мерзімнен кейін, бірақ қаржылық қорытынды есептің жариялану  мерзіміне дейін болған келешек  оқиғалар үшін аудитордың жауапкершілігіне қатысты ұсыныстар берілген.

570  Үздіксіз қызмет ету. Қаржылық қорытында есепті құруға негіз болған кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі принципін қолданудың дайындығына негіз бар екендігі айтылған.

Кәсіпорынды аудитор әрдайым  әрекет етуші субъект ретінде  қарастырады. Егер ондай фактілер орын алатын болса, онда аудитор қаржылық қорытынды есепте, сонымен бірге аудиторлық қорытындыда оқиғаларды ұқсастыру кезінде процедураларға тиісті түзетулер енгізуге тиісті.

580  Субъект басшылығына тапсыру. ДК мәжілісінің хаттамасынан немесе субъект басшылығынан жазбаша түрде қаржылық қорытынды есеп үшін өзінің жауапкершілігін мойындайтындығы жөнінде тиісті көрсету алу қажеттілігі айтылған. Қандай жағдайда бұл ақпараттар ерекше маңызды болатындағы және қай уақытта оны жазбаша түрде алу керектігі айқындалған. Басшылықтың көрсетулерінің құжаттық рәсімделуі, яғниғ хат көрсетулердің элементтері туралы және субъет басшысы көрсетудан бас тартқан жағдайда аудитордың іс – әрекеті туралы мәселелер қарастырылған. Тіркемеде хат көрсетудің үлгісі келтірілген.

Информация о работе Халыкаралык аудит стандарттары