Халыкаралык аудит стандарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание

Аудит стандарттарының ерекшелігі. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс - тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді, әрі оңтайландырады.

Содержание

Кіріспе
I. Халықаралық аудит стандарттары
1.1 Халықаралық аудит стандарттарының мәні
1.2 Жалпы қабылданатын стандарттар
1.3 Жұмыс және есеп беру стандарттары
II. Аудиттің халықаралық стандарттарының құрылымы
2.1 Аудиттің халықаралық стандарттарының сипаттамасы
2.2 Кіріспе аспектілері, жауапкершілік және жоспарлау
2.3 Ішкі бақылау, аудиторлық дәлелдеулер және басқалардың жұмысын пайдалану стандарты
2.4 Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну және мамандандырылған салалар
2.5 Ілеспе қызметтер және өзіндік ерекшелігі бар стандарттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Курстык жумыс.docx

— 55.45 Кб (Скачать документ)

600 – 699  - “Басқалардың жұмыстарын пайдалану”

600  Басқа аудитордың жұмысын пайдалану. Бір немесе бірнеше филиалдардың еншілес кәсіпорындардың қорытынды есептерін, содан кейін бас кәсіпорынның шоғырландырылған қаржылық қорытынды есебін тексеру үшін аудитке басқа аудиторларды тарту жағдайлары қарастырылған. Негізгі аудитор мен шақырылған аудиторлардың іс әрекеті белгіленген.

610  Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыру. Ішкі аудит қызметінің масштабы және міндеттері, оның сыртқы аудитпен өзара байланысты, сонымен бірге ішкі аудит қызметін алдын – ала бағалау процедуралары айқындалған. Ішкі аудит қызметінің жұмысы дұрыс ұйымдастырылған болса, сыртқы аудитор оны қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізу кезінде пайдалана алады.

620  Сарапшының жұмысын пайдалану. Қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізу кезінде аудитор тексеруге қаржы – шаруашылық операцияларының орындалуының дұрыстығын дәлелдей алатын мамандарды қатыстыра алады. Сарапшының дайындық деңгейін, біліктілігін, жетік білімділігін, әділдігін бағалау тәсілдері де, сарапшы жұмысының нәтижесін бағалау тәсілдері де, сондай –ақ аудиторлық сілтеме жасау мүмкіндігі де анықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Аудиторлық іріктемелер  мен есеп беруді ұсыну және  мамандандырылған салалар

          700 – 799 – “Аудитордың қорытынды пікірлері және қорытынды есепті тапсыру”

      700  Қаржылық есеп беру бойынша аудитордың есебі. Аудитор қаржылық есеп беру жөнінде ой – пікір білдіруге негіз болып табылатын алынған аудиторлық дәлелдеулер бойынша жасалынған қорытынды пікірлерге шолу жасап, оларды бағалауға тиісті.стандартта кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебіне тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесі бойынша құрылатын аудитордың қорытынды есебіне қатысты ұсыныстар берілген.

Аудитордың ескертулермен  берілетін шартты қорытындыларынан басқа шартсыз қорытынды бере алатын жағдайлар келтірілген, сонымен  бірге шартсыз аудиторлық қорытынды, ескертулермен берулетін шартты қорытынды, теріс қорытынды беруден  бас тарту текстінің болуы  мүмкін тұжырымдары ұсынылған.

710  Салыстырмалы көрсеткіштер.аудитор салыстырмалы көрсеткіштердің барлық маңызды аспектілер бойынша аудиттелінетін қаржылық есеп беруге қатысты қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың концептуалдық негіздеріне сәйкестігін анықтауға тиісті. Клиенттің қорытынды есебіне ағымдағы кезеңнің қорытынды есебінің қаржылық көрсеткіштерімен бірдей өткен кезеңнің қаржылық көрсеткіштері енгізілген жағдайда аудитордың әрекет ету тәртібі қарастырылған.

Өткен жылдардың қаржылық қорытынды есебінің салыстырмалы мәні қолданыстағы заңдарға байланысты ағымдағы жылдың қаржылық қорытынды есебінің ажырамайтын бөлігін құрайтын ситуацияларға  және салыстырмалы мәндер анықтамалық мақсатта келтірілген ситуацияларға талдау жасалған, тіркемелерде қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық негіздері салыстырмалы көрсеткіштерге қатысты талқыланған.

720  Ішінде аудиттелінген қаржылық қорытынды есеп бар құжаттардағы басқа ақпараттар. Қаржылық қорытынды есепке кіретін басқа да қаржылық және қаржылық емес ақпараттарға анықтама берілген. Бұл стандарт басқа да ақпараттарды тексеру нәтижелері бойынша аудитордың қорытынды есебін құруға байланысты сұрақтарды реттейді.

Ақпараттардың аудитордың қорытынды  есебінде көрсетілуі міндетті емес бөлігін  анықтау тәсілі және ақпараттардағы елеулі бұзушылықтар немесе олардың  жүйесіздігі анықталған жағдайдағы аудитордың іс – әрекеттері сипатталған.

800 – 899 – “Мамандандырылған салалар”

800  Арнайы мақсаттағы аудит өткізуге жасалынған келісім бойынша аудиторлық есеп. Бухгалтерлік есептің халықаралық және ұлттық стандарттарынан бөлек қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп қарастырылады.

Қорытындыланған қаржылық есеп беру бойынша келісімшарт міндеттемелеріне сәйкестікке қатысты қаржылық есептің  жекелеген компоненттері бойынша  аудиторлық қорытынды есептің үлгілері келтірілген.

810  Келешек қаржылық ақпараттарды тексеру. Дәлірек және гипотезге сүйенген жорамалдарды тексеру процедураларын енгізе отырып, перспективалық қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық есеп дайындау белгіленген.

Аудитор перспективалық қаржылық ақпараттарды дайындауға қажетті балық  маңызды жорамалдардың ұқсастандырылғандығын бағалауға мүмкіндік беретін бизнес туралы жеткілікті деңгейде білім алуға тиісті. Перспективалық қаржылық ақпараттарды тексеру бойынша аудитордың қорытынды есебінің элементтері келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5 Ілеспе қызметтер және  өзіндік ерекшелігі бар стандарттар

900 – 999 - “Аудитке жалғанбалы қызметтер”

910  Қаржылық есеп беруге шолу жасау бойынша келісімдер. Қаржылық есеп беруге шолу жасау кезінде аудитор бизнес жөніндегі, бухгалтерлік есеп жүйесі жөніндегі субъектінің негізгі қызметінің сипаттамасы мен активтерінің түрлері, міндеттемелері, табыстары мен шығыстары жөніндегі білімін соңғы ақпараттармен толықтыруға тиісті. Жалпы тексерудің қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитордың пікірі айтылуға тиісті кәдімгі аудиттен айырмашылығы мынада, яғни жалпы тексеру кезінде аудитор осы тексерілген қаржылық есеп берудің дұрыстығына күмән келтіруге мәжбүр ететін фактілерді тапқан таппағандығын көрсетуге тиісті.

Тіркемелерде қаржылық есеп беруге шолу жасау бойынша келісімдерде орындалуы мүмкін процедуралар, сонымен  бірге келісім – хаттардың, шолу жасау бойынша аудтиторлық қорытынды  есептің нысандары келтірілген. 

920  Қаржылық ақпараттарға қатысты келісілген процедураларды орындау бойынша келісімдер. Келісілген процедуралар аудитормен клиент келіскен есеп пен қорытынды есеп беру бөлімдерін тексеру болып табылады, яғни тақырыптық тексеру жүзеге асырылады.

Стандартта келісімнің негізгі  шарттары, дәлелдеулер жинау бойынша  процедуралар, сондай – ақ нақты  алынған мәліметтер бойынша қорытынды  есептің мазмұны келтірілген.

930  Қаржылық ақпараттарды компиляциялау бойынша келісімдер. Қаржылық ақпараттардың компиляциясы – қаржылық қорытынды есепті дайындауда және соған сәйкес осы қорытынды есепті дайындауға негіз болған бухгалтерлік мәліметтердің дұрыстығын тексеруде аудитордың клиентке беретін көмегі. Мұндай тапсырмалардың нәтижелері бойынша қорытынды пікірлердің қаржылық қорытынды есептің әдеттегі аудитінің нәтижелері бойынша жасалынатын қорытынды пікірлердей дәлелдеушілік күші болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

                             Қорытынды

Қорытындылай келе, аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит стандарттары – аудитке  қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы  принциптерді белгілейтін нормативтік  құжаттар.

Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі  ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына  жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын  салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың  жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

ХБФ аясында аудиторлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық  комитет тікелей айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғыни одан басым түспейді.

Кейбір мемлекеттерде  ХАС ты өз стандарттарын әзірлеу  үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекеттер ХАС ты ұлттық ретінде қабылдайды.

“Қазақстандағы ХАС ”  атты біздің нұсқамызды Халықаралық  аймақтық бухгалтерлер федерациясымен Евразия аудиторлары барлық  ТМД  елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудитор палатасының  Кеңесіне осы бухгалтерлер мен  аудиторлардың  Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай  Аудиторлық қызмет туралы  заңның бухгалтерлік есеппен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық  аудиторлар палатасы  ХАС қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ тың қолданылуына ұсынылған  қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан  орыс және мемлекеттік тілдерге аударылды.

Аудиторық іс - тәжірибе жөніндегі  Халықаралық комитет аудитті  өткізудің халықаралық стандарттары ілеспе қызметті көрету бойынша стандарттардан тұратын нормативтік құжаттарды шығарады. 1994 жылдың шілдесінен бастап ХАС аудит стандарттарының кодификациясында 29 ХАС пен 4  ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 жыл басында 50 - ге жетті, оның ішінде олардың 38 - і ХАС қа , ал 12 - сі халықаралық аудиторлық іс тәжірибе бойынша ережеге негізделді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

    1. Аудиттің халықаралық стандарттары-1,2т  Алматы,2001
    2. Дюсембаев К.Ш. “Теория аудита” Алматы 1995
    3. Д.О.Абленов.  “Аудит негіздері” Оқулық – Алматы: Экономика 2005жыл (400бет) А15
    4. З.Н.Әжібаева, Н.Ә.Байболтаева, Ж.Ғ.Жұмағалиева. “Аудит”  Оқулық – Алматы 2006 жыл (604бет) А34
    5. www.Минфин.кz   - ҚР Қаржы министрлігі
    6. http:/www.audit:.freenet. kz/ЗЗ.Һtm - ҚР аудиторлар Палатасы
    7. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0_%D0%A1%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%83%D0%B4%D1%8B%D2%A3_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96
    8. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D2%A3%D1%96%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%83_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96

 


Информация о работе Халыкаралык аудит стандарттары