Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:53, курсовая работа
Экономикалық негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшін инновациялық, инвестициялық, ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз.
Кіріспе.
1. Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер
1.1 Инвестиция және инвистициялық процесс
1.2 Бірінші типті инвестициялық банктер
1.3 Екінші типті инвеситициялық банктер
1.4 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің инвестиция жөнінде бұйрығы.
2. Қазақстанның тура шетелдік және өнеркәсіптік өндірісінің инвестициялық сипаттамасы.
2.1Қазақстанның инвестицияляқ тартымдылығы
2.2 Қазақстанның тура шетелдік инвестициясы
2.3 Қазақстан өнеркәсібінің инвестициялық сипаттамасы
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе.
1. Инвестицияның
мәні, инвестициялық банктер
1.1 Инвестиция
және инвистициялық процесс
1.2 Бірінші
типті инвестициялық банктер
1.3 Екінші
типті инвеситициялық банктер
1.4 Қазақстан
Республикасының Қаржы
2. Қазақстанның
тура шетелдік және
2.1Қазақстанның
инвестицияляқ тартымдылығы
2.2 Қазақстанның
тура шетелдік инвестициясы
2.3 Қазақстан
өнеркәсібінің инвестициялық сипаттамасы
Қорытынды.
Қолданылған
әдебиеттер
Кіріспе
Экономикалық
негізгі секторы болып
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан өнеркәсіпті дамытуға барлық жағдайдың бар екендігі белгілі. Шикізат қорлардың молдығы, еңбек ресурстары мен білімді және интеллектуалды мамандардың жеткіліктігі, жаңа өндірістер құру үшін аймақтардың кендігі, жағрапиялық жағынан орналасу тиімділігі, ішкі және сыртқы нарыққа шығудағы бірқатар артықшылықтар – мұның бәрі өнеркәсіп саларын, соның ішінде өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың алдында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Әрине отандық өнеркәсіптің қарқынды дамуында теріс әсерін тигізер факторлар мен кедергілер жоқ емес.
Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспейміз:
Сондықтан
да Президенттің 2004ж. 19 наурызындағы Қазақстан
халқына жолдауында «Мемлекеттік қолдаудың
оңтайлы рөлі жағынан, экономиканы
барынша ырықтандырып, оның ашықтығына
қол жеткізуге, екінші жағынан – инфрақұрылымды
жасау және белді салаларды дамытуға жеке
белді салаларды жеке меншік секторды
тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде
деп білемін» деп атап өткен.1
“Инвестиция” немістің “invesition” деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ серификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.
Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К. Маркс “Капиталдың” бірінші томында қарастырады, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ол өз кезегінде оның органикалық құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің “Енбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы” (“1936 ж.) еңбегінде қарастырды, онда инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұллтық табыстың үлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегенміз ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті арттыруға былай қол жеткізіледі:
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындылмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өндеу және т.б. Сондай-ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек кауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлығы, енбек тиімділігін арттыру және оны женілдету болып табылады. Инвестиция деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясатты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз етубағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясатты банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың валюта – қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады. Инвестициялық портфель бұл – банктің заңды тұлғалардың, басқа банктердің және бағалы қағаздардың салған қаражаттарының жиынтығы. Инвестициялық портфельдің оңтайлы критерийлердің - бұл операциялардың табыстылығы мен өтімділігі болып табылады. Банктердің инвестициялық портфельдерін басқарудың әр түрлі бағыттары және принциптері қолданады. Көп таралған принциптердің қатарына бағалы қағаздарды өтеудің «баспалдықтылық» принципін жатқызуға болады. Бұл принцип бойынша өтелген бағалы қағаздардан түскен қаражаттарды максималды өтеу мерзімі бар бағалы қағаздарды қайта инвестициялау. Банктердің белгілі бір мерзімге пайда табу мақсатында бағалы қағаздармен операциялары банк инвестициялары ретінде қарастырылады.
Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі – ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акциялады, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру.
Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады.
Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен айнлысады. Ал екінші типті инвестициялық банктерге келетін болсақ, оларұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
Батыс
Еуропаның континенталды елдеріне және
дамушы елдерге негізінен осы атап кеткен
екінші типті инвесициялық банктер тән.
1.2
Бірінші типті инвестициялық
банктер
Бірінші банктер XIX ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктердің аса тез дамуы XX ғасырда 20-жылдарында байқалады.
Инвестициялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпарациялар үшін олардың акциялары мен облигациялары орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады.
Бірінші типті инвестициялық банктер әдетте құрылтайшылар, бағалы қағаздардың эмиссиясын ұйымдастырушылар рөлінде шығады. Олар компаниямен орналастырылмаған бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын агенттер ретінде, сонымен қатар сауда, өндіріс, транспорттық корпарациялардың бағалы қағаздар бойынша және басқа аспектілер бойынша консультанттар ретінде бола алады. Ұзақ мерзімді салымдарды қажет етіп, акциялар мен облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған корпарациялардың және мемлекеттің тапсырмасы бойынша, бірінші типті инвестициялық банктер эмиссияның көлемі, мерзімі, шарттары жайлы және бағалы қағаздардың типін таңдау жөніндегі, сонымен қатар орналастыру және қайта айналысы жөніндегі міндеттемелерді өздерінің мойындарына алады. Мұндай мекемелер шығарылған акциялар мен облигациялардың сатып алынуына кепіл береді, яғни олар бұл бағалы қағаздарды сатуды өздерінің есебінен немесе банктік синдикаттарды құру арқылы акциялар мен облигациялады сатып алушыларға ссуда береді. Несие жүйесінде инвестициялық банктің үлесі көп болмасада, олар өздерінің жақсы ақпаратталғандығына және құрылтайшылық байланыстырына байланысты экономикада үлкен рөл атқарады.
Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдерінің қатарына келесі елдерді мысаға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания, Австралия, АҚШ.
Инвестициялық банктер депозиттерді қабылдауды жүргізбейді. Бірақ егер депозиттер қабылдайтын болса, басында және шектелген мөлшерде ғана. Бағалы қағаздарды орналастыру алдында инвестициялық банк әдетте эмитент-корпарацияның қызметіне жоғары мамандырылған экономистер, юристер және инженерлердің кмегімен тиянақты талдау жүргізеді. Банк корпарацияның активтерін, мүлкін мақсаттарын, құжаттарын, маркетинг және менеджмент жүйесін өндіріс жағдайын, нарығын, еңбек қатынастарын, корпарацяның тарихын, оның операцияларын, балансын, пайда және зияндардың есебін, басқарма құрылымын, саладағы орнын, бәсеке деңгейін және басқа факторлар қатарының талдауын жүргізеді. Көп жағдайда инвестициялық банктердің қызметкерлері клиент эмитент-корпарацияның директорлар кеңесіне кіріп, оларға өндіріріс, қаржы және инвестициялау сұрақтары бойынша кеңестер береді.
Меншікті
қаражаттардың салыстырмалы тапшылығы
инвеситициялық банктерді бағалы қағаздардың
эмиссиясын орналастыру үшін синдикаттарды
және консорциумды құруға мәжбүр етеді.
Мұнда олардың рөлдері бірдей емес, әдетте
синдикаттарда және консорциумда 1-5 банктің
басшылықты орыны болады.
1.3 Екінші типті инвеситциялық
банктер
Ал екінші типті инвестициялық банктерге келсек, олар бірінші типті инвестициялық банктерден ұйымдастырушылық құрылымында, қызметтері мен операцияларында елеулі айырмашылығы бар. Екінші типті инвестициялық банктер акционерлік негізде, мемлекеттің қатысуымен аралас меншік формасында және таза мемлекеттік болып құрылуы мүмкін. Мұндай банктердің негігі функциялары өндірістік кәсіпорындардың салаларын, сонымен қатар жаңа технологияларды енгізуімен және ғылыми-техникалық революция жетістіктерін іске қосумен байланысты арнайы – мақсатты жобаларды орта ұзақ мерзімді несиелеу блып табылады. Қазақстан Республикасында мұдай банктердің функцияларын негізінен Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңейдегі банктер атқарады. Бірақ Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын, диверсификация, табыс пен өтімділікті қамтамасыздандыру.