Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:53, курсовая работа
Экономикалық негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшін инновациялық, инвестициялық, ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз.
Кіріспе.
1. Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер
1.1 Инвестиция және инвистициялық процесс
1.2 Бірінші типті инвестициялық банктер
1.3 Екінші типті инвеситициялық банктер
1.4 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің инвестиция жөнінде бұйрығы.
2. Қазақстанның тура шетелдік және өнеркәсіптік өндірісінің инвестициялық сипаттамасы.
2.1Қазақстанның инвестицияляқ тартымдылығы
2.2 Қазақстанның тура шетелдік инвестициясы
2.3 Қазақстан өнеркәсібінің инвестициялық сипаттамасы
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
Энциклопедиялық сөздікте инвестиция ұғымы “мемлекет ішінде және шетелде экономика саласына салынған ұзақ мерзімді капитал” деп түсіндіріледі. Инвестицияны екіге бөлуге болады: қаржылы (бағалы қағаздарды сатып алу) және нақты (капиталды өндіріске, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. салу).
Бірнеше авторлар инвестиция ұғымын көзделген әлеуметтік-экономикалық нәтиже алу мақсатымен қаржылы және материалды-техникалық ресурстар салымы деп түсінеді. Нарықтық қатынастарға өту салдарынан “инвестиция” түсінігінің көзқарастар мен ыңғайын өзгертті. Егер әкімшілік экономика жағдайында капитал салуды негізгі қорлар ұдайы өндірісіне кеткен бір жолғы шығындар деп қарастырылған болса, нарықтық экономикада инвестициялар әлеуметтік салдар немесе табыс табу мақсатымен кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салудың меншіктік, интеллектуалдық бағалықтардың барлық түрі болып табылады. “Инвестиция” түсінігі Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициялары туралы” заңына нақты, көлемді қарастырылған: инвестициялар – табыс табу мақсаты мен инвесторлардың өндірістік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктің бағалықтар мен интеллектуалдық меншік құқықтардың барлық түрі болып табылады.
Өз кезегінде инвестициялық қызмет мағынасын табыс табу немесе әлеуметтік салдар алу мақсатында кәсіпкерлік және тағы басқа қызмет объектілеріне салынған мүліктік құндылықтар салу процесі деп түсінуге болады. Жалпы инвестицияны тарту негізінен өндіріске қандай-да бір өнім немесе бір ел ішінде кәсіпорынның акцияларын иеленуге салынған капитал салымы болып табылады. Егер, өнім өндірісі жүзеге асырылып, шетелдік демеуші өз капиталын өндірістің кеңеюі мен технологиясына салса немесе жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен кәсіпорын ашса, онда ол бірлескен кәсіпорын немесе шетелдік инвесторлары бар кәсіпорын болып табылады. Бұл жағдайда шетелдіктер өндіріске өздігінен тура әрекет етеді және сол себептен тура немесе нақты деп аталады. Егер сол елдегі қызмет етіп жатқан кәсіпорын акцияларына ие болса, олар портфелді инвестиция болады. Осы түсініктерді кең көлемде қарастырсақ, онда мынадай анықтама беруге болады. “Инвестиция – сатуды қосқанда белгілі бір өнім өндірісіне кәсіпорынның қорын құру мен кеңейтуге салынған ұзақ мерзімді капитал салымы, сонымен қатар компания қызметінің кеңеюі мен оның заңды формасынан тәуелсіз компания үстінен бақылау орнатумен байланысты барлық басқа операцияларға салым болып табылады”.
Жақын және алыс шет мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей инвестициялар өтпелі кезеңде нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуының маңызды факторы болып табылады, сонымен қатар өндірістік аппаратты жаңартып қайта құрып, жаңа өндіріс пен кәсіпорындардың құрылуын қамтамасыз етеді. Сол себепті мемлекеттік экономикалық аймақтарына шетел капиталын ынталандыру және қолдану қазіргі кезеңнің инвестициялық процестің заңды басымдылығы болып табылады.
Нәтижесінде шетел инвестициясының мақсатты бағытталған әсері Қазақстанда құрылымдық саясат экономикалық, энергетикалық және азық-түлік саясатын қамтамасыз етуге, сонымен қатар бай минералды-шикізат ресурстарын пайдаланумен байланысты тау-кен өнеркәсібінің стратегиялық маңызды саласының жылдам дамуына бағытталды. Бай минералды-шикізат ресурстарын қолданумен байланысты өнеркәсіптің құрылымы жақсарды. Өнеркәсіптің салалық құрылымы базалық салалардың – мұнай-химиялы өнеркәсіптердің басымдылық дамуының есебінен жақсарды.
Тікелей шетел инвестициясын тиімді, соңғы пайдалану нәтижесінің жарқын үлгісіне “Галлахер”, “Филип Морис” темекі фабрикаларының салынуы; шарап сусынын құю тізбегі; АҚ “Өскемен титан-магни комбинаты” титандық шлактарды өндіру бойынша іске қосу кешені енгізілген; “Испат-Кармет” АҚ-да металлургиялық заводты қайта құру іске асырылып жатыр және сыра дайындау заводының құрылысы жатады. Шетел инвестициясының есебінен Семей қаласында Ертіс өзені көпірінің салынуы, Ақтаудың теңіз сауда портының қайта құрылуы мен кеңеюі жүзеге асырылды. Инвестициялық басымдылықтың өзгерісі аймақтардың дамуында қайта бөлулерге әкеп соқты. Отандық және шетелдік инвесторлардың республиканың батыс аймағында орналасқан кәсіпорындардың өндіріс саласында көрсеткен қызығушылықтарының арқасында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында инвестиция саласының тұрақтануы байқалады.
Осылайша
Қазақстан Республикасында
2.3
Қазақстан өнеркәсібінің
инвестициялық сипаттамасы
Қазақстан өнеркәсібі халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін айқындайтын басты фактор болып табылады.
Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын –энергетикалық ресурстар, сирек кездесетін, құнды және сирек жер металдар қоры бар, сондай – ақ негізінен өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің қүшті индустриясы бар. Кеңес Одағы дәуірінде өндірілетін жалпы көмірдің 20%, темір рудасының 10 %, хром рудаларының 95 %, мыстың 30 %, мырыштың 50 %, қорғасынның 70 % және фосфордың шамамен 90 % -ы Қазақстанның еншісіне тиетін. Оның үстіне, Қазақстан КСРО – ның ең басты минералды –шикізат базасын құрай отырып, 90 – жылдардың басында өз жерінен шығаралған қара металлургияның шамамен 55 % -ын, турлі –түсті металдардың 30 % -ын, мұнай – химия өнеркәсібі өнімдерінің 38,4 %-ын сыртқа экспорттап отыратын. Негізінен, Кеңес Одағы кезінде ел экономикасы шикізат өндіретін өндіріс орындарын дамытуға басымдылық танытып, табиғи минералды-шикізаттық ресурстарды өндіру мен қайта өңдеуге бағытталған бастапқы және аралық өндірістердің құрылуына және өндеуші өнеркәсіп салалры мен өндірістерінің жоғалуына септігін тигізе отырып, өзінің шикізаттық бағытын аңықтап алды. Осының салдарынан Кеңес одағы бойынша өндірілген дайын өнім көлемінің арасында елеміздің үлесі өте төмен деңгейде қалыптасты, атап айтқанда, металл прокатында – небәрі 4,4 %, темір (металл) кесетін станоктар жасауда – 1,6 %, мал шаруашылығына қажетті машиналар мен құрал – жабдықтар өндірісінде – 5,3 %, темірден қысым арқылы өнім дайындайтын машиналар өндірісінде – 6 %, эсковатор шығаруда – 1,9 %, минералды тыңайтқыштар дайындауда – 5,2 %, химиялық талшықтар мен жіптер өндірісінде – 1,2 % және қағаз өндірісінде – 0,1%-ды құрады. Алайда, Қазақстанда машинақұрылысының көппрофильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру саласы және іс жүзінде ғылыми – техникалық күрделері тауарлар өндіру саласы да жоқ, сондай-ақ халық тұтыну тауараларының индустриясы нашар дамыған, химиялық өнеркәсіп, мұнай, газ және көмірсутекті шикізаттарды өндеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.
Нарықтық қайта құру өндірісінің құрылымда елеулі өзгерістер туындап, отын өнеркәсібінің, оның ішінде мұнай-газ саласы мен қара және түрлі-түсті металлургия өнеркәсіптерінің үлесі арта бастады.
2003 жылы
статистиқалық есеп беру
Жоғарыдағы мәліметтерден ел экономикасының құрылымында отандық тұтынушылардың төлем қабілетінің қысқаруынан, ішкі нарықтың тарылуынан және сыртқы нарықтарға бағытталу тенденциясын күшейтіп отырған шикізаттық салалардың үлестік салмағының артқандығын байқауға болады. Дегенмен, жылдам әрі тиімді түрде дамұға қабілетті экономиканы қалыптастыру және соның негізінде әлеуметтік – экономиқалық мәселерді, әсіресе, халықтың әл-ауқаттылық деңгейін көтеру мен адам өмірінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін еліміздің өнеркәсіптік өндірісінің құрылымын өзгерту (немесе қайта құру) кажет.
Өнеркәсіптің құрылымын өзгерту – қыруар қаржы мен көп уақытты талап ететін үрдіс. Сол себептен, бастапқыда құрылымдық өзгерістерді мақсатқа сай және тұрақты түрде жүргізуге қажетті жоғары дәрежедегі инвестициялық белсенділікті әлемдік тәжірибиде сынақтан өткен сан алуан құралдарды қолдана отырып, қамтамасыз ететін тиімді құрылымдық саясатты игеру керек. Аталмыш саясат қалыптасқан макроэкономиқалық, сааралық және салаішілік қатынастарды түбейгейлі өзгерту мен осы мақсатта ақша қозғалысын, несие ресурстарын және өзге де қаржы құралдарын құрылымдық өзгеріске ұшырайтын кешендерге, салаларға және өндірістерге тарту жолдарын қарастыру қажет. Осылайша, еліміздің құрылымдық саясатын жүзеге асырудың жемісі ретінде экономикамызда құрылымдық өзгерістер мен дамулардың орнығуына жағдай жасалады. Сондай-ақ, шикізаттар мен аралық өнімдер өндірісінен бәсеке қабілеттілігі жоғары саналатын дайын өнімдер өндірісіне өту және халықтың әл-ауқаттылық деңгейін көтеруге бағытталған әрі қарқындылығы жоғары салалар мен ғылым сыйымды жоғары сапалы өнімдер өндірісін ұйымдастырұға негізделіп, елеміздегі өнеркәсіптің дамуына қажетті ғылыми-техникалық алғышарттарды қалыптастыратын жекелеген инфрақұрылымдықсалаларды жедел дамыту жолдарын айқындауға мүмкіндік туындайды.
Сонымен, нақты мақсатқа бағыттылған құрылымдық саясатты жүргізу – елеміздің халықаралық еңбек бөлінісі жүйісіндегі беделді орнын алуына, әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық байланыстарға белсенді түрде қатуысына және тиімді шетелдік капитталарды иарту қабілеттін артуына жағдай жасау және отандық экономиканың құрылымына бірте-бірте жақындату жолындағы қажетті шарттардың бірі болып табылады.
Қазіргі таңда, құрылымдық саясатты жүзеге асырудың кешіктірілуі елеміздің экономикалық тәуелсіздігін жоғалтауна, өндірістік потенциалының бұзылуына және әлемдік шаруашылықтың шикізат ошағына айналуына әкеп соқтыруда. Сондықтан, құрылымдық өзгерістерді іске асыру үшін әрбір кезеңнің нақты міндеттерін шұғыл шешу арқылы құрылымдық саясаттың ықпалдылығын (тиімділігін) арттыруа, алдыңғы қатарлы жаңа өндірістер мен ғылым-сыйымды салаларды кеңейту үшін қажетті инвестициялық ресурстарды қалыптастыру мен шоғырландыруға, маңыздылығы жоғары салалардың алма-кезек ауысын қамтамасыз етуге, дәстүрлі өндірістерді қайта құруға және олардың ескірген түрлерін анықтап жабуға бағытталған мемлекеттік іс-шараларды нарық тетігімен үйлестері отырып, қатаң әрі тұрақты түрде жүргізіп отыру қажет.
Өнеркәсіп құрылымын қайта құру үрдісі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген капиталистік елдерде ұүрылымдық саясатты жүргізідің ең басты мақсатты ретінде тиімді түрде жүзеге асырылды. Құрылымдық өзгерістер Жапония, Оңтүстік Кореа, Тайвань, Индонезия секілді елдердің экономикасын қайта құруда ерекше ие болды. Аталмыш елдердің құрылымдық қайта құруды жүргізу жөніндегі тәжірибелерін сараптай отырып, әрбір елдің тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуі үшін міндетті түрде еңбек күштері мен стратегиялық маңызы зор ресурстардан тұратын басты байлығын рационалды жолмен қолдануы қажет екен деген тоқтамға келуге болады.
Біздің елеміздегі мұндай байлықтың көзін, сөзсіз, табиғи минералды ресурстар мен шикізаттар құрайды. Осы ресурстарды тиімді пайдалану арқылы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге болады. Дегенмен, экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтап қалу үшін міндетті түрде жоғары сапалы дайын өнімдер өндірісін дамыту қажет. Сондықтан, жоспарлар экономикадан нарықтық қатынастырға негізделген экономикаға өту кезеңінде өзін-өзі ақтайтын және табиғи байлықтарды экспорттауға бағытталған құрылымдық саясаттың орнына өндірістің соңғы нәтижелерін шығаруға (дайын өнім өндіруге) және нарықтық конъюктураның ықпалымен тез арада қайта құрылуға қабілеттілігінмен әрі икемділігінмен ерекшенелетін өнеркәсіп құрылымын қалыптастыруға бағытталған саясатты бірте-бірте орнықтыру керек. Қазіргі таңда, отандық өнеркәсіптің отын-шикізаттық бағыттағы салаларының үстемдігін тез арада жоюға мүмкіндіктің жоқ екендігін ескере отырып, Үкіметіміздің бір жағынан – шикізатты өндіру мен пайдалану төлемақысын көтеру, оларды лицензиялау және экспортты квоталау секілді іс-шараларды; екінші жағынан - өндіріс орындарын ресурстарды аз қажет ететін (үнемдейтін) технологиялармен жабдықтау арқылы жаңарта отырып, келешекте ел экономикасының табиғи ресурстарға деген қажеттілігін төмендетуге бағытталған шс-шараларды атқару арқылы өз рычагтары мен стимулардын жүйелі түрде әрі аса ұқыптылықпен жүзеге асырғаны жөн.