Инвестиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:53, курсовая работа

Описание

Экономикалық негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшін инновациялық, инвестициялық, ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз.

Содержание

Кіріспе.
1. Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер
1.1 Инвестиция және инвистициялық процесс
1.2 Бірінші типті инвестициялық банктер
1.3 Екінші типті инвеситициялық банктер
1.4 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің инвестиция жөнінде бұйрығы.
2. Қазақстанның тура шетелдік және өнеркәсіптік өндірісінің инвестициялық сипаттамасы.
2.1Қазақстанның инвестицияляқ тартымдылығы
2.2 Қазақстанның тура шетелдік инвестициясы
2.3 Қазақстан өнеркәсібінің инвестициялық сипаттамасы
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курс.Инвестиция.doc

— 200.50 Кб (Скачать документ)

      Өнеркәсіп салаларының құрылымын қайта  құру-экономикалық өсудің деңгейіне, инвестициялардың тартылуына қарай өзгеріп отыратын маңызды экономикалық және ғылыми-техникалық артықшылықтарды қалыптастыруға және елеміздің әлемдік шаруашылыққа ену қажеттілігі мен шарттарын өзгертуге мүмкіндік береді. Дәл қазіргі кезеңде мемлекетіміз үшін төмендегідей артықшылықтарға (приоритет) негізделетін өнеркәсіптік құрылымды қайта құру үлгісі (моделі) аса тиімді болып табылады:

  • экспортқа бағытталған салалардағы, әсіресе, металлургия және отын-энергетика өнеркәсіптеріндегі соңғы өзгерістерді жасау;
  • өндіруші саланың өнеркәсіптегі үстемдігін жою;
  • өндіріске энергия мен ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу;
  • ғылым-сыйымды және аз капитал-сыймды саларды дамыту;
  • инвестицияны тарту және инвестиция арқылы шетел инновациялық технологияларды өндіріске енгізу

   Осындай артышылықтар негізінде өнеркәсіпті дамыту үшін өндірістің тиісті технологиялық құрылымдарын қамтамасыз етуге қатысты үрдістерге мемлекеттің белсене араласуы қажет. Себебі, өнеркәсіп құрылымын қайта технологиялық дамудың келешегімен тығыз байланысты болып келеді. Мемлекеттің бар күшін қай технологиялық құрылысты дамытуға бағыттайтыны ел экономикасының өркендеуіне және Қазақстанның жаңа технологиялық шыңға шығуына өзіндік септігін тигізеді.

   Жоғарыда  ацтылып өткендей, ресурстады үнемдейтін технологияларды баса назар аудару өндіруші салалардың өнеркәсіптегі үлес салмағын азайтуға үлес салмағын азайтуға мүмкіндік береді. Әйтсе де, еліміздің үздіксіз дамуын қамтамасыз етудегі артықшылықты мен маңыздылығына байланысты, аталмыш салалардың ұзақ уақытбойы экономикадағы беделін сақтап қалатындығы анық байқалады.

   Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының басты элементі бола отырып, оның мақсаттарымен, міндеттерімен сипатталады. Шетел  инвестицияларын тарту мынадай  мақсаттарға жетудің негізгі  шарты:

    • Мұнай саласын кері жабдықтаудыңбазасымен қамту, оны өңдеу мен өндіруді  алдыңғы қатары технологияға көшіру;
    • Мұнайгаз кешенінің мекемелерінің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрлымын дамыту жобаларының жүзеге асуы;
    • Мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттаудан валюталық түсімдерді дамытуды қамтамасыз ету.

   Қазақстан Республикасының Статистикалық  Агентствосының мәліметтеріне сүйенсек, 2001-2003 жылдары тікелей инвестиция, коммерциялық несиелер, халықаралық  қаржылық  ұйымдардың несиелері  түрінде 35,6 млрд. АҚШ доллары тартылған. Осы жылдарытартылған шетелдік инвестициялардың 47,6%-дан астамы мұнайгаз кешеніне тиесілі. Тек 2003 жылы мұнайгаз секторының салаларындағы тікелей инвестиция 2,1 млрд. АҚШ долларын құраған. Мұнай  кен орындарын өңдеумен байланысты жобалар бойынша тікелей инвестициялардың жалпы көлемі – 1,3 млрд. АҚШ доллары, көмірсутектік ресурстарды барлаумен байланысты жобалар бойынша – 4,2 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Шетел компанияларының инвестициялық қызметінің алғашқы кезеңі (1992-1993) сауда делдалдық қызметтергесалынған уставтық капиталы бар біріккен кәсіпорындардың құрылумен сипатталады. Екінші кезеңде (1993-1995) экономиканы либерализациялау нәтижесінде шетел инвесторларының Қазақстан экономикасының маңызды салаларынаенуіне жол ашылды. Үшінші кезеңде (1995-2003) жеке жобалар бойынша ірі мекемелерді жекешелендіру процесі жүзеге асырылуда.

   Мұнай өңдеу саласының мекемелерінің  жекешелендіру процесі зауыттардың  үзіліссіз қызметін қамтамасыз етіп, қарыздарын төлеу, өндірістік және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған болатын.

   Бірақ, уақыт өткен сайын, келісімде  көрсетілген шарттардың бұзылуынан инвестор мен мемлекет арасындағы келіспеушіліктердің  туындауы көрінеді.

   Штелдік компаниялар қызметіндегі тағы бір  жағымсыз жағдай мемлекеттік органдар алдында есеп берудің жоқтығынан, олардың қызметіне бақылау орнату мүмкін емес.

   1997 жылғы Павлодарлық мұнай өңдеу  зауытын “CCL Oil Ltd” американдық  мұнай компаниясының басқаруына  беру барысындағы келіспеушілік  қоғамның назарын аударды, Келіспеушіліктің төркіні зауыттың акция пакетін «Казахойл» ұлттық мұнай компаниясының уставтық капиталына енгізуде емес, қазақстандық мекемені жекешелендіру барысында басталған болатын.

   Барлық  үш мұнай өңдеу зауыттары ауыр «жекешелендіру» тағдырын иеленеді. Шымкентте «Витол» компаниясымен арада мемлекеттік акция пакетін (53,1%) басқару бойынша келісім бұзалды. Атырау мұнай өңдеу зауытының «Эссекс Рефинери» компаниясымен келісімі ұзаққа созылмады.

   2003 жылы Атырау МӨЗ мемлекеттік  акция пакеті (53,2%) «Казахойл» ҰМК билігіне берілді. Осы кезге дейін «Тэльф А.Г» (Швецария) компаниясы (зауыттың 18,3% акциясын иеленуші) 25,5% еңбек коллективінің акцияларын басқара отырып, ұлттық компаниямен бәсекелеске түсті. Бір жыл бұрын мүлік бойынша мемлекеттік комитеті «Тэльф А.Г» компаниясының АМӨЗ 12,3% акция пакетін сатып алуына сенімсіздік келтірді. Нәтижесінде, «Тэльф А.Г» компаниясы шетелдік несиелеу шарасын тоқтатты, мұның өзі зауытты реконструкцияларға жол ашты.

   Ұзақ  мерзімдік барысында Атырау МӨЗ-ң 100% акция пакеті «Қзмұнайгаз» ҰМК берілді.

   Донар-мемлекеттер  құрлымында алғашқы орында АҚШ иеленеді, Қазақстан Республикасына тікелей  шетел инвестицияларының жалпы  көлеміндегі үлесі – 44,2%.

   Инвестициялық қызметті жақсарту Қазақстан Республикасының  минералдық-шикізаттық кешенінде байқалады. Қазақстан Республикасының экология және табиғи Министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, инвестиция 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге өсіп, 2,1 млрд. АҚШ  долларын құраған. Және шетелдік қабатты қолданушылар арқылы минералдық-шикізаттық ресурстарды өндіруге бағытталған инвестициялар 5 есе артып, 35,2 млн. АҚШ долларын құраған. Инвестицияны минералдық шикізатты түрі бойынша тарсақ қатты пайдалы қазбалар бойынша қаржылық құралдардың жоғарғы көлемі көмір мен мыс (7,7- 4,9 млн АҚШ доллары), темір рудасы (17% немесе 300 млн. АҚШ долларын), полиметал (12% немесе 200 млн. АҚШ доллары), алтын (8%) өнеркәсібі келеді. 
 
 
 
 

                                                 Қорытынды 

   Қазақстан Республикасының кешенді өнеркәсіптік саясаты шеңберінде жаңа инновациялық және инвестициялық саясатты дайындап, тиімді түрде жүзеге асыру қажет. Инвестициялық және жаңа инновациялық саясат еліміздің төртінші, одан кейін бесінші технологиялық құрылысқа өтуін тездетуге мүмкіндік беретін жаңа үлгілегі технологияларды жасауға негізделуі тиіс. Бұл үшін институционалды және индермеционалды инфрақұрылымдарды орнатуға, инвестициялық қызметке қатысты әр түрлі субъктілердің біріге жұмыс істеуіне жағдай жасауға, осы салада бәсеке ортасын қалыптастыруға және шағын инвестициялық кәсіпкерлікті құруға бағытталған іс-шаралар кешенін тез арада жүзеге асыру қажет.

      Мұндй шараларды атқару үшін отандық және шетелдік  инвесторлады мүмкіндігінше  көптеп тартқан жөн. Өнеркәсіп құрлымын айтарлықтай жағымды өзгерістермен  толықтыру және еліміздің тұрақты экономикалық өсуіне қолайлы шарттар қалыптастыру үшін аса маңызды салаларға ноу-хау және технология мен құрал-жабдықтар түріндегі шетелдік инвесторларды тарту қажет. Алайда іс-жүзінде шетелдік инвесторлардың басым бөлігі мұнайгаз өндірісі мен тау-кен өнеркәсібіне құйылуда. Өнеркәсіп құрлымын тиімді бағытта қайта құру үшін жоғары деңейдегімемлекетік органдар шетелдік инвесторлардың қозғалысын реттеу тетіктерін мен бақылау қызметтерін бақылай отырып, аталмыш инвестициялардың еліміздің экономикамсын көтеру мен қайта құруға және оның тиімді түрде әлемдік нарыққа мүмкіндік беретін ғылым-сиымды өндірістер мен алдыңғы қатарлы салаларға бағыттау мақсатында кепілдіктер мент жеңілдіктер жүйесін қолдану тиіс. Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жету үшін мемлекеттің де, жеке сектордың да күш-жігері қажет. Жалпы белгіленгендей, мемлекет ыңғайлы-қалыпты жағдай жасауы керек, себебі жеке инвесторлар (отандық және шетелдік) Қазақстанда қолдау саласын тапқаны дұрыс.

      Осы мақсатта 1991 жылдың басында Қазақстан  Республикасында “Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы” Заң  қабылданып, “Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. “Шетел инвестициясы жайлы” заң  отандық және шетелдікинвесторлар үшін өте ыңғайлы-қалыпты жағдай жасауға көмектесті.

      Біріншіден, инвесторлар үшін жеңілдіктер анықталған. Жеңілдіктер мөлшері тікелей  инвестиция көлемі мен экономика  секторының басымдылығына байланысты.

      Екіншіден, жобаны жүзеге асыру үшін импорттық жабдықтарды, шикізат пен материалдарды кеден баж салығын салудан толық немесе жекелей босатылуын заң құптайды.

      Қазақстанның  өтпелі экономикасы үшін Жапония  мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіпті  құрылымдық  қайта құру бойынша  тәжірибесі маңызды. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей төмендегілер осы мақсаттарға  деген инвестицияның көздері болуы мүмкін:

    • Банктер мен, мемлекеттің ішінара емес, толықтай қорғауға кепілдік беруі негізінде халықтың жинағын тарту;
    • Шикізат экспортынан түсетін табыс және ұлттық қорды құру;
    • Тікелей және портфелдік шетел инвестицияларын тарту;
    • Шетел капиталын біріктіретін біріккен кәсіпорындар құру.

      2003 жылға қарай Қазақстанда осы  стратегиялық міндеттерді шешу  үшін 45,7 млрд теңге мемлекеттік  инвестициядан,  3,9 млрд доллар шетел инвестициясынан, 1 млрд доллар жеке инвестициядан тұрақты капитал жинақталды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                       

                                     Қолданыған әдебиеттер 
 

  1. Президенттің  Қазақстан халқына жолдауы  Астана, 2004 ж. 19 науырыз 1 б.
  2. Шиликбаева С. «Проблемы развития промышленности и пути их решений» Транзитная экономика. Алматы,2000 №6 б. 46-55
  3. Дәуренбекова Ә.Н.«Аль Пари» №2-3 2004 б. 118
  4. Қарасаев «Шығыс өлкесі» б. 76
  5. Исабеков Б.Н. «Хабаршысы №1(35»), 2003ж. Бет 32
  6. Е.Ф. Жуков. «Деньги, кредит, банки» Москва-1999г.
  7. Сағадиев К.А. «Казахстан-спектр» аналитические исследования, №3 1998
  8. Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы N 373-II Заңы
  9. Әубакіров Я.Ә., Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / [Я. Әубәкiров, М. Есқалиев].- Алматы: Эверо, 2004.- 480 бет.
  10. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.,Жанайдаров У., “Экономикалық теория” Оқу құралы – Алматы: Кенже – Пресс, 2001жыл, 286-289, 262-266 беттер;

Информация о работе Инвестиция