Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 08:33, реферат

Описание

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Работа состоит из  1 файл

Бухгалтерлик есеп - копия.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)

1.      Субъект басшылығының біліктілігі мен шынайылығы басшылар құратын өзгеріс

2.      Басшыларға қысым көрсету

3.      Капиталдың жеткізілуі

4.      Субъект бизнесінің сипаты, техникалық жағдайы, орналасуы, өндіріс көлемінің географиялық таралуы

5.      Бәсекелестік жағдай

       Аудиторлық есепті іріктеуге арналған маңыздылықтың 3деңгейі ажыратады:

1.      Елеусіз сумма, егер сумма пайданың шешім қабылдануына ықпал етуі төмен, аз болса

2.      Сумма маңызды болып саналса. Мұндай сумма пайданың шешіміне әсер еткен жағайда орын алады

3.      Сумма маңызды әрі жиі кездеседі. Бұл қаржы есептілігінің объективті күмән келтіреді

    Маңыздылық деңгейі бухгалтерлік есеп қателіктің шекті шамасы ұғынылады. Бұл шамадан бастап осы есептілікті білікті пайдаланушы дұрыс тұжырым жасауға және дұрыс экономикалық шешімдер қабылдау негіз етіп алуды тоқтату ықтималдығы жоғары болады. Маңыздылық тұжырымдамасы бухгалтерлік есеп сияқты аудитте де бар. Маңыздылық аудиттің негізгі ұғымдарының бірі болып табылады.

           Аудитте клиенттің қаржылық есептілігінің растығына елеулі ықпал жасайтын жағдай маңызды болып саналады. Маңыздылықтың айқын және бір жақты өлшемдер белгілеу оңай емес. Аудиторлар маңыздылық тұжырымдамасына біріншіден:

1.      Ерекше назар аударуға талап ететін маңызды типтік емес және қатесі бар баптар мен шоттарды негіз ретінде

2.      Жинақталған аудиторлық дәлелдеулерді бағалауға негіз ретінде

3.      Аудиторлық есептің типі туралы шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде пайдаланылады [9]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ

 

2.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті

 

Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  -деп аталатын №234-III заңының 3-тарау 13-бабында қаржылық есептіліктің элементтері белгіленіп көрсетілген. Сол элементтердідің бірі болып табылатын активтерге елімізге танымал белгілі ғалым, професор Қ.К.Кеулімжаев өзінің Бухгалтер лік есеп принциптері –атты еңбегінде - Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құндылықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады деп атықтама береді. Басқаша айтатын болсақ актив дегеніміз кәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының негізінде пайда болған және алдағы уақыттарда табыс табу үшін пайдаланылатын ресурстар болып табылады. Активтер пайдаланылу уақытына, мерзіміне қарай қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) болып екі топқа бөлініп қарастырылады.

Ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтер дегеніміз ұзақ уақыт (бір жылджан артық) пайдаланылатын айналымдылығ баяу активтер болып табылады.  Ал қысқа мерзімді активтер дегеніміз өзінің құнын тез арада басқа өнімге айырбастай алатын өтімділігі жоғары активтер болып табылады. Соған сәйкес ұзақ мерзімді активтерді айналымнан тыс активтер депте атайды. Ұзақ мерзімді активтерге негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар жатады. Диплом жұмысын орындау барысында марериалдары пайдаланылған Алматы қаласындағы  “ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамының №4 филиалында  материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар болмағандықтан біз негізгі құралдар есері мен оның аудитіне көбірек тоқталуды жөн көрдік.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт қызмет етеді.  Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналармен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады [7].

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі  ҰҚЕС №2 немесе ХҚЕС №16 стандарттарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, ұйымға жататын меншік құқығын, шаруашылық және оперативтік  басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. Негізігі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізігі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншік дегеніміз – ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа ұйымнан алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші “Жер”, 122-ші “Үйлер мен ғимараттар”, 123-ші “Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары”, 124-ші “Көлік құралдары”, 125-ші “Басқа да негізгі құралдар”, 126-шы “Аяқталмаған құрылыс” шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді. Заманның ағымына қарай бухгалтерлік есептің Халықаралық Қаржылық Есеп Стандартына көшуіне байланысты осы шоттар келесідей өзгереді.   2411-ші “ Көлік құралдары ”, 2412-ші “ Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары ”, 2413-ші “ Басқа да негізгі құралдар ”, 2414-ші “Үйлер мен ғимараттар”, 2415-ші “Жер”, 2930-шы “Аяқталмаған құрылыс”

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары, ғимарттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.

Әр ұйымда негізгі құралдар пайдалану мақсатын қарай және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш бертеін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар  мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдықтар; көлік құралдары; құрал-саймандар; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көпжылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың  әрқайсысының   құрамына енетіндер:

  - жер – ұйым меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге  меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект болып саналады;

  - үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға,әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

  - ғимараттар – енбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

  - өткізгіш тетіктер  - электр, жылу немесе механикилық энергияны  өткізу қондырғылары;

  - машинамен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар  мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттары, аспаптары, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;

  - күш беретін машиналар мен жабдықтар – жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары түрлі энергияны механикалық энергияға яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары;

  - жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық;

  - өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлармен аппаратуралар;

- есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар;

  - басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық;

көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

-         құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

-         өндірістік мүлік және соған жататындар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар;еңбңкті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауа арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттар да мүліктік объекті бола алады;

  - шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объект бола алады;

  - жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

  - көп жылыдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алғанады;

  - жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар;       

  - басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуға немесе  кеткен нақты өдіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындардан тұрады.

Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдық құны.

Сату құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.

Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне ұйымның шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:

-         пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;

-         нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдардың тозуын есептейді.

Салық заңдарына сәйкес акционерлік қоғам негізгі құралдарды технологиялық жабдықтар және негізгі құралдардың жөндеуі деген топтарға бөле отырып негізгі құралдардың салықтық есебін ұйымдастырады [4].    

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдікке өткеннен; басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсүі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі құраладарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да ұйымдарға берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Информация о работе Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі