Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 08:33, реферат
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
«Ұйымдастыру шығындарына» - кәсіпорындарды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымдарды тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамала үшін төленген төемдер және басқа да шығындар жатқызылады.
Материалдық емес активтердің «Гудвилл»деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы» деп те атайды. Бұл материалдық емес активтер бір кәсіпорын екінші бір кәспорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәспорынның нақты нарықтық бағасымн оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді [5].
«Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС ( бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субьектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үйлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
а) анықтауға болады;
ә) субъект бақылайды;
б) қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық емес активтер болып саналады, егер:
а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;
ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есептеп тіркеледі:
- субъектінің осы активке тікелей байланысты болашақта күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;
- актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
- материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т. б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.
Материалдық емес актив объектілерін қабылауды ресімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалдық емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды ресімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін материалдық емес активті объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.
Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. Бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес активтер объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің негізгі көрсеткіштері жазылады, ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.
Жарғы капиталына салымдар - материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:
Кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу - материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және тағы басқа.
Сатып алынған таза активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасынан (сатып алатын субъект үшін бұл – пайдалы мәміле) артса, сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма табылады және теріс гудвилл (бэдвил) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропорциональды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдыраму үшін материалдық активтердің құндылығын азайту қажет:
Мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету).
Айырбас – ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалады, танылады.
Құру – субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес активтерді мойындау өлшемдері (критерий) мен анықтамасына материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таралуы мүмкін. Материалдық емес бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке дейін активтің бастапқы құнына кірмейтн және кезең шығындары болып танылмайды.
Зерттеулер сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әрекеттенген, талап қуып, алдын-ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқауларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.
Әзірлеме сатысы – ғылыми-зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілетін қызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады; тәжибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал-аспаптарды, қалыптастыру (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.
Әзірлеме сатысындағы материалдық емес бапты құрған кезде шығындар былайша көрсетіледі:
материалдық емес активті жасауға шығындар болды:
а) өндіріске материалдар босатылды.
ә) Қызметкерлерге еңбекақы есептелді
б) еңбекті өтеу жөніндегі аударымдар сомасына
Орындалған жұмысты өзіндік құны есептеліп шығарылады:
материалдық емес бапты мойындап, тану сәтіне дейін жасалған шығындар бітпеген құрылыс ретінде көрсетілді:
- материалдық емес активтерді мойындалатын белгі өлшемдер мен анықтамаларға сай деп тану сәтіне дейін
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6 – «Негізігі құрал-жабдықтар есебі» БЕС-нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары) белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолднылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тіксызықты есептеп шығару тәсілі қолданылады.
Амортизациялаантын құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:
Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса.
Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына.
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді деп саналады, егер:
нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;
сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса[7].
Аудитор метериалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескерген жөн:
а) жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың келісімдері бойынша;
ә) бұл объектіерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;
б) басқа кәсірорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйіндегі сараптама жолымен.
4 – кесте
Материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасы
Аудит (процедурасы) | Ақпараттың шығу көздері |
Бас көрсеткіштер Бас кітабының мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін көрсету | Баланс |
Бас көрсеткіштер Бас кітабының мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін көрсету | Бас кітап, есеп регистрі, 12, 10 журнал-ордерлер, «МЕА амортизациясы сомасын есептеу» әзірлеме кестесі және бастапқы құжат |
Кәсіпорынның бұл объектіге меншік құқығын растайтын МЕА бар екендігі туралы алғашқы құжатарды тексеру | Патент, лицензия, авторлық куәлік, сызба (схема), жоба, үлгі, лицензиялық келісім-шарттар мен кеміту туралы келісім-шарттар, ас рецетурасы, геологиялық карталар және т.б. |
Түскен МЕА бағалаудың дұрыстығын тексеру | Келісім-шарттық бағалардың хаттамалары, сату сатып алу шарттары, аудиторлық қорытынды, сарапшылардың қорытындысы және т.б. |
МЕА кіріске алу есебінің көрсетудің дұрыстығын зерттеу | Қабылдау тапсыру актісі, 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8 журнал ордері, Бас кітап |
МЕА амортизациясын есептеу дұрыстығын зерттеу | «МЕА амортизациясы сомасын есептеу» әзірлеме кестесі, 10 журнал ордері |
МЕА істен шығу есебіндегі көрсетудің дұрыстығын зерттеу | Қабылдау тапсыру актісі, 10 журнал ордері |
МЕА түгендеу қорытындыларын шоттарда көрсетудің дұрыстығын зерттеу | Түгендеу тізімдемесі, салыстыру ведомосі, түгендеу актісі, 12 журнал ордері |
МЕА қатысты салықтар есептеу мен есептің дұрыстығын зерттеу | Салықтар бойынша есеп айырысулар, 5, 8 журнал ордерлер |
3. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Аудиторлық қорытынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудиторлық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директор кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қорытынды есептің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принциптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қорытынды есептерінің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.
Қорытынды есептің жекелеген баптардың топтары жөнінде жеткілікті ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізу тиісті:
Операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудиторлық білімінің өзара сәйкес келетінігі;
Қажетті ақпараттарды лайықты түрде ашылғандығы және қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығы;
Қаржылық қорытынды есептің кәсіпорын шаруашылық қызметіне қатысты заңдық құжаттардың және басқа нормативтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;
Жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл қорытынды есеп туралы өзінің ой пікірін тұжырымдай алатындығы.
Аудиторлық қорытынды құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты (атауы), адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масшатабын анықтау бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың мекен жайы, аудитордың қолы.
Аудиторлық қорытынды есептің жергілікті ережелер мен келісім - шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуге тиісті. Әдетте, қорытынды есебі аудитке тартылатын кәсіпорын директорлар кеңесіне арналып құралады.
Аудиторлық қорытынды есептің аудиті ХАС немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады [12].
Менің мысалым бойынша, «ҚазАвтоКөлік» АҚ – на аудиторлық тексеру жүргізілді. Бұл компанияның презиенті Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы, «Делойт» ЖШС тексерушісі болып табылады, президенті Кунтлеуов Аманбай.
Бағдарлама: