Чектермен есеп айырысу. Есеп
айырысудың бұл нысаны бойынша
шоттың иесі (чек беруші) өзінің
шотынан сатып алушының (чек ұстаушы)
шотына қаражаттың белгілі бір
сомасын аудару жөнінде өзіне
қызмет көрсететін банкке чек
түрінде жазбаша тапсырма береді.
Чектер алынған өнімдер, кәрсетілген қызметтер үшін
есеп айырысқанда және
"Қазақстан Республикасында чектермен
есеп айырысу ережесінде" көзделген
басқа жағдайларда қолданылады. Чек кітапшасын
алу үшін банкке өтініш беріледі. Лимиттелген
чек кіталшасы иесінің жеке шотындағы
қаражатты депоненттеуге арналған,
субъектінің шоты бойынша операциялар
жасауға арналған құжаттарға қол коюға құқығы
бар адамдардың қолы қойылған төлем
тапсырмасы мөртаңбасы қойылып, оған қоса
беріледі. Чек кітапшасының лимиті чек
жазып беріле алатын және банк төлеуге тиіс шекті
соманы білдіреді. Ол банк белгілеген
сомадан кем болуы мүмкін емес, бірақ тауарлар
мен қызметтерді төлеуге арналған қаражаттардың
айлық тутынысынан әдетте көп болуы
да мүмкін.
Есеп айырысу чектер кітапшасын
алу үшін дағдылы чек кітапшасын
алу үшін жазылғандай үлгіде
өтініш жазылады. Одан басқа есеп
айырысу чектер бойынша шығыс
ету үшін арнайы шотқа есеп
айырысу шотынан белгіленген
сомасы аудару нұскауымен банкіге
төлем тапсырмасы басылуы тиіс.
Материалдық құндылықтарды сатып
алу тапсырылған қәсіпорынның
қызметкеріне есеп айырысу чектер
кітапшасы мен оны пайдалану
үшін типтік үлгідегі сенім
хат беріледі.
Қазіргі уақытта жалған істелген
чектердің көбеіп кетуіне байланысты
елімізде чектердің жүруі уақытша
тоқтатылып тұр.
Чек беру төлемді жүзеге асырудың
бір тәсілі болып табылады, онда
төлем чек беруші аттас төлем
құжатын ұстауға беру жолмен
жасайды. Чек беру өз мәні
бойынша чекті ұстаушының ақшалаай
міндеттемесін орындау болып
табылмайды, бірақ ол соны жазуға
болса да. Аталған міндеттемені
орындау тек чек бойынша ақшаны
алатын кезде ғана болады. Чектер
жабылатын және жабылмайтын болып
бөлінеді. Біріншісі- депозиттермен
қамтылған, ал екіншісі- қамтылған
болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің
төленетіндігі жөнінде банктердің
кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде
жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті
қолданумен байланысты банк пен чек берушінің
міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы
жасалған келісім- шарттың негізінен шығады,
яғни бұл келісім- шартта, банк өз клиенттеріне
чек берушіге чегін төлеуді, яғни чек берушінің
міндеті өзіне алынады, ал клиенттер өз
кезегінде банкі белгіленген ережелерін
сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың
құқығы чек берушіден чекті алған кезінен
бастап пайда болады.Чектерге, есеп айырысу
шотының төлем құжаттарына кітапша иесінің
мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз
болып қалатындықтан чекте жазылғандарды
түзету және өшіруге болмайдщы. Егер чекті
толтыру кезінде қателіктер жіберілсе,
онда чекті және чектің түбіртегінде қиғашынан
«бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі
және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушыға төлеуге
чек жазылған күні қабылдайды
және төлеуге қабылданған күннің
ертеңіне чек ұстаушы арқылы
қызмет көрсететін банкке ұсынылуы
тиіс. Чек кітапшпсынан алынған
чектің күшінде боуы мерзімі,
жазылған күгіг есептемегенде,
әдетте, 10 күннен аспайды.
1.3 Төлем карточкарының есебі
Инкссациялау шығындарын қысқарту;
бухгалтерияның жұмысын женілдету,
Қазақстаннаң әлемнің кез келген
нүктесінен тез автоматталған
ақша аударымын жасау мақсатында
төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем қарточкалары- ақша қаражатына электрондық терминал
немесе басқа да қондырғылар арқылы қол
жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға,
қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік
және коорпоративтік болып бөлінеді.
Дебеттік
карточкалар қаржы-шотындағы ақша
сомасың шегінде оның ұстаушысына ( иесіне)
төлем жасауына мүмкіндік береді және
оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк
берген қаржы қөлемінде төлей алады.
Кредиттік
карточкалар бойынша банк берген қарыз
сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем
жасай алады.
Одан басқа кәсңпорын іс-сапарының
шығыстарын төлеуге, офистік,
үстеме шығыстары үшін корпоративтік
төлем карточкаларын ашуына болады.
Коорпоративтік
карточкалар –бұл да төлем карточкалары,
ол оны ұстауышыға банк пен занды тұлғалардың
арасында жасалған келісім шарттың негізінде
беріледі.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде
ол қазіргі шақтың қаржылық
тегігі (инструменті)ретінде 2 млн.
Карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан
астам кезең ішінде Viza және Master Card
халықаралық карточка жүйесі
үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан
оны 14 млн. Кәсіпорын төлем
карточкалары ретінде өздерінің
күнделікті оміріне пайдаланады.
Олардың қатарына: супермаркеттер,
авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі
клубтар, аяқ киім сататын дүкендер
т.б. жатады.
Қазақстан Республикасының аймағында
Ұлттық банкінің лицензиялауымен
шығарылған төлем карточкалары
пайдаланады.
Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден
тұрады:
- төлем карточкаларын берудің жағдайы;
- төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
- төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
- төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтатудың (блокирования) жағдайы;
- төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
- тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасының аймағында
төлем карточкалары теқ теңгемен
төленеді.
Төлем
карточкаларымен төлем жүйесін
жүзеге асырмастан бұрын оларға
авторизация жасау керек. Авторизация
процесі автоматталған тәртіпте
немесе телефон байланыстары
арқылы жүреді.
Төлем
құжаттары эквайерге көрсетілген
қызметке немесе сатып алынған
тауарға ақша төлеу нұскау
береді. Қолма-қол ақша алған кезде
төлем құжаттары карточка ұстаушыларға
төлемдердің берілгені бойынша
банк эквайері қолма-қол ақшаның
орнын толтыру туралы нұскау
береді.
Төлем карточкаларымен
операцияларды жүзеге асыру кезінде
міндетті түрде не қағаз, не электрондық
нысанда жасалса, онда ол: электрондық
журнал құжаттарынан немесе банкоматынан
алынады.
Қазақстан
Республикасында тауар мен қызметін
төлеу үшін төлем карточкасының
пайдаланғаны слиппен немесе сатып
алынған сомасына екі данада берілген
сауда чегімен расталуы мүмкін. Слип
үш данада рәсімделеді: біріншісі банкке,
екіншісі кәсіпорынға, үшіншісі карточка
иесіне беріледі.
Төлем
карточкадан қолма-қол ақшаны
алған кезде есеп беретін адамған
ақша қаражатын берген сияқты
рәсімделеді,операциялар одан әрі
қарай жалпы қабылданған тәртіп
бойынша көрініс табады.
Мысал.
Қолма-қол ақшаны және оны есептеумен
байланысты уақытың және басқа
да шығындарын қысқарту мақсатында
кәсіпорын еңбеккерлердің еңбек
ақысын төлем карточкасында төлеуді
ұйғарған.
Сонымен,
пластикалық карточканың,яғни төлем
карточкаларының бірқатар артықшылықтары
бар: сатып алушы клиент үшін
пайдалануға ынғайлы; сауда ұйымының
тауар айналымын арттырады; банк
шоттарында ақша қаражаттының
әжептеуір сомасы жинақталады,
бірақ осы артықшылықтардың бәрі
бухгалтерді қуантып отырған
жоқ, өйткені жаңа проблемалар
туындауда.
Төлемнің бұл түрі – касса
арқылы қолма-қол ақшасыз есеп
айырысу есем екенін , демек
кассир – операционист кітабында
нақты өткізілген
төмен
сома көрсетіле ме немесе оның
банкке немесе кәсіпорын кассасына
өткізілген сомаға сәйкес келмеуіне
бола ма? –деген сұрақ пайда
болатының бәрі де жақсы түсінеді.
1.4
Төлем талап - тапсырмалары арқылы есеп
айырысу.
Төлем талап-тапсырмаларымен
есеп айырысу. Мүндай нысан болған кезде жеткізуші
жөнелтілген өнімге төлем талап - тапсырмасын
ресімдейді де, оны төлеушіге бағыттайды.
Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында
шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағаннан
кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады
және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің
банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан
есептен шығарады және оны жеткізушінің
шотына есептеу үшін соның банкіне аударады.
Есептен шығарылған және есептелген сомалардың
бухгалтерлік жазбалары есеп айрысу шотынан
банк беретін көшірмеснің негізінде жүргізіледі.
Төлем
талап-тапсырмасы тауарларды алғанда,
жұмысты орындағанда, қызметі
көрсеткенде бенефициарлардың ақшаны
төлеушіге жіберген талабы болып
табылады.
Бенефициар төлем талап-тапсырмарны
банкке ұсынады және төлем
талап тапсырмалар белгіленген
бланктердің нысанында тиісті
реестрлеріне тіркеледі.
Төлем талап-тапсырмасы реестрмен
бірге бенефициар - банкісіне ұсыныады,
ал бенефициар барлық реквизиттердің
толық толтырылғанын тексеріп,төлем
талап-тапсырманы ақша жіберуші
банкке бағыттайды.
Егер
де бенефициарға қызмет көрсететін
де, ақшаны жіберуші де бір
банк болса, онда бенефициар
банкісін жанай өтіп, төлем талап-тапсырмасы
реестрсіз бірден жіберушінің
банкісіне ұсынылады.
Егер
де төлем талап-тапсырманы орындау
үшін қажетті ақша қаражаты
болмаса, онда төлем талап-тапсырманы
сақтау мерзімі және реестрінің
мерзімі бөлініп төленуі мүмкін.
Сондықтан алушы – банк тек
акциптелген немесе акцептті
қажет етпейтін бөлігін ғана
сақтауы мүмкін.
Осы
туралы төлем талап-тапсырманың
бет жағына белгі соғады.
Төлем
талап-тапсырмаларына толық немесе
ішінара ақы төлеуден бас тарту
кезде ол туралы оған қызмет
көрсететін банкке үш күннің
ішінде хабарлайды. Талап-тапсырма
құжаттарымен қоса оған берілген
тиеу құжаттарын және төленбейтін
бөлігі туралы хабарламасымен
бірге тіклей жабдықтаушыға (өнім
берушіге) қайтарылады.
1.5.Төлем тапсырмаларымен есеп
айырысу.
Төлем тапсырмалар – ол банкіге тиісті
қаржыларды жеткізушілер, салық органдары
және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма.
Бухгалтер оны «көшіргіш» пен немесе компьютерде
қажетті дана бойынша басады.
Онда төлеуші мен оның банкісінің,
алушы мен оның банкісінің
реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы
көрсетіледі. Банктің қызметкері
төлем тапсырмасын орындауға
қабылдап алып, оның соңғы данасына
таңба қойып, одан соң ол
операцияны есепте бейнелеу үшін
бухгалтерге қайтып береді. Басылған,
бірақ, банкіге өткізілмеген төлем
тапсырмасы он күн ішінде жарамды
болып саналады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу
тауар-көліктік немесе тауардың
босатылуын немесе қызметтің
көрсетілуін растайтын өзге құжаттың
нөмері мен күніне сілтеме
жасалған жағдайда алынған тауарлар
мен қабылданған қызметтер үшін,
сондай-ақ тауарлық емес операциялар
бойынша жүргізіледі.
Төлем
тапсырмалары:
1. Мерзімді (төлем өнімді
жөнелткенге дейін немес жөнелткеннен
кейін, ішінара төлем).
2. Мерзімнен бұрын (алдын
ала төлем).
3. Кейінгі қалдырылған
болуы мүмкін.
Төлеуші болып кәсіпорынның есеп
айырысу шоты ашылған банк
саналады және сол бөлігінде
кәсіпорынның аталуы мен оның
есеп айырысу шотының нөмері
көрсетіледі.
Төменде біз ҚР – ы Ұлттық
банкіде біздің банкіге берілген
кодын, ал «дебет» бағанасында
- ҚР ҰБ - дегі есеп айырысу шотының
шифрін көрсетеміз. Одан төмен
алушының банкі, ҚР ҰБ-дегі
банкінің коды (МФО «межфилиальные
обороты - филиалдар арасындағы
айналымдар»), ал «кредит» бағанысында
– ҚР ҰБ-дегі алушы банкінің
корреспонденциялық шоты көрсетіледі.
Аударылатын қаржы көлемі бас
әріппен сөз түрінде басылады.
Оның сандық мөлшері жоғарыдағы
оң бұрышта қайталанады.
Төменгі жақта төлемнің тағайындауы
көрсетіледі, басшы мен бас
бухгалтердің қол таңбаларымен
қоса кәсіпорынның мөрі қойылады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген
соманы бенефициардың пайдасына
ақшаны жіберушіге қызмет көрсетенін
банк алушының ақшаны аударғаны
туралы тапсырмасы болып табылады.
Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық
құндылықтарды өтеу ушін есеп
айырысу кезінде, сондай ақ
қызмет пен тауарға алдын-ала
төлем жасаған кезде, аванстық
төлемдер жасаға кезде төлем
тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген
нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға
қоса төлем жасаушы банктің
талап етуі бойынша салынатың
салықтың шот-фактуралары және
төлемдердің мақсатың растайтын
басқа да құжаттары бірге тапсырылады.
Төлем тапсырмалары жазылып берілген
күннен бастап 10 күн бойы күшінде
болады (жазылған күні есепке
алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем
жасаушының шотында қаражат болғанда
ғана орындауға қолданылады.Төлем
құжаттарын электронды түрінде
де, қағаз ретінде де ұсынуы
мүмкін. Бұл құжаттардың данасын
әрбір банк өздері дербес анықтайды.
Негізінен алғанда, олар екі
данада толтырылады, біріншісі
банкте қалдырылады да, оның электронды
көшірмесі бенефициарға жіберіледі,
ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны
жіберушіге қол қойылып, штамп
басылып қайтарылады.
Төлем құжатына кез келген
жөндеудің түрін жасауға рұқсат
етілмейді. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің арасындағы жасалған
келісімдері бойынша төлем тапсырмалары:
жедел мерзімді, мерзімінен бұрын
және мерзімі кейінге қалдырылған
болып бөлінуі мүмкін деп айта
кеттік.