Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 21:31, реферат
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әртүрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін
беру келісім-шартқа сәкес
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде — шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек
2..2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі мынадай валюталарда:
а) ұлттық;
б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және ек-теусіз айырбасталатын);
в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы ел-дердің ұлттық валюталары);
г) клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өза-ра есепке алу негізінде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салықпен кеден зандарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық ретту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1997 жылгы 2 мамырдағы № 206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне" сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін заңды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер занды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 "Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы" Нұсқауда қарастырылған болатын.Занды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.Занды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін телем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк шоттарына кірістелуі керек.Заңды түлғалар-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген құжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер, т.б.) тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Үлттық банкіде тіркелгені женінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда занды тұлға-резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.Резиденттер мен резидент еместер арасыңдағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.