Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 17:54, курсовая работа

Описание

Инвестициялар – біздің экономикамызда бұл жаңа термин болып табылмайды. Орталықтанған жоспарлық жүйе кезінде тек "капиталдық салымдар" деген түсінік қана қолданылды. Бұл түсінікте, негізгі қорлардың қайта өндірісі және оларды жөңдеуге кеткен шығындар да еңгізіледі.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері...............................................................................................................
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..................................................
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары.........................................
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.............................................
1.3.1 Инвестицияның тиімділігін бағалау........................................................
1.3.2 Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары............................................................................................................
2 Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау.......................................
2.1 ЖШС «Тамир» инвестициялық жобасы....................................................
2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері.....................................................................................................
3 Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
3.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері...........................................................................................................
3.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау........................................
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс........docx

— 209.80 Кб (Скачать документ)

Жобаның көп түрлiлiгiне қapaмaстaн, оларды талдау әдетте кейбiр жалпы сызбаға сәйкес келедi, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бaғалайтын арнайы бөлiмшелерден  тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы  бойынша, дұрыс жоба тәуекелдi талдаумен  аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қабылданбайды» резолюциясы шарттық сипаттa болатынын атап өткен жөн. Шыңдығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түpi,  мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруi мүмкiн және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Жобаны  алдын-ала әзірлеу және талдау кезеңі: Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясын тұжырымдаған соң,бұл идеяны кәсіпорын іс жүзінде іске асыра алады ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның қарасты экономика саласын анализдеу қажет.  Мұндай анализ инвестициялық жобаны алдын-ала әзірлеу және анализдеу мазмұнын құрайды. Батыс елдерінің практикасында келесі критерийлерді қолданады:

- саланың кемелділігі;

- кәсіпорынның бәсекеге  қабілеттілігі (оның нарықтағы  орны).

Саланың кемелділігін анализдеуді  оның дамудың мына төрт жағдайының біреуіне жатқызып қарастырады: эмбриональді, өсуші, кемелдік және қартайған.

Екінші критерийге бойынша, кәсіпорынның қандай салаға жататынына сәйкес сол саладағы  бәсекеге қабілеттілігін анықтау қажет. Басқа сөзбен айтсақ, бұл кәсіпорынды заттар мен қызметтер  нарығындағы басқа кәсіпорындармен  салыстырады. Кәсіпорынның негізі алты жағдайын қолданады: басымдық, күштілігі, қолайлығы,  тұрақсыздығы, әлсіздігі, тіршілік етуге қабілетсіздігі. Саланың  кәмелеттік және бәсекеге қабілеттілігін салыстырып кәсіпорынның тіршілік циклінің  қалыптамасын құруға болады, ол құрылымды  сипатты болып тек кәсіпорынның жағдайын белгілеп қана қоймай, сондай-ақ ары қарай дамуының қағидалық  ұсыныстарын жасайды.

Жобаны алдын-ала анализдеу  кезеңінің соңғы нәтижесі - көрсетілген  критерийлер бойынша нақты кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни, кәсіпорынның қалыптамадағы нақты  орнын көрсету.

Алдын-ала анализдеу кезеңі аса ұзақ болмауы тиіс, ал нәтижелер  оның алдындағы кезеңде шығарылады да, сапалы бағаларда негізделеді.  Бұл кезең кем дегенде мына екі себептермен қажет:

- стратегиялық инвестормен  ары қарай жұмыс істегенде  саланың кемелдігі және кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігі туралы  мәселелер міндетті түрде қарастырылады,  сондықтан оған алдын-ала дайын  болу қажет;

- егер кәсіпорын менеджерлері  анализдеуді қолға алмаса, оны  стратегиялық инвестордың өзі  жасайды, ал оның нәтижелері  қолайлы болмауы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Экономика саласының  кәмелеттігінің мысалдары

 

Кәмелеттілік кезеңі

эмбриональді

өсуші

кәмелеттік

қартайған

Күн энергетикасы

Видеотаспаларды өндіру

 

Кеме жасау (Европа)

 

Көмір өндіру (АҚШ)

   

Үй компьютерлері

 

Сағат жасау

 
   

Велосипед жасау

 

 

Жобалардың сан алуандығына  қарамастан, оларды анализдеу біршама  жалпы сызба нұсқа бойынша  жасалады, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институциональді орындалуын бақылаутын арнайы бөлімдерден тұрады. Стратегиялық инвестордың пікірі бойынша дұрыс  жоба тәуекел анализімен аяқталуы тиіс. Сызба нұсқадағы «Жоба қабылданбайды» қарарының қолданылуы шартты сипатты  болып келетіні ескеру қажет. Жоба бастапқы түрінде қабылданбауы тиіс еді. Сондай-ақ жобаның мысалы, оның техникалық орындалмауына  байланысты түрі өзгертілуі мүмкін, өзгертілген  жобаның анализі басынан қайта  басталуы тиісті.

 

1.2 Инвестициялық жобаны талдау формалары

 

Жобаның коммерциялық орындалуын бағалау - инвестиция алдындағы зерттеу жүргізуде қорытынды звеносы. Ол барлық өткен этаптардан алынған және талдаудан өткен ақпараттарға негізделуі керек. Коммерциялық бағалау инвестициялық жобаның интегралдық жағдайын көрсетуі қажет.

Инвестициялық жобаның коммерциялық қызығушылығында 2 критерий бар:

    1. қаржылық дербестігі (қаржылық баға);
    2. тиімділік (экономикалық баға).

Бірінші жағдайда, жобаны іске асыру барысында  өтімділік талданады (төлем қабілеттілігі). Екіншіден жобаның сатып алушылық құндылығының сақтап қалуында, салынған қаражаттар және де олардың қайтадамып өсуі.

1-сызбадан  әрбір критерий бойынша бірнеше  әдіс берілген.





 

 


 

 





 

 

 

                            Сызба 1- Инвестициялық жобаның коммерциялық бағалануы

 

 

Ұстаным бойынша маркетингтік талдаудың негізгі мағынасы екі  жәй сұрақтың жауаптарында:

  1. Жобаның іске асырылуының нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
  2. Бұдан инвестициялық жобаның шығындарын ақтайтын жеткілікті пайда түсіреміз бе?

Статистика бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың күйзеліске ұшырауының деңгейі 80%. Күйзелістің  басты себебі – жеткіліксіз маркетинг.

Маркетингтік талдаудың  базалық мәселелері мыналар:

  1. Жоба қай нарыққа бағытталған? Халықаралық па, әлде ішкі нарыққа ма?
  2. Жоба халықаралық және ішкі нарықтар арасындағы балансты долбарлайды ма?
  3. Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекет саясатының шешімдеріне бағыттас па?
  4. Егер жоба ішкі нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекеттің ішкі саясатына бағыттас па?
  5. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сыйыспаса, оны қарастыру керек пе?

Жобалар қазіргі нарықта  іске асырылатындықтан, жобада оның сипаттамасы  көрсетілуі тиіс. Маркетингтік талдау сондай-ақ өзінде тұтынушылар мен  бәсекелестердің талдауын қамтуы тиіс. Тұтынушылар талдауы  тұтынушылар  қажеттіліктер, нарықтың патенциальді сегментін және сатып алу үрдісінің  сипаттамасын анықтауы тиіс. Бұл үшін жобаны әзірлеуші нарықты жан-жақты  зерттеп, нарықтық құрылым және оған әсер етуші институциональді шектеулер  аумағында  негізгі бәсекелестердіталдайды. Маркетингтік талдау нәтижесінде маркетингтік жоспар әзірленеді.  Онда өнімді әзірлеу, бағалау оны базарға өткізу және пайдалану стратегиялары көрсетіледі. Бұл «маркетингтік қоспа» элементтері  бірігіп, өнімнің нарықтағы қолайлы  бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етеуі  керек. Маркетингтік жоспар кәсіпорындағы  басқа өнімдердің болуын, сондай-ақ жұмыстың ұйымдастырушылық, қаржы, өндірістік және қамту аспектілерін ескеруі тиіс. Маркетингтік жоспар аумағында бәсекелестер реакциясын және оның жоспарының ары қарай орындалуына әсерін мүмкіндігінше болжай алу керек.

Маркетингтік жоспарға сондай-ақ сұранысты болжау да енеді. Инвестициялық  жоспардың әзірленуі бойынша  болжаудың анықтығын тексереді  және алынған нәтижені қалаған нақтылықпен  салыстырады. Шешімді қабылдау үрдісі анықталмағандық жағдайда жүзеге асса да, дұрыс болжау осы анықталмағандықтың дәрежесін төмендете алады.

Инвестициялық жоспардың  барлық маркетингтік аспектілерін қарастыру  мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі түсінікті бөлімдерін анықтап  көрейік. Маркетингтің барлық сұрақтарының толық тұйықталуы келесі блоктарды  атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарық анализі, бәсекелестік орта анализі, өнімнің маркетингтік жоспарын әзірлеу. Алдыңғы бөлімге қолданылатын ақпараттың растығы қажетті шарт екендігін  ескеру қажет.

Төменде аталған блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген:

Нарықты зерттеу  мақсаты – тұтынушылар сұранысын анықтау, нарық сегменттері мен маркетингтік шешімді қабылдау үрдісін тездету, сапасын жоғарылату үшін сатып алу үрдісін анықтау, сұраныс анализі кезінде келесі негізгі мәселелер қарастырылуы тиіс:

- Потенциальді сатып алушы  кім?

- Өнімді сатып алу себептері?

- Сатып алу қалай жүзеге  асырылады?

- Қандай ақпарат қажет  және оны қалай жинайды?

      Нарықтың  құрамын зерттеу бәсекелестер, мемлекеттік  немесе жеке кәсіпорындар, жергілікті, ұлттық немесе марка қойылған  немесе қойылмаған өнімдерден  бастайды. Сондай-ақ нарыққа жаңа  қатысушылар (болашақ бәсекелестер), орнын басушы өнім (мысалы, мақта  үшін жасанды талшықтар, жеміс шырыны үшін алкогольсіз сусындар) тұрғысынан бәсекелестіктің енуі жатады. Жауапты міндетті түрде талап етуші негізгі сұрақтар:

- Берілген өнімнің нарығының  қазіргі құрылымы қандай?

- Осы саладағы бәсекелестік  базасы?

- Институциональді шектеулер   бәсекелестік ортаға қалай әсер  етеді?

     Маркетингтік  жоспар жобаның негізгі бөлімі  болуы тиіс, оны әзірлеуде маркетологы  мына сұрақтарға жауап беруі  тиіс:

- Өнім қаншалықты жақсы  даярланған?

- Бағалаудың стратегиясы  дұрыс анықталған ба?

- Өнімнің нарыққа шығу  стратегиясы дұрыс анықталған  ба?

- Алып-сату жүйесі сатушы  мен сатып алушыларының эффектілі  байланысын қамтамасыз етеді  ме?

- «Маркетингтік қоспа»  элементтері біріңғай жұмыс істеп  тұрған маркетингтік жоспарға  біріктірілген бе?

Қорытындылай келсек, маркетингтік бөлім жобаны талдау кезінде анықтаушы  мәнге ие, себебі ол жобаның іске асуын бағалау үшін қажетті нарықтық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. 

Көп жағдайда кәсіпорында  нашар маркетингтік талдау жіберілгендіктен, ол кәсіпорын алып-сату операцияларға  көптеген қаражат жұмсайды, ол әрине  қалаған пайда келтірмейді.

       Техникалық талдау - инвестициялық жобаны техникалық талдау мiндетiне мыналар жатады:

- Жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;

-  Жергiлiктi жaғдайларды талдау, оның iшiнде шикiзатқа, энергияға, жұмыс күшiне қол жеткiзудi және оның құнын;

- Жобаның iскe асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;

Техникалық талдауды, әдетте, кәсiпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргiзедi. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.Бұл кезде келесі критерийлерді басшылыққа алған жөн: 1) технология алдын-ала таныс, яғни, стандартты болуы тиіс;  2) Технология шет ел қондырғысы мен шикізаттарына бағытталмауы тиіс.

Eгep өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегi схемалардың бiрi бойынша бiреуiмен шетелдiк технология мен қондырғыларды тарту мүмкiндiгiне талдау жүргiзiледi:

- шетел фирмасымен бiрлескен кәсiпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;

- технологиялық «ноу-хауды» icке асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;

- «Turn-key» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процестi қалыптастыру;

- «Product-in-hand» - «turn-key» + кәсiпорынның қажеттi дайын өнім шығарғанға дейiн персоналды оқыту;

- өндiрic үшiн лицензиялар сатып алу;

шетелдiк технолог тарапынан техникалық көмек. Технология таңдау ережесi кейбiр альтернативтi технологияларды кешендiк тaлдayды және қандай да бiр агрегаттaлған критерийдiң негiзiнде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.

      Альтернативті  технологиялар арасындағы кілттік  факторларды таңдау технологияларды  қолданудың келесі аспектілерін  талдауға әкеледі. 

  1. Ұқсас масштабта таңдалған технологияларды бұрынғыдай қолдану (нақты нарық үшін масштабтар тым үлкен болуы мүмкін).
  2. Шикізаттың жергілікті болуы (потенциальді ұсынушылар, олардың өндірістік қуаты қандай, шикізат сапасы, осы шикізатты қолданушылардың саны, шикізат бағасы, әкелу қызметтерінің бағасы мен әдістері, қоршаған ортаға қатыстығы).
  3. Коммуналдық қызметтер және коммуникация.
  4. Технологияны сатушы мекеменің өнімге патенті немесе лицензиясының барына көз жеткізу.
  5. Ең болмағанда, бастапқы кезеңде технологияны сатушының өндірісте болуы.
  6. Технологияның жергілікті жағдайларға бейімделгендігі (температура, ылғал және т.б.)
  7. Жүктеуші фактор (жоба шарттары бойынша номинальді қуаттан пайыздар) және толық өндіруге қабілетті болғанға дейінгі уақыт.
  8. Экология және тіршілік қауіпсіздігі.
  9. Өндірістік және қаражат шығыны.

 

Сәттіліктің кілттік факторлары

Фактор мөлшері

Бәсекелестер

       А

В

С

D

Бұрынғы қолдану

3

6

3

2

0

Шикізаттың жеткілікті болуы

5

3

4

6

9

Коммуналдық қызметтер және коммуникация

2

5

3

2

6

Патент немесе лицензиясының  бар болуы

1

0

0

10

10

Технологияның жергілікті жағдайларға  бейімделгендігі

2

7

5

4

7

Жүктеуші фактор

 

7

4

6

8

Экология және тіршілік қауіпсіздігі

4

10

8

5

3

Капиталды және өндірістік шығындар

5

5

4

8

6

Есептелінген критерий шамасы

 

143

109

136

147

Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі