Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 17:54, курсовая работа

Описание

Инвестициялар – біздің экономикамызда бұл жаңа термин болып табылмайды. Орталықтанған жоспарлық жүйе кезінде тек "капиталдық салымдар" деген түсінік қана қолданылды. Бұл түсінікте, негізгі қорлардың қайта өндірісі және оларды жөңдеуге кеткен шығындар да еңгізіледі.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері...............................................................................................................
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..................................................
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары.........................................
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.............................................
1.3.1 Инвестицияның тиімділігін бағалау........................................................
1.3.2 Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары............................................................................................................
2 Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау.......................................
2.1 ЖШС «Тамир» инвестициялық жобасы....................................................
2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері.....................................................................................................
3 Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
3.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері...........................................................................................................
3.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау........................................
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс........docx

— 209.80 Кб (Скачать документ)

 (9)

Мұндағы, r1-f(r1)>(f (r1)<0) жағдайында табуляцияланған  дисконттау мөлшерлемесінің мәні.

r2-f(r2)<(f(r2)>0) жағдайында табуляцияланған дисконттау  мөлшерлемесінің мәні.

   Нақты есептеулерді кері жүргізсек  (r1, r2) интервалға пропорционал болады, ал табуляцияланатын мәндерді  қолданып ең жақсы нәтижеге  жету үшін интервал ұзындығы  минимум (f %- ке тең), болуы керек,  яғни у=f(r)ּ«+» - дан «-» - қа жағдайын қанағаттандыратын r1 және r2 – дисконттаудың бір-біріне жақын мөлшерлемелер:

   r1-NPV  көрсеткішінің теріс мәнін  минималдайтын, дисконттаудың табуляцияланған  мөлшерлемесі, яғни 

r2- NPV көрсеткішінің  теріс мәнін максималдайтын, дисконттаудың  табуляцияланған мөлшерлемесі, яғни 

r1 және r2 мөлшерлемелерін сәйкесінше алмастыру  арқылы функция «-» - тан «+»  - ға ауысады.

5. Инвестицияның  қайтарылу мерзімін анықтайтын  әдіс

    Дүние жүзілік есептеу-аналитикалық  тәжірбиесінде ең оңай және  кең тараған әдістерінің бірі  болып табылады және ақша ағындарының  біркелкі түсуін қарастырмайды.  Қайтарылу мерзімін есептеу алгоритмі  (РР) инвестициялардан түсетін жоспарланатын  табыстардың тең бөлінуіне байланысты  болады. Егер табыс жылдар бойынша  тең бөлінсе, онда жылдық табыс  көлеміне келетін біркелкі шығындарды  бөлу арқылы қайтарылу мерзімін  табамыз. Бөлшек мәнді тапқанда, ол алғашқы бүтін санына дейін  жуықталады. Егер пайда біркелкі  бөлінбесе, онда кумулятивті табыс  арқылы инвестициялардың өтелетін  мерзімі, тікелей жылдарды санау  арқылы қайтарылу мерзімін есептейміз. РР көрсеткішін есептеудің жалпы  формуласы келесідей түрге ие:

, бұл жағдайда
(10)            

РР көрсеткіші жиі дәлірек есептелінеді, яғни жылдың бөлшек бөлігі де қарастырылады, бірақ  бұл жағдайда ақша ағындарының жыл  бойы біркелкі түсуі туралы ұжым жасалады. Мысалы, жобаның келесідей ақша ағындары бар (млн.тг): -100,40,40,40,30,20 РР көрсеткішінің  мәні 3 жылға тең, егер есептеу дәлдігімен 1 жылға жасалса немесе 2,5 жыл тура есептеу жасасақ..

    Кейбір мамандар РР көрсеткішін  есептеу кезінде уақытты ескеру  керектігін айтады. Бұл жағдайда  есептеу кезінде, WACC көрсеткіші бойынша  дисконтталған ақша ағындары  есептеуге алынады, ал формула  келесі түрде болады:

, бұл жағдайда
(11)

    Есептеу оңай болу үшін дисконттау, көбейткішін пайдалануға болады.         

FM2 (r %, n) көріп тұрғанымыздай, дисконттау  кезінде қайтарылу мерзімі ұлғаяды,  яғни ылғи DPP>РР. Басқа сөзбен  айтқанда, барлық критерилер бойынша  таңдалатын жоба, DPP критериі бойынша  қабылданылмауы мүмкін.

6.  Инвестиция  тиімділік коэффициентін есептеу  әдісі

    Бұл әдістің 2 жағы бар: біріншіден, ол табыстылық көрсеткішін дисконттауды  көздемейді. Екіншіден, табыстылықты  таза пайда PN (пайда минус бюджетке  аударымдар) көрсеткіші сипаттайды. Алгоритімді есептеу оңай болғандықтан, тәжірибеде оны жиі қолданады:  инвестиция тиімділігінің  коэффициентін  немесе басқаша айтқанда пайдалықтың  есепті нормасы (ARR), орташа жылдық  пайданы PN инвестицияның орташа  көлеміне бөлу арқылы анықталады. Инвестициялардың орташа көлемі  капитал салымдарының бастапқы  сомасын екіге бөлу арқылы  анықталады, егер зерттелетін жоба  бойынша барлық капитал шығындары  мерзімі аяқталғанда есептен  шығарылса, егер қалдық немесе  құн (RV) ұйғарылса, онда оның  бағалануы есептеулерде ескерілуі  керек. Басқаша айтсақ, (12) формула  бойынша ARR көрсеткішін есептеу  алгоритмі әртүрлі болады, олардың  кең тарағаны:

 

 (12)

 

Бұл  көрсеткішті жиі авансталған  капитал рентабельділігінің коэффицентімен салыстырады. Ол өз кезегінде қызметіне  авансталған қаражаттардың жалпы  сомасына коммерциялық  ұйымның  таза пайдасын бөлу арқылы есептелінеді (баланс- неттоның орташа нәтижесі). ARR – мен салыстыру үшін арнайы шекті  белгілеуге де болады немесе жобалар  түрлері, тәуекел деңгейі, жауапкершілік  орталары бойынша дифференциалданатын  жүйелері де салыстырылатын.

    Инвестиция тиімділіп коэффициентіне  негізделген әдістің кемшіліктері  ақша ағындарының уақыт компоненттері  ескерілмейді. Орташа жылдық пайдасының  сомасы бірдей жобалардың арасындағы  айырмашылықты бұл әдіс жасамайды,  бірақ жылдар бойынша пайда  сомалары қалқымалы болатын болса.  Сонымен қатар, әртүрлі жылдар  көлемі және тағы сол  сияқты  аралығында іске асатын, бірдей  орташа пайданы иемденетін жобалар  арасында айырмашылықты жасамайды.

 

 

1.3.1 Инвестицияның тиімділігін талдау

 

Инвестициялық талдаудың маңызды құрамдас бөлiгi ic-әрекеттiң тиiмдiлiгiн бағалау  болып табылады. Оның қажеттiлiгi экономиканың ресурстарды шектеу туралы негiзгi қағидасымен  байланысты: «Адамның талаптары шексiз, ал оларды қанағаттандыратын ресурстар шектеулi».

Қазiргi кездегi инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау  әдiстерiн eкi топқа бөлуге болады:

- қарапайым немесе статистикалық;

- дисконттау әдiстерi.

Инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалаудың қарапайым әдiстерiне инвестициялардың сатылу мерзiмiн есептеудi және табыстың нормасын қарапайым есептеп шығаруды жатқызуға болады.

Инвестицияның тиiмдiлiгiн бағалаудың қарапайым әдiстерi:

        1. Өтелiмдiлiк мерзiмi

Инвестицияның өтелiмдiлiк мерзiмi дегенiмiз таза түciмнiң бастапқы салымдардың орнын толтыруын күтeтін кезең (мұнда таза түciм шығындарды шегерiп тастағандағы ақшалай түсiмдi бiлдiредi). Осылайша, кәсiпорынның оперативтiк қызметiнен түскен түсiмдерi инвестицияларға жұмсалған шығындарды жабатын уақыт кезеңi есептеледi. Бұл әдiспен есептеу өте оңай, сондықтан оны инвестициялау тәуекелiн бағалаудың және тиiмдiлiгiн есептеудiң қарапайым әдiсi ретiнде қолданады. Егер ақша түciмi бiрқалыпты болмаса, онда әрбiр жоспарлау интервалы үшiн бастапқы шығындардың жалпы көлемiнен амортизациялық шығарымдар мен таза табыс қалдық тepic болғанша шегерiлiп отырады.

Бұл әдiстiң  басымдылығы - есептеу қарапайым, сондықтан ол кейде инвестицияның тәуекелiн бағалаудың қарапайым әдiсi ретiнде қолданылады. Сонымен қатар бұл әдiстi тұрақты cұpaнысы жоқ өнiмдердi шығару жобасын бағалау үшiн де пайдалануғa болады және ол ақша айналымы аз шағын фирмалардың инвестицияларын 6ағалауға, сонымен бipгe ресурстардың тапшылығы жағдайында жобаларды едәуiр тез бағалауға жарамды.

Бiрақ  инвестицияның өтелiмдiлiк мерзiмiн  таңдау көpceткiшi бipқaтap кемшiлiктерге ие:

- өтелiмдiлiктiң  нормативтi мерзiмiн таңдау субъективтi болуы мүмкін;

- әдiс жобаның  өтелiмдiлiк мерзiмiнен тыс уақыттағы  табыстылығын есепке алмайды,  сондықтан өтелiмдiлiк кезеңi бiрдей, бipaқ өмip сүру мерзiмi әр түрлi жобалардың варианттарын салыстыру үшiн қолданыла алмайды;

- әдiс кумулятивтi та6ыстар сомасы бiрдей, бiрақ жылдар  бойынша бөлiнуi әр түрлi жобалар  арасында айырмашылық жасамайды.  Осы критерий тұрғысынан алсақ, 50 млн, 70 млн, 30 млн теңге жылдық  та6ысы 6ар 6iрiншi жоба мен 30 млн, 50 млн және 70 млн жылдың табысы 6ар екiншi жоба тең. Ал, дұрысына  келсек, бiрiншi жоба тиiмдiрек, себебi  алғашқы eкi жылда табыстың  үлкен сомасымен қамтамасыз етiледi; бұл қосымша құралдар айналымға  жiберiлуi мүмкін, ол өз кезегiнде  жаңа табыстар алып келедi. Бұл  әдiс жаңа өнiмдер шығаруға бағытталған жобаларды бағалау үшiн жарамсыз.

- бұл әдiс  бойынша есептеу дәлдiгi көп  жағдайда жобаның өмip сүру мерзiмiн  жоспарлау интервалына бөлу жиiлiгiмен  анықталады;

- көрсеткiштiң  «статистикалығы», басқаша айтқанда, ақшаның уақытша құнын есепке  алудың мүмкін eмecтiгi.

 Мысал: Kәciпopын  сауда орталығының құрылысына 250 млн тг. инвестициялайды. Сауда  орталығын пайдаланудан түceтiн  жыл сайынғы жоспарланған түсім  сәйкесiнше 50, 100, 150 және 200 млн тг. құрайды.

Дисконттауды  есепке ала отырып, өтелiмдiлiк мерзiмiн  есептеу кезiнде жыл сайынғы  кiрicтердiң мәндерi бастапқы деңгейге сәйкестендiрiледi. Бiздiң мысалда (3 -кecтe) пайыздық мөлшерлеме 12% тең.

Көрсеткіш

Бастапқы шарттар

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

4-ші жыл

Түсімдер (табыстар), млн. тг.

-

50

100

150

200

12%, млн. тг. дисконттауды есепке алғандағы  түсімдер

-

44,642

79,719

106,767

127,103

Төлемдер (шығындар), млн. тг.

250

-

-

-

-

Өтелімділік мерзімі (статистикалық), жылдар

-

-

-

2,67

-

Дисконттауды есепке алғандағы өтелімділік  мерзімі сатылу мерзім, жылдар

-

-

-

-

3,15


 

Кесте 2 - Өтелiмдiлiк мерзiмiнiң есебiне қосымша        

 

 

Көрiп отырғанымыздай, айырмашылығы үлкен.

Сонымен, ақшаның уақытша құнын көрсетпейтiн  нысанда есептелетiн өтелiмдiлiк  мерзiмi көрсеткiшiнiң тиiмдiлiк шарасы ретiндегi негiзгi кемшiлiгi - ол инвестициялардың жұмыс iстeyiнiң барлық кезеңiн есепке алмайды, демек оғaн өзiнiң шегiнен тыс жатқан күш әсер етпейдi. Яғни бұл көрсеткiш таңдау критерийi ретiнде қызмет етпей, шешiм қабылдаудағы шектеу ретiнде қолданылуы керек.

2. Табыстың қарапайым нормасы

Бұл әдiс  бойынша есептелетiн шама рентабельдiлiк  коэффициентiне (ROI) ұқсас және бiр  жоспарлау интервалы аралығында инвестициялық шығындардың қандай бөлiгi табыс түрiнде қайтарылғанын  көрсетедi. Табыс нормасының есептiк  шамасын табыстылықтың минималды  және орташа деңгейiмен салыстыру  негiзiнде инвестор берiлген инвестициялық  жобаны әpi қарай талдаудың мақсаттылығы туралы қорытынды жасайды.

Табыстың қарапайым нормасы әдісінің артықшылықтары:

- есептеудiң қарапайымдылығы;

- жобаның табыстылығын бағалау.

Әдiстiң кемшiлiктерi:

- келешекте түceтiн түсiмдердiң құндылығы есепке алынбайды;

- салыстыру ставкасы ретiнде алынған таза табыстың көлемiне барынша тәуелдi;

- табыстың есептiк нормасы кезең бойы орташа болады.

Дисконтталған критерийлер - ақшаның уақытша құнын есептеу техникасына негiзделген критерийлердi дисконттау критерийi деп атайды. Еске түcipep болсақ, критерийлердi есептеуде пайыздық қойылымдар түсiнiгi қолданылады, оның көлемiне инфляция, тәуекел және ақшаны пайдаланудың альтернативтi мүмкiншiлiгi әcep етедi және оны мынадай теңдiкпен көpceтyгe болады:

мұндaғы IR - инфляция қapқыны;

МRR - минималды  нaқты табыс нормасы;

RI - нaқты капитал салымына түceтiн табысты алу тұрaқсыздығымен және нарықтық жағдаймен байланысты инвестициялық тәуекелдiң дәрежесiн есепке алатын коэффициент.

Haқты инвестициялық есептi жүргiзу кезiнде пайыз қойылымы экзогендiк шама болып табылады, яғни сырттан берiледi және, мысалы, несиелiк пайызға (капиталдың альтернативтi құралына) тең болып алынады. Басқа сөзбен айтқанда, жобалық талдаудың мiндеттемесiне пайыздық қойылымның есептiк мәселелерi кiрмейдi.

Нарықтық  экономикадағы фирмалардың қаржылық тәжiрибесiнде жеке капиталы үшiн пайыздық қойылым (немесе дисконт нормасы) салымдар бойынша депозиттiк пайызға байланысты анықталады.

Жалпы жағдайда (капитал аралас болғанда) пайыздық қойылым салық жүйесiн, капитал  құрылымын және т.б. есепке ала отырып, саналған орташа капитал құны - WАСС  ретiнде табылуы мүмкін.

Батыстық фирмалар пайыз қойылымын есептеу үшiн көбiне келесi формуланы қолданады:

мұндaғы W - инвестициянын жалпы сомасынындағы әp құралдың салмaғы;

 - тартылған несиелер бойынша пайыздық қойылым;

 - жеңiлдiк берiлген акциялар бойынша төленетiн пайыздар;

 - өзiндiк капитал табыстылығы.

Инвестициялық жобалау тәжiрибесiнде қазiргi кезде  жобаның тиiмдiлiгiн бaғaлаудың төмендегi дисконтталған критерийлерi қолданылады:

1) aғымдағы  таза құндылық;

2) табыстылық  индексi;

3) пайданың  шығындаpғa қатынасы;

4) жоба табыстылығының iшкi нормасы;

5) өтелiмдiлiк  мерзiмi.

Қосымша белгiлер  енгiзейiк:

  жылындағы жобаның пайдасы;

  жылындағы жобаның шығындары;

t=1, ..., п - жобаның қызмет ету жылдары.

Аталған критерийлердi есептейiк.

Ағымдағы таза құндылық

Шешiм  қабылдайтын тұлғалар NPV мәнi оң болатын  жобаларды таңдауы керек. NPV мәнiнiң  тepic болуы ақша құралдарын пайдаланудың тиiмсiздiгiне дәлел болады: табыс  кepeкті нормадан төмен.

Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі