Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 14:41, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы негізгі салықтардың бір түрі болып саналатын корпоративтік табыс салығы.Осы жұмысты орындау барысында ең бірінші корпоративтік табыс салығына тоқталмай тұрып жалпы салық түсінігіне, оның экономикалық мәніне, қазақ жеріндегі салықтың даму процесстеріне, оның даму жолдарына, Қазақстан Республика болып құрылғаннан кейінгі салықтың ел экономикасындағы алған орнына, салық салуда болған өзгерістерге тоқтала кеткенді жөн көрдім.
1 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Салықтың экономикалық мәні 5
Қазақстан Республикасының салық жүйесі 6
2 Корпоративтік табыс салығын есептеуде жылдық жиынтық табыc
2.1 Корпоративтік табыс салығы, оның субъектілері және объектілері 10
2.2 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі шегерімдер және корпоративтік табыс салығының ставкасы 14
2.3 Жылдық жиынтық табыс негізінде корпоративтік табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі 17
3 ХҚЕС және ҰҚЕС бойынша корпоративтік табыс салығы
3.1 ХҚЕС 12 «Пайдаға салынатын салықтар» 21
3.2 ҰҚЕС №2 бойынша табыс салығын есептеу 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1
Жылдық жиынтық табысты
есептеудегі салықтардың
экономикалық мазмұны
2 Корпоративтік табыс салығын есептеуде жылдық жиынтық табыc
2.1 Корпоративтік табыс салығы, оның субъектілері және объектілері 10
2.2 Жылдық
жиынтық табысты есептеудегі шегерімдер
және корпоративтік табыс салығының ставкасы
2.3 Жылдық
жиынтық табыс негізінде корпоративтік
табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
3 ХҚЕС және ҰҚЕС бойынша корпоративтік табыс салығы
3.1 ХҚЕС 12 «Пайдаға
салынатын салықтар»
3.2 ҰҚЕС №2 бойынша
табыс салығын есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2010 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық түрлері туралы түсінік береді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы негізгі салықтардың бір түрі болып саналатын корпоративтік табыс салығы.Осы жұмысты орындау барысында ең бірінші корпоративтік табыс салығына тоқталмай тұрып жалпы салық түсінігіне, оның экономикалық мәніне, қазақ жеріндегі салықтың даму процесстеріне, оның даму жолдарына, Қазақстан Республика болып құрылғаннан кейінгі салықтың ел экономикасындағы алған орнына, салық салуда болған өзгерістерге тоқтала кеткенді жөн көрдім.
Жалпы салық дегеніміз- халықтан жиналып алынатын алым. Салықты төлеу нысандары мен әдістерінің дамуына үш ірі кезеңді айтуға болады:
Бірінші кезең - Дамудың бастапқы кезеңінде ерте заманнан орта ғасыр басына дейін мемлекеттің салықты анықтау және жинауға арналған қаржылық ақпараты болмады. Қаражаттың тек жалпы сомасы анықталып, салық жинау қалаға немесе қауымға жүктелген.
Еінші кезең- екінші кезеңде елде мемлекеттік мекемелер желісі, оның ішінде қаржылық желі құрылып, мемлекет қызметінің бір бөлігін өз мойнына алады: Салық салу үлесін орнатады, салық салу процесін қадағалайды, бұл процесті кең мәселе төңірегінде анықтайды.
Үшінші кезең - жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлеуге байланысты қызмет өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады.
Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.Ал салық дегеніміз табыстан белгілі бір белгіленген ставка бойынша мемлекетке қаржы төлеу.Салықтың ставкасы белгілі заңдар мен экономикалық актілерде көрсетіледі.
Салықтардың ішіндегі ең негізгілерінің қатарына табыс салығы жатады.Табыс салығы - дегеніміз табыс табу мақсатында қызмет ететін ұйымдардың жалпы табыстарынан өздерінің шығындарын алып тастағаннан кейінгі қалған табыстарына салынатын салық. Оның қазіргі ставкасы 20%.
Корпоративтік табыс салығының
қатысушыларының әрқайсысының өзінің
ерекшеліктері болады. Оның объектілері
мен субъектілері қызмет ету сферасы бойынша
салық төлеуінде де ерекшілітері болады.Оларды
жалпы айтып кететін болсақ:
Табыс салығының салық салу объектілері: ҚР аумағында резидент емес заңды тұлға, заңды тұлғалар,жеке кәсіпкерлер, резидент заңды тұлға.
Табыс салығының салық салу объектілері болып:
1)салық салынатын табыс;
2)төлем көзінен салық салынатын табыс;
3)ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
Сонымен қатар табыс салығының табыс салынатын субъектінің қызмет етіп жатқан саласына қарай салықтық ставкаларда әр түрлі болып келеді. Мысалға алатын болсақ Қазақстан Республикасының өндірістік жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды немесе жеке тұлғаларға салық ставкасы 20%, ал ауылшаруашылығымен айналысатын заңды немесе жеке тұлғаларға табыс салығы 10 %.
Бухгалтерлік есеп жүргізу
Жоғарыда айтылған мәліметтер
туралы Қазақстан
1 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
1.1
Салықтың экономикалық
мәні
Салық – шаруашылық
Салық не үшін керек, заңды беру үшін, сіздің отбасыңызды шағын мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүруі үшін баспана мен коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір қажеттіліктеріне қаражат керек. Сондықтан да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару органдарын қамсыздандыру, құқық тәртібін қолдау және т.б. бойынша қызметтерді жалпы мемлекеттік орындау үшін жалпы мемелекеттік қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек. Қоғамның әр мүшесі өзінің меншікті табысынан мемлекет қазынасына ақша жіберуі керек. Сонымен, Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен, мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып табылады. Өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардын ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.
Мемлекет қазынасының жарнасын өндірістің негізгі қатусышылары: материалдық және материалдық емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтын және белгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілері, капитал иеленушілері жүзеге асырады. Салық жарнасының есебінен бюджетте шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады, кейін ол терең білімнің дамуы үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа даа мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Салық төлеушілердің бюджетпен өзара қатынас жүйесі, бір жағынан – салықты бюджетте шоғырландыру бойынша өзара қатынасы, басқа жағынан – түрлі саланы бюджеттен қаржыландыру бойынша өзара қатынасы.
Бюджет-қаржы жүйесіндегі негізгі және
«қан тамыр күретамыры» салық болып табылады.
Салық салу тәсілдері мен формалары түрлі
болып келеді. Бұл салық төлеушілердің
төлем қабілеттілігін ұстауға, жалпы салық
ауыртпалығын психологиялық бідірмеуге,
табыстың түрлі формасын бейнелеуге, тұтынуға
және тиімді әрекет етуі, салықтың әр түріне
және жиынтығына салық салу нысабын ұйғарады.
Қазақстан территориясындағы салық пен салық салу дамуының өзіндік, спецификалық теориясы бар. Бұл Карл Маркстың, көшпелі тайпалар мен халықтардың отырықшыларға қарағанда меншік, айырбас және ақша қатынасы ерте дамиды деген белгілі ережесімен байлынысты.
Жеке меншіктің пайда болуы мен жерді жеке меншікке иеленудің қалыптасуы туралы б. Э, д. 1 мыңжылдықтан сақталған материалдық (қабір, тиындар) және жазбаша түрдегі мәліметтер бар.
Ерте орта ғасырдағы мемлекеттердің (Батыс Түрік және Түргеш Қағанаты) дамуы кезеңінде жеке меншіктің пайда болу салдары ретіндегі борыштылық мәселелері жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери борыштылық ( басқаша қан салығы) болды. Бұл кезде вассал тайпаларының барлық еркек- жауынгерлері сюзерена тайпасының құрамына кірді. Олар алым төлеу арқылы бағынды. Бағындырылған құралдардан, әскери кезеңде тұтқындалған адамдардан құлдар категориясы қалыптасты. Алайда «раб-нул» терминін «классикалық» түрде түсінбеу керек. Құл- тайпалар вассал тайпалар, олар сюзерен- тайпаларға елтірі, аң терісі түрінде алым- салық төлеуге міндетті болды.
Кейінгі орта ғасырдың дамуы кезеңінде (X-XIY) феодалдық негізде орналған және басқа мемлекеттерге экономикалық, әлеуметтік жағынан ұқсамаған Қараханидтер қағанатының мемлекеттік- әкімшілік жүйесі қызық түрде болды.
Караханид мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік- саяси институт әскери лендік жүйе болды. Хандар өз туыстары мен жақындарына аудан, облыс және қала халықтарынан бұған дейін мемлекет пайдасына түскен салық алу құқығын алып беріп отырды. Бұл қағида «иқта» деп аталды,ал оны ұстанушы адам «мукта» (араб термині) немесе «иктарар» (парсы термині) деп аталды.
Иктаның Қазақстан
Сонымен, икта институты (жерді иелену түрі) шаруалардың иктаратқа заңды рәсімделген түрде тіркелуін алдын ала ескермейді, әйтсе де иктадарлардың жүйелі табыс алуын қамтамасыз ете отырып, икта ұстанушының белгілі жерде үнемі тұрақтануын талап етпейді.
Көшпелі иктадар өмірін өз бетінше жалғастырып, табысты жергілікті халықтан және қаладан ауылшаруашылық табысы түрінде жүйелі алып отырды.