Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 14:41, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы негізгі салықтардың бір түрі болып саналатын корпоративтік табыс салығы.Осы жұмысты орындау барысында ең бірінші корпоративтік табыс салығына тоқталмай тұрып жалпы салық түсінігіне, оның экономикалық мәніне, қазақ жеріндегі салықтың даму процесстеріне, оның даму жолдарына, Қазақстан Республика болып құрылғаннан кейінгі салықтың ел экономикасындағы алған орнына, салық салуда болған өзгерістерге тоқтала кеткенді жөн көрдім.
1 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Салықтың экономикалық мәні 5
Қазақстан Республикасының салық жүйесі 6
2 Корпоративтік табыс салығын есептеуде жылдық жиынтық табыc
2.1 Корпоративтік табыс салығы, оның субъектілері және объектілері 10
2.2 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі шегерімдер және корпоративтік табыс салығының ставкасы 14
2.3 Жылдық жиынтық табыс негізінде корпоративтік табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі 17
3 ХҚЕС және ҰҚЕС бойынша корпоративтік табыс салығы
3.1 ХҚЕС 12 «Пайдаға салынатын салықтар» 21
3.2 ҰҚЕС №2 бойынша табыс салығын есептеу 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
Салық сомасын азайту Салық кодексінің 126-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданады.
Арнаулы салық режімін қолданушы заңи тұлғалар – шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңи тұлға – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпоративтік табыс салығын төлейді.
Шегерімдерден кейінгі салық салынатын табыс түзетіледі. Салық төлеушінің салық салынатын табысынан оның екі пайызы шегінде әлеуметтік сала объектілерін ұстауға салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары, коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз берілген мүлік, жеке тұлғаларға берілген атаулы әлеуметтік көмек шығарылып тастаулы тиіс. Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілері салық салынатын табысты мүгедектер еңбегіне ақы төлеуге шығарған шығыстар сомасынан екі еселенген және мүгедектерге төленетін жалақы мен басқа төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50% мөлшеріндегі соманы азайтуға құқығы бар.
Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдарды, сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды өткізуден шеккен залалдарды кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табыс есебінен өтеу үшін үш жылға дейнгі мерзімге (үшінші жылы қоса есептеліп) ауыстыруға рұқсат етілген. Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жүзеге асыралатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жеті жылға дейінгі мерзімге (жетінші жылы қоса есептеліп), ауыстырылады. Бұл жағдайда табыс залалдардың сомасына азайтылады және тиісінше, төленетін салық азайады.
Корпоративтік табыс салғының төлеу тәсілдері
мен мерзімі Салық кодесінің тиісті қағидаларына
сәйкес қатаң сақталынады. Корпоративтік
табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені
орындау мына келесідей жолдарды пайдалану,
яғни: 1) Мемлекеттің қаржылық мүддесін
қамтамасыз етуді көздейтін салық агенттерінің
көмегімен тиісті салық сомасын табысты
төлеу көзінде ұстап қалу; 2) Салық төлеушінің
өзіне тиесілі салық сомасын біржақты
– ерікті түрде өзі табыстаған декларациясы
негізінде төлеу арқылы жүзеге асырылады.(ҚР
«Бухгалтерлік есеп
және қаржылық есептілік
» туралы заңы №234-ІІІ. 28.02.2007)
Жылдық жиынтық табыс алуға жатпайтын шығыстар
1) Жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар:
1-1) сот
жалған кәсiпорын деп таныған
салық төлеушiмен қылмыстық
1-2) Қазақстан
Республикасы салық
2) құрылысқа және негiзгi қаражаттарды,
материалдық емес активтердi сатып алуға
арналған шығыстар мен салық төлеушiнiң
жылдық жиынтық табыс алуына қатысты емес
күрделi сипаттағы басқа да шығыстары;
3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар
бойынша мемлекеттiк бюджетке енгiзуге
жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдарды
қоспағанда, мемлекеттiк бюджетке енгiзуге
жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
4) шегерiмдерге
жатқызудың осы Кодекспен
5)Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiнде белгiленген нормадан
артық төленуге тиiс (төленген) бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы;
5-1)кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану мен күтiп-ұстау жөнiндегi шығыстар;
5-2)салық төлеушiнің өтеусiз негiзде берген мүлкiнің, орындаған
жұмыстарының, көрсеткен қызметтерiнің
құны.
4-кесте.
Товарларды ұйымдастырумен
байланысты шығындар
есебі
№ | Операция | ХҚЕС бойынша шоттар корреспонденциясы | |
дебет | кредит | ||
1 | Товарларды ұйымдастырумен байланысты шығындар есебі | 3350 | 3120 |
*материалдық емес активтердің амортизациясы есептелді | 7110 | 2740 | |
*негізгі құралдардың тозуы есептелді | 7110 | 2420 | |
*ұйымдастыру барысында қолданылған товар материалдық құндылықтар есептен шығарылды | 7110 | 1310 | |
*сақтандыру полисі бойынша шығындар есептен шығарылды | 7110 | 1620,2910 | |
*еңбекақы,сыйақылар және еңбек демалысы төлемдері есептелінді | 7110 | 3350 | |
*әлеуметтік салық есептелінді | 7110 | 3150 | |
*әлеуметтік аударымдар есептелінді | 7110 | 3390,4430 | |
*негізгі құралдарды ағымдағы жалға алу бойынша шығындар есептен шығарылды | 7110 | 3390,4430,
1620 | |
*қызметкерлердің қызметтік іс сапарлар шығындары есептелінді | 7110 | 3390,4430,
1250 | |
*қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесін жыл соңында көрсету үшін 7110 шотын жабу | 5510 | 7110 | |
2 | Банктен және басқада ұйымдардан займдар алынды | 1030 | 3010,3020 |
*алынған займдар бойынша сыйақылар есептелді | 7310 | 3380,4160 | |
*займдар бойынша қарыздар мен сыйақыларды төлеу | 3010,3020,3380, 4160 | 1010,1030 | |
3 | Шаруашылық
қызметтер бойынша есептік |
||
*есептік кезеңге табыстардың қортынды сомасы көрсетілді | 6020,6030 бөлімшелерінен басқа,6 бөлімнің шоттары | 5510 | |
* есептік кезеңге қортынды сомасы көрсетілді | 5510 | 7 бөлімнің шоттары |
4-кестенің
жалғасы
4 | Өткен жылға шаруашылық қызметтер бойынша қаржылық нәтижелер анықталды | ||
*табыстар | 5510 | 5520 | |
*шығындар | 5520 | 5510 | |
5 | Күдікті талаптар бойынша резервтердің құрылуы | ||
*дебиторлық
қарыздар инвентаризациясын |
1290 | 1210 | |
*жыл соңындағы
есептегі резерв кезеңдегі |
7210 | 1290 | |
*алдын-ала ҚҚС
бойынша есептелген сома |
1210 | 3130 | |
* алдын-ала мойындалған
күдікті талаптар бйынша |
1040 | 1210 | |
*сторно жазуы | 7210 | 1290 |
3 ХҚЕС және ҰҚЕС бойынша корпоративтік табыс салығы
3.1 ХҚЕС 12 «Пайдаға салынатын салықтар»
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1973жылы қабылданып содан бері қолданылып келеді. Қазақстан Республикасында 1998 жылы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
ХҚЕС(International Financial Reporting Standards) (стандарттар
және интерпретациялар) құжатты теру,
экономикалық шешiмдердiң кәсiпорынның
қатынасындағы оған қабылдану үшiн сыртқы
қолданушыларға қажеттi қаржы есеп беруiн
құрастырудың регламент белгiлейтiн қажеттi
ережелерi.Қолдану аясы:мемлекеттік арнайы
қаржы ұйымдарында және секюритизм негізінде
жұмыс істейтін ұйымдарда қолданылмайды;өндірістік,
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарының 12 мақсаты пайдаға салынатын салықтарды есепке алу тәртібін анықтаудан тұрады.Пайдаға салынатын салықтарды есептеудегі басты мәселе қазіргі және келешектегі салық салдарын есепке алуда:
1) ұйым балансында танитын активтердің (міндеттемелердің) баланстық құнының орнын болашақта толтыру (өтеу); және
2) ұйымның қаржы есептілігінде танитын операциялар және ағымдағы кезеңнің басқа да жағдайлары.
Активтерді немесе міндеттемелерді танудың өзінен есеп беретін ұйым осы активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнының орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтінін көрсетеді. Егер де баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу бұрынғымен салыстырғанда көбірек (азырақ) салық төлеуге соқтыруы ықтимал болса, егер де мұндай орнын толтыру немесе өтеу салық салдарын тудырмайтын болса, онда бұл Стандарт жекелеген жағдайларды қоспағанда, ұйым кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін (кейінге қалдырылған салық активін) тануын талап етеді.
Осы Стандарт ұйымның салық операцияларының салдары мен басқа да жағдайларды бұл операциялар мен жағдайлардың өзін ескеретін сияқты есепке алуды талап етеді. Сонымен пайда мен залал есептерінде көрсетілген салық операциялары мен басқа да жағдайлардың салдары пайда мен залал есептерінде де көрініс береді. Капиталда тікелей көрсетілген барлық операциялар мен басқа да жағдайлардың салық салдары да капиталда тікелей көрініс табады.
Осы Стандарт пайдаға салынатын салықтың есебі үшін қолданылуы тиіс. ХҚЕС 12 көзқарасы бойынша пайдаға салынатын салықтың құрамына салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді. Сондай-ақ пайдаға салынатын салыққа пайданың көзінен ұсталатын, еншілес ұйым, қауымдастырылған ұйым төлейтін немесе есеп беретін ұйымға бөлінген пайдадан бірлескен қызмет шеңберінде төленетін салық сияқты салықтар кіреді.
Ағымдағы және алдыңғы
Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық шығынымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.
Салық шығыны өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, ұйым салық шығыны пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда ұйымға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.
1) гудвиллді алғашқы танумен; немесе
2)
активті немесе міндеттемені тану.
БАҒАЛАУ
Қысқа мерзімді салық міндеттемелері (активтері) ағымдағы және өткен уақытта салық органдарына баланс уақытында қолданылған немесе баланс күнінде шын мәнінде қолданылған салық мөлшерлемелерін (және салық заңнамасын) пайдалана отырып төлеу (олардың есебінен өтеу) көзделген сома мөлшерінде бағалануға тиіс.
Кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері активті іске асыру немесе міндеттемені өтеу кезеңіне негізінен есепті күні қолданылған салық мөлшерлемелері (және салық заңнамасы) негізінде өлшенуі тиіс.
Қысқа мерзімді және кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері әдетте қолданыстағы салық мөлшерлемелерінің (және салық заңнамасының) көмегімен өлшенеді. Алайда кейбір заңдылықтарда үкіметтің салық мөлшерлемелерін (және салық заңнамасын) хабарлауы шын мәнінде нақты қабылданғандай әсер етеді, ол хабарланған соң бірнеше айдан кейін болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда активтер мен міндеттемелер хабарланған салық мөлшерлемесінің (және салық заңнамасының) көмегімен өлшенеді.
Әр деңгейдегі салық салынатын пайдаға түрлі салықтық мөлшерлемелер қолданылса, кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері уақытша айырмашылық қайтарылады деп күтілетін салық салынатын пайдаға (салық шығынына) қолдану көзделген орташа салық мөлшерлемелерінің көмегімен өлшенеді.
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен кейінге қалдырылған салық активтерін бағалау ұйым есептік күнінде өзінің активтерінің немесе міндеттемелерінің баланстық құнын орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтін әдіске байланысты туындайтын салықтың салдарын көрсетуі тиіс.
Кейбір заңдылықтарда активтің (міндеттеменің) баланстық құнын ұйым орнын толтыратын (өтейтін) әдіс мынадай бір немесе екі көрсеткішке әсер етуі мүмкін: