Материалдық емес активтер амортизациясын , тозуын есептеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:16, курсовая работа

Описание

Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, өкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мөні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................3

Негізгі бөлім
І Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы.
1.1 Материалдық емес активтер бағалау және тану..........................4
1.2 Материалдық емес активтер түгелдеу және есеп беруде олардың
мәнін ашу..............................................................................................13
ІІ Материалдық емес активтер амортизациясын , тозуын есептеу .
2.1 Материалдық емес активтер есептеп шығарылуы......................17
2.2 Материалдық емес активтер түсуі мен құрылуын есептеу.........21

Қорытынды..........................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................29

Работа состоит из  1 файл

Айганым.docx

— 167.97 Кб (Скачать документ)

-  бір жолғы (бірақ рет пайдалануға берілетіндер) - белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын (ақшалай немесе натуралды түрінде) алуға беріледі;

-  операциондық — валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау үшін бері леді.

Мерзімдік әрекеті бойынша:

- тұрақты - берілген мерзімі шектелмеген;

-  уақытша — белгілі бір мерзімге берілген.

Аймақтық  әрекет ету сферасы (территориялық әрекет ету аясы) бойынша:

- тұтастай Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етеді;

- Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағында ғана әрекет етеді;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де таратылады. Материалдық емес активтердің басқа да түрлері. Материалдық емес

активтердің бүл тобына "Фирма бағасы" ("гудвилл"), интеллектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді ("гудвилл" құрамына кіретін материалдық емес активтер сызбада көрсетілген).

Гудвилл. Гудвиллды бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алынған бағасын және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетеді.

Гудвилл материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), көсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнімді шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланысты

"Виста"  компаниясының таза активі 1 400 мың  теңге құраған (4 200 мың теңге - 2 800 мыңтеңге). "Тұлпар" компаниясы "Виста" компаниясын 2 200 мың теңгеге сатып алып, оның нәтижесінде "гудвиллдің" құны 800 мыңтеңге құраған (2 200 мың теңге -1400 мың теңге).

Егер  де компанияның мүлкін сатып алынған  күніндегі бағасы бойынша есептесек, оның нәтижесінде ондағы активтердің құны кем шықса, онда біз оны келеңсіз гудвилл ретінде танимыз да, оны кейінге қалдырылған болашақ кезеңнің табысы ретіндей шотта есепке аламыз.

Қазақстан Республикасында материалдық емес активтерді есептен шығару мерзімі  он жыл, бірақ ол субъектінің қызмет ету мерзімінен асып кетпеуі керек.

"Интеллектуалдык, меншік" ұғымына: авторлық құқықтары, орындаушы артистердің қызметіне қатысты құқықтары (дыбысын жазуға, радио және телехабарларға байланысты хабар беруге), ойлап табушылық патент құқықтары, ғылыми жаңалық ашу құқықтары, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, т.б. интеллектуалдық меншік түрлері жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Материалдық емес активтер  түгелдеу және есеп беруде  олардың  мәнін ашу.

Материалдық емес активтерді муліктік түгелдеу. Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның меншік құқығы бар материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектілерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, пайдаланылатын объектінің құрылымы және басқа мәліметтсрі көрсетіледі. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын қүжаттары да тексеріледі. Бұл қүжатгарға материалдық емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттары жатады. Материалдық активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай-ақ кәсіпорынның мүліктік құқын қуаттайтын қүжаттар жатады.

Есеп беруде материалдық емес активтердің  мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде материалдық емес активтерінің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда: амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; пайдалы қызмет ету мерзімі немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық қүн және есептік кезеңнің басы мен аяғына жинақталған амортизацияның сомасы; кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық құны және т.б. көрсетіледі.

Сондай-ақ қаржылық есеп беруде: материалдық  емес активтердің түрі, баланстық  қүны, материалдық емес активтердің  амортизацияланбай қалған кезеңі; иелік  ету құқығы шектелген материалдық емес активтердің баланстық құны; міндеттемесі бойынша кепілдік ретінде берілген активтердің жалпы баланстық құны; материалдық емес активтер бойынша алынған міндеттемелердің сомасы да ашып көрсетіледі.

Қаржылық есеп беруде есептік кезеңдегі шығыс деп танылған шығындар сомасы да ашылуы тиіс: бағдарламалық жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары; компанияның жарнама шығындары; субъектіні құру кезіндегі жұмсалған шығындар; материалдық емес активтерді алумен, күшейтумен, жинақтаумен, қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен байланысты шығындар сомасы көрсетіледі.

Субъект одан басқа да материалдық емес активтерді есептік бағалау өзгерістерінің нәтижесі және сипатын, олардың материалдық  салдарын ашу керек.

Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта  экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады (есепкетіп келеді). Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардың бағасы да халық үшін қолайлы болады.

Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте  сирек кездеседі, мысалға, тауар  белгілері, басылым атауы, кино мен  музыкаға берілген авторлық құқыктары  және бір актив үшін төленген сомасы, ош төріздес басқа активтің қүнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.

Сондықтан көптеген материалдықемес активтердің құнын, әдетте, екі жактың кігмісімі бойынша анықтайды.

Материалдық емес активтертанылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша .Материалдық емес активтердің бастыпқы кұны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: айырбастау арқылы немесе мемлекетгік субсидияның есебінен) немесе жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау

емес  активтер бартерлік (айырбас) негізде  алынса, онда нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны боиынша анықталады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезеңдік шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарыктағы материалдық емес активтерініңтап осы түрінің құны бойынша танылады.

Егер  де үкімет тарапынан ауыл шаруашылығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, мысалы, шегірткеге қарсы күресетін препаратқа " АВВА" кәсіпорынның лицензиондық келісімін тегін алды делік, бұндай жағдайда аталған лицензиондық келісімнің белсенді нарығы болмайды.

Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы "Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтері көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде (сату, тегін беру) акт екі дана етіп жасалынады: беруші және алушы көсіпорын үшін.

Материалдық емес активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 10 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардың дебеті бойынша - материалдық емес активтердің келіп түскен айдың басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша—материалдық емес активтердің есептен шығарылғандары көрсетіледі. Оныншы бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:

"Материалдық  емес активтер" белімшесінің шоттарын  талдамалық есепке алу "Материалдық  емес активтердің мүліктік есеп  карточкасында" жүргізіледі. Карточка  кәсіпорынға түскен материалдық  емес активтердің барлық түрлерін  есепке алу үшін қолданылады.  Материалдық емес активтердің  әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда  мүліктік карточка ашылады. Карточка "Материалдық емес активтерді  алу-беру актісінің", техникалық  және басқа құжаттардың, кәсіпорынның материалдық емес активтердің объектісін алғанын растайтын құжаттардың негізінде толтырылады. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға (ұйымға) берген кезде, оның есептен шыққаны туралы белгі соғу үшін негізі "Материалдық емес активтерді алу-беру актісі" болып табылады.

ІІ Материалдық емес активтер амортизациясын , тозуын есептеу .

2.1 Материалдық емес активтер  есептеп шығарылуы

Егер  де  материалдық  емес  активтерден  кәсіпорынға  ешқандай  экономикалық  олжа  болмаса,   онда  оны  бухгалтерлік  баланстан  шығарады. Материалдық  емес  активтерді  есептен  шығарған  кезде,  одан  алынған  табыстар  немесе  зияндар  қаржылық – шауашылық  қызметінің  нәтижесі  туралы  емес  біреуде  көрініс  табады.

Материалдық  емес  активтерді  есептен  шығарған  кезде,  мына  төмендегідей  шоттар  корреспонденциясы жасалынады.  

 «Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары) және 28 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалдық, емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

а) анықтауға  болады;

ә) субъект  бақылайды;

б) қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді. Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:

а) материалдық  актив анықтамаларыла сәйкес келсе;

ә) белгі  өлшемдерге сай келеді және мыладай жағдайда есепте тіркеледі:  субъектінің осы активке тікелей байланысты болашақта күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;

- актив  кұнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса; 

- материалдық  емес активтерді тану сәтінде  олардың бастапқы құн бойынша  бағаланғанында.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатыл алу құнына тең болады, бұған  оларды алуға кеткен және қолдануға  әзірлейтін жағдайға (сатыл алу бағасы, орны толыл өтелмейтін салықтар мен  алымдыр жәнет.б. шығындар) келтіруге  жұмсалған шығындар кіреді.

Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау - тапсыруды құжатпен ресімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

Материалды  емес актив объектілерін қабылдауды ресімдегенде акт материалды емес актив  объектісінің әрбір объектісіне  бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес  объектілерін қабылдауды ресімдейтін  жалпы акт жасауға болады. Акт  рәсімделгеннен кейін материалдық  емес актив объектісін немесе оны  қолдануды жүйелеп баяндайтын құжатгама  немесе осы объектіге қатысты  ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті төраға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдың емесактив обьектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен йсәне нормативті актілермен реттеледі.

Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған хат, материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру  және басқа хаттама негізінде  бір дана болып толтырылады. 8 графада  бастапқы хат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі, «Материалдық емес актив объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің негізгі көрсеткіштері жазылады, ұйымда бар осы объектіге арнашған техникалық хаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.

 

Материалдық емес активтерді мынандай түрлерге оөлш, жіктеуге болады:

•  лицензиялыц келісімдер - кәсіпорылға үкіметтік органдар немесе муниципали-тет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б,) беретін құқықтар;

Информация о работе Материалдық емес активтер амортизациясын , тозуын есептеу