Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:29, реферат

Описание

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауыерекше экономикалықнысандар ө бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Работа состоит из  1 файл

7.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)


Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауыерекше экономикалықнысандар ө бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттер өтеу,мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар,бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік – экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1.кірістер:
Салықтық түсімдер;
Салықтық емес түсімдер;
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
Ресми трансферттер түсімдері;
2.шығындар;
3.операциялық сальдо;
4.таза бюджеттік кредит беру:
Бюджеттік кредиттер;
Бюджеттік кредиттерді өтеу;
5.қаржы активтерімен жасалатын операцияларбойынша сальдо:
Қаржы активтерін сатып алу;
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6.бюджет тапшылығы (профициті) ;
7.бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
Қарыздар түсімі;
Қарыздарды өтеу;
Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материялдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материялдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады .
Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттікң бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бұрыңғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде . Республикалық деңгейдегі білім беруді , денсаулық сақтауды , әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік – мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр . Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың : басқаруға , армияға , құқық қорғау органдарына , үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге , дипломатиялық мекемелерді ұстауға , дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде . Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 жұмсалады .

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған)өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге)мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5. заң тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6. ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

 

Мемлекеттік кірістер мен шығыстар

29.01.2012 Oppa4ki

Жоспар 
1.    Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні
2.    Мемлекеттік кірістердің жіктелуі
3.    Мемлекеттік шығындардың әлеуметтік –экономикалық мәні
4.    Мемлекеттік шығындардың құрамы және жіктелуі

Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың экономикалық мазмұнын ашу, олардың қоғамдағы  атқаратын ролін анықтау

Лекцияның мазмұны
1.    Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні
Мемлекет қаржысының іс -әрекеті негізінде өзара тығыз байланысты екі үрдіс пайда болады:
§    Мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру
§    Әр түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге қаражаттарды пайдалану
Бірінші үрдіс — мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса, екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды.
Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін  мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі экономикалық категория.
Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер  бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің  алатын орны зор.     Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте орталықтануы  біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді. Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен басқа бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың)  қаржы ресурстары кіреді. Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық субъектлердің, ұйымдардың және халықтың бастапқы кірістері қалыптасады.
Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы мен қоғамның басқада қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістер ұлттық табысты құрайды, ал қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлістіру мен қайта бөлістіру жағдайында қалыптасып, шоғырланады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын бөлістіру арқылы жүзеге асырылады. «Мемлекеттік кірістер» мен «мемлекеттік бюдеттік кірістері» түсініктері жиынтық мемлекеттік кірістердің құрамдас бөлігі болғанымен, әр түрлі ұғымды білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттік  кірістер барлық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің жиынтық табыстарының құрамына кіреді,  ал мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамына тек таза кірістің бөлігі ғана кіреді. Мемлекеттік кірістердің барлық көздері 2 топтан тұрады:
- ішкі
- сыртқы
Мемлекеттік кірістердің ішкі көздеріне мемлекет ішінде қалыптасатын ұлттық кіріс пен  ұлттық байлық кіреді. Сыртқы көздерге – ұлттық байлық, кейбір жағдайларда басқа мемлекеттің мемлекеттік займ түріндегі ұлттық байлығы кіреді.

2. Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)
Мемлекеттік кірістердің жіктелуі  олардың экономикалық мағынасын, құрамын, мақсатты бағытылығын, қалыптасу қағидаларын яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін  тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік кірістер  мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік кірістер мен ұйымдардың кірістері
2) Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері
3) Қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері
4) Халықтың салықтық төлемдері
5) Коперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың  салықтық түсімдерінен.
Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:
1) материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер;
2) өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер.
Қаржылық мазмұны бойынша ммлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:
1) Салықтық
2) Салықтық емес.
Қоғамның таза табысы (кірісі) ақша нысанында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу кезінде  қосымша өнім таза табыстың нысанында болады. Қосымша өнімнің  және тиісінше  таза табыстың аса маңызды бөлігі  шаруашылық жүргізуші субъектлердің таза табысы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың негізгі әдістеріне: салықтар, мемлекеттік қарыздар (займдар) және эмиссиялар жатады.Бұл әдістер арасындағы арасалмақ әлі күнге дейін  әртүлі болып отыр   және олар  қаржылық саясаттың мазмұнымен, әлеуметтік экономикалық жағдаймен және шаруашылық жағдаймен анықталады.
Мемлекеттік кірістердің жүйесіндегі  басты орынды салықтар алады. Олар бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың қалыптасуы жағдайында қаржы ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың  фискалдық, экономикалық және әлеуметтік маңызы зор.
Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар (займдар) болып табылады. Ол бюджет тапшылығын жабуға емес, соныменбірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе, экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайданылады.Қарыздар мемлекет қаржыларының әр түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттік тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр.  Қарыздар соынымен қатар мемлекеттің  бюджетінің тапшылығын жабуда қолданылады. Сонымен қатар қаржылық нарықтың қалыптасуы, қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Қарыздарды жабудың қаржылық базасына  салықтар пайдаланылады.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісіне эмиссия – қағаз ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы жатады.  Эмиссияны мемлекет  салық және қарыз түсімдері  мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы нарығында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдай туындағанда қолданады. Қағаз-ақша эмиссиясы да, несие эмиссиясы да егер олар шаруашылық айналымының қажеттілігіне баййланысты болмай, бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса,  экономикада инфляциялық процестепрдің күшеюіне әкеліп соғады. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекеттер несие эмиссиясын қолданбастан бұрын, оны қарызбен алмастыруды жиі қолданады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қорлар  салықтар мен салықтық емес түсімдер негізінде қолданылады,  ал эмиссия бұл жерде қолданылмайды.Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдержәне т.б. әдістер қолданылады.

3.Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні 

Мемлекеттік шығыстар бұл  мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыруымен байланысты ақшалай шығындарды  айтамыз. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамыту, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты. Мемлекеттік шығыстар –  бұл мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттік шығыстары бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың шығындар  жүйесі арқылы жүзеге асырылатын  тікелей шығындардан тұрады.
Шығындар ұғымы жоғарыда келтірілген «кірістер» түсінігіндегі жіктелуге өте ұқсас. Сонымен қатар «шығындар» ұғымының екі мағынасы бар:
1) Ақша қаражаттарын олардың мақсатты бағытталуы юойынша пайдалану, яғни ақша қаржаттарын айырбас процесінде тікелей қолдану. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкіліктітабыстардың есебінен жүзеге асырлатын өндірістік және өндірістік емес аядағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, және халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына қорлану және тұтыну қорына бөлінеді.
2) Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлістірілетін шығыстарды ажырата білу қажет, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын масатты бағытталу бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлқ шаруашылық жүргізуші субъектлердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізгі болып табылады.  Бұл екі аспект <шығыстар> ұғымының оның <шығындар> ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделіліктің  туындауына әкеледі: егер <шығыстар > соңғы тұтынуды білдіретін болса, <шығындар>  келешекте табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады. Бағытталуы мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттік шығыстардың жиынтығын құрайды. Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.  Сондықтанда мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі –жоспарлылық болып табылады.
Мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың  және аймақтың жекелеген салаларын  дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогрессті айқындайтын  неғұрлым дамыған  және дамушы салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей өтеуді талап етпейді.

5.    Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі

Мемлекеттік шығындардың кейбір түрлері экономикалық мәні мен мазмұны бойынша біркелкі емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты. Мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесі негізгі топтарға бөлінеді:
1) Материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар
2)  Қызметтің өндірістік емес сферасын жататын шығыстар
3) Мемлекеттің резервтерді жасауға жұмсайтын шығыстары
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартқа отырған және ұлттық табысты жасаумен байланысты
Шығыстардың екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.
Мемлекеттік шығыстардың үшінші тобы  мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға жұмсалынатын шығындар.Төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес аялардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік шығындар қаражатарды максималды түрде  тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік шығыстардың айрықша түрлеріне қызмет істеп тұрған немесе қайта қалыптасатын кәсіпорынға инвестиция бөлуге  жұмсалатын шығындар жатады. Мемлекеттің әлеуметтік қызметін атқарумен байланысты шығындары біртіндеп артып отырады. Осының нәтижемінде халықтың нақты табыстары мен материалдық және мәдени шараларға жұмсайтын шығындары артады.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру әр түрі нысанда — өзін-өзі қаржыландыру, бюджеттік қаржыландыру және несиемен қамтамасыз ету нысанында орын алады.
Өзін-өзі қаржыландыру  мемлекеттік кәсіпорындардың   шығындарын жабуда өздерінің меншікті қаражаттарын қолдануды айтамыз.
Бюджеттік қаржыландыру  жалпы мемлекеттік мәні бар шығындарды жабу үшін қолданылады.
Несиемен қамтамасыз ету ағымдық   және инвестициялық шығындарды жабу мақсатында мемлекеттік кәсіпорындардың  банктік ссудаларды алуда қолданылады. Сонымен қатар несиемен қамтамасыз ету қаржы нарығында мемлекеттік несиені түріндегі  ақшалай қаражаттарды пайдаланатын мемлекеттік басқару құрылымының әр түрлі деңгейінде пайдаланылады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың аталып өткен нысандарындағы мақсатты өзара байланыстық қатынас экономикалық қатынасқа қатынасушылардың  арасындағы тепе-теңдік байланысты айқындайды.
Бюджеттік қаржыландырудың жиі қолданылатын  келесідей нысандарын атап кетуге болады:
1)     Дотация  – мемлекеттік бюджеттен және бюджеттік емес қорлардан қайтарымсыз нысанда кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындарын  және бюджеттің теңгерімділігін жабу мақсатында бөлінетін ақшалай қаражаттар.
2)Субвенция – халықты әлеуметтік қорғау және тағы басқа мақсаттарға жүзеге асырылатын бағдарламалар мен іс- шараларды қаржыландыруға жұсалынатын мемлекеттік ақшалай көмек. Қаржының мақсатсыз негізде жұмсалғаны анықталған жағдайда қаражаттар қайтарылады.
3)  Субсидия – бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары