Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:29, реферат

Описание

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауыерекше экономикалықнысандар ө бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Работа состоит из  1 файл

7.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

 

Мемлекеттік бюджет мемлекеттік секторды басқарудың құралы ретінде

 

Экономиканың мемлекеттік секторы ел заңдылығына сай билік өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаудың негізгі құралының бірі. Мемлекеттік сектор мемлекеттік бюджет көмегімен қоғамда толығымен ресурстардың тиімді бөлінуіне жағдай жасайды. Бүгінгі таңдағы мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы тұрғысынан негізгі мәселе бюджет жүйесін басқару процесі деп санауға болады.
Бюджеттің қызметі бюджеттің кірісі мен шығысы сияқты ерекше экономикалық формалар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты. Бұл жекелеген құндық бөлу этаптарын көрсететін мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің спецификациялық формасы.
Мемлекеттік бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге елдің әлеуметтік экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталынады.
Бюджет кірісін басқарудың барлық процессі табысты реттеудің негізгі принциптері бекітілген "Бюджет туралы", "Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Ресупубликасы заңдарымен реттеледі, сондай ақ республикалық бюджетте ағымдағы жылға сәйкестендірілген табыстардан нақты аударымдар бекітіледі.
2003 жылы мемлекеттік бюджетке түсім 1 трлн теңгеден асып түсті, бұл барлық деңгейдегі бюджеттің табыс бөлігін орындап, Ұлттық қордың активін толықтыруға мүмкіндік берді.
Республикалық бюджеттің табысында соңғы жылдары 90%-тен астамын салықтық түсімдер құрайды. 2003 ж. салықтық түсімдер үлесі 93% құрады. Мұның ішінде 80%-нен астамын ҚҚС пен корпоративті табыс салығы 5,8% кеден төлемдері және 6,5% шикізат секторын ұйымдастыру бойынша роялти құрады. Әлемдік шикізат рыногындағы оңтайлы қалыптасқан коньюктураға сай бюджетке аударымдар шикізат секторынан артып отыр.
Дегенмен республикада салықтық есеп беруді ұсынбайтын және "нольдік" қаржылық есеп ұсынатын салық төлеушілер саны артып келе жатыр. Мұнан басқа жоспарланған цифрдың артуына қарамастан, мұнда бюджеттегі түсімдердің сомасындағы кейбір ауытқулар заңдылыққа сәйкес салық органдарымен түзетіледі. Мұндай ауытқулар мұнайға бағасына байланысты түсім көлемін дұрыс емес түзетумен байланысты. Сонымен мұнай мен мұнай өнімдерін өткізуден түсімнің жалпы сомасы 6 кәсіпорын бойынша 2001-2002 жылдарға 639,5 млн АҚШ долларын құрады, ал ақпараттардың ресми мәліметтерінен бағаларды пайдалану бойынша жалпы түсім көлемі 759,4 млн-нан астам АҚШ долларын құрады. Осылайша заңдылық бойынша талап етілетін түзету сомасы түсімнен 119,9 млн-нан астам АҚШ долларын құрады, өйткені ауытқулар референттік бағадан 18,8 % болды, ал талап бойынша ол 10 % -тен аспауы қажет. Салық органдары түзетуге ұсынған түзету сомасы 27,9 млн АҚШ долларына тең, яғни өткізуден түскен түсімнің есепке алынбаған көлемі 2001-2002 жж салық салынбаған 92,0 млн АҚШ долларын құрайды. Жоғарыда аталған фактілер салықтың әкімшілік механизмдерін жетілдіруге республикалық бюджеттен құралдардың жыл санын бөлінуіне қарамастан, салықтық әкімшіліктің тиімділігі елеусіз болып қалғанын көрсетіп отыр. Салықтық заңдылықты бұзу фактілері де бар.
Мемлекеттік бюджет құралдары мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға пайдаланылады, олардың саны қазіргі кезде 400 ден астам. Бұл жағдайда 2003-2015 жылдары Қазақстан Республикасы индустриалды, инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру үшін үкімет республикалық бюджеттен 500 млн доллардан астам қаржы бөлді. Бұл құралдар негізінен даму институттарын қалыптастыруға, ғылыми зерттеулерге бағытталды. Әлемдік тәжірибе мемлекеттік ұлттық ғылыми шығыстардың 1/5 нен жартысына дейін өзіне алатыны көрсетіп отыр, ал фундаметалдық астам үшін бұл көрсеткіш жоғары – жартысынан 2/3 –ке дейін. Бюджеттік шығыстардың жалпы сомасында ғылымға шығындар үлесі соңғы 20 жылда тұрақты: АҚШ-та 6-7%, Францияда, Германияда, Ұлыбританияда, Италияда – 4-5%, Японияда 3-3,5%.
Японияда фундаменталды зерттеулерді қаржыландыруға 51,5%, Германияда 51,4%, Канадада 35%, ал Италияда 46,4%. Жалпы алғанда дамыған елдер ғылымға ІЖӨ-нен орташа 2-ден 4%-ке дейін жұмсайды. [1]. Ал Қазақстанда фундаменталды, қолданбалы ғылымға зерттеулер мен инновацияға шығыстар ІЖӨ-нен 0,2%-ке дейін артты. Сондықтан да орта мерзімді инвестицилық – инновациялық даму стратегиясына сай ғылым мен инновацияға шығыстарды дамыған мемлекеттер деңгейіне дейін көтеру қажет.
"Білім беру" функционалдық тобы бойынша шығыстар 2006 жылға дейін 0,1% өссе, жыл сайын өскенде ІЖӨ-ге 3,94% құрайды. Мұндай шығыстар деңгейі ІЖӨ-ге қатысты алғанда, Ұлыбритания (1,3%), Испания (1,2%) және АҚШ (0,4%) сияқты елдерден жоғары, бірақ Исландия (6,86%), Швеция (6,6%) және Белгия (6%) сияқты елдерден төмен. Білім – адам дамуы индексінің шешуші компоненті болып табылады. Адам дамуы индексінің 1%-ке өзгеруі ІЖӨ-нің 5,8%-ке өзгеруіне алып келеді. Білім беруге шығындардың өсуі қазіргі кезде әлемдік біліктілік талабына сай келетін ел экономикасының салалары үшін жоғары білікті ұлттық мамандарды даярлау қажеттілігінен туындап отыр. Сондықтанда болашақта білім беруге шығындарды ІЖӨ-ге 5-6% деңгейіне арттыру қажет.
"Денсаулық сақтауға" шығындар үлесі ІЖӨ-ге процентпен алғанда 2%-тен аз ғана көп. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 6-7%-ке жуық, бірақ міндетті медициналық сақтандыру қорының құрылуымен денсаулық сақтауға шығындар 2-3% деңгейінде сақталынады деп болжамдануда.
"Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек" функционалдық тобы бойынша шығыстар қазіргі кезде ІЖӨ-нен 6%-ке жуық және ол болашақта ІЖӨ-нен 5,5% деңгейінде сақталынады. Бұл көрсеткішті АҚШ-мен салыстырсақ онда 5,5%, ол Ұлыбританияға (13,1%), Ресейден (8,2%), Австралияда (10,2%) төмен. Шығыстардың негізгі мақсаты жұмыс істейтін халықтың табысын арттыру, кедейшілік деңгейін төмендету, адрестік әлеуметтік қорғаумен қамсыздандыру, сонымен қатар зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру. Мемлекеттік шығыстар халықтың ең әлжуаз топтары пайдасына қайта бөлінеді. Мүгедектерді әлеуметтік, еңбектік бағдарлау, жаңа үлгідегі протез-ортопедиялық бұйымдарды сатып алу қоғамға мүгедектерді интеграциялауды, сонымен бірге ана мен баланы қолдау және дені сау баланың туылуын ынталандыруды жетілдіру бойынша шаралар қолға алынуда.
"Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік" функционалдық тобы бойынша шығыстар ІЖӨ-ге проценттік өлшемде 0,73%-ке дейін 2004 ж. салыстырмалы төмендейді, бірақ номиналды өлшемде бұл топта үстіміздегі жылға 24,5% болады деп болжамдануда. Шығынның артуы, арнайы орта мерзімді «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты, негізгі мақсаты халықтың үлкен мәдени мұрасын оқытудың толық жүйесін құру, тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру, гуманитарлық білім беру қорын ұлттық тілде құру, ғылыми, биографиялық, көркем арналарды құру және т.б.
"Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобы бойынша 1,69%-ке дейін шығыстардың өсуі қарастырылды, бұл 2005 жылы аяқталатын азық түлік бағдарламасы жүзеге асырудың аяқталуына байланысты.
Шығыстардың елеулі үлесі аграрлық өндірісті жандандыру мен дамытуға, ауылдағы өмір сүру деңгейін жоғарылату мен ауыл инфраструктурасын құруға бағытталуда. Бюджет құралдары есебінен "Ауыз су" салалық бағдарламасы шеңберінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қарастырылуда. 2004-2010ж Қазақстан Республикасы ауылдық территорияларын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жылына 1,5 млрд теңге бөлінді. Бұл құралдар ауыл мектептерін, ауруханаларды, жол және сумен жабдықтау жүйелерін құруға жұмсалынады.
"Өнеркәсіп және құрылыс" тобы бойынша мемлекеттік бюджеттен шығындар жыл сайын қысқаруда, өйткені 2003-2015 жылдары Қазақстан республикасы инвестициялық – инновациялық даму стратегиясында қарастырылған шараларды қаржыландыруға байланысты болжамдануда. [2].
"Транспорт және байланыс" тобы бойынша шығыстар қазіргі кезде ІЖӨ-нен 1,66% -ке жуық. Құралдар сыртқы рынокқа шығуды қамтамасыз ететін және қоғам мен экономиканың қажеттілігіне сай келетін коммуникацияның техникалық жағдайын жақсартуға, транзиттік корридорларды дамытуға жұмсалады. Бұл басымдық мемлекеттік және салалық даму бағдарламаларын қаржыландыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Автомобиль жолдарының торабын дамыту және ұстау, сақтап қалу үшін мемлекеттік бюджеттен ағымдағы ұстауға, автомобиль жолдарының бұзылған бөлімшелерін қалпына келтіруге, жөндеуге қаржыландыру нормативтері бойынша бөлінуде, ол транспорт инфрақұрылымын дамытудың жалпы шығындарының 30% -нен көп емес немесе ІЖӨ- нің 0,3-0,33% деңгейінде. [3].
2004-2005 жылдары мемлекеттік қызметкердің еңбек ақысы өсті. Кәсіби мемлекеттік ақпаратты қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға құралдар бөлінуде.
Көріп отырғанымыздай мемлекеттік бюджетті әзірше даму бюджеті деп айтуға болмайды. Мемлекеттік функцияны толыққанды қаржыландыру үшін ІЖӨ көлемін бюджет арқылы қайта бөлінетін деңгейде ІЖӨ-ге кем дегенде 30% арттыру қажет. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет көлемі төмен деңгейде, салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі ІЖӨ-нің 20%-ке жуығын ғана құрайды. Европа елдерінде мемлекеттік шығындар орташа 47% -ке жуық, АҚШ-та ІЖӨ-ге мемлекеттік зейнет ақы мен әлеуметтік қорларға шығындарды қоспағанда 34%, Японияда 35% құрайды.
Мемлекет ресурстарын қайта бөлу процесінде бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік секторды қайта құрылымдау мен даму бағыттары, мақсаттарын ескеру қажет.
Реттеудің спецификалық объектісі ретінде мемлекеттік сектор бюджеттік жіктеуде табыс бөлігінде де, шығыс бөлігінде де белгіленбеген. Мемлекеттік және муниципалдық меншіктегі мүліктен алынған табыс "салықтық емес түсімдер" бөлімінде табыстар жіктемесінде көрсетілген. Мұндай салық төлеушілер категорияларынан түсімдер бөлек көрсетілмейді, бұл мемлекеттік мүлікті муниципалды мүліктен бөліп ажыратуға және тікелей мемлекеттік сектордан түскен табысты анықтауға мүмкіндік бермейді.
Мұнан басқа мемлекеттік сектор салықтық және салықтық емес аударымдар туралы Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметтеріне сай бюджет табыстарының мөлшерінде мемлекеттік сектор үлесі туралы мәліметтерді салыстыру экономиканың аталған секторы бойынша бюджеттік көрсеткіштердің жүзеге асырылу мен сенімділік дәрежесін бағалауға мүмкіндік берер еді.
Мемлекеттік бюджеттің шығыс жіктемесінің барлық түрі меншік формалары бойынша ресурстарды бөлуді қарастырмайды, осылайша әрекет етуші әдістеме негізінде мемлекеттік секторға тікелей бағытталған құралдарды бағалау мүмкін емес. Бюджеттік жіктеме баптарын талдау негізінде ғана жекелеген пайымдауларды түзуге болады.
Сонымен функционалдық жіктемені қарастыру кезінде бірде бір шығыс бабының толығымен мемлекеттік секторға жатқызылмаған, функционалды жіктеме баптары ішінде оның үлесін анықтау әдістемесі әлі жоқ.
Экономикалық жіктеме (классификация) де оның жекелеген баптарын тек мемлекеттік секторға жатқызуға мүмкіндік бермейді. Бюджет құралдарын тікелей алушылар тізімі мемлекеттік ұйымдардан түзілседе, бұл ресурстарды ары қарай бөлу өзге меншік формалары мен кәсіпорын бюджетін орындау процесіне қатысуын болжамдайды.
Осылайша мемлекеттік сектор бюджеттік шығындардың жалпы мөлшеріндегі үлесін бөліп көрсету үшін бюджеттік жіктеме сәйкесінше толықтырулар енгізу қажет, бұл ағымдағы бюджеттік жылда мемлекеттік секторға "жоспарланған" мемлекеттік шығындарды бағалауға мүмкіндік береді. Бюджеттік параметрлерді статистикалық мәліметтермен түзу кезінде бюджеттің орындалу дәрежесін бағалау мүмкіндігі пайда болады.
Жергілікті бюджеттен бөлінетін аймақтық мақсаты бағдарламаларды орындауға қаржылар мемлекеттік сектор мен өзге меншіктегі кәсіпорындар арасында белгілі пропорцияда бөлінеді. Осындай бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік тапсырыс беруші мен қажет етілетін қаржы көлемі бекітіледі.
Мемлекеттік сектор кәсіпорынның аймақтық мақсаты бағдарламаларды орындауға жұмсалған құралдарды игеруге қатысуын анықтау үшін, мемлекеттік орындаушылардың және олармен игерілген құралдардың үлесі мен мөлшерін бөліп көрсетіп, ізденушілер құрамы мен сәйкесінше жұмысты атқарушылардың есебін ұйымдастыру қажет.
Мұнан басқа мөлшері мен тиімділігін қамтитын мемлекеттік сектордың дамуының жоспарлы көрсеткіштер жүйесін өңдеу қажет. Мұндай жүйені құру мен оған сәйкес массивті ақпаратты жинақтау мемлекеттік сектордың даму тенденциясын анықтауға, сонымен бірге экономиканың аталған секторының бюджеттік реттеу стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік секторды бюджеттік реттеудің әрекеттегі әдістері ішінен таңдау даму мүмкіндігі мен қажеттілік арқылы анықталады. Мемлекеттік секторды бюджеттік қаржыландырудың механизмін, нақты объектілерін, бағдарын, мөлшерін анықтау кезінде қоғамның әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету және ІЖӨ арттыру мен құру процесінде оның мүмкіндіктерін ескеру қажет. Осы орайда, меншікті мемлекеттік сектор ішінде бөлу кезінде мемлекеттік басымдықтар жүйесін өңдеу қажет.
Мемлекеттік сектордың стратегиялық басымдықтарын қалыптастыруда, оның қызметі мониторингінде және ұтымды мөлшерін анықтауда шешуші рольді, біздің пікірімізше, мемлекеттің қатысуымен ірі кәсіпорындарда қамтитын холдингке бекіту қажет. Холдинг мемлекеттік сектор алдында тұрған аймақтық, салалық аспектіні қамтитын тек қысқа мерзімді ғана емес, ұзақ мерзімді болашақтағы мақсаттарды бекітуі қажет.
Қорыта келе соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік инвестицияның экономикаға бағдарланған кейбір жүйесінің қалыптасқанын айтып өткім келеді. Осы жерде мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігі үшін несие ресурстары салымның рентабельділігінен асып түскендіктен, жоғары проценттік ставкаға байланысты бұрынғысынша қол жетімді емес. Өндірісті дамытуға бағытталған меншікті құралдарының үлесі елеусіз. Бұл жағдайда мемлекеттік секторға тікелей инвестициялар өз мәнін сақтауы қажет, ал бюджет жақын перспективада инвестициялық процесті қалпына келтіруді реттеуде негізгі құралдарының бірі болуы мүмкін.

 



Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары