Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:29, реферат

Описание

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауыерекше экономикалықнысандар ө бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Работа состоит из  1 файл

7.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

Бақылау сұрақтары
1.    Мемлекеттік кірістер дегеніміз не?
2.    Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні неде?
3.    Орталықтандырылған категорияға кіретін мемлекеттік кірістер түрлерін ата
4.    Мемлекеттік кірістер қалай құралады
5.    Қандай кірістер бастапқы деп аталады
6.    Мемлекеттік кірістің көздерін ата
7.    Мемлекеттік кірістердің  ішкі көздеріне нелер жатады
8.    Мемлекеттік кірістердің  сыртқы көздеріне нелер жатады
9.     Мемлекеттік кірістердің жіктелуін ата
10.    Меншік нысанының ұйымдық –құқықтық нысандарына байланысты мемлекеттік кірістер қалай жіктеледі
11.    Қалыптасу аясына байланысты мемлекеттік кірістер қалай жіктеледі
12.    Қаржылық мазмұнынына байланысты мемлекеттік кірістер қалай бөлінеді
13.    Қоғамның таза кірістері дегеніміз не?
14.    Мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың қандай негізгі әдістері бар. Оларға сипаттама беріңіз
15.    Мемлекеттік шығындар дегеніміз не?
16.    «Шығындар” дегеніміз не?
17.    Мемлекеттік шығындар жүйесі дегеніміз не?
18.    Экономикалық мазмұнына сәйкес мемлекеттік шығындар қалай жіктеледі
19.    Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың нысандарына сипаттама беріңіз
20.    Бюджеттік қаржыландырудың нысандарына сипаттама беріңіз

Әдебиеттер тізімі
1.    Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2.    Мельников В.Д. Основы финансов: учебник – Алматы: издательство ЛЕМ,  2005г.
3.    Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
4.    Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000 г.
5.    История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996 г.
6.    Сумароков  В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования – М.: Финансы и статистика, 1996
7.    Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета учеб. пособие
- Алматы: Экономика, 2003.-290с.:

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...........................................................................................................................3

I. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ.

1.1. Жалпы нұсқаулар...................................................................................................4

1.2. Бюджеттің кассалық орындалуы туралы айлық есебі........................................5

1.3. Қазынашылық органның Басқармасы мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын тексерудің үлгі бағдарламасы.....................................................10

1.4. Жыл аяқталғаннан кейінгі бюджеттік несиелерді жабу тәртібі және шоттар қорытындылары..........................................................................................................12

1.5. Республикалық несие бойынша несие ашушылар...........................................14

II. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНІҢ КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС БӨЛІГІНІҢ КАССАЛЫҚ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ.

2.1. Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы.....................................................15

2.2. Салықтар мен табыстарды жергілікті бюджет деңгейлері арасында бөлу

түсім бойынша бюджеттің атқарылуы..............................................................18

2.3. Қолма-қол ақша түрінде есептелетін төлемдерді алу және есептеу...............19

2.4. Бюджетке төлемдерді қабылдау және есеп бойынша операциялар...............22

2.5. Республикалық бюджеттен қаражат беру.........................................................29

2.6. Мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы туралы

басқа да сұрақтары...............................................................................................33

Қорытынды................................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................36

Кіріспе.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Мемлекеттік бюджет». Бұл тақырыпты таңдаған себебім, республикамыздағы мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің кассалық орындалуының есебін жан-жақты қарастырып, есеп жүргізу тәсілдерін зерттеп осы бағыттағы өз білімімді тереңдету болып табылады.

Нарықтық экономикаға көшу кезінде әлеуметтік – экономикалық үрдістерді басқарудағы мемлекеттің ролі мен маңызы өзгереді. Әкімшіл - әміршіл жүйенің әдістерімен салыстырғанда нарықтық жағдайда мемлекеттің экономикаға араласуы шектелген түрде болуы керек және ең алдымен жалпы нарықтық механизмның кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, өндірістік күштерді дамытуға, мемлекеттің қорғаныш қабілеттлігін күшейтуге бағыттауы керек, сонымен қатар қоғамның аз қорғалған топтарын мемлекеттің ұлттық табысы мен жиынтық қоғамдық өнімнің рационалды бөлінуі мен қайта бөлінуі арқылы экономикалық қолдау және әлеуметтік қорғау керек. Ал мемлекеттің нарықтық экономика жағдайында экономикалық процестерді реттеуінің, әлеуметтік, саяси, өндірістік, экологиялық проблемеларды шешудегі ең басты құралы бюджеттік механизм болып табылады.

Бұл уақытта жалпы бюджеттің орындалуы туралы есептің құрылу тәртібі де маңызды блады, сондықтан мен осы тақырыпты зерттеуді мақсат еттім. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерді атқардым:

- Бюджеттің кассалық орындалуы туралы айлық есебі;

- Ұлттық Банк ұйымдарының мемлекеттік бюджеттік кассалық орындалуын

тексерудің үлгі бағдарламасы;

- Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы;

- Салықтар мен табыстарды жергілікті бюджет деңгейлері арасында бөлу;

- Қолма-қол ақша түрінде есептелетін төлемдерді алу және есептеу;

- Бюджетке төлемдерді қабылдау және есеп бойынша операциялар;

- Республикалық бюджеттен қаражат беру;

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және қосымшадан тұрады.

Жазылған курстық жұмыста нұсқаулар, ережелер, кітаптар және бюджет кодексі қолданылды.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.
Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;
  2. шығындар;
  3. таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;
  4. қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;
  5. бюджет тапшылығы (профициті);
  6. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық максаттарда пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кеміті- луге тиіс. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы мемлекеттік бюджетінің құрамы және кірістері мен шығыстарының құрылымы мына мәліметтермен сипатталады (14.1 кесте). (2009 жылғы бұл мәліметтерді қосымшадан қараңыз).

 

Кестеден көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады.
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.
Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың катаң максатты арналымы болады.
Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.
Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Қарыздарды өтеу - қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.
Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.
Қаржылық активтермен операциялар:

  1. қаржылық активтерді сатып алуды;
  2. мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.

Қаржылық активтер мен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржылық активтерді сатып алу және мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және кажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар калдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соіуасынан асып түсуі ретінде айқындалады.
Фюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.
Бюджет профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.
Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді.
Үкімет пен жергілікті атқарушы орғандардың резевтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді.
Үкімет резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.
Жергілікті атқарушы орған резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған резерві, сондай-ак оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері бойынша міндеттемелерді орындауга арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік орғандардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орғандардың міндеттемелерін орындауга пайдаланылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған резервтерінің мөлшерін үлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы орғанның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы орғандардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.[1]

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары