Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:00, курсовая работа
Ұйымдастырушылық - есеп дамуының осы заманғы деңгейі және келешегі.
Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін өндірістік есепті ұйымдастырға үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде өндірістік есепті ұйымдастырып, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің бұл үндеуінде қаржылық есепті ұйымдастыруды, қаржылық есеп беруді, есеп жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды.
КІРІСПЕ
1. ӨНДІРІСТІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өндірістік есепті ұйымдастыру
1.2 Өнім өндіру есебі және оның жүйелері
2. БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ.
2.1.Өндірістік есептің әдістері мен тәсілдері
2.2.Өндірістің ұйымдастырушылық құрылымының басқару есебі жүйесін құруға ықпалы
2.3.Өндірістегі басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принциптері
2.4. Ұйымдастырылған өндірістік есептің технологиясы
3.ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТҮСІНІГІ
3.1.Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдерін әр операцияны орындағаннан кейін шаруашылық субъектісінің техникалық бақылау бөлімі қабылдап санап алғаннан кейін, ол туралы ақпараттар мәліметтер мен алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі «кесімді жұмыс» наряды болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай яғни басталмай тұрып толтырылады және жұмысшы қызметкерлерге беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың саны, көлемі жазылып жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына тапсырылады.
Шаруашылық субъектісі бойынша өндірілген өнімге, істелінген жұмысқа күнделікті наряд жазу жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуін бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы құжаттың санын азайтуға болады. Шаруашылық субъектілерінде өнім өндіру жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы ғана жазылып қоймай сонымен қатар өндірілген өнімнің яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі операцияға ауысуын бақылау және олар үшін толтырылатын құжаттың санын азайту мақсатында маршруттық карталар (карточкалар) тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериялы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтары мен бөлімшелерде кеңінен қолданылады. Бұл маршруттық карталарда (карточкада) біртектес материалдан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің барлық технологиялық процесстерден өтіп қоймаға тапсырылған ға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.
Шаруашылық субъектісінің бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалынып шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде өндірілген өнімнің әрбәр топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімнің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты яғни өнімдерді тексеру барысында анықталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын және оны жіберген (өндірген) жұмысшының табелінің номерін көрсетіп қол қояды.
Өндірілген өнімнің
топтары бір бөлімшелерден
Ғылыми-техниканың жетілуі мен алға дамуына байланысты өндірісті саласында жеке және қолмен жасалынатын жұмыстар қысқартылып отырады. Шаруашылық субъектісінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс істейтін конвейрлі линияларды енгізу өндіріс процесін ортақтасып орындайтын жұмысшы қызметкерлердің бүтін топтарын ұйымдастыру қажет етеді. Осыған байланысты еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру ұжымдық еңбекақы есептеу мен оны төлеу әр операция немесе әрбір жұмыс орны бойынша әр жұмысшы , қызметкердің өндірген өнімін есептеу жұмысына қажет болатын көп күш пен еңбекті үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты толтырылатын құжаттардың саны да азаяды. Әрбір жұмысшы мен қызметкерді істеген еңбегң мен өндірген өнімдерінің саны мен сапасына қарай оларға еңбек ақы есептеу үшін жұмыскерлер тобының цехтың яғни шаруашылық субъектісіндегі бригадада өндіріліп шығарылған өнімнің, істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады.Өндірілген өнімнің, істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша шаруашылық субъектілердегі жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау бөлімі ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған және басы жаққа қоймаға аланбай таратылып жіберілген яғни басқаларға берілген, сатылған теліп жіберілген дайын өнімнің, істелінген жұмыстың саны мен сапасына қарай есептелінеді.
2. БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ
ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ МЕН
2.1.Өндірістік
есептің әдістері мен
Өндірістік есепті ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін үш топқа бөлуге болатын көп объектілері бар:
1.Өндірістік ресурстар.
Ол субъектінің шаруашылық
2. Шаруашылық процестері және олардың нәтижелері жиынтығында субъектінің өндірістік қызметін құрайды. Бұлар:
Ұйымдастырушылық топ – субъектіні заңды тұлға ретінде , оның құрылымын, бөлімдерін, қызметін, учаскесін жасау; жоспарлау, бақылау, жоспардың орындалуын бақылау, ынталандыру, субъектінің мақсатына жетуді көздеген орындаушылардың әрекеттерін іштей үйлестіру қызметтеріне сәйкес құрылымдық бөлімшелердің арасында ақпараттық жүйені ұйымдастыру.
Басқарушылық есеп пәніне субъектінің ақпарат жүйесіндегі басқарушылық есеп объектілерінде көрініс табатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы жатады.
Басқарушылық есептің негізгі әдістері:
- өндірістің өзіндік ерекшелігі;
- басқарудың технологиялық
және ұйымдастырушылық
Топтастырылған ақпарат оперативтік және стратегиялық шешім қабылдауға керекті қызмет нәтижесін бағалауда пайдаланылады.
Бақылау шоты – бұл есептік кезең операцияларының қорытынды сомасы бойынша қорытынды шот. Бұл қаржылық және басқарушылық есептердің байланыстыру буыны (журнал-ордердегі жазумен, материалдық атауы мен бақылау шоты бойынша жинақтаушы тізімімен хронологиясы сәйкес келуге тиісті материалдардың қоймалық есеп карточкалары);
2.2.Өндірістің
ұйымдастырушылық құрылымының
Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей , отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен
есептің ақпаратты өзгерту
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:
Шаруашылық процестер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды.
Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
Бухгалтерлік басқару есебі-есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері бухгалтерлік басқару есебінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы- шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтың бөлімшесі үшін анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегменттері болуы мүмкін), алайда міндетті түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі және т.б.).
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.
Өнеркәсіптік өндіріс
Әрбір шығын орталығы- жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның басшысына кәсіпорынның барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауға көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл осы орталыққа шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын орталықтары ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.