Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:00, курсовая работа
Ұйымдастырушылық - есеп дамуының осы заманғы деңгейі және келешегі.
Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін өндірістік есепті ұйымдастырға үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде өндірістік есепті ұйымдастырып, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің бұл үндеуінде қаржылық есепті ұйымдастыруды, қаржылық есеп беруді, есеп жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды.
КІРІСПЕ
1. ӨНДІРІСТІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өндірістік есепті ұйымдастыру
1.2 Өнім өндіру есебі және оның жүйелері
2. БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ.
2.1.Өндірістік есептің әдістері мен тәсілдері
2.2.Өндірістің ұйымдастырушылық құрылымының басқару есебі жүйесін құруға ықпалы
2.3.Өндірістегі басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принциптері
2.4. Ұйымдастырылған өндірістік есептің технологиясы
3.ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТҮСІНІГІ
3.1.Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ең жоғарғы деңгейде құрылымдық бөлімшелерден түскен құрама ақпарат жинақтап қорытылады, ол өндірістік диспечерлік, жоспарлы экономикалық және бухгалтерия-бөлімдерінің қорытындылайтын есептік құжаттамасына айналады. Есептердің мазмұны мақсатты белгілеуіне немесе арнайы басшының қызмет орнына байланысты болады. Бухгалтерлік – талдаушылар: өнімнің өзіндік құнын анықтау мақсатымен өзіндік құн талдау жөніндегі есептер; алдағы шығындарды жоспарлауға арналған сметалар; жұмыс нәтижесін бағалау үшін өндірістік бөлімшелердің ағымдағы оперативті есептерін; шұғыл шешімдер қабылдау үшін өндіріске шығатын шығындар жайлы есептер, сондай-ақ ұзақ мерзімді жоспарлау немесе болжау үшін күрделі сметасын талдау жасайды.
Осылайша жүйе ақпараттың толықтығымен талдамалылығы принциптеріне сай болуы керек. Есептегі көрсеткіштер талдау үшін қолайлы түрде қосымша талдаушылық өңдеуді талап етпейтіндей болуы тиіс, кері синтез (төлемдегіден басқарудың жоғарғы деңгейіне дейін) қарастырмауы керек. Бұл принциптерді бұзу жүйенің қымбаттауына және басқарудың оралымдылығын жоғалтуға келеді.
Кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділік принципі де басқару есебі жүйесін құру үшін өте маңызды. Басшыға арналған ақпарат орынды кезде ғана қажет, ерте де емес, кеш те емес. Уақытты қысқарту басқару есебі дайындаған ақпараттық дәлдігін едәуір азайтуы мүмкін. Әдетте, басқару ақпараты бастапқы мәліметтерді жинау, оларды өңдеу және қорытынды ақпаратта топтастыру кестесн белгілейді.
Шығыстарды, қаржыны, коммерциялық іс-әрекетті басқарудың бюджеттік (сметалық) тәсіл принципі ерекше көңіл бөлерліктей. Олар ірі кәсіпорындарда жоспарлау, бақылау және реттеу құралы ретінде қолданылады. Бюджеттік цикл қызметтің, бөлімшенің барлық салаларын жоспарлау; барлық ұжымның жобалық шешімдерін жинақтау; жоспар нұсқалары мен түзетулер енгізу есептері; жоспарлау мен есептеу амалдарынан тұрады.
Смета (бюджет) өндірісті, өткізуді, бөлу мен қаржыландыруды қамтиды. Сметаларда бүкіл кәсіпорынның және оның бөлімшелердің өндіріске шығындарын, бөлімшенің, тұтастай кәсіпорынның іс қызмет түрлерінен түсетін кірістер, пайда көрініс табады.
2.4. Өндірістік есептің технологиясы.
Кез келген өндіріс процесі өндіріс факторларының нақты сандық және сапалық үйлесімін талап етеді. Оны технология дейді. Өндіріс процесіне ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізген сайын технология да жаңарып отырады. Жаңа технология өндіріс процесін жүргізудің және басқарудың жаңа әдістерін талап етеді. Жаңа технология шектелгені экономикалық ресурстардың тиімді қолдана отырып, олардың көмегімен көп, сапалы және арзан өнім өндіру мүмкіншілігін береді. Өндіріс процесіне жаңа технология енгізгенде жұмыскерлердің жалпы және кәсіптік-техникалық білім деңгейлеріне, тәжірибелеріне қойылатын талаптар да өседі.
Өндіріс функциясын талдағанда технологияның роліне және оның үнемі өзгеріп тұратынын естен шығармаймыз, бірақ өндірушінің қабылдайтын шешімі тұрақты (өзгермеген логия шеңберінде жүзеге асады деген болжау жасаймыз, сонымен қатар екі факторлы өндіріс процесі талқыланады.
Тұрақты технология шеңберінде мейлінше көп өнім өндіру өндіуін қолданыла-тын өндіріс факторларының үйлесімі мен сол піЫлген өнім көлемінің арасындағы байланысты өндіріс функциясы дейміз. Егер өндірісте капитал мен еңбек ресурстары қолданса, қазіргі технология шеңберінде өндіріс функциясы былай көрсетеміз: мұндағы С - өндірілетін өнім көлемі, £ - функционалды байланысты көрсететін белгі, Ь - еңбек ресурсы, К - капитал ресурсы. Егер өндіріске жаңа технология енгізілсе, онда басқа өндіріс функциясы пайда болады.
Әр түрлі өндіріске
тән өндіріс функциясы
Өндірістің функциясы кез келген өндіріс үшін нақты мәліметтерге сүйене отырып анықталынады. Оны анықтау өндірісті жоспарлау үшін қажет болады.
Өндірістің функциясын өндіріс кестесі арқьшы сипаттауға болады. Кестеде капитал мен еңбек шығындарының (сағатпен есептелген) альтернативті үйлесімдері мен олардың көмегімен өндірілетін өнім көлемі көрсетіледі. Оны 4.1.1 кестесінен көруге болады. Кестенің шетінде сағатпен өлшенетін машина мен еңбектің шығындары, ал оның ішінде сол шығындардың көмегімен өндіруге болатын өнім көлемі көрсетілген. Мысалы, бір айда қолданған 400 машина сағатының шығыны мен 100 еңбек сағатының шығынын қолдану 38 дана өнім береді. Осы вариантты А деп белгілейік. 38 дана өнімді өндіру үшін 200 машина сағатының шығыны мен 200 енбек сағатының шығынын колдануға да болады. Оны Б варианты дем белгілейміз. 100 машина сағатының шығыны мен 300 еңбеш сағатыньщ шығыны да 38 дана өнім көлемін береді. Оны С варианты деп белгілейік. Өндіріс кестесін қарап отырсақ, оның ішінен бірдей өнім көлемін беретін әр түрлі өндіріс факторларының үйлесімдерін табуға болады.4.1.1 кесте. Өндіріс факторларының үйлесімдері (өндірІс кестесі)
Бір айдағы еңбек сағаты |
Бір айдағы машина сағаты | |||
100 |
200 |
300 |
400 | |
100 |
20 |
30 |
35 |
38 |
200 |
30 |
38 |
52 |
64 |
300 |
38 |
56 |
64 |
80 |
400 |
50 |
64 |
82 |
100 |
Осы кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, өндірісі функциясын графиктің көмегімен дс көрсете аламыз. Бір нақты өнім көлемін өндіру үшін қолдануға болатын ресурстардың ол түрлі үйлесімдерін көрсететін қисықты изокванта дейді.
4.1.1 суретте
38 дана өнімнің изоквантасы
Изокванта қисығы жоғарыдан төмен еңкіш болады. Өнім көлемін өзгертпеу үшін капитал шығынын азайтқан сайын еңбектің, шығынын көбейту керек. Изокванталар координаттардың басынан алыстаған сайын олардың бойында жатқан ресурстардың үйлесімдерінің беретін өнім көлемі көп
Өндіріс факторларын өзгертудің мүмкіншілігі уақытқа байланысты. Барлық өндіріс факторларын өзгертуге мүмкіншілік беретін уақытты ұзақ мерзім дейді. Ұзақ мерзімде барлық факторлар өзгермелі болады. Тек қана кейбір жеке факторларды ғана өзгерте алатын уақытты қысқа мерзім дейміз. Қысқа мерзімде өндірісте қолданылатын факторларды "тұрақты және өзгермелі деп екіге бөліп қарастырады. Әрбір өндірістің өзіне тән қысқа және ұзақ мерзімі болады. Ол өндірістерде қолданатын технологияға байланысты.
Изоквантаның көмегімен бір факторды екінші фактормен алмастырудың технологиялық шегін анықтаймыз. Капиталдың еңбекпен алмастырудың технологиялық шекті нормасы өндіріс көлемін өзгертпей-ақ, әрбір еңбек бірлігімен алмастыруға болатын капиталдық мөлшерін көрсетеді.
4.1.2
сурет. Капиталды еңбекпен
4.1.2 суретіндегі
графикте 200 дана өнім көлемініңі изокванта
Енбекті капиталмен алмастырудың технологиялық шекті нормасы капиталдың алмастыратын еңбек мөлшерімен анықталынады:
Еңбекті капиталмен
алмастырғанда өндіріс көлемін
Өндіріс факторларын алмастырудың технологиялық шекті нормасын талдағанда еңбек пен капитал бір-бірін толық алмастыра алмайтыны есте болу керек. Өндіріс факторлары бір-бірін толықтырады. Сондықтан оларды алмастырудын технологиялық шекті нормасы төмендейді. Изоквантаның, қисықтығы тұрақты өнім көлемінің шеңберінде факторларды алмастырудың шегі бар екенін және алмастыру барысында әр түрлі қиындықтардың кездесетінін көрсетеді.
3.ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТҮСІНІГІ
3.1.Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру бухгалтерлік шоттар мен шығындарды топтастырудан тұрады. Оған мынадай факторлар ықпал етеді:
Өндірістік есепті ұйымдастыру
шығын есебінің объектісі болып
не саналатынына байланысты кәсіпорынның
белгілі бір топтасуын
Өнімнің өзіндік құнына кірген шығындардың түрлері 7 «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» атты Бухгалтерлік есеп стандарттары және оған «Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы мен жіктелуі» атты әдістемелік ұсыныстармен белгіленеді, бұлар- материалдық шығындар, еңбекті өтеуге шыққан шығыстар, әлеуметтік салық аударымдары, қосымша шығыстар.
Шығындарды пайда болған жерлері бойынша есептеу. Шығындардың пайда болатын жері- кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.
Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құрылымдық бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жан-жақты бақылау өнімінің өзіндік құнын калькуляцияда қажетті; өнімнің жекелеген түрлері арасындағы қосымша шығындарды бөлу.
Жауапкершілік орталықтары
жөніндегі есептің мақсаты-
Әкімшілік шығындарды қандай аспектіде жіктеу, шығын пайда болған жерлерді қаншалықты жан-жақты және оларды жауапкершілік орталықтарымен ұштастыру керектігін өзі шешеді.
Көтерушілер бойынша есеп. Технология мен өнім сипатына байланысты бұйымдар мен жартылай өнімдер, біртекті бұйым топтары, бір аттас немесе жеке жасап шығаратын бұйым сериялары, құрылыс объектілері, құрылыстың біткен кезеңдері, жұмыс пен көрсетілген қызмет түрлері шығынды көтерушілер болады.
Егер кәсіпорында біртекті өнім бірдей негіздегі шикізатпен материалдан жасалса және мөлшерімен, жаңғыртып жетілдіруімен (модефикациясымен) айрықшаланса, онда кәсіпорынның шығынды көтерушілер сайын ең аз шамада азайтуға мүмкіндік пайда болады, соған орай, калькуляциялау амалын қарапайымдандыруға болады.
Өндірістік шығындар
есебін ұйымдастыруда екі