Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 21:15, дипломная работа
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................3
I тарау. Негізгі құрал есебіне жалпы түсінік
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі......................................
1.2 Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі
1.3 Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі
1.4 Негізгі құралдардың жөндеу есебі
1.5. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі.........................................................
1.6 Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...............
II тарау. Негізгі құралдар аудиті
2.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті.......
2.2 АҚ-ның негізгі құралдардың тексеру тәртібі...........
III тарау. Негізгі құралдардың талдауы
Негізгі құралдарды жалдау есебі
1.1 Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі
1.2 Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
ҚОСЫМША
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР….......................................
Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап есептеледі. Ал субъектінің баласынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың бірінен бастап амортизациялық аударым есептелмейді.
Бухгалтерлік есептің №16 ХҚЕС «Негізгі құралдарды (құрал-жабдықтарды) есепке алу» - деп аталатын стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бекітілген:
1. құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісі.
2. құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
3. жылдамдатып есептен шығару әдістері
а) қалдық құнның кему (қалдық азайту) әдісі
б) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.
Амортизациялық аударым есептеудің қолдануға таңдап алынған әдісі шаруашылық субъектінің есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер негізгі құралдарға қолданылатын амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептермен болғаны қаржылық есептемеде айтылып көрсетілуі керек.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін. Осындай жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды сатып алу қолда бар нақты жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай активтері активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді. Мысалы, химия компаниясы қауіпті химиялық заттарды өндіру немесе сақтау кезінде экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялар енгізе алады; технологиялар мен жабдықтарды жетілдіру жөніндегі тиісті шаралар актив ретінде танылады, себебі компания оларсыз химикаттарды өндіріп, сата алмайды. Солай бола тұрса да, ондай активтің және осыған байланысты активтердің баланстық құнының жиынтық мәні 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану мәніне байланысты тексерілуге тиіс.
Келесі шығындар айтылған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында осы объектіге күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындарды танымайды. Оның орнына, ондай шығындар пайдалар мен залалдар шегу жағдайына қарай сонда танылады. Күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындар негізінен жұмыс күшіне және шығыс материалдарына жұмсалған шығындардан тұрады, сондай-ақ жиынтықтаушы бөліктер сатып алуға шығатын шығындарды қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көп жағдайларда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін «жөндеу және ағымдағы қызмет көрсету» ретінде көрсетіледі.
Қ.К Кеулімжаевтың., Н.А. Құдайбергеновтың «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» атты оқулығында былай деп жазылған: Негізгі құралдардың өндіріс үрдісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар аустырып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозу олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөліктерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылмағандығына ғана байданысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдалануы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінде болып табылада.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үрдісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдарың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған тура осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктерінің құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдарының орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.
Сонымен қатар амортизациялық аударымда мынадай жағдайларда есептелінбейді:
кайта құру, жаңарту және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта.
Негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған мерзімде
Негізгі құралдар үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер және т.б. өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.
Кәсіпорындағы жаңадан келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан бастап есептелінеді. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан бастап амортизациялық аударым есептеу тоқталады.
Активте түйінделген болашақ экономикалық пайдалар негізінен оны тұтыну арқылы қолданылады. Актив бос тұрып қалған кезде моральдық немесе коммерциялық тұрғыдан ескірген басқа факторлар осы активтен алу мүмкін болатын экономикалық пайданың азаюына жиі әкеп соқтырады
2 – кесте. Негізгі құралдарға тозу сомасы есептелгенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
р\с № | Операциялар мазмұны | Дт | Кт |
1 | Ұйымға келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдардың тозу сомасына | 2410 | 2420 |
2 | Ұйымның басқа бір заңды және жеке тұлғаларға сатқан немесе басқадай жолмен есептен шығарған негізгі құралдарына бұрын есептелінген тозу сомасының есептен шығарылуына |
2420 |
2410 |
3 | Негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасына: - негізгі өндірісте - қосалқы өндірісте - жалпы шаруашылыққа арналған - сатуға қызмет көрсететін салада - күрделі құрылысқа пайдалануға - алдағы есепті кезеңге жатқызылғандары - қысқа мерзімга жалға берілгендеріне |
8110 8310 7210 7110 2410 1620
7470 |
2420 2420 2420 2420 2420 2420
2420 |
4 | Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуіне сәйкес тозу сомасының артучна |
5110 |
2420 |
5 | Негізгі құрлдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының кемуіне сәйкес тозу сомасының азаюына |
2420 |
6280 |
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны
бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі.
Яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.
Бұл тәсілде амортизациялық норманы аудару үшін:
- қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)
- Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі жүк автокөлігінің бастапқа құны – 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялық нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.
Бұл әдіс негізігі құралдар пайдаланудан түсетін табыс оны пайдалану мерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.
Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есеп беретін жылда негізгі құралға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Кезең ішіндегі амортизациялық есептеулер әдетте пайдада немесе залалда танылады. Бірақ, кейде активте түйінделген экономикалық пайдалар басқа активтерді өндірген кезде жоғалып кетеді. Бұл жағдайда амортизациялық есептеулер басқа активтің бастапқы құнының бір бөлігін құрайды және оның баланстық құнына қосылады. Мысалы, өндірістік жабдықты амортизациялау тауар-материалдық босалқыларды өңдеу жөніндегі шығындарға қосылады (2 IAS қараңыз). Сол сияқты, әзірлеуде пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың амортизациясы 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын материалдық емес активтің бастапқы өзіндік құнына қосылуы мүмкін.
Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.
2. Негізгі құралдарды жөндеу және түгендеудің, қайта бағалаудың мәнін ашу
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі
Қ.К. Кеулімжаевтың «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты кітабында ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып соның себебінен негізгі құрал істен шығуы пайдалануға жарамсыз болып қалуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндік болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсаалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан щығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.