Негізгі Құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 21:15, дипломная работа

Описание

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................3
I тарау. Негізгі құрал есебіне жалпы түсінік
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі......................................
1.2 Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі
1.3 Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі
1.4 Негізгі құралдардың жөндеу есебі
1.5. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі.........................................................
1.6 Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...............
II тарау. Негізгі құралдар аудиті
2.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті.......
2.2 АҚ-ның негізгі құралдардың тексеру тәртібі...........
III тарау. Негізгі құралдардың талдауы
Негізгі құралдарды жалдау есебі
1.1 Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі
1.2 Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
ҚОСЫМША
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР….......................................

Работа состоит из  1 файл

Жігер диплом.doc

— 385.50 Кб (Скачать документ)

    Негізгі  құралдар  есебінің  жағдайын  тексере  отырып,  аналитикалық  есептің  ұйымдастырылуының  дұрыстығына  көз  жеткізу  керек.

    Негізгі  құралдар  есебі  мен  бақылауымен  терең  танысу  мақсатында  аудитор  кәсіпорыннан  есеп  беруді  жасаған  күнге  дейін  ие  болған  негізгі  құралдың  типтері  бойынша  сарапталған  тізімін  талап  етеді.  Бұл  тізімге  негізгі  құралдар объектілерінің  құнының  төмендетілуі  мен  қайта  бағалануы  туралы  мәліметтер  енгізілуі  тиіс.

    Негізгі  құралдар  есепте  жүйелі  емес,  операциялардың  жасалу  шегіне  байланысты  көрінеді,  бұл  амортизацияның  дұрыс  есептелуіне  және  оның  өндіріс  пен  айналым  шығындарына  жатқызылуына  әсер  етеді.

    Жинақталған  амортизациялық  шығындар  есеп  беру  күніндегі  жағдай  бойынша  есептелінеді.  Негізгі  құралдар  тізімінің  олардың  бар  болуы,  қозғалысы  туралы  ауқымды  ақпараты  болғанына  қарамастан  аудиторға  негізгі  құралдардың  түсуі,  шығуы  және  озғалысы  туралы  құжаттарды  алу  керек.  Құжаттар  мен  бухгалтерлік  жазбалар  бойынша  негізгі  құралдар  қозғалысы  бойынша  барлық  операциялар 01 “негізгі  құралдар”  шоты  бойынша  дұрыс  жүргізілгендігіне  көз  жеткізуге  болады.

    Шот – фактура,  келісім – шарт,  жалдау  туралы  келісімдер  сақтандыру  полисі,  салық  инспекциясының  жазбалары  сияқты  құжаттарды  тарту  аудиторға  тексеріс  объектісі  жөнінде  сенімді  ақпарат  алуға  мүмкіндік  береді.

    Негізгі  құралдар  бойынша  шаруашылық  операцияларының  құжаттық  бекітілуі – бұл  шот  статьяларын  таңдау  және  кері  тәртіпте  бақылау  процессі,  яғни  есеп  жазбаларының  дұрыстығын  дәлелдеуші  бастапқы  құжаттарды  іздеу.  Негізгі  құралдар  бойынша  аудиторлар  таңдау  жасай  алады.  Сонымен  қатар  кездейсоқ  таңдау  әдісін  қолдануға  болады.  Осылайша  есепте  көрсетілген  негізгі  құралдарды   сақтандыру  бойынша  салықтар  мен  шығындарды  таңдауға  болады.

    Негізгі  құралдар  аудиті  процессінде  қайта  есептеу  тәсілі  жиі  қолданылады.  Жинақталған  шығын  арифметикалық  шама  ретінде  көрінеді,  сондықтан   оның  нақтылығына  тек  қайта  есептеу  тәсілі  арқылы  көз  жеткізуге  болады.

    Негізгі  құралдар  қозғалысының  аудиті.  Негізгі  құралдардың  кәсіпорынға  түсу  жолдары:

      Жабдықтаушылардан  төлем  арқылы  алу;

      Қайтарымсыз  түсу;

      Жалданған  негізгі  құралдар  құны  тәртібімен;

      Бірге  қызмет  істеу  туралы  келісім – шарт  бойынша  негізгі  құралдардың  қайтарылуы.

    Негізгі  құралдардың  түсуі  негізгі  құралдардың  түсуі -   жіберілуі  актісімен  берілген  объектіге  деген  техникалық   құжаттармен  бірге  толтырылады.

    Кәсіпорында  негізгі  құралдардың  есептен  шығу  себептері:

      Объектінің  тозу  нәтежесінде  және  кездейсоқ  жағдайларға  байланысты  істен  шығуы;

      Қайта  құру,  жетілдіру  нәтежесінде  істен  шығу;

      Негізгі құралдарды  басқа  ұйымдарға  беру.

    Негізгі  құралдардың  жарамсыздығын анықтау үшін кәсіпорында арнайы комиссия құрылады. Объектілердің істен шығуын комиссия орын басқарушымен бекітіледі, ал бухгалтер карточкада объектінің есеп шығу күні мен акт номерін қойы.

Негізгі  құралдардың қолдану орындарында(цехтар мен бөлімдерде) негізгі  құралдардың хаттамалық тізімі (Негізгі  құралдардың формасы) жүргізіледі, мұнда қолданыстағы негізгі  құралдар объектілері туралы ысққаша мәліметтер беріледі.

Кәсіпорын ішіндегі түскен, есептен шыққан және орын ауыстырылған негізгі  құралдарға хаттамалық карточкаға сәйкес жазудан кейін ай соңына дейін бөлек сақталады. Бұл ай сайын солардың негіінде негізгі  құралдар амортизациясын(тозуын) есептеу жасалатындықтан қажет.

Негізгі  құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру қажет, себебі дұрыс бағаламау жалпы көріністі бұзып қана оймай, сонымен қатар келесідей келеңсіз жағдайларға әкеледі:

-         амортизацияның  қате  есептелуіне;

-         есептелген  салық  сомаларының  өзгерісіне;

-         негізгі  құралдардың  шамасының  бухгалтерлік  (қаржылық) есеп  беруде  дұрыс  көрсетілмеуіне.

    Негізгі  құралдар  қозғалысы  бойынша  операцияларды  аудиторлық  тексеру  кезінде  келесідей  сәттерге  назар  аудару  керек:

      негізгі  құралдарды  жарғылық  капиталдарға  салым  ретінде  беру  негізінде  олардың  бастапқы  құны,  тозуы  және  беру  кезіндегі  келісілген  құны  келтірілген  тізімі  берілуі  керек;

      негізгі  құралдарды  алған  кезде  бастапқы  құны,  тозуы  және  стаып  алу  құны  көрсетілген сату – сатып  алу келісім- шарты толтырылуы;

      негізгі  құралдар  объектілерін  комплект  түрінде (мысалы, кеңсе  жиһазы) алған  кезде  хаттамалы  карточкаға  комплектке  кіретін  бөлек  бөлшектірінің  тізімі  енгізілуі  тиіс;

      Негізгі  құралдар объектілерін  шет ел  валютасы мен  алған  кезде  объектінің  бастапқы  құны  алған  кездегі  есептелген  курспен  есепке алыну  тиіс;

      Негізгі  құралдардың  пайдасыздығын,  оларды  жөндеудің  мүмкін  еместігін  және  тиімсіздігін,  сонымен  қатар  оларды  есептен  шығаруды  құжаттау  бойынша  керекті  құжаттарды  толтыру  үшін  кәсіпорында  басшының  бұйрығы мен  арнайы  комисия  құрылуы  тиіс;

      Қондырғыларды  өзгертуден  және  бұзудан  шыққан  барлық  бөлшектер, желілер  және  агригаттар  егер  олар  әрі  қарай  пайдалануға  жараса,  оларды  қоймаға  тапсырып, ол  операцияны  бухгалтерлік  есепте  сәйкес  жазумен көрсету  керек.

    Тозуды  есепке  алу аудиті.

    Аудит  барысында  негізгі  құралдардың  барлық  объектілеріне  амортизацияны  есепке  алуды  есепте  барлығын:  тозу  негізгі  құралдар  қозғалысының  есебімен  есептелінетіндігін  және  амортизация  нормаларының дұрыс  қолданылуын  анықтау  керек.

    Тозу  кәсіпорын  балансындағы  негізгі  құралдардың  барлық  түрі  бойынша  (жер  және  табиғи  ресурстар,  тұрмыстық  қор  нысандары,  кітапханалық  қор,  мұражайлық  және  сәулет  құндылықтарынан  басқа) есептелінеді.

    Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  осы  нысанды  бухгалтерлік  есепке тіркеген  бойдан  кейінгі  айдың  бірінші  күнінен  басталады,  және  осы  нысанның  құның  толық  өшіргенше  немесе  оны  бухгалтерлік  есептен  жойғанша  есептелінеді. 

    Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  осы  нысанды  бухгалтерлік  есептен  жойған  немесе  оның  құның  толық  өшірген  айдан  кейінгі  айдың  бірінші  күнінен  бастап  тотылады.

    Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  бухгалтерлік  есептеуде  бөлек  шотта   сәйкес  соманың  жинақталу  жолымен  көрсетіледі.

    Есептік  жыл  бойына  негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  ай сайын  есептеу  тәсіліне  арамастан  жылдық  соманы  1/12 мөлшерінде есептеледі.

     Негізгі  құралдардың амортизациялық есептеулердің сәйкес тобына  жатқызылуының дұрыстығын анықтау өте маңызды.

    Тозудың шығындар немесе басқалай көздер шотына жатқызылуының дұрыстығын тексеру үшін негізгі  құралдардың өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта екендігін анықтау қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен қорыта айтатын болсақ, субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.

Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.

Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады

              Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді

              Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады. өзінің құның жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіріледі. Негізгі құралдар ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін маңызды шарт болып табылады

              Еңбек заттары адам еңбек процесіеде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бір рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және өзідернің құнын өнім құнына көшіредіБосалқы бөлшектер немесе сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар ретінде ескеріледі және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде сыныпталады. Осы Стандарт тану бірлігін, яғни жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі нені құрайтынына ұйғарым жасамайды. Осыған байланысты ұйымдағы нақты міндеттемелерді тану өлшемдерін қолдану білікті пайымдауды талап етеді. Кейбір жағдайларда жекелеген шағын объектілерді, мысалы, үлгілерді, құралдарды және мөртаңбаларды біріктіріп, осы өлшемдерді олардың жалпы құнына қолдануға болады. Осы тану принципіне сәйкес ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар бойынша өзінің барлық шығындарын оларды шеккен кезде бағалайды. Бұл шығындар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін сатып алуға немесе салуға байланысты шеккен шығындарды, сондай-ақ кейіннен үстелумен, ішінара алмастырумен немесе осындай объектіге қызмет көрсетумен шеккен шығындарды қамтиды.
Бастапқы шығындар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін. Осындай жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды сатып алу қолда бар нақты жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай активтері активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

             

1.      Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002ж – 656 бет.

2.      Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаев, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаев. «Қаржылық есеп» оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001. – 330 бет.

3.      Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп» Оқу құралы – Алматы, Қазақ университеті, 2001ж -279 бет.

4.      «Аудит және бухгалтерлік есеп» Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті 2000ж – 167 бет

5.      К.Ш. Дүйсембаев., Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп»  Алматы: ИздатМаркет, 2005ж-312 бет,.

6.      Баймуханова С.Б. «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов». – Алматы: Ценные бумаги, 2002г.

7.      Көкенов Ү.Ж., Көкенова Ф.Ү., «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі» -  Алматы, «Демеу», 1992-320 бет

8.      Е.Т. Төлегенов, В.К. Радостовец,  Л.Г. Продан, Қ.К. Кеулімжаев. «Ауылшаруашылық кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»: Оқулық– Алматы; Қайнар, 1994 – 352 бет

9.      Қ.К. Кеулімжаев., Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» оқулық Алматы: Экономика, 2006 - 384 бет

10. Ф.Г. Назарова «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Алматы, 2006 жыл.

11. Салық кодексі 2007 жыл § 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер

12. Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп стандарты №16 2009 жыл– Бюллетень бухгалтерлік баспасы.

13. А. А. Ашимова., «Қаржылық есеп 1»: оқу құралы. – Алматы, 2007 жыл – 70 бет.

 

 

 

- 6 -

 



Информация о работе Негізгі Құралдар есебі