Негізгі Құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 21:15, дипломная работа

Описание

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................3
I тарау. Негізгі құрал есебіне жалпы түсінік
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі......................................
1.2 Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі
1.3 Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі
1.4 Негізгі құралдардың жөндеу есебі
1.5. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі.........................................................
1.6 Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...............
II тарау. Негізгі құралдар аудиті
2.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті.......
2.2 АҚ-ның негізгі құралдардың тексеру тәртібі...........
III тарау. Негізгі құралдардың талдауы
Негізгі құралдарды жалдау есебі
1.1 Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі
1.2 Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
ҚОСЫМША
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР….......................................

Работа состоит из  1 файл

Жігер диплом.doc

— 385.50 Кб (Скачать документ)

Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің шығып қалуы әр түрлі жолдармен жасалуы мүмкін (мысалы, сату, қаржылық жалдау шартын жасау немесе сыйға тарту жолымен). Ондай активтің шығып қалған күнді анықтау үшін ұйым тауарлар сатудан түскен кірісті тануға арналған 18-«Табыс» IAS Халықаралық стандартының өлшемдерін қолданады. 17 IAS кері жалдап сату жолымен істен шығаруға қолданылады.

Егер, баяндалған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында осы объектінің бір бөлігін алмастыру құнын танитын болса, осы алмастырылатын бөлік бөлек амортизацияланған ба, жоқ па, соған қарамастан, ол алмастырылатын бөліктің баланстық құнын тануды тоқтатады. Егер ұйым активтің алмастырылған бөлігінің баланстық құнын анықтай алмайтын болса, ол алмастыру құнын оны сатып алған немесе салған кездегі алмастырылған бөлік құнының көрсеткіші ретінде пайдалануға құқылы.

Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындаған пайда немесе залал, шығып қалудан болған таза түсімдер (егер ондайлар бар болса) мен осы объектінің баланстық құны арасындағы айырма ретінде міндетті түрде анықталуға тиіс.
        Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі шығып қалғаннан кейін алуға ыңғайласпа беру бастапқыда оның әділ құны бойынша көрсетіледі. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі үшін ақы төлеуді кейінге қалдырған ретте алынған ыңғайласпа беру бастапқыда объектінің ақшалай қаражаттар баламасындағы бағамен көрсетіледі. Ыңғайласпа берудің атаулы сомасы мен ақшалай түрдегі баға баламасының арасындағы айырма, алуға өтемнің тиімді кірістілігі ескеріліп, 18 IAS Халықаралық стандартына сәйкес пайыздық кіріс ретінде танылады.

Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса,онда  оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.

Басы артық, пайдаланбайтын құрал - жабдықтарды, көлік -құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.

Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт жасалады.акт негізінде мүліктік түгендеу тізіміне негізгі  құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.

Негізгі құралдарды есептен шығару актісінің негізінді өндіріс құрал-жабдықтары есептен шығарылды:

- обектінің пайдалану кезіндегі есептелген тозу сомасы

    Дт       2423                               Кт      2413

- объектінің баланстық құнына

   Дт          7410                              Кт        2413

 

Шаруашылықты жүргізуші субьект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзіне тиісті үйлер мен ғимараттарды, құрал - жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал - саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға бёруге, уақытша тегін пайдалануға беруге немесе заң актілері мен субьект жарғысында бұл іс - әрекеттер көзделмеген болса, оларды баланстан шығарып тастауына болады.

          Негізгі құрал - жабдықтардың есептен шығару табиғи және моралдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда, құрылыс жүргізгенде, кәсіпорындарда, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жарақтандырып, кеңейткенде, негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда, табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде, баланстан тегін бергенде, сыйлағанда, шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде сатқанда, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

Жою толық және ішінара объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде болады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес пайдалану мерзімі біткен, табиғат зіл - заласы мен апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда жөне оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруте болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал - жабдықтар, сондай - ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

Негізгі құралдардың синтетикалық  есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал - сайманнан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасын топтап көрсетеді.

 

 

 

 

2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі

 

Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:

1.      толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал - жабдықтың өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.

2.      толық қайтадан қалпына келтіру құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы жағдайындағы негізгі қорлардың әрбір түрін қалпына келтіру құны.

3.      тозуды алып тастағандағы бастапқы құны.

4.      тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.

Ұйымның операцияларында оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар тобы деп аталады. Төменде жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың жекелеген топтарына мысалдар келтірілген: жер учаскелері;жер учаскелері және ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын элементтері; және кеңсе жабдығы. Объектілерді жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың бір тобының ішінде қайта бағалау активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы болып табылатын сомалардың қаржы есептілігіне енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын болса, активтер тобы сырғымалы кесте бойынша қайта бағалануы мүмкін.
      Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда танылған сол активті қайта бағалаудан залалды реверстейтін дәрежеде танылуға тиіс.

Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге тиіс.

Активті тану тоқтатылған жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісіне қатысты капиталға енгізілген, оны қайта бағалаудан болған өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы мүмкін. Актив пайдаланудан шығарылған немесе істен шығып қалған кезде барлық өсім толық көлемінде аудару мәні болуы мүмкін. Алайда, егер активті ұйым пайдаланатын болса, қайта бағалаудан болған өсімнің бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай жағдайда аударылған өсім сомасы активтің қайта бағаланған баланстық құны негізінде есептелген амортизация сомасы мен оның бастапқы құны негізінде есептелген амортизация сомасының арасындағы айырманы құрайды. Қайта бағалаудан бөлінбеген пайдаға өсімді аудару пайда немесе залал арқылы жүргізілмейді.
      Негізгі қордың толық бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалған шығындарды қосқандағы әрбір түрін сату немесе иемдену процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек құралдарының кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда бастапқы құнға жабдықталуға төленетін пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі іс-әрекетінің балансына жатқызылады. Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың бұл түрі меншікке салынатын салықтың шамасына және амортизациялық төлемдерді анықтауға қолданылады.

                Еңбек құралдарын жасауға және иеленуге кететін шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі.Толық бастапқы құн бойынша ескерілген негізгі қорды сатып алу бағасы инфляция кезінде уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.

                            Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға жарамсыз етеді.

                            Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.

                            Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.

                            Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны  анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.

Негізгі құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.

Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.

Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан   барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.

Негізгі құралдарды түгендеу.

Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.

Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.

Негізгі құралдар түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:

1.      Есепте тіркелмегенобъектілерді қоса алғанда, негізгі құралдар нақты қолда барын анықтау;

2.      Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы негізгі құралдар сақталуын бақылау;

3.      Жиынтығы бұзылған және куйреудің,тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсызнегізгі құралдар объектілерін анықтау;

4.      Машиналарды,механнизмдерді,жабдықтарды,көлік құралдарын және негізгі құралдар басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру;

Түгендеуді:

      Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктерместен,

      Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;

Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында,жылына ең аз дегенде 1рет қараша айында жүргізеді. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді 3 жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгендеу жүргізіледі.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Негізгі құралдарды жалдау есебі

1.1 Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі...................................................................................................................5

1.2 Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі.........................9

 

 

 

 

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАЛДАУ ЕСЕБІ

 

1.1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ АҒЫМДАҒЫ ЖАЛ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

 

Жалдау - бұл кәсiпорындар мен өзге мүлiктiк кешендер арасындaғы шаpтқа негiзделген түрде жердi, өзге табиғи ресурстарды және жалгердiң шаруашылық немесе өзге қызмeтті өз бетiнше жүзеге асыруына қажeттi мүлiктердi мерзiмдi, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесiнде жалға берушi мен жалгер арасында жалдау шартына негiзделген қатынастар пайда болады.

Информация о работе Негізгі Құралдар есебі