Негізгі құралдардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 20:03, доклад

Описание

Описание
Өндірістік бағыты бойынша - жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.

Работа состоит из  1 файл

_ндірістік прак.doc

— 224.50 Кб (Скачать документ)
    • инвестициялық жобаны дайындауға және жүзеге асыруға қатысу нысаны;
    • талапатрына сәйкес қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвистициялар, үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар есебінің ерекшеліктері;
    • акциялардың, облигациялардың және басқа құнды қағаздар түрлерінің және қаржылық инвистиция есебі мен бағалау ерекшеліктері;
    • субъектегі қабылданған инвистиция есебі әдістері;
    • қысқа мерзімді инвистицияның ағымдағы құнын анықтау тәртібін;
    • №28 «Қауымдастырылған ұйымдарға салған инвестициялар» ХҚЕС сәйкес қаржылық инвестицияны бағалау есебінің тәртібін;
    • қаржылық инвестициялар операциясының есеп құжаттарын және нәтижесінің қалыптасуын;
    • инвестицияның қаржылық есептілікте ашылу тәртібін;
 

      Іс  –тәжірибе жөнінде есепке толтырылған  №12 жорнал-ордерді тіркеу керек.

      Студент, қардылық инвистициялар аудитімен  танысқан кезде зерттеуі қажет:

    • аналитикалық есептің жүргізілуінің және берілген бухгалтерлік проводкаларының дұрыстығын;
    • қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвистициялар шоттары бойынша батапқы құжаттарындағы жазулардың сәйкестігі;
    • құнды қағаздардың сатып алу және номиналды құнының арасындағы айырмасының дұрыс шығыс жасалғандығы;
    • құнды қағаздардың сатып алу және сату есебінің дұрыс көрсетілгендігінің;
    • бағалаудың қаржылық әдістерін капиталдың таза құнын, ішкі пайыздық қойылым, жылдық орташа түсімнің жиынтық сомалары және т.б.
 

   Практикант  инвестиция қоржынына талдау жасау үшін мәләметтерді жинауға тиісті. Бұндай кезде капиталдың таза құны, біріктіру, іріктеудің негізіндегі жылдық және үлгілері сияқты инвистиция қоржынын талдаудың оңтайлы үлгілерін қолдану мүмкіндігін зерттеу қажет.

   Жобаларды жүзеге асыру барысында тәуекелділіктің  қандайлық түрінің пайда болуы  мүмкін екендігін анықтау қажет. Инвистицияны сату нарықтарына, сатып алудың қамтамасыз етілуіне талдау жасау. Қаржылық және өндірістік тиімділігін арттыру және табыстылық пен тәуекелділік белгілері бойынша инвестициялық қоржынды оңтайландыру жөнінде ұсыны 

       12. Қаржылық есептілік және оның негізгі көрсеткіштерін

                                                                 талдау 

      Бұл тақырып бойынша студент, бухгалтерлік баланстың тәртібімен және жасалу техникасымен танысуы, баланстың көрсеткіштерінің басқа да есеп нысандарымен байланысын зерттеуі, баланстың баптарының бағалану қағидаларын анықтауы мен №1 «Қаржылық есептілікті табыс ету» ХҚЕС сәйкес қорытынды есептілік және бекіту тәртіптерін меңгеруі қажет.

    Қаржы-экономикалық талдау және аудит бойынша қажет:

  • баланстың бөлімдері мен баптарының арасындағы негізгі өзара байланысқа талдау жасау, бухгалтерлік байлансты экономикалық оқуды;
  • баланстың, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есептің оларды пайдаланудың нақтылығы, оларда көрсетілген мәліметтердің ағымдағы есепке сәйкестігін тексеруді;
  • ақша-қаражаттар қозғалысын, ақша-қаражаттар туралы есепке операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша ашылу әдістерін зерттеуді;
  • №2 «Кірістер мен шығыстар туралы» есептілікті толтыру тәртібін үйрену, кірістер мен шығыстар туралы мәліметті табыс еті тәртібімен танысу;
  • негізгі құралдарды, тауарлы-материалдық қорларды және есеп айырысуларды түгендеудің материалдарымен танысуда;
  • баланстың активі мен міндеттемелерінің құрамына және құрылымына субъекттің төлем қабілеттілігіне және қаржылық тұрақтылығына талдау жасауды;
  • субъекттің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді көрсеткіштерін, мүлікті пайдалану тиімділігін және өнім, жұмыс және қызмет табыстылығын есептен шығаруды;
  • қаржылық есептілікке жазылатын тұсініктеме мен танысу.
 

         13. Корпоративтік табыс салығын салық есебінде есепке алу

    

      Cалық  есебімен танысуды студент салық  салынатын табысты құру есебінен  бастайды. Салық салынатын табысты есептеген кезде пайда болатын айырмашылықтарды есептеу. Жылдық жиынтық табыс туралы декларациямен танысу, одан жасалатын шегерімдермен танысу. Корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу және аудару. 

                 14. Өндірістік есеп  

       Практиканттың зерттелуі қажет:

  • өндірістік есебінің ұйымдастырылуын;
  • өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың нормативті базалары мен танысу (қаржы жоспар, шығындар сметалары, жоспарланған калькуляция, жоспарланған бағалау нормалары, шығындар нормалары және т.б.);
  • материалдар шығындарын және есептік бағадан ауытқуларды тарату ведомосын жасауды;
  • тікелей және ұстеме шығыстар есебімен танысу, ұстеме шығыстарды бөліп-тарату әдістерін зерттеу;
  • өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау әдістерімен танысу, калькуляциялау тәртібін игеру.

    Өндіріс есебі мен танысуды студент, есеп әдісімен және өнімнің өзіндік құнын есептеп шығарған кезде шығындарды таратылу әдістерімен танысудан бастауға тиісті. Ол үшін негізгі және көмекші цехтар бойынша №10 журнал – ордерге ашылатын №1 ведомосын толтыру қажет. Содан кейін өндіріс шығындарын пайда болу орындары бойынша топтау үшін, сондай-ақ дайын өнімнің (қызмет, жұмыс) нақты өзіндік құнын анықтау үшін №10 журнал-ордерге ашылатын №2 ведомосты толтыру қажет.

    Бұл аталған ведомостарды толтырмай  тұрып №10 журнал-ордерге ашылатын әлеуметтік шығындардың есебіне арналған №3 ведомоске және ақау бойынша шығындардың есебіне арналған №4 ведомоске қажетті жазуларды жазу керек.

    Студент, №10 журнал-ордерді, оның шоттар корреспонденциясы  бойынша шығындары, экономикалық элементтері  бойынша шығындары шығарылған өнімнің өндірістік өзіндік құны бөлімдерінің бәрін толтырып жасауға тиісті.

    Студент, шығындардың ішкі аудиті бойынша аудиторлық қорытынды жасап, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін белгілеуге тиісті.

    Ол  үшін мына мәселелерді тексеру қажет:

  • жылдың басында қабылданған өндірістік шығындары есебі әдістерінің сақталғандығын;
  • материалды құндылықтардың және үстеме шығындар сомаларының шығысқа шығару негізділігін;
  • №2 «Қорлар» ХҚЕС және оны қолдануға белгіленген әдістемелік нұсқауларға сәйкес өнімнің өзіндік құнына енгізілген әр түрлі шығындардың дұрыстығын;
  • кезеңдік шығындарға жатқызылған шығындардың негізділігін.

    Студент шығындарға талдау жасау барысында  жалпы және өнімнің жеке түрлері  бойынша шығындарды төмендету бойынша  тапсырманың орындалу нәтижесін анықтау, калькуляция баптары бойынша шығындардың өзгеруіне әсер ететін факторларын анықтауы, айнымалы және тұрақты шығындарына талдау жасауы қажет.

                         

                             15. Ішкі аудитті  ұйымдастыру 

       Кәсіпорында ішкі аудитті ұйымдастыру мәселелерін зерттеу үшін студент мына сұрақтарды қарастыруы керек:

  • ішкі аудиттің негізі мен  функцияларын;
  • ішкі аудит жоспарымен  және оның орындалу барысымен танысу;
  • ішкі аудит құқықтары және жауапкершілігі мен танысу;
  • ішкі аудиттің тиімділігін бағалау.
 

                    

        16. Диплом алдындағы тәжірибе 

        Өндірістік тәжірибе аяқталған  соң студент 5 апта диплом алдындағы тәжірибеден өтеді. Аталған тәжірибенің мазмұны дипломдық жұмыстың тақырыбымен айқындалады. Диплом алдындағы тәжірибенің жетекшісі ретінде диплом жұмысының жетекшісі тағайындалады. Студент диплом жұмысының тақырыбы бойынша кәсіби ұйымдардан нақтылы материалдарды жинақтап оны диплом жұмысын жазу барысында қолданады.

 Диплом  алдындағы тәжірибенің нәтижесі дипломдық жұмысты «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында алдын-ала қорғау кезінде бағаланады.                   

                            Сырттай оқитын студенттердің тәжірибесі

           Университетте сырттай оқитын студенттер өндірістік іс-тәжірибені 4 апта өтеді. Бухгалтер болып жұмыс істейтін студенттер тәжірибені өз жұмыс орнында өтеді және қорытындысы бойынша қысқаша есеп беру жасайды. Есеп беруге міндетті түрде студенттің бухгалтер болып жұмыс істейтіндігі жөнінде кәсіпорын басшысының қолы және кәсіпорын мөрі қойылған анықтама тіркеледі.

     Мамандығы бойынша жұмыс істемейтін  студенттер  өндірістік тәжірибені

 жоғарыда  көрсетілген тәртіп бойынша өтеді, тәжірибе аяқталған соң есеп беру жасап кафедраға тапсырады. Студент есеп беруді кафедра тағайындаған комиссия алдында қорғайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Іс-тәжірибенің  жекелеген тақырыптары  бойынша ұзақтылығы 

Тақырыптарының  аталуы Күн саны (сырттай  нысандағы студенттер үшін)
1 Тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, есепті, ішкі аудитті ұйымдастырумен танысу 1
2 Капиталды есепке алу  1
3 Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі 3
4 Дебиторлық  берешекті есепке алу және талдау 2
5 Қорларды есепке алу және талдау 2
6 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді  есепке алу және талдау 2
7 Міндеттемелерді есепке алу және талдау 2
8 Кірістермен  шығыстарды есепке алу және талдау 2
9 Инвестицияларды есепке алу және талдау 1
10 Қаржылық есептілік  және оның негізгі көрсеткіштерін талдау 2
11 Корпоративтік табыс салығын салық есебінде есепке алу 2
12 Өндірістік  есеп 3
13 Ішкі аудитті  ұйымдастыру 2
  Барлығы 25
14 Диплом алдындағы  тәжірибе 5 апта
 
 

VІ.  Өндірістік  іс-тәжірибе туралы есеп беруді

құрастыру тәртібі.

  1.      Өндірістік  іс-тәжірибенің нәтижесін студент жазбаша есеп беру  түрінде  көрсетеді. (4 қосымша).

    Есеп беру кәсіпорындарында жазылуы тиіс және тәжірибе бағдарламасына сәйкес болуы керек.Осы мақсатпен студент әр күні жұмыстан соң күнделікте жазулар жүргізеді, сонымен қатар бағдарламада көрсетілгендей құжаттар көшірмесін, есеп регистрлерін және басқа материалдарды дайындайды.

  1. Есеп беру екі бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша. Есеп берудің негізгі бөлімінің 35-40 жазба парақтарынан аспауы қажет. Екінші бөлімде негізгі бөлім мазмұнын анықтайтын бастапқы құжаттар, есеп регистрлері, талдау кестелері т.б. көрсетіледі.
  2. Есеп беру қаламсаппен парақтың бір бетінде жазылады, есеп беру мен қосымшалар нөмірленеді.
  3. Тәжірибе кезінде штаттық қызметте жұмыс істеген студент атқарған қызметі жөнінде кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қойған анықтама алып келеді және қосымша есеп беру жазады.
  4. Есеп берудің бірінші беті І қосымша көрсетілген.
  5. Студенттің тәжірибені өткізу сапасы мен есеп беру мазмұны бойынша кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі қортынды жазады. (5 қосымша)
 

    VIІ.  Өндірістік іс-тәжірибенің нәтижесін шығару. 

     1.Тәжірибе қортындысын шығару үшін студент бухгалтерлік есеп және  

           аудит кафедрасына есеп беруді тапсырады.

    2.Кафедра есеп беруді оқытушыға тексеруге береді. Егер оқытушы есеп беруге жақсы пікір жазса, ол қорғауға жіберіледі.

    3.Есеп беруді қорғау үшін кафедра меңгерушісі комиссия құрады. Комиссия құрамына кіретіндер: тәжірибе ететін курсты жүргізуші оқытушы, аға оқытушы немесе доцент, мүмкіндігінше тәжірибе базасы өкілдері қатысады.

    4.Әр студент тәжірибе нәтижесін комиссия алдында қорғайды. Есеп беру сапасымен қойылған сұрақтарға жауаптары бойынша комиссия студентке баға қояды.

    5.Тәжірибе бағдарламасын орындамағаны туралы жағымсыз пікір немесе есеп беруді қорғауда қанағаттанарлықсыз баға алған студент өз есебінен студенттік каникул кезінде қайтадан тәжірибеге жіберіледі, немесе университеттен шығарылуы  туралы мәселе қаралады. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі