Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 14:16, реферат

Описание

Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.
Жұмысты орындау барысында отандық және ТМД елдерінің ғалым, тәжірибешілерінің еңбектері зерттеліп, ұйымның қаржылық есептілік мәліметтері мен экономикалық талдау әдістері қолданылды.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ...................... 5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері ....... 13
18
2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................
23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........ 33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ........... 51

3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ

3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР ........................................................................................... 75

Работа состоит из  1 файл

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті. ДИПЛОМ.doc

— 647.50 Кб (Скачать документ)

Жер салығының ставкалары салық салынатын жер учаскесінің орналасқан жеріне және аумағына байланысты ҚР салық Кодексінде (54 тарауда) көрсетілген [1, 149 б].

Жер салығын есептеу  әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын  қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша  салық олардың осы жер учаскесіндегі  үлесіне сәйкес есептеледі.

Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс.

Жыл ішінде жер салығын  есептеу мен төлеу бойынша  міндеттемелер туындаған кезде  салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап 30 күн ішінде салық органдарына табыс етуге  тиіс.

Жер салығы бойынша бюджетпен ұйымдар 3160 шот арқылы есеп айырысу жүргізеді. Салықты есептегенде дебет 7210 кредит 3160 және оны бюджетке төлегенде дебет 3160 кредит 1030 бухгалтерлік жазуын береді.

Көлік құралдарына салынатын  салық – мемлекет пен көлік  құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.

Көлік құралдарына  салынатын салық. Бұл салық тікелей нақты салық болып табылады. Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.

Лизинг алушы қаржы  лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша  көлік құралдары салығын төлеуші  болып табылады.

Мыналар көлік салығын төлеушілер қатарына жатпайды:

1) ҚР Үкіметі белгілейтін  көлік құралдарына қажеттілік  нормативтері шегінде бірыңғай  жер салығын төлеушілер, атап  айтсақ:

- двигатель көлемі 2500 текше см-ге дейінгі бір жеңіл автокөлік;

- двигатель қуаты 100 га егістік жерге 1000 кВт мөлшердегі жүк автокөлігі.

2) меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер;

3) мемлекеттік мекемелер;

4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар;

5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша– меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;

6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

7) ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автокөліктері бойынша жеке тұлғалар.

ҚР-нда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.

Мына көлік құралдары  көлік салығының салық салу объектілері  болып табылмайды:

- жүк көтергіштігі 40 тонна  және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;

- мамандандырылған медициналық  көлік құралдары.

Көлік құралдарына салынатын  салықты есептеу айлық есептік  көрсеткіштермен белгіленген мынадай  ставкалар бойынша жүргізіледі:

Көлік құралдарына салынатын  салықтың ставкалары ҚР Салық кодексінде (58 тарау) белгіленген [1, 160 б].

Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық  кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлікқұралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, салық сомасы мына тәртіппен есептеледі:

    1. беретін тарап үшін:

- салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

- салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

2) алушы тарап үшін – салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңі есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

1) көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың біреуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;

2) көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасын есептеу жоғарыда аталған тәртіп бойынша жүргізіледі.

Алу кезінде ҚР-нда  есепте тұрмаған көлік құралын сатып  алған кезде салық сомасы көлік  құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.

Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге  дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу  құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.

Салық төлеуші-заңды тұлғалар көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органына табыс етеді.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеліп, 3170 «Көлік құралдарына салынатын салықтар» деп шоты кредиттеледі.

Мүлікке салынатын  салық. Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша  емес, сыртқы нышандар – меншіктің  мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың  меншікті пайдалаудың тиімділігін  көтермелеу мақсаты бар.

Меншікке салынатын  салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.

Мүлікке салынатын салық  тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына  емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.

Кейбір елдерде мүлікке  салық салу базасын анықтау оны  мынадай санаттарға бөлумен байланысты:

- жылжымайтын (жер  және онымен тікелей байланысты  құрылыстар);

- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).

Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық  емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып  бөлінеді. Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу болып табылады.

Салық төлеушілер салықты  есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүліксалығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

Бюджетке салық төлеу  салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен белгіленген мерзімде төленеді, бұл ретте салық салу объектілерін сатып алған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде шығып  қалған салық салу объектілері бойынша  ағымдағы төлемдер шығып қалған кездегі  салық базасына салық ставкасын  қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

Мүлік салығы бойынша  ағымдағы төлемдер сомаларының есебі  есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан  кешіктірілмей табыс етіледі.

Мүлік салығы бойынша  декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Әрбір салық төлеуші заңды ұйым немесе жеке кәсіпкер салықты өздігінше есептейді, бірақ ол кезде салық базасына тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады. Есептелген салыққа 7210 шоты дебеттеліп, 3180 шоты кредиттеледі. Салықты бюджетке төлеу сол объектілердің тұрған жерлері бойынша жасалынады.

 

2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі

 

Қосылған  құн салығы. Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы - қосылған құн салығы болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нөтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады жөне салықты төлеуді сатып алушыға аударады.

ҚҚС - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Бұл салықтың ерекшелігі - оның салық салынатын объектісі  сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.

Өз маңыздылығы жағынан  ҚҚС-әмбебап салық. Ол тауардың сатылу бағасына енгізіледі және бұрын тауарды әкелушіге төленген қосылған құн салығы сомасын алып тастап, оны бюджетке аударады. Сондай-ақ, ҚҚС берілген өндірістік кезендегі тауарға қосылған құнды ғана қозғайды. ҚҚС нақты салық болып табылады. Оның төленуі жасалынған келісім шарттың сипатымен ғана анықталады да, салық субъектісінің қаржылық жағдайын есепке алмайды.

ҚҚС мемлекет мүддесін ойлайды. Мемлекет оның көмегімен таза табысты  алу мүмкіндігі үшін сауда және өндіріс делдалдарынан сол таза табыстың бір бөлігін алып отырады. Қалған барлық жанама салықтар тәрізді ҚҚС фискалдық роль атқарады, оның енгізілуі барысында мемлекетік бюджеттің табыс көзінің сенімді жөне тиімді түрімен қамтамасыз ету мақсаты көзделді. Ол бюджеттік қаржының инфляциялық құнсыздануын тоқтатудың тиімді қүралы болып табылады, өйткені ол салық түсімдері мен бағаның өсуін тікелей байланыстырып отырады. Қосылған қүн салығының көмегімен тұтыну аумағы реттеледі жөне оның өндірісі дамыған елдерде қолданылу мақсаты «экономиканың қызып кетуін» болдырмас үшін төлем қабілеті мен сұранысты төмендетуге ұмтылу болып табылады. Сөйтіп, ққс артық өндіру дағдарысымен күресудің сенімді құралы, экономиканы мемлекеттік реттеудің тетігі бола алады. Мұнымен қоса, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде ққс, әдеттегідей, тауарлардың барлық түрлерін қамтитын жалпы шара ретінде енгізілген. ҚҚС-ның экономикалық мазмұнындағы басқа маңызды бір сәт, оған жоғары салықтық тәртіп, өзін-өзі реттеу, өндірістік шығындар салығынан автоматты түрде босану тән.

Информация о работе Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы