Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 14:16, реферат
Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.
Жұмысты орындау барысында отандық және ТМД елдерінің ғалым, тәжірибешілерінің еңбектері зерттеліп, ұйымның қаржылық есептілік мәліметтері мен экономикалық талдау әдістері қолданылды.
КІРІСПЕ ........................................................................................................ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ...................... 5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері ....... 13
18
2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................
23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........ 33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ........... 51
3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ
3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР ........................................................................................... 75
Жеке табыс салығының салық салу обьектілері болып табылады:
Сол сияқты жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын 156-бабынан оқисыздар.
Жеке тұлғалардың төлем кезінде салық салынатын табыстарына:
Қызметкердің жұмыс беруші есептеген белгіленген салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары төлем көзінен салық салынатын табысы болып табылады.
Қызметкердің заттай нысанда алған табысына :
Қызметкердің материалдық пайда түрінде алған табысы мыналарды қамтиды :
Қызметкерлердің төлем кезінде салық салынатын табысынан анықтау кезінде салық жылы ішіндегі әрбір ай үшін шегерімге мыналар жатқызылады:
Салық ставкалары. ҚР Президентінің 2006 жылғы наурыздың 1 жұлдызындағы Жолдауында салық тәртібін күшейту және елдегі салық салу механизмін одан әрі жетілдіру бойынша міндет қойылады. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығының біртұтас ставкасы 10 пайызы енгізілді.
Салық төлеушілер табыстар туралы декларация не табыстары мен мүліктері мәліметтерді салық органдарына салық заңдылығына сәйкес есепті жылдан кейінгі салық жылының 31 наурызына дейін тапсырады. Төлем көзі бойынша табыс салығын салық төлеушінің қызмет ететін жұмыс орындағы бухгалтерия қызметкерлерінің есептеуімен анықталып төленеді. Келісім-шарт бойынша жұмыстан, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде алынған жеке тұлғаның табыстарынан табыс салығы қайта есептеу коэффициентін қолданбай, жалпы тәртіпте есептелінеді және ұсталынады.
Салық агенттер жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізіледі. Салық агенттері төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 15-іне дейін өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. Салық агенті төлем көзінен салық салынатын және төленетін табыстарға қатысты жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты әрбір тоқсан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей салық органдарына табыс етеді.
Қызметкерлердің жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу ұлғаюы нәтижесімен ай сайын жүргізіледі. Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкерді жұмыстан шығару кезінде салық агенті нақты жұмыс істеген кезең үшін алынған табысты негізге ала отырып, жеке табыс салығын қайта есептеуді жүргізуге және қызметкерге алынған табыс пен төленген салық туралы есеп-қисап беруге міндетті.
Жеке табыс салығы бойынша декларация салық органдарына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етіледі.
Жеке табыс салығы бойынша ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу есебі 3120 «Жеке табыс салығы» шотында жүргізіледі. Жеке табыс салығының есептелуіне дебет 3350 кредит 3120 және оның бюджетке аударылуына дебет 3120 кредит 1030 бухгалтерлік жазу береді.
Әлеуметтік салық. Әлеуметгік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі 3150 «Әлеуметтік салық» деп аталатын шотында жүреді. Жұмысшылардың келесі табыс түрлері бойынша еңбек ақы қорына әлеуметтік салық салынбайды:
- мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар есебінен гранттарға, төлемдерге;
- ҚР Президентімен берілген стипендия және
мемлекеттік сыйлықтарға;
- конкурстық, спорттық жарыста жүлделі орыңдары үшін берілетін сый-лықтарға;
- кәсіпорындар өз қызметін тоқтатқан кезде жұмыс берушілерге төлеген компенсацияларына;
- пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған жарнасына;
- тікелей әлеуметтік көмек, жәрдем ақы және компенсация мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;
- әскер төлемдердің барлық түріне;
- қоғамдық жұмыстарға;
- мемлекеттік бюджеттің қаржысының есебінен төленетін бір жолғы төлемдеріне;
- заңмен белгіленген деңгейде қызмет бойынша берілген іс-сапар шығыс-тарының компенсацияларына;
- босану мен екіқабаттылық бойынша жәрдем ақыға;
- белгіленген мемлекеттік стипендияға;
- берілген арнайы киімдердің кұнына;
- сақтандыру сыйлығына;
- қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік құндарына;
- тағы басқаларына.
Әлеуметтік салық ставкасы салық салынатын базадан, яғни жұмыс берушінің еңбек ақы қорынан 2009 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 11%. Ол ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметгік салық ұсталмайтын сомасы, яғни 2009 жылы 4 % әлеуметтік сақтандыру сомасы (2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 5 % әлеуметтік сақтандыру сомасы) шегеріліп, қалған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.
Жер салығы. ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады.
Жер салығы – меншікке
Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы
1 қаңтарда енгізілді. Оның
Жер салығы жер учаскесінің
орналасқан жері бойынша
Салық салу мақсатында Қазақстанның
барлық жерлері, олардың арналған нысанасы
мен тиесілілігіне қарай
Жердің мынадай сипаттары:
Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты.
Бонитет балы - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.
Жер салығын есептеуге негіз болып:
Жеке меншік және тұрақты
Жер салығын төлеушілер
- бірыңғай жер салығын төлеушілер;
- мемлекеттік мекемелер;
- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, соның ішінде құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
- діни бірлестіктер.
Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.
Жер учаскесі салық салу
Жер салығы бойынша салық салу обьектісіне мыналар енбейді:
- елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері;
- ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері;
- ҚР Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған обьектілер орналасқан жер учаскелері;
- жалға берілген үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлерге салынатын жер
Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.
Информация о работе Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы