Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 14:16, реферат
Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.
Жұмысты орындау барысында отандық және ТМД елдерінің ғалым, тәжірибешілерінің еңбектері зерттеліп, ұйымның қаржылық есептілік мәліметтері мен экономикалық талдау әдістері қолданылды.
КІРІСПЕ ........................................................................................................ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ...................... 5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері ....... 13
18
2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................
23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........ 33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ........... 51
3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ
3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР ........................................................................................... 75
2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН
ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР
2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы
«Уникум Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы, 2364-810 тіркеу нөмірімен ҚР Әділет басқарымына тіркеліп, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және Жеке кәсіпкерлік қызметі туралы заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін құрылған болатын. ЖШС ҚР салық Кодексіне сәйкес толық қаржы және салық есебін жүргізеді.
Серіктестіктің ҚР есеп айырысу шоты, салықтық тіркеу нөмірі, өзінің жарғысы және балансы бар. Серіктестіктің негізгі қызмет мақсаты табыс табу болып саналады. Бұл серіктестіктің негізгі қызметі оның жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасы, соның ішінде: республиканың барлық облыстары бойынша терминалдар арқылы әртүрлі төлемдерді жүзеге асыру болып саналады. Серіктестіктің жылдық қаржылық есептемелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның істерінің ағымдағы жағдайын тексеру мақсатында және оны растау үшін серіктестік, оның директоры және оның қызметіне басқа да мүліктік мүдделеріне қатысы жоқ тәуелсіз аудиторларды тартуға құқығы бар.
Серіктестіктің мүлкі қатысушыларының жарғылық қорға салған салымдарынан, таза пайдасынан қалыптасады. Қатысушыларының жалпы жиналысы серіктестіктің жоғарғы басқару органы болып табылады.
Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін серіктестікке қатысушылар немесе олардың өкілдері арасынан 5 жыл мерзім үшін тексеру комиссиясы құрылады. Серіктестіктің бас директоры тексеру комиссияның мүшесі бола алмайды. Серіктестік ҚР-ның заңдарына сәйкес бухгалтерлік және салықтық есеп берулердің дұрыс және әділ жүргізілуі үшін жауапты болып саналады.
Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебінің негізінде анықталады. Ұйымның табысы жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге, жұмсалған шығындарды жабуға жұмсалады. Табыстың қалған бөлігі қатысушылардың жалпы жиналысындағы шешім бойынша өндірісті ұлғайтуға, резерв жасақтауға, жарғылық қордың көлемін ұлғайтуға, қатысушыларға пайыз түрінде табыс төлеуге бағытталады. Серіктестік таза пайдадан жыл сайын 5% көлемінде жарғылық қордың 10% көлеміне дейін резервтік қор құруға құқысы бар.
«Уникум Казахстан» ЖШС Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Серіктестік өз атынан келісім жасауға, сондай-ақ мүліктік және жеке мүліктік емес мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы. Ұйым өзіне тиесілі мүлікпен барлық міндеттемелеріне жауапты болады.
Кез-келген шаруашылық субъектілері сияқты «Уникум Казахстан» ЖШС-нің негізгі қызмет мақсаты пайда табу болып саналады. Сондықтан, ұйым өз қызметін жүзеге асыру барысында өзінің меншікті және тартылған капиталы, яғни активтері мен қарыз капиталы қаражаттарының негізінде шаруашылық операцияларын жүзеге асырады. Соған байланысты осы ұйымның қаржылық жағдайына толық сипаттама беру үшін, оның баланс көрсеткіштерін, пайда мен зиян көрсеткіштерін талдау қажет болады.
Демек, зерттеу жұмысы жүргізіліп отырған «Уникум Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық-экономикалық жағдайына сипаттама беру үшін алдыменен, ұйымның баланс активтері мен олардың қалыптасу көздеріне талдау жүргізген жөн.
Балансты талдау бұл кәсіпорынның игілігіндегі капиталды орналастыру жөніндегі мәліметтен тұрады. Әрбір орналастырылған капитал түріне баланстың жеке баптары сәйкес келеді. Осы берілгендер бойынша, кәсіпорынның активтерінде қандай өзгеріс болғанын, қай бөлігі кәсіпорынның жылжымайтын мүлігін құрайтынын, қандай бөлігі айналым құралдары, оның ішінде өндіріс және айналым сферасындағыларды белгілеуге болады.
Баланс активінің негізгі
Кәсіпорынның баланс активтерін талдау негізгі және айналым құралдарының құрамын, құрылымын және динамикасын талдаудан бастаған жөн.
1 кесте - «Уникум Казахстан» ЖШС-нің активтерінің құрамы мен құрылымы
Өндіріс құралдары |
2007 ж |
2008 ж |
Ауытқу (+, -) | |||
мың теңге |
үлесі, % |
мың теңге |
үлесі, % |
мың теңге |
үлесі, % | |
Ақша қаражаттары |
3 511 321 |
14,3 |
4 127 241 |
10,7 |
+615 920 |
+17,54 |
Негізгі құралдар |
20 503 384 |
83,47 |
33 748 385 |
87,54 |
+ 13245001 |
+64,6 |
Материалдық емес активтер |
547 561 |
2,23 |
676 818 |
1,76 |
+129 257 |
+23,6 |
Баланс жиынтығы |
24 562 266 |
100 |
38 552 444 |
100 |
+13 990 178 |
56,9 |
Ескерту* – кесте ұйымның қаржылық
есептілік мәліметтері |
Зерттеу жүргізілген «Уникум Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы активтерінің құрамында жоғары үлес салмақты негізгі құралдар алып отыр. Зерттеу жүргізіліп отырған ұйымда негізгі құралдардың құны 2008 жылдың аяғында 2007 жылмен салыстырғанда 13245001 мың теңгеге немесе 64,6 пайызға жоғарылап отырғанын байқадық, ал материалдық емес активтерге келетін болсақ, онда оның құны 129257 мың теңгеге не болмаса 23,6 пайызға артып отыр. Ал ұйымның ақша қаражаттары баланс валютасында үлесі екінші орында тұр және ұйымның есепті жылдағы ақша қаражаттарының сомасы өткен жылмен салыстырғанда 615920 мың теңгеге дейін жоғарылап отыр. Демек, ұйымның активтерінің жалпы көлемі 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 13990178 теңгеге дейін артып отырғанын анықтадық. Яғни ұйымның қызмет көрсету ауқымының жоғарылауы нәтижесінде оның жалпы активтерінің құны да көтеріліп отыр. Бұл әрине кәсіпорын үшін жағымды көрсеткіш болып саналады, бірақ тек бұл кестенің мәліметтері негізінде ұйымның қаржылық жағдайына бірден баға беру қиын.
Егер 1 кестедегі мәліметтерді диаграммаға түсіретін болсақ, онда төмендегідей нәтижені алуға болады.
1 сурет – Ұйымның
баланс валютасындағы
Нарықтық қатыныстардың дамуы және экономикалық потенциалдың өсуі кәсіпорындардың инвестициалық қызметін кеңейте түседі. Белгілі жобаға капитал сала отырып, кәсіпорын салынған капитал орнын толтыруды ғана емес, сонымен қатар одан пайда алуды да жоспарлайды. Кез-келген инвестициалық шешім кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен инвестициялық қызметте мақсатқа сәйкес қатысуын, инвестиция көлемі және қаржыландыру көздерін, әртүрлі инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға бағытталуы тиіс. Біз зерттеу жұмысы жүргізіп отырған ұйымда инвестициялық жобалар жүргізілмейді, соған байланысты олардың ұзақ мерзімді инвестициялық салымдары жоқ.
Зерттеу жұмысы жүргізілген ұйымның баланс бөліміндегі актив көрсеткіштеріне талдау жүргіздік, енді ұйымның мүліктерінің қалыптасу көздеріне талдау жүргізу үшін, алдыменен мүліктердің қалыптасу көздеріне анықтама беріп өткен жөн.
Мүліктердің қалыптасу көздерінің ең негізгісі бұл меншікті капитал. Капитал - бұл пайда табу мақсатымен өз қызметін жүзеге асыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің қолында бар қаражаттары. Кәсіпорынның капиталы меншікті және тартылған көздерден қалыптасады.
Қаржыландырудың негізгі көзі меншікті капитал болып табылады. Оның құрамына жарғылық капитал, резервтік капитал, қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген пайда және басқа да түсімдер кіреді.
Акционерлік қоғамдар үшін жарғылық капитал болып меншік иелерінің үлесі сомалар, ал жалға алынған кәсіпорындар үшін – оның қызметкерлері салымдарының сомасы саналады. Құрылтайшылардың салымдары ақшалай, мүліктік және материалдық емес активтер түрінде де болуы мүмкін.
Қосымша төленбеген капитал мүлікті қайта бағалау немесе акцияның нарықтық бағасынан артық бағада сатылуы нәтижесінде қалыптасады. Жинақтау қоры кәсіпорынның пайдасы, амортизациялық аударымдар және мүліктің бір бөлігін сату есебінен құрылады. Пайда есебінен жинақтау қоры, тұтыну қоры және резервтік қор құрылады. Мұнда бөлінбеген пайданың қалдығы болуы да мүмкін. Сонымен бірге қосымша акциялары шығарылады. Мақсатты бағытталған және арнайы қаржыландыру қаражаттары – бұл қайтарымсыз түрде алынған құндылықтар, қайтарылатын және қайтарыл-майтын әлеуметтік соманы қаржыландыруға бағытталған бюджеттік ассигнациялар.
Тартылған капитал – бұл банк несиелері, зайымдар, кредиторлық берешектер, лизинг, коммерциялық қағаздар және т.б. Тартылған капитал ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Кәсіпорын капиталы негізгі құралдарды сатып алуға, өндірістік және өндірістік емес сипаттағы объектілерді салуға, шикізаттарды, отын, энергия, еңбекақы төлеуге, салықтарды төлеуге, несиелер бойынша пайыздарды жабуға, дивидендтерді төлеуге жұмсалады. Яғни капитал ұзақ мерзімді активтерге де, ағымдағы активтерге де салынуы мүмкін. Ұзақ мерзімді активтер әдетте меншікті капитал мен банктердің ұзақ мерзімді несиелері және займдары есебінен қалыптасады. Ағымдағы активтер меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
Сонымен, кәсіпорын мүліктерінің қалыптасу көздерін талдаудың негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
- меншікті және тартылған
- айналымдағы ұзақ және қысқа
мерзімді қарыздық
Демек, зерттеу жұмысы жүргізілген «Уникум Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіның капитал көздерінің құрамы мен құрылымын төмендегі 2 кесте арқылы талдау жүргізуге болады.
2 кесте -«Уникум Казахстан» ЖШС-нің капиталының қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымы
Капитал көздері |
2007 ж |
2008 ж |
Ауытқу (+, -) | |||
мың теңге |
үлесі, % |
мың теңге |
үлесі, % |
мың теңге |
үлесі, % | |
Меншікті капитал |
8 851 339 |
36,03 |
10 567 820 |
27,41 |
+1 716 481 |
+19,4 |
Қарыз капиталы |
15 710 927 |
63,97 |
27 975 624 |
72,59 |
+27 264 697 |
+78,06 |
Баланс валютасы |
24 562 266 |
100 |
38 552 444 |
100 |
+13 990 178 |
56,9 |
Ескерту * - кесте мәліметтері ұйымның қаржылық есептілігінен алынды |
Зерттеу жұмысы жүргізіліп отырған «Уникум Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің капитал көздерінің құрамы мен құрылымына және оның өзгерісіне жүргізілген талдаудың нәтіижесінде, біз қарастырылып отырған шаруашылық субъектісі бойынша баланс валютасының жалпы сомасында қарыз капиталы соңғы екі жылда да меншікті капиталдың үлесі жоғары екенін анықтап отырмыз. Егер 2007 жылы қарыз капиталы баланс валютасында 63,97 пайызды алған болса, ал 2008 жылы оның үлес салмағы 72,59 пайызды құрап отыр және өткен жылмен салыстырғанда қарыз капиталы 78,06 пайызға дейін өсіп отыр. Ал ұйымның меншікті капиталы 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 19,4 пайызға дейін жоғарылап отыр.
Демек, жоғарыдағы берілген кесте мәліметтерін біз диаграмма түрінде көрсететін болсақ, онда төмендегідей суретті көруге болады.
Ұйымның капитал көздерінің құрылымына талдау жүргізу үшін төмендегі 3 кестенің мәліметтеріне сипаттама беру қажет.
3 кесте – «Уникум Казахстан» ЖШС-нің меншікті капитал құрылымы
Капитал көздері |
2007 ж |
2008 ж |
Ауытқу (+, -) | |||
мың теңге |
үлесі, % |
мың теңге |
үлесі, % |
мың теңге |
үлесі, % | |
Шығарылған капитал |
2 000 000 |
22,6 |
2 000 000 |
18,92 |
- |
- |
Бөлінбеген кіріс (зиян) |
6 851 339 |
77,4 |
8 567 820 |
81,08 |
+ 1716481 |
25,05 |
Капитал барлығы |
8 851 339 |
100 |
10 567 820 |
100 |
+1716481 |
+19,4 |
Ескерту* – кесте ұйымның қаржылық
есептілік мәліметтері |
«Уникум Казахстан» ЖШС-нің меншікті капитал құрамы мен құрылымына талдау жасай отырып, біз бұл ұйымның меншікті капитал көлемі есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 19,4 пайызға жоғарылағанын, соның ішінде ұйымның таза пайдасы 1716481 мың теңгеге өсіп отырғанын байқадық. Яғни ұйым өзінің қаржылық қызметін 2008 жылы пайдамен аяқтап отыр.
Жоғарыда берілген 4 кестенің мәліметтерін кестеге түсіретін болсақ, онда төмендегідей нәтиже алуға болады.
Информация о работе Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы