Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 20:44, реферат
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырбастау пункттері – шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар;
2) валюта – мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазынашылық билеттері және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынғандарын немесе алынатындарын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда) түріндегі, қолма-қол және қолма-қол емес нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат;
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырбастау пункттері – шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар;
2) валюта – мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазынашылық билеттері және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынғандарын немесе алынатындарын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда) түріндегі, қолма-қол және қолма-қол емес нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат;
3) валюталық құндылықтар:
шетел валютасы;
номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;
тазартылған құйма алтын;
резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда қолданылатын, ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда қолданылатын резиденттер шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар;
4) валюталық операциялар:
валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың ауысуына байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану;
валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару;
5) валюталық шарт – енгізілген өзгерістері мен толықтыруларын қоса алғандағы келісім, құрылтай құжаттары, сондай-ақ солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін валюталық операциялар жүзеге асырылатын өзге де құжаттар;
6) коммерциялық кредиттер – тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) берушілер (сатушылар) мен алушылар (сатып алушылар) арасында тікелей жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе алдын ала ақы төлеу (аванстық төлем);
7) қаржы заемдары:
заемдар (коммерциялық кредиттерді қоспағанда);
шет елде халықаралық капитал нарықтарында қаражат тарту мақсатында құрылған, олардың еншілес ұйымдары енгізген банктердегі салымдар (депозиттер);
борышкердің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге берілетін ақша;
үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландыруы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың кредитор алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауы, соның нәтижесінде ақшаны және өзге де мүлікті сыйақымен немесе онсыз қайтару жөніндегі міндеттемесі орындалған тұлғаның осындай қаржыландыруды ұсынған және (немесе) осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға міндеттілігі туындайды;
қаржы лизингі, сондай-ақ кейіннен өтеуін төлеп сатып алумен жылжымайтын мүлікті жалдау (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда);
8) мәміле паспорты – валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз ету үшін қажетті сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін, белгіленген нысандағы құжат;
9) резидент еместер:
осы баптың 10) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері;
егер оларды құру туралы халықаралық (мемлекетаралық) келісімде өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар;
шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері;
10) резиденттер:
Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шет елде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттік қызметінде жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде тұрғылықты жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
11) тікелей инвестициялар:
егер осындай салымдарды жүзеге асыратын тұлғаға осы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті (қатысушылары дауысының жалпы санының он және одан да көп проценті) тиесілі болса немесе осындай салымдардың нәтижесінде тиесілі болатын болса, заңды тұлғаның акцияларын (қатысушыларының салымдарын) төлеуге зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды қоса алғанда, ақшаны, бағалы қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды және өзге де мүлікті салу;
осы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті (қатысушылары дауысының жалпы санының он және одан да көп проценті) тиесілі тұлға жүзеге асыратын, заңды тұлғаның жарғылық капиталдан өзге капиталын ұлғайтуға әкелетін мүлікті салу;
12) уәкілетті банктер – Қазақстан Республикасында құрылған банктер және осы баптың 13) тармақшасында аталғандарды қоспағанда, валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша жүргізілетін валюталық операцияларды, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
13) уәкілетті ұйымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар;
14) ұлттық валюта – Қазақстан Республикасының валютасы;
15) шетел валютасы – шет мемлекеттің валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктері;
16) шетелдік банктер – Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер және өзге де қаржы институттары;
17) экспорт (импорт) – резиденттің резидент емеске (резидент еместің резидентке) тауарларды сатуы, жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі.
2-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.
2-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ
4-бап. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
1. Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.
2. Валюталық реттеудің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;
2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;
3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Валюталық реттеу органдары
1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады.
Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:
1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;
2) тармақшасының екiншi абзацы 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:
лицензиялауды;
тiркеудi;
хабардар етудi;
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртібін;
4) уәкілеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi.
Жүзеге асырылу тәртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.
1) қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызметтер көрсетуді;
2) уәкiлеттi ұйымдардың шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруын лицензиялауға тиіс.
Осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға лицензия өз қызметін бажсыз сауда дүкенінің кеден режимiнде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар жасайтын теңiз, iшкi cу, әуе, темір жол және автомобиль көлiгiнде жүзеге асыратын тұлғаларға берiледі.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыру
жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін
және оған қойылатын біліктілік
талаптарын, сондай-ақ айырбастау пункттерін
тіркеу (ашу) тәртібін белгiлейдi. Айырбастау
пунктін тiркеу кезiнде
белгiленген үлгідегi құжат - айырбастау
пунктiнiң тiркеу куәлiгi берiледi. Уәкілеттi ұйымдар үшiн құрылтай
құжаттарын келiсу тәртібі, құрылтайшылард
3. Резиденттер лицензия алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген құжаттардан басқа, осы Заңның 10-бабының бірінші бөлігіндегі 1), 3)-9) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген шарттармен және тәртіппен тапсырады.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар немесе лицензия беруден бас тарту резидент құжаттардың толық топтамасын табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде берiледi.
Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартылған кезде жазбаша нысанда дәлелдi жауап берiледi.
5. Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;
2) өтiнiш берушiнiң осы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай болмауы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.
6. Жүзеге асыруға лицензия алынған қызмет бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.