Шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 20:44, реферат

Описание

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырбастау пункттері – шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар;
2) валюта – мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазынашылық билеттері және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынғандарын немесе алынатындарын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда) түріндегі, қолма-қол және қолма-қол емес нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат;

Работа состоит из  1 файл

валюталык реттеу заны.docx

— 61.32 Кб (Скачать документ)

Әкетiлетiн қолма-қол шетел валютасының қайдан алынғандығының заңды екендiгін растайтын құжаттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын және баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегі қолма-қол ұлттық валютаны Қазақстан Республикасына әкелуi және одан әкетуi қолма-қол шетелдiк және (немесе) ұлттық валютаның әкелiнетiн немесе әкетiлетiн бүкіл сомасына кедендік декларация беру арқылы Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде декларациялануға тиiс.

3. Номиналдық құны (номиналы) ұлттық валютамен және шетел валютасымен көрсетiлген төлем құжаттарын (вексельдердi, чектердi, оның iшiнде жол чектерiн) Қазақстан Республикасына әкелу және әкету жазбаша декларациялауға жатпайды және шектеусiз жүзеге асырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құжаттарын, сондай-ақ резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды әкелуін және әкетудi кедендiк декларациялау тәртібі кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

 

19-бап. Ақпарат және құжаттар ұсыну жөнiндегі мiндеттеме

1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резиденттер, сондай-ақ резидент еместер осы Заңда белгiленген талаптарды орындау мақсатында валюталық реттеу мен бақылау органдарына және валюталық бақылау агенттерiне өздерi жүргiзетiн валюталық операциялар бойынша есептiлiктi, ақпарат пен құжаттарды ұсынуға мiндетті.

2. Резиденттер және резидент еместер уәкілеттi банктердiң сұратуы бойынша олар арқылы жүргiзiлетiн валюталық операциялар жөніндегі төлемдер мен ақша аударымдарының мақсатын көрсетуге, сондай-ақ осы Заңда белгiленген талаптарды орындау мақсатында төлемдер мен ақша аударымдарының көрсетілген мақсаттарын растайтын құжаттарды ұсынуға мiндеттi. 

 

4-тарау. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ШОТТАР АШУ 

 

20-бап. Экспорт (импорт) бойынша есеп айырысу

1  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады      

1. Резиденттер тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына ақы төлеу валютасын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспорты күнiнен бастап 180 күн iшiнде немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн жекелеген тауарлар экспорты күнiнен бастап 365 күн iшiнде алуға және уәкiлеттi банктердегi шоттарға аударуға тиiс.

Резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына ақы төлеу ретiнде алған олардың шетелдiк банктердегi шоттарындағы валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізiнде шетелдiк банктерде ашылған шотқа аударуына жол берiледi.

2  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады      

2. Резидент емеске коммерциялық кредит шарттарымен тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн резиденттің резидент еместiң пайдасына аударған валютасын, резидент емес мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, аудару күнiнен бастап 180 күннен кешiктiрмей резидент алуға және оны уәкiлеттi банктердегi шоттарға аударуға тиiс. 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тауарлар экспортына (импортына) байланысты 180 күннен астам мерзімге берілген коммерциялық кредиттер бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер тіркеу режимінде жүзеге асырылады.

Резиденттің немесе резидент еместің қаражатты қайтаруының немесе міндеттемелерді өзге де орындауының нақты мерзімі 180 күннен асып кеткен жағдайда, тіркеу режимі тауарлар экспортына (импортына) байланысты және 180 күннен аспайтын мерзімге берілген коммерциялық кредиттерге де қолданылады.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

3-1. Жұмыстар, қызметтер көрсету экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру кезіндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер хабарлама режимінде жүзеге асырылады. Хабарлауды осындай төлемдерге қызмет көрсететін уәкілетті банк жүргізеді.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

3-2. Валюталық реттеу режимдері мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін экспортқа (импортқа) байланысты коммерциялық кредиттерге қолданылмайды.

4  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады      

4. Резиденттердің резидент еместерге 180 күннен астам мерзімге берілген коммерциялық кредиттері бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер лицензиялау режимінде жүзеге асырылады.

5  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады      

5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбеге кіретін тауарлар экспорты кезінде, егер резидент коммерциялық кредитті резидент емеске 365 күннен аспайтын мерзімге берген жағдайда, төлем мерзімін кейінге қалдыру шарттарымен жасалған резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер лицензиялауға жатпайды.

365 күннен аспайтын мерзімге берілген коммерциялық кредиттер бойынша резидент еместің қаражатты қайтаруының немесе міндеттемелерді өзгеше орындауының нақты мерзімі 365 күннен асып кеткен жағдайларда, резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.

6  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады      

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы уәкілетті банктердегі шоттарға ұлттық валютаны және шетел валютасын есептеуге немесе резидент негiздеген мерзiмде мiндеттемелердi өзгеше орындауға құқық бередi.

7. 2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Уәкiлеттi банктер импорты жүзеге асыруға байланысты резиденттер арасындағы комиссия шарттары бойынша резидент еместердiң пайдасына аккредитивтер аударуды көздейтiн шетел валютасымен аударым аккредитивтерiн резиденттердiң пайдасына ашуға құқылы.  

 

21-бап. Тiкелей инвестициялар

Резидент еместердiң Қазақстан Республикасына және резиденттердiң шет елге тiкелей инвестициялары тiркеу режимiнде жүзеге асырылады. 

 

22-бап. Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Резиденттер бағалы қағаздарды сатып алуға, жарғылық капиталға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында салымдарды енгізуге байланысты валюталық операциялар туралы, сондай-ақ туынды қаржы құралдарына байланысты валюталық операциялар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлауға міндетті.

2  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады

2. Резидент еместердiң жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету мақсатында резиденттердiң резидент еместердiң бағалы қағаздарын, резидент еместердiң инвестициялық қорларының пайларын сатып алуы, резиденттердiң салымдар енгізуi, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар лицензиялау режимiнде жүзеге асырылады.

Осы тармақтың ережелерi банктерге, сақтандыру ұйымдарына, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларына (олар зейнетақы активтерiн инвестициялаған кезде) қолданылмайды.

3  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады      

3. Бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көрсетiлген валюталық операцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз қаражаты есебiнен де, клиенттердің қаражаты есебінен де осындай операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиялар береді.

Осы тармақтың ережелері бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын банктерге қолданылмайды.

4  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады      

4. Жеке тұлғалар мен резидент заңды тұлғалардың өздері алған лицензиялар шегінде бағалы қағаздар нарығының қазақстандық кәсіби қатысушылары арқылы жүзеге асыратын осы баптың 2-тармағында көрсетілген валюталық операциялары шектеусіз жүзеге асырылады.

5  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады      

5. Туынды қаржы құралдарының базалық активіне қатысты құқықтар мен міндеттемелерді іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылатын резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар хабарлама режимінде жүзеге асырылады.

Туынды қаржы құралдарының базалық активі болып табылатын тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттемелерді іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылатын резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар осы Заңның 12 және 20-баптарында көзделген тәртіппен реттеледі.

6  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады      

6. Резиденттердің жарғылық капиталға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында резидент еместердің резиденттердің бағалы қағаздарын, резиденттердің инвестициялық қорлардың пайларын қоса сатып алуы, резидент еместердің салымдар енгізуі, сондай-ақ резиденттердің бағалы қағаздарды халықаралық капитал нарықтарына бастапқы орналастыруы, оның ішінде резиденттердің бағалы қағаздарға депозитарлық қолхаттар шығаруы тіркеу режимінде жүзеге асырылады.

7. Осы баптың ережелерi тiкелей инвестицияларға қолданылмайды. 

 

23-бап. Қаржы қарыздары

1. Резиденттердiң резидент еместерге және резидент еместердiң резиденттерге 180 күннен астам мерзiмге берген қаржы қарыздары тiркеу режимiнде жүзеге асырылады.

2. Тiркеу режимi, егер резиденттiң немесе резидент еместiң қаражат қайтарымын немесе мiндеттемелердi өзгеше орындауының нақты мерзiмi 180 күннен асып кеткен жағдайда, 180 күннен аспайтын мерзiмге берiлген қаржы қарыздарына да қолданылады. 

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24-бап. Капитал қозғалысының басқа да операциялары

1. Капитал қозғалысының басқа операцияларына:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жылжымайтын мүлiкке жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алу;

2) зияткерлiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықтарды толығымен сатып алу;

3) бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау, сондай-ақ сенімгерлік басқару үшiн ақшаны және өзге де мүлiктi беру жатады.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты резидент еместердің пайдасына резиденттердің төлемдері, резиденттердің пайдасына резидент еместердің төлемдері, сондай-ақ резиденттердің резидент еместерге (резидент еместердің резиденттерге) ақшаны және өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі хабарлама режимінде жүзеге асырылады.

3  тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады           

3. Резидент заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алуға байланысты төлемдерi, сондай-ақ олардың пайдасына резидент еместердiң төлемдерi тiркеу режимiнде жүзеге асырылады.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Зияткерлiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толығымен сатып алуға байланысты резиденттердің резидент еместерге төлемдерi, резиденттердiң пайдасына резидент еместердiң төлемдерi, сондай-ақ резиденттердің бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау үшiн ақшаны және өзге де мүлікті беруi мен алуы тiркеу режимiнде жүзеге асырылады. 

 

25-бап. Резиденттердің шоттары

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, резиденттер шет ел валютасымен уәкілеттi банктерде банк шоттарын шектеусiз ашады.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Банктерді және Ұлттық почта операторын қоспағанда, резидент заңды тұлғалар шетелдік банкпен шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде шетелдік банктерде банк шоттарын ашқаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлауға міндетті.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

Информация о работе Шығындар есебі