Шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 20:44, реферат

Описание

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырбастау пункттері – шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар;
2) валюта – мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазынашылық билеттері және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынғандарын немесе алынатындарын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда) түріндегі, қолма-қол және қолма-қол емес нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат;

Работа состоит из  1 файл

валюталык реттеу заны.docx

— 61.32 Кб (Скачать документ)

Резиденттердің валюталық операцияларын жүргізетін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақты айқындауды немесе нақтылауды талап етуге құқылы.

2. Репатриациялау талабы осы Заңға сәйкес:

1) біртекті қарсы талапты есепке жатқызу арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;

2) олардың арасында бұрыннан бар бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасында өзгеше нысананы немесе орындалу тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;

3) резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі алынған;

4) резиденттің резидент еместен тартылған заем талаптарына сәйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге немесе резиденттің шетелде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шетелдік банктердегі шоттарына ұлттық және шетел валютасы нақты есептелген жағдайларда ішінара немесе толық орындалды деп есептеледі.

3. Резидент резидент емеске талап қою құқығын басқа резидентке берген жағдайда, белгіленген мерзімде репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті міндет талап ету құқығын қабылдаған резидентке көшеді.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттердің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі мәміле паспорттарын ресімдеудің бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ мәміленің сомасынан асып кеткен кезде мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін оған қатысты шекті мәнді белгілейді.

5. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды бақылау мақсатында, валюталық шартта резидент еместердің міндеттемелерді орындау мерзімдері міндетті түрде көзделуі тиіс.

Міндеттемелердің орындалу мерзімдері өзгерген, репатриациялаудың белгіленген мерзімдеріне әсерін тигізетін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, резиденттер уәкілетті банктерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті негіздемені және растау құжаттарын ұсына отырып, хабарлауға міндетті.

6. Осы баптың талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негізділігін бақылауды салық қызметі, кеден және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның ішінде өзара ақпарат алмасу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 

 

 

 

3-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГІ ПРИНЦИПТЕРI 

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-бап. Резиденттер арасындағы валюталық операциялар

Резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады, оған мыналар кiрмейдi:

1) тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болатын операциялар;

2) өздеріне берiлген лицензияға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар;

3) валюталық операциялар жүргізу жөнiндегі банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасымен банктiк қызмет көрсету көзделетін шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеу;

4) номиналдық құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;

4-1) тазартылған құйма алтынды сатып алу және сату жөніндегі операциялар;

5) аударым аккредитивтерiн ақы төлеу нысаны ретінде пайдаланған кезде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;

6) шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;

7) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызмет көрсету кезінде есеп айырысуға байланысты операциялар;

8) қызметкерлердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапарларға жiберуге байланысты шығыстарды төлеу;

9) жеке тұлғалардың ақшаны өтеусiз аударуы немесе валюталық құндылықтарды жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметi қайырымдылық қызметiн жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға өтеусiз беруi;

10) жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банк салымдарын енгізуi;

11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен көзделген жағдайларда салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердi төлеуге байланысты операциялар. 

 

14-бап. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы

валюталық операциялар

1. Резиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тараптардың келісімi бойынша резидент еместермен ұлттық және (немесе) шетелдік валютамен мәмілелер жасасуға құқылы.

2. Резиденттер резидент еместермен операциялар бойынша шетел валютасымен көрсетiлген вексельдер шығаруға құқылы.

3. Резидент еместер салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз алу операциялары және осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылған өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтердi, сыйақы мен өзге де кiрiстердi шектеусiз алуға және аударуға құқылы.

4. Егер осы Заңның 20-24-баптарында аталған валюталық операцияларға қатысты валюталық реттеу режимдерi белгiленбесе, резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар хабарлама режимін белгiлеуге құқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртіппен шектеусіз жүзеге асырылады.

Осы Заңда белгiленген валюталық реттеу режимдерi тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылатын резидент еместермен жасалатын валюталық операцияларға қолданылмайды. 

 

15-бап. Резидент еместер арасындағы валюталық

операциялар

1. Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместер арасындағы валюталық операциялар осы Заңның 16-бабында белгіленген талаптарды ескере отырып шектеусiз жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместер арасындағы валюталық операцияларды жүргiзуге шектеулер осы Заңның 32-бабында көзделген жағдайларда ғана енгiзiлуi мүмкін. 

 

16-бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдері және ақша аударымдары

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдерi және ақша аударымдары уәкiлеттi банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылады, оған мыналар кірмейдi:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлғалардың ұлттық валютамен төлемдерi және ақша аударымдары, сондай-ақ олардың пайдасына төлемдер мен ақша аударымдары;

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы баптың 3-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың уәкiлеттi банктерде банктік шот ашпай жүзеге асыратын ақша аударымдары;

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызметтер көрсету кезінде есеп айырысулар;

4) жеке тұлғалар мен уәкілетті банктердің немесе уәкілетті ұйымдардың арасындағы олардың айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын төлемдер;

5) резидент заңды тұлғалардың резидент емес қызметкерлерге, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың резидент және резидент емес қызметкерлерге шетел валютасымен жалақы төлеуі;

6) заңды тұлғалардың қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарларға жіберуге байланысты шығыстарды шетел валютасымен төлеуі;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) өз қызметін әуежайларда, порттарда және халықаралық қатынастар үшін ашылған шекаралық өткелдерде кедендік бақылаумен жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен резидент емес заңды тұлғалар арасындағы төлемдер;

8) резидент заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы заңнамасында белгiленген сома шегiнде ұлттық валютадағы төлемдерi;

9) чек, вексель беру (тапсыру) арқылы жасалатын төлемдер;

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) осы Заңда белгіленген тәртіппен резиденттер ашқан шетелдік банктердегі шоттар арқылы резидент еместер жүзеге асыратын операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары, сондай-ақ шетелдік банктердегі уәкілетті банктердің корреспонденттік шоттары арқылы төлемдер мен ақша аударымдары;

11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актісiнде көзделген жағдайларда, резидент еместер резиденттiң мiндеттемелерiн орындау есебіне жүзеге асыратын олардың шетелдiк банктердегi шоттарынан ақша аударымдары.

Резидент және резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операциялар жүргiзген кезде алған қолма-қол шетел валютасы олардың уәкілетті банктердегi банктік шоттарына мiндеттi түрде аударылуға тиiс.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2- тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңда оларға қатысты мәміле паспортын тіркеу, хабарлау және ресімдеу талабы белгіленген валюталық операциялар бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы төлемдер қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.

3. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар белгіленген сома шегінде уәкiлеттi банктерде шот ашпай-ақ:

1) Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өтеусiз ақша аударымдарын (салықтық, лицензиялық төлемдердi, айыппұлдарды, мұрагерлік сома аударымдарын, алименттердi, гранттарды және басқаларын);

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жеке тұлғаның кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты емес және осы Заңға сәйкес оған қатысты мәміле паспортын ресімдеу, тiркеу, хабарлама талабы белгіленбеген өзге де ақша аударымдарын Қазақстан Республикасынан жүзеге асыруға құқылы.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Резиденттердiң және резидент еместердiң қолма-қол шетел валютасын пайдалану және банктік шотқа аудару тәртібі, сондай-ақ банк шотын ашпай-ақ ақша аударымдарының сомасы мен оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi. 

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Шетел валютасын сатып алу және сату

1. Өздеріне берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген құқыққа сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елдерде сатуға және сатып алуға құқылы.

2. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктерден, осындай уәкілетті банктердің айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізеді. 

 

18-бап. Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды әкелу және әкету, жiберу

1. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар әкетiлетін қолма-қол шетел валютасының қайдан алынғанын растайтын құжаттарды ұсынбай-ақ баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.

Резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасынан баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкететін кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына баламасы он мың АҚШ долларынан асатын сомаға олардың қайдан алынғандығының заңды екендігін растайтын құжаттарды табыс етуі қажет.

Информация о работе Шығындар есебі