Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 00:30, реферат
Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны, теориялық негіздері
2 Міндеттемелердің жіктелуі
3 Салық және міндетті зейнетақы қоры
4 Банктік несие
5 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 – нысаны – мерзімдік;
2 – нысаны – кесімді.
Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:
Жұмысшы өнім шығарудың артуына тікелей әсер ете алмайды;
Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;
Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;
Жұмысшыларды дұрыс
тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының
біліктілігі орындалатын
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін.
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің үш түрлі әдіс қолданылады:
А) сағаттық;
Б) күндік ақы;
В) айлық ақы.
Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі.
Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана қолданылады. Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:
Тікелей кесімді төлемде
жалақының мөлшері тек
Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткезгені үшін сыйақы есептейді.
Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлем көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалаулар бойынша төленеді.
Жанама – кесімді
жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына
қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек
өнімділігін өсіруге
Аккордтық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі. Бұл құрылыс саласында жиі қолданылады.
2 Міндеттемелердің жіктелуі
Қаржылық есеп берудің негізгі элементінің бірі-шаруашылық субьектіде қолданылатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды қарастырамыз.Бақылау-талдау қызметінің басқа аймақтары мен аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау мен аудитке келсек,ол осы кітаптың кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелерді,жаңа іздестіру зерттеулерін талап етеді.
Міндеттемелер-бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді.
Міндеттемелер-өткен
мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың
нәтижелері болып табылады және қысқа
мерзімді(ағымдағы)және ұзақ мерзімді
болып бөлінеді.Міндеттемелер
Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.
Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.
Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:
- кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;
- міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;
- міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.
Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер
- Ағымдағы міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады.
Оларға мыналар жатады:
- Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;
- Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
- Кредиторлық борыштар:
төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;
сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
салық міндеттемелері;
төленуге тиісті дивидендтер;
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы борыштар;
акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыштары;
өзге де кредиторлық борыштар;
- Төленуге тиісті есептелінген шығыстар;
- Алдағы кезең табыстары;
- Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге келесілер кіреді:
- қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;
- ұзақ мерзімді несиенің ағымдағы бөлігі;
- кредиторлық қарыздар:
Төленуг етиісті шоттар мен вексельдер;
- сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
- салық бойынша қарыздар;
- төленуге дивидендтер;
- негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестері арасындағы қарыз;
- акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының қарызы;
- басқа да кредиторлық қарыздар.
- төленуге тиісті есептелген шығындар;
- алдағы кезең табыстары;
- көрілмейтін жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші
субьект есеп саясатына сәйкес,әртүрлі
аналитакалық есеп регистрлері-карточкалар,
Қысқа мерзімді заемдардың алынуы және қайтарылуына байланысты операциялар 3010-3020 «Қысқа мерзімді заемдар» шоттарында жүреді.Бұлар пассивтік шоттар болып табылады және олардың қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді.Субьект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар:1040,1050,1070, ал кредиттелетін шоттар 3010-3020.Неиенің қайтарылу жағдайында аталған 3010-3020 шоттар дебеттеліп,1040,1050,1070 шоттары кредиттеледі.Қысқа мерзімді займдардың аналитикалық есебі займдарды берген банктердің түрлері бойынша жүргізіледі
3 Салық және міндетті зейнетақы қоры
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден – бір заңды құжаты болып табылады.
Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) құжаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасы заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.
Салық базасы деп – құқықтық, физикалық базасын айтады және салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.
Салық мөлшерлемесі –
салық базасының өлшем
Салық кезеңі – бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық басқа да міндетті төлемдерде есептелінеді.
Қазақстан Республикасындағы салық заңы – мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.
Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің арасындағы айырмасы арқылы анықталады:
Салық салынатын = Жылдық табыс – Шегерімдер
табыс жиынтығы
Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және де басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түріндегі шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді.
Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерге: өнімді сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай – ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға, олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; рояльти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түсетін кірістер және тағы басқалары жатады.
Төлем көздерінен ұсталатын салықтар. Төлем көздерінен ұсталатын салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:
Егер де ұтыстардан, марапаттаудан табыс салығы ұсталса және оларды растайтын құжаттары болса, онда олар корпоративтік табыс салығының зачетына жатқызылады.
Резидент емес заңды тұлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.
Төлем көзінен алатын табысына салынатын салықтар. Төлем көзінде салынатын салық төлеушінің табысына алынады, олардың қатарына:
- еңбеккерлердің табысы. Төлем
көзінде табыс салынатын,