Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 00:30, реферат

Описание

Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны, теориялық негіздері
2 Міндеттемелердің жіктелуі
3 Салық және міндетті зейнетақы қоры
4 Банктік несие
5 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі.doc

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Несиенің формалары және олардың жіктелуі. Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрамының, т олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.

Несие берушілер мен  қарыз алушылар арасындағы байланыстар  қалай өзгерімен де, несиенің формасы  сол күйінде сақталады.

Несиенің екі формасы  бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы  тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.

Қалған несиенің түрлері  осы екі форманың тәжірибеде қолданылуынан  туады.  Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берген тауарын білдіреді. Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығ мынадай:

қарыз беруші рөлінде  банктік мекемелер емес, яғни тауар  немесе қызметті сатумен айналысатын  кез келген заңды тұлға бола алады;

коммерциялық несие  тек қана тауар формасында беріледі;

қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;

коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік  пайыз мөлшерімен салыстырғанда  төмен болады;

қарыз беруші мен қарыз  алушы арасындағы несиелік мәміленің  заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін ттөленетін ақы  тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие – бұл  экономикадағы кеңінен тараған  несиелік қатынастардың формасы  болып табылады. Банктік несие  бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

Коммерциялық банктер  өздерінің клинеттеріне әр түрлі  несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне  байланысты жіктеледі:

I. Қарыз алушылар категорияларына  қарай: Қаржылық институттарға  берілетін несиелер:мақсатты қорларға; банктерге; қаржы-несиелік мекемелеріне. Қаржылық емес агенттерге берілетін  несиелер: өнеркәсіп салаларына; ауыл  шаруашылығына; саудаға; дайындау  ұйымдарына; жабдықтау-сату ұйымдарына; кооперативтерге; жеке кәсіпкерлерге. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

II. Мерзіміне қарай:  қысқа мерзімді (1 жылға дейін); орта  мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін); ұзақ  мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. тағайындалу және пайдалану сипатына қарай: негізгі қорларға жұмсалатын; айналым қаражатына жұмсалатын.

IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне  қарай: Қамтамасыз етілген:  кепілхатпен,  кепілдемемен, кепілдікпен, сақтандырылған, қамтамасыз етілмеген: сенім (бланктік) несиесі.

V. қайтарылу дәрежесіне қарай:

- стандартты несие  – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән  жоқ несиелер;

- күмәнді несиелер  – қайтарылу уақыты кешіктірілген,  мерзімі ұзартылған және банк  үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

- үмітсіз несиелер  – қайтару уақыты кешіктірілген,  мерзімі өткен ссудалар шотына  жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне  қарай:ұлттық валютамен; шетел  валютасымен.

VII. Берілу шартына  қарай:

- тұтыну несиесі –  бұл жеке тұлғаларға тұтыну  тауарларын сатып алу үшін  және тұрмыстық қызметтерді өтеуге  берілетін несие. 

- ипотекалық немие  – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несеие.

- овердравт несиесі  – клиенттің шотынан қаражатты  шегеру, дебиттік қалдық бойнша  берілетін қысқа мерзімді несиенің  формасы.

- овернайт несиесі - өтімділікті қолдану мақсатында бір түнгі берілетін банкаралық несиенің түрі,

- онкальдық несие –  кредитордың алғашқы талабы бойынша  өтелетін қысқа мерзімді несие.

- банкаралық несие  – банктердің бір-біріне берітін  несиесі.

- ломбарттық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

- лизингттік несие  – құрал-жабдықтарды жалға алумен  байланысты берілетін несие.

- рамбурстық несие  – шикізаттарды ішке алып кіру  және жартылай фабрикат пен  дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

- сенім несиесі –  банктің сеніміне кірген, төлем  қабілеті жоғары клиенттерге  берілетін несие.

- маусымдық несе –  жабдықтаушының қаржыландыру уақыты  мен түсімді алу мерзімі арасындағы  уақыт бойынша алшқтықты жабуға арналған несие.

VIII. Несиелеу объектісіне  қарай: меншікті айналым қаражаттарын  толықтыруға; материалдық қорлар  жиынтығы мен өндіріс шығындарына;  сыртқы экономикалық қызметке  байланысты тауарларды экспорттау  мен импорттауға; азаматтардың  жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына; ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға; театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге; күрделі жүмсалымдарды қаржыландыруға; тез өтелген тиімділігі жоғарғы шараларға.

ҚР-дағы несие жүйесі – жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыру  асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.

Несие жүйесі үғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).

Несие заңдарын білу және соның негізінде тиімді немесе механизмін ретке келтіру өндіріс қорларының айналыстары мен айналымдарының біркелкі еместігіне байланысты бос  тұоған қаржыларды орынды пайдалануға  мүмкіндік береді.

Несиенің пайда болу заңының экономикадағы тауар – ақша қатынастарының дұрыс жұмыс істеуі жағдайындағы ғана әрекеттік күші бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстарф баламалық және тепе-теңдік қатынастарға негізделген экономика салаларындағы ғана туындайды.

Егер шаруашылық субьектісінің өзі атқарып отырған жұмысының нәтижесі үшін нақты материалдық жауапкершілігі болмаса, несиелік қатынастардың дұрыс жұмыс істеуінің, несиенің қайтарылып келетіндігінің кепілдігі болмайды. Несиенің пайда болу Заңының бұзылуы экономикадағы қарама қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.

Банктік несие. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы  банк несиесі. Бұл жағдайда несие  қатынасының обьектісіне ссуданы  ақшалай қаражатпен беру процесі  жатады. Мұнда несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандырылған қаржы-несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.

Банк несиесінің бірінші  ерекшелігі - банк өз қарыз алушыларына  несиені өзінің капиталынан ғаана  емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да (заңды және жеке тұлғалардың депозитінен) береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20%-ды құрайды, ал қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банк аралық қарыз ақшалар).

Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға  әлі түсе коймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың халықтың банкке орналастырылған  уақытша бос қаражатын банк ссудаға  береді.

Банк несиенің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты  ссудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Мәселенің мәнісі мынада: қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз слушы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда алады әрі оның есебінен несиелерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен шетеліп қалған.

Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие  келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықтық несиелеу.

Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының  болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.

Банк несиесі берілген мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық 

 

5 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді           міндеттемелер есебі

 

       Трансферт, трансфер (фр. transfert – табыстау; лат. transfero– аудару, көшіру)

акционерлік сертификатқа меншік құқығын сатушы-делдалдан  сатып алушы-делдалға заң жүзінде ауыстыра отырып табыстау. Бағалы қағаз иесі өзінің атаулы бағалы қағазына меншік құқығын осы бағалы қағаз табысталатын тұлғаны көрсетпестен табыстауы туралы қол қойған құжаты баланстық (теңгерімдік) "Трансферт" немесе "бланкілік Трансферт", екі елдің коммерциялық банктері арасында күні бұрын келісілген валюталық соманы өзара алмасу жөніндегі банк операциясы "валюталық Трансферт", чектің, вексельдің, коносаменттің, тағы басқа сыртқы бетіне индоссаменттің табыстау жазбасын жазуы жолымен бағалы қағазға меншік құқығын беруі "индоссаменттік Трансферт" деп аталады;

акциялар немесе басқа  да атаулы бағалы қағаздар бойынша  меншік құқығының ауысуын акционлық  қоғамның кітабында тіркеу. Жаңа акционердің  есімі жазылғаннан кейін дивиденд, акционерлердің жиналысы туралы хабарлама, эмитент бағалы қағаздардың ұстаушыларына жолдайтын басқа да ақпарат жаңа иеленушіге тікелей жолданады;

бюджет аясында бюджет жүйесінің бір деңгейдегі бюджетінен қаражатты екінші деңгейдегі бюджетіне  аударудың, бюджеттік реттеу тәртібімен салықтан аударудың кез келген нысаны. Трансферт көмегімен жергілікті бюджеттер, халықты әлеуметтік қорғау органдары халыққа міндетті төлемдерді: мемлекеттік заңнамамен белгіленген зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы, өтемақы, тағы басқа әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру үшін қаражат алады;

шетел валютасын немесе алтынды бір елден екінші елге, ақшаны бір қаржы мекемесінен  екінші қаржы мекемесіне аудару, екі  немесе бірнеше елдің валюталарын  ыңғайласпа аудару жөніндегі банк операциясы.

Трансферттік баға

          Ірі фирмалардың, әсіресе, бірнеше елде орналасқан ұлтаралық корпорациялардың қаржы жөнінен дербес бөлімшелері арасындағы есеп айырысу бағасын трансферттік баға деп атайды. Бұл баға дағдылы міндетпен қатар тек соған ғана тән ерекше міндет – пайданы бір елден екінші елге аудару (соның ішінде пайданы салық салудан жасыру мақсатымен) үшін пайдаланылады. Мұндай баға сондай-ақ фирманың жалпы алғанда кеден бажы, экономикалық нормативтер, тағы басқа факторлар деңгейіндегі айырмашылықты шебер пайдалану жолымен қаржы жөнінен ақырғы жақсы нәтижеге жетуіне де көмектеседі. мысалы пайдаға салық неғұрлым жоғары салынатын елден фирманың жергілікті бөлімшесінің өнімі оның басқа кәсіпорындарында пайдалану үшін ең төмен бағамен әкетіледі. Осы орайда пайда түгелімен оның ең аз бөлігі салық төлеуге кететін жерде іске асырылады.

          Трансферттік төлем

          Үкіметтің немесе фирманың үй қожалығына немесе компанияға ақша төлеуін (немесе тауар беруін, қызмет көрсетуін) трансферттік төлем дейді. Бұл төлемнің өтеуіне төлемші тікелей тауар немесе көрсетілетін қызметті алмайды. Ол мынадай түрлерге бөлінеді: мемлекеттік трансферттік төлем – әлеуметтік сақтандыру бойынша төлем, жұмыссыздық жәрдемақысы, ардагерлерге зейнетақы, тағы басқа (бұл төлемдер және оларды алушылар өндірістің ағымдағы көлемін жасауға ешқандай үлес қоспайды); жекеше трансферттік төлем – студенттер ата-аналарынан және басқа туысқандарынан алатын ай сайынғы жәрдемқаражат, түрлі сипаттағы тарту-таралғы, тағы басқа (яғни, өндірістің нәтижесі емес, қаражатты бір иеленушіден екінші біреуге табыстау). Ақшалай қаражатты бір жақты, өтеусіз төлеу "ағымдағы Трансферт" деп аталады. Тұтыну мақсатына өтеусіз көмек беру осындай ағымдағы Трансферттың мысалы болып табылады. Салық, айыппұл, өсімақы төлеу де осыған жатады. "Капиталдық Трансферт" – бір институттық бірліктің (мысалы, өндіруші-кәсіпорынның) екінші бірлікке (тұтынушыға, үй қожалығына) активтерді сатып алу кепілдігімен өтеусіз табыстауы. Мұндай Трансферт ұлттық шаруашылықтың резиденттері арасында да, резиденттері мен бейрезиденттері арасында да орын алуы мүмкін;

Информация о работе Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі