Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 00:30, реферат

Описание

Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны, теориялық негіздері
2 Міндеттемелердің жіктелуі
3 Салық және міндетті зейнетақы қоры
4 Банктік несие
5 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі.doc

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің  бюджетке аударылатын, қосылған құны салығыболып  табылады, сондай – ақ ҚР – ның  аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады. Қосылған құн салынатын объектілері болып, салық салынатын импорт болып табылады.

Қосымша құнға салынатын  салықтың мөлшерлілігі салық салынатын  айналымның 12% құрайды.

Сондай – ақ еңбекақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін  тауарлардың құнына қосылған құнға  салынатын салық енгізіледі.

Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады. Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарды түсті және қара металлдардың сынығын қоспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Қосымша құнға салынатын  салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 12% құрайды.

Салық салынатын айналым  бойынша бюджетке төленуге жататын  қосылған құн салығының сомасы сатылған тауарға есептелген ҚҚС сомасы мен  алынған тауар үшін төлеуге жататын  ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.

ҚҚС төлеушінің тауарды  сатуы бойынша жасаған айналымына салық салынады және ол салық салынатын  айналым болып табылады. Салық  Кодексімен босатылғандар немесе ҚР өнімді сатудың орны болып табылмаса, онда олар салық салынатын айналымға  кірмейді. Салық салынатын айналымның деңгейін қосылған құн салығының сомасына қоспай, тариф пен тараптардың мәмлесі бойынша белгіленген бағасын қолдана отырып, тауардың сатылған құнын негізге ала отырып анықтайды.

Қазақстан Республикасының  аймағына сырттан келген тауарларға салық салынады (ҚҚС босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салық деңгейі ҚР кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден құны да қосылады.

Акциздік салық –  сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық  болып табылады.

Жер салығы. Салық салу мақсатында барлық жер ҚР – ның  заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына  және белгілі бір категорияға  жататындығына қарап қарастырылады.

Жер салығы олардың меншік құқын, тұрақты пайдалану құқын, уақытша тегін пайдалану құқын  растайтын құжаттардың негізінде есептелінеді және әр жылдың 1 қаңтарына жердің сапасы бойынша есебі мен мемлекеттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға ұсынады.

Көлік құралдарына салынатын  салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алынғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Көлік құралдарына салынатын  салық жыл сайын төленеді және ҚР заңдарымен белгіленген кезінде  төлем жасалады және олар көлік құралдарының қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады.

Салық салынбайтын объектісі  болып:

жер салығы салынатын  объектілер;

көлік құралдарының салығы салынатын объектілері;

ҚР–ның Үкіметінің шешімімен  консервацияға жатқызылған негізгі құралдары;

мемлекеттік автомобиль жолдары;

инвестициондық жобаның  аясында пайдалануға берілген негізгі  құралдар.

Зейнетақы Қоры – зейнетақы төлеуге арналған мақсатты қор. Зейнетақы қоры қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті сақтандыру жарналары есебінен құралады. Зейнетақы қоры мынадай арнаулы міндеттерді атқарады:

- сақтандыру жарналарын жинайды; қызметкерлер мен басқа да азаматтардың жұмыста жарақат алып зақымдануы салдарынан немесе кәсіптік сырқатқа ұшырауы салдарынан болған мүгедектік бойынша немесе асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік зейнетақы есептеу үшін олардың денсаулығына зиян келтірілгеніне кінәлі жұмыс берушілер мен азаматтардан ақша өндіріп алады;

- қор қаражатын капиталға айналдырады, сондай-ақ, оған ерікті жарна тартады;

- салық органдарының қатысуымен қорға міндетті сақтандыру жарналарының уақытылы және толық түсуін бақылайды;

- сақтандыру жарналары бойынша барлық санаттағы төлемшілердің мемлекеттік деректер қорын ұйымдастырады;

- қор құзыретіне қатысты мәселелер бойынша үкіметаралық ынтымақтастықты жолға қояды.

Зейнетақы қорының қаражаты:

жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан;

жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың сақтандыру жарналарынан;

әскери қызметшілерге  және зейнетақы төлеу жөнінен  оларға теңестірілген азаматтарға, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, олардың отбасыларына әлеуметтік зейнетақы төлеуге, балаларға, жалғызілікті аналарға жәрдемақы төлеуге, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге, экологиялық апат аймақтарындағы азаматтарға берілетін жеңілдіктерге, т.б. арналып, елдің республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттан;

ерікті жарналардан құралады.

“Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру туралы”  Заңға сәйкес елде міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын жинау міндеті  жүктелген жинақтаушы Зейнетақы қорылары құрылды. Олар өз кезегінде мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорылары мен мемлекттік емес жинақтаушы Зейнетақы қорыларына ажыратылды. 2001 жылы аяғында елімізде 16 жинақтаушы Зейнетақы қоры тіркелді. Олардың қаражаты 182,4 млрд. теңге болды. Сонымен қатар заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ерікті зейнетақы жарналарын тарту қызметін жүзеге асыруға және қосымша зейнетақы төлеуге құзыретті жабық акционерлік қоғам тұрпатындағы мемлекеттік емес ерікті Зейнетақы қорылары да құрылып, жұмыс істей бастады.

«Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру» туралы ҚР Заңына (20.06.1997ж., №136-1) сәйкес ұстап  қалынған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа: заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режи¬мін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, адвокаттар, қызметкерлерге төленетін табыстардан — табыстарды төлейтін айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударуға тиіс. Ал дара кәсіпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар мен адвокаттар өз пайдасына — есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмеуге міндетті. Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары — ҚР-ның салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде, ал оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері — ҚР-ның салық заңнамасында көзделген мерзімде, патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіп¬керлер — патент құнын төлеу үшін ҚР-ның салық заңнамасында көзделген мерзімде өтеуге тиіс. Біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар — біржолғы талон сатып алынған отыз күннен кейінгі 15 жұмыс күнінен кешіктірмей және орталық-әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей аударулары керек.

 Агент уақтылы ұстамаған  (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) ҚР Ұлттық банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуы тиiс.

 Мiндеттi зейнетақы  жарналары толық және (немесе) уақтылы  аударылмаған жағдайда салық  органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу ҚР Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн «жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама» негiзiнде жүргiзiледi.

 Агент хабарлама  алған күннен бастап бес жұмыс  күнi iшiнде салық органына мiндеттi  зейнетақы жарналары бойынша  берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін табыс етуге міндетті. Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассалық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.

 Клиентке қойылатын  талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды ҚР Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi. Агенттің банк шотында ұлттық валютамен ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары теңгелей шығарған инкассалық өкімдері негізінде агенттің шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргізіледі.

 Салық органдарының  өкімі бойынша, егер агент мiндеттi  зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды ҚР-ның заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.

 Салық органының  банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы жояды.

 Агенттiң банк шоты  болмаған немесе агенттің банк  шоттарында ақша жеткіліксіз  болған жағдайда, салық органы  ҚР Үкiметi белгiлеген тәртiппен  касса бойынша шығыс операцияларын  тоқтата тұрады. Банктер және  банк операцияларының жекелеген  түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.

 

       4 Банктік несие

 

Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементінен білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан  іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Сонымен қатар, несие  мен қаржы категорияларын бір  санайтындар да аз емес, несие –  бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаражат: дотация, субвенция, субсидия түрінде бірлесе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие – бұл пайыз  төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен  қарыз алушылар аоасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және арқылы негізе пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Экономикалық категория  ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қоын құру және олардың қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Қарыз алушы – бұл  несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалыға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз  алушымен қатар несиенің құрылымының  элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл  құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға  берілген құнды білдіреді.

Несиенің айналыс шғындарынан  үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуын несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жүмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайлада қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаладанды. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Информация о работе Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі